Балалар аурулары пәні



Pdf көрінісі
бет54/65
Дата15.03.2024
өлшемі3.24 Mb.
#495630
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   65
СТАНДАРТТАР жинағы балалар аурулары

 
 
Іс-әрекет алгоритмі: 
 
1. Науқас баланы басын бір жағына бұрып, жатқызыңыз; 
2. Емді бастамас бұрын қандағы гликемия және кетондық денелерді, 
глюкозурияны, кетонурия анықтау керек. 
3. Көк тамырға 20мл/кг салмағына есебінде физиологиялық ерітінді 
қоямыз.  
4. Қысқа әрекетті инсулинді 0,1Бр/ кг есебінен физерітіндіге қосып, көк 
тамырға үздіксіз (ағынмен) құйылады. 
5.  4% сода ерітіндісімен тазартқыш клизма қойыңыз. 
6. Рингер, физиологиялық ерітінділерін венаға тамшылатып 2-3 литрге 
дейін құю керек. Бұл ерітінділермен бірге кокорбоксилаза, витамин 
«С» құйылады. 
7.  Тамшылатып сұйықтар құйып жатқан кезде баланы грелкамен 
жылытып, көп мөлшерде сұйықтар беріңіз: жылы минералды сулар, 
кептірілген жемістерден жасалған компотты әр 5-10 мин сайын шай 
қасықпен 1-2 рет беру керек. 
8. 3-4 
сағаттан 
кейін 
баланы 
оңай 
сіңірілетін 
тамақтармен 
тамақтандырады: айран, жеміс пюресі, шырындар. 
Мейірбике ондағы қант мөлшерін айқындау үшін баланың тәуліктік 
зәрін жинап, қан алуы керек. 


Гипогликемиялық комадағы шұғыл көмек 
Мақсаты: Қандағы қант мөлшерін көтеру 
Гипогликемиялық кома себептері: Тамақпен организмге қанттардың кем 
түсуі немесе организмге инсулиннің шамадан көп енгізу.
Айқындалуы: Гипогликемиялық кома кенет басталады, аузынан ацетон иісі 
шықпайды, терісі боз дымқыл, демалысы жиі үстірт, жиі баланың денесі 
құрысады, есінен тез танады 
Ресурстар: тонметр, фонедоскоп, щпицтер, мақта шариктері, 70% спирт, 
резин жгут, пинцет, лоток, дәрілік заттар: 40-60
мл.
40% глюкоза ерітіндісі.
 
Іс-әрекет алгоритмі: 
 
1. Көк тамырға ағынмен 40% глюкоза 20-50 мл ерітіндісін енгізіңіз; 
2. Әсері болған жағдайда 20-50 мл. 40% глюкоза ерітіндісін қайталап 
енгізіңіз; 
3. Бала есін жинағасын, оған бірнеше кесек қант, 1-2 ас қасық бал
кәмпит, тәтті шай беріңіз; 
4. Бала есін тез жинағасын тамақтандырады. 
5. Баланың жағдайына байланысты стационарға госпитализациялаңыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет