Балалар аурулары пәні



Pdf көрінісі
бет27/65
Дата15.03.2024
өлшемі3.24 Mb.
#495630
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   65
СТАНДАРТТАР жинағы балалар аурулары

Тұзды ванна 
Мақсаты: емдік. 
Емдік курсы: 10-15 рет, аптасына 2-3 рет. 
Көрсетпе: тері аурулары жоқ, 6 айдан асқан паратрофия бар балалар. 
Ресурстар: ванна, қайнаған су 36-37 
0
С, теңіз немесе ас тұзы, құмырамен
таза су, таза жұмсақ сүлгі, баланың киімдері (бас киім, 2 жейде, пользунки, 
шұлық). 


АЛГОРИТМ ІС -ӘРЕКЕТТЕРІ
1. Бала жуынатын бөлмені 24-25 С-қа дейін жылытыңыз. 
2. Ваннаны ыссы, сабынды сумен жуыңыз, қайтадан ыссы сумен
шайыңыз. 
3. 10 литр қайнаған суға 80-200 г. теңіз немесе ас тұзын ерітіңіз. Тұздың 
мөлшерін біртіндеп көбейтіп отырамыз. 
4. Тұз ерітіндісін ваннаға құйыңыз (36-37 С болу керек). 
5. Баланы шешіндіріп, екі қолыңызбен ұстап, ваннаға жайлап
жатқызыңыз, басымен кеудесі судың бетінде болатындай етіп. 
6. Басын сол иығыңызға қойып, денесін суға толық батырып, ваннада 3-
5 минут ұстаңыз. 
7. Болғасын баланы температурасы 35-36
0
С болатын құмырадағы таза 
сумен шайыңыз. 
8. Баланы сүлгімен ораңыз. 
9. Баланың денесін ысқыламай , сорықтырып сүртіңіз. 
10. Алдын-ала жылытылып қойған киімдермен баланы киіндіріңіз. 
Қылқанды ванна 
Мақсаты: емдік 
Емдік курсы: 10-15 рет, аптасына 2рет. 
Көрсетпе: тері аурулары жоқ , 6 айдан асқан гипотрофиясы бар балалар. 
Ресурстар: ванна, қайнаған су 36-37 
0
С, теңіз немесе ас тұзы, құмырамен
таза су, таза жұмсақ сүлгі, баланың киімдері (бас киім, 2 жейде, пользунки, 
шұлық). 
АЛГОРИТМ ІС -ӘРЕКЕТТЕРІ
1. Бала жуынатын бөлмені 24-25 С-қа дейін жылытыңыз. 
2. Ваннаны ыссы, сабынды сумен жуыңыз, қайтадан ыссы сумен
шайыңыз. 
3. 10 литр қайнаған суға ½ ас қасық қылқан жапырақтың экстрактасын 
қосыңыз.
4. Дайын ерітіндіні ваннаға құйыңыз (36-37 С болу керек). 
5. Баланы шешіндіріп, екі қолыңызбен ұстап, ваннаға жайлап
жатқызыңыз, басымен кеудесі судың бетінде болатындай етіп. 
6. Басын сол иығыңызға қойып, денесін суға толық батырып ваннада 
10-15 минут ұстаңыз. 
7. Баланы сүлгімен ораңыз. 
8. Баланың денесін ысқыламай , сорықтырып сүртіңіз. 
9. Алдын-ала жылытылып қойған киімдермен баланы киіндіріңіз. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет