Балалар аурулары пәні



Pdf көрінісі
бет46/65
Дата15.03.2024
өлшемі3.24 Mb.
#495630
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   65
СТАНДАРТТАР жинағы балалар аурулары

Іс-әрекет алгоритмі: 
1. Анасына процедураның мақсатын, барысын түсіндіріңіз, келісімін 
алыңыз. 
2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуып, қолғапты, алжапқышты киіңіз. 
3. Жөргек столының үстін дезерітіндімен сүртіңіз, клеенка мен жаялықты 
жайыңыз. 
4. Зондтың орамасының бүтіндігін тексеріп, ашыңыз, пинцетпен зонды 
алып, лотокқа салыңыз. 
5. Құлақ сырғалынан мұрын ұшына дейiн, мұрын ұшынан семсер 
өсiндiсiне дейiн өлшеп, зондқа лейкопластырмен немесе маркермен 
белгi салыңыз, зондтың канюласын жабыңыз. 
6. Баланы бір қырына жатқызып, басын сәл төменге қаратыңыз
алжапқыш жабыңыз. 
7. Жуылған суды төгетін ыдысты баланың аяғының астына қойыңыз. 
8. Зондтың ұшынан 7-8 см. қашықтықта қалам ұстағандай етіп ұстап, 
ұшын суға батырып алып, мұрын қуысына салынған белгіге дейін 
енгізіңіз. Егер бала жөтеліп, тұншығатын болса, зонды қайта шығарып 
алып, процедураны қайталаңыз. 
9. Жане шприцiне 20-80 мл физиологиялык ертiндiнi немесе қайнатылған 
суды жинап (сұйыктың көлемi баланын жасына байланысты), шприцті
зондқа жалғап, жоғары көтеріп, сұйықты жаймен асқазанға жіберіңіз.
10. Зондты шприцтен бөлiп, сұйық шығу үшiн, зондтың ұшын төмен 
түсiрiп, лотокқа бағытта (керек болған жағдайда банкага жинап ал). 
11. Осы ережелердi сақтай отырып, су тазарғанша асқазанды бiрнеше рет 
қайталап жуыңыз. 
12. Процедура бiткеннен кейiн зондты салфетка арқылы шығарыңыз .
13. Баланы анасына беріңіз немесе керуетке жатқызыңыз. 
14. Пайдаланған зондты медициналық қалдықтарға арналған контейнерге 
тастаңыз. 
15. Қолғапты, алжапқышты шешіп, қолыңызды жуып, кептіріңіз.


Ескертпе: 
Бір кезеңде асқазаға жіберетін сұйықтың көлемі:
- жаңа туған, 1айға дейінгі балаға – 5-8 мл/кг, 2-6 ай – 8-12 мл/кг, 7-12 
ай – 15-20 мл/кг, 1-6 жас – 16 мл/кг. 
Жіберілетін сұйық мөлшері төмендегі формуласы бойынша 
анықталады:
- 1 жасқа дейінгі балаларға 100мл х n, мұндағы  n - баланың айымен 
алынғын жасы; 
- 1 жастан асқан балаларға 1000мл х m, мұндағы  m- баланың жылмен 
алынғын жасы; 
Сұйықтарды асқазанға жібергенде баланың жалпы жағдайын бақылап 
отырыңыз. 
- ересектеу баланы анасының немесе көмекшіміздің алдына 
отырғызып, аяқтарын анасының тізесінің арасына қысып ұстап, бір 
қолымен баланың қолдарын құшақтай ұстап, бір қолымен маңдайын 
фиксациялау керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет