Құрысып-тырысу кезіндегі жедел көмек
Мақсаты: Жедел көмек көрсету, құрысып - тырысуды басу.
Керекті құрал-жабдықтар: ауру тарихы, туберкулин шприці, диазепам
10мг-2мл, дәке салфеткасы, электросорғыш немесе резин груша,
медициналық қалдықтардың арналған контейнерлер (“A” және “Б”
сыныптары).
Іс-әрекеттер алгоритмі:
1. Қолыңызды өңдеп, резин қолғапты киіңіз.
2. Баланы жұмсақ жерге жатқызыныз (жарақаттың алдын-алу)
3. Баланың ауыз қуысын тексеріп, бөгде заттар болса дәке салфеткамен
тазалаңыз, жұтқыншақтан сілемейлі бөліністерді электросорғыш
немесе резин грушамен сорыңыз (аспирацияның алдын-алу).
4. Баланы барынша жайлы жатқызыңыз, тыныс алу жолдарының
ашылуына мүмкіндік беретіндей басын орналастырыңыз.
5. Ампуланы ашып, туберкулин шприціне керекті диазепам дозасын
сорыңыз. Дозаны салмағына байланысты есептеңіз (0,1
МЛ
/
КГ
).
6. Инені шприцтен бөлектеңіз.
7. Шприцті тік ішекке 4-5 см тереңдікке енгізіп, ертіндіні жібереміз.
8. Бөкселерін түйістіріп, бірнеше минут бойы ұстап тұрамыз.
Диазепам тік ішекке 10мг-2мл ертінді.
Ж
АСЫ
,
САЛМАҒЫ
.
Д
ОЗА
0,1
МЛ
/
КГ
2
АПТАДАН
-2
АЙҒА ДЕЙІН
(4
КГ АЗ
)
0,3
МЛ
(1,5
МГ
)
2-4 ай(4-6кг)
0,5мл(2,5мг)
4-12 ай(6-10кг)
1,0мл(5мг)
1ж-3 ж (10-14кг)
1,25мл(6,25мг)
3-5 жас(14-19кг)
1,5мл(7,5мг)
Егер, 10 минут ішінде құрысып-тырысу жойылмаса, онда екінші рет
диазепамды тік ішекке немесе к/т жібереміз(0,05мл/кг-25мг/кг). Егер тағыда
10 минут ішінде бәрібір тоқтамаса, онда диазепамды үшінші ретректально
жібереміз (немесе фенобарбитал к/т немесе б/е 15мг/кг есебімен
қолданамыз).
Егер дене қызуы өте жоғары болса:
- Онда баланың денесін бөлме температурасындағы суға батырылған
губкамен ылғалдаймыз, қызуын азайту үшін.
- Құрысып-тырысу тоқтағанша оральды препараттар беруді тоқтата тұру
керек(аспирацияның алдын-алу мақсатында).
|