Балалар аурулары пәні



Pdf көрінісі
бет60/65
Дата15.03.2024
өлшемі3.24 Mb.
#495630
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   65
СТАНДАРТТАР жинағы балалар аурулары

Қолдануға тыйым салынады:
1. Тірі вакциналарға жоғары температура әсер еткенін флаконның 
бақылау индикаторы көрсетсе ( ЖКВ, ЖПВ, ОПВ, БЦЖ)
2. АКДС, АДС, АС, ВГВ вакциналары мұздаған болса;
3. Вакцинаның қолдану мерзімі өтіп кетсе; 
4. Ампула, флакон бүтіндігі бұзылса; 
5. Вакцина таңбаланған болмаса немесе анық көрінбесе
6. Вакцина нұсқаулықта көрсетілген жазбаға сәйкес келмесе; 
7. Бірреттік қолданатын шприц бүтін болмаса немесе қолдану 
мерзімі өтіп кетсе; 
8. «Ашық флокондар» саясаты орныдалмаса. 
Вакцина егу үшін тек бір рет қолданатын шприц , ине , скафикатор 
қолданады. Вакцина егілетін жерді 70% спиртпен өңдейді, Манту сынамасын 
жасар алдында теріні эфирмен өңдейді. 
Бірнеше вакциналарды бір күні егуге болады, бірақ әр түрлі аймақтарға , 
басқа шприцтермен егу қажет.Тек БЦЖ вакцинасын басқа парентеральды 
егілетін вакциналармен бір күні қатар егуге болмайды.Егер вакциналар бір 
күні егілмесе,тірі вакциналарды егу үшін 4 апта аралық сақтау қажет.
Тірі 
және 
өлі 
вакциналар 
арасында 
аралық 
сақталмайды.
Иммундыглобулин немесе қан препараттары егілгеннен кейін қызылшаға
паротитке 
вакциналар 

айдан 
кейін 
егіледі.
«Ашық флакондар саясаты». Флаконның тығыншағын алмай шприцті тесіп, 
вакцинаны инеге тартып алғаннан кейін ол «ашық» болып саналады. Ашық 
флакондарды қолдануға болады, егер:
1.Дәрілердің қолдану мерзімі өтіп кетпесе 
2.Сақталу температурасы бұзылмаса 


3.Стерильді жағдай болса 
4.Вакцинада көзге көрінетін өзгерістер болмаса
«Ашылған» АКДС,АДС,АД-М,ОПВ,ВГВ,ВГА, вакциналарын аталған 
шарттар орындалса 3 күнге дейін қолдануға болады.Вакцинаның сыртындағы 
жапсырмасындағы (этикеткасында) ашылған уақыты,сағаты жазылуы қажет. 
«Ашық флакондар саясаты» ампулада шығарылған вакциналарға 
қатысты емес. 
«Ашық 
флакондарды» бір бөлмеден екінші егу бөлмесіне 
тасымалдауға болмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет