Балалар аурулары пәні


Жалған круп (стеноздаушы ларниготрахеит) кезіндегі көмек



Pdf көрінісі
бет65/65
Дата15.03.2024
өлшемі3.24 Mb.
#495630
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   65
СТАНДАРТТАР жинағы балалар аурулары

Жалған круп (стеноздаушы ларниготрахеит) кезіндегі көмек 
Ресурстар: қыша қағаздары, лоток, ыстық су, щприц, дексаметазон немесе 
преднизолон, адреналин ертінділері, стерильді мақта шариктері, 70% спирт, 
оттегі, назальды вилка немесе катетер. 
Іс-әрекет алгоритмі: 
1. науқасты тынышталдырып, көп мазаламауға тырысу керек және 
анасының қасында болуын қамтамасыз ету (бала мазасызданбау үшін). 
2. науқастың басын жоғары көтеріп жатқызып, барынша таза ауамен 
қамтамасыз ету. 
3. алаңдатушы терапия ретінде балтыр бұлшық еттеріне қыша қағазын 
салу, аяқ- қолына ыстық бұлау 37-40 С (ванна). 
4. егер баланың дене қызуы 38,5 С жоғары болса, парацетомол 
таблеткасын беріңіз. 
5. дексаметазон 0,6 мг/кг немесе преднизолон 1-3 мг/кг есебімен б\е бір 
дозасын беріңіз. 
6. адреналин (1:1000 ертіндісі) аэрозолын қолданыңыз. Егер нәтиже берсе 
бір сағат сайын қайталауға болады. 
7. тыныс алу жетіспеушілігі үдейтін болса ылғалданған оттегін беру. 
8. көп мөлшерде жылы сұйықтық беру, омырау еметін балаларды жиі 
емізу 
9. баланы ауруханаға жеткізіп, тыныс алу жетіспеушілігі әрі қарай 
үдейтін болса, интубация немесе жедел трахеостомия жасау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет