Балалар аурулары пәні


Вакцина егу жұмыстарын жүргізу



Pdf көрінісі
бет61/65
Дата15.03.2024
өлшемі3.24 Mb.
#495630
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   65
СТАНДАРТТАР жинағы балалар аурулары

Вакцина егу жұмыстарын жүргізу
Балаларды алдын ала егулермен толық қамту мақсатында тұратын 
мекен-жайы бойынша аумақтық балалар емханасының қызметкерлері 
жылына 2 рет (көктем-күз) санақ жүргізіп, барлық балаларды тіркеуге алады. 
Ай сайын балалардың саны қайта тексеріледі, жаңадан туылғандар
келгендер, кеткендер, қайтыс болғандар тіркеу журналына жазылады. Ересек 
адамдардың тізімі аумақтық емханада жылына 1 рет қайта тексеріледі 
(тамыз-қыркүйек).
Балаларды егуге алдын – ала шақырады. Вакцина егу алдында дәрігер 
баланың денсаулығын толық тексереді, егуге қарсы көрсеткіштер жоқ болса 
баланың картасына вакцинаның атауын, егу мөлшерін, егу әдісін жазып, 
егуге рұқсат береді. Дәрігердің рұқсаты бойынша егу бөлмесінде вакцина 
егіледі, егу туралы мәліметтер тиісті құжаттарға тіркеледі. Егу құжаттарына 
вакцинаның егілген уақыты, вакцинаның сериясы ,шығарылған мерзімі, 
қайдан шығарылғаны және мөлшері мен егу әдісі жазылады.
№63 үлгі «Алдын ала вакцина егу картасы» картотека бойынша 
сақталады. Вакцина егілуге жататын балаларды картотека бойынша ай сайын 
белгілеп отырады. Картотекада егу карталарын 4 топқа бөледі.
1. Осы жыл бойы вакцина егілетін балалардың карталарына айлар 
бойынша қояды. 
2. Осы жылы егілмейтін балалардың карталары жылдар бойынша 
қойылады. 
3. Уақытша кетіп қалған балалардың картасы.
4. Медициналық қарсы көрсеткіштері бар балалардың карталары. 


Егуден кейін бала 30 минут емханада дәрігердің бақылауында 
болады. Инактивацияланған вакцина егуден кейін 3 күн, тірі вакцина егуден 
кейін 5-6-ші және 10-11-ші күндері үйінде бақылауда болады. Егуден кейін 
болатын асқынулар туралы ата-анасына мәлімет береді.
Егер егуден кейін жағымсыз реакция пайда болса, шұғыл хабарлама
СЭҚБ – ға беріледі, асқыну себебін анықтау үшін толық тексеру жүргізіледі.
Қолданбаған вакцина қалдықтарын жою тәртібі. Қолданбаған ампула 
және флакондағы вакцина қалдықтарын егу жасаған медицина қызметкері 
төмендегі әдістердің бірімен залалсыздайды:
1. 30 минут қайнату ( сібір күйдіргісінде 2 сағат);
2. Дезинфекциялық ерітіндіге толық батыру.
Қолданған шприц пен инелерді қауіпсіз қатты қорапқа жинау, өртеу 
арқылы жою қажет, оларды бөлшектеуге, жууға, тазалауға болмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет