Балалар аурулары пәні


Балаларда тыныс алу жиелігін анықтау



Pdf көрінісі
бет8/65
Дата15.03.2024
өлшемі3.24 Mb.
#495630
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   65
СТАНДАРТТАР жинағы балалар аурулары

Балаларда тыныс алу жиелігін анықтау 
Мақсаты: диагностика 
Қолдану көрсетілімдері: бақылау 
Ресурстар: секундомер сағат, температуралық бетше немесе баланың 
даму тарихы, қаламсап. 
Іс-әрекет алгоритмі: 
1. Баланың анасына емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, оның 
келісімін алыңыз. 
2. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, кептіріп, жылытыңыз. 
3. Анасынан баланы жатқызып, кеуде клеткасының алдыңғы жағындағы 
киімін шешуін сұраңыз.
4. Баланы тынышталдырыңыз. Ерте жастағы баланың тыныс алу жиелігін 
ұйықтап жатқан кезінде санаған ыңғайлы. Ересек баланы отырғызуға 
болады. 
5. Балаға қарсы отырыңыз, кеуде клеткасының қозғалысын 1 минут 
бақылап, санаңыз. 
6. Егер көзбен қарап санауға қиын болса, қолыңызды кеуде клеткасына
немесе ішіне қойып, тыныс жиелігін санаңыз. 
7. Нәтижесін терпературалық бетшеге немесе баланың даму тарихына (112/е 
нысанға немесе температурлық бетшеге) жазыңыз. 
8. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз. 
Ескерту: Фонендоскопты баланың мұрнына тақап санауға болады. 
Қалыпты жағдайда тыныс жиелігінің көрсеткіштері 
Баланың жасы 
1 мин тыныс жиелігі 
Жаңа туған бала 
40-60 
0- 6 ай 
35-40 
6 ай-12 ай 
30-35 
1 жас – 3 жас 
28-32 
4 жас – 6 жас 
25-30 
7 жас – 11 жас 
20-22 
12 жас – 16 жас 
18-20 
Тыныстың жиеленуі – тахипноэ, тыныстың сиреуі-брадипноэ, тыныстың 
тоқтауы-апноэ. 
Тынысының жиеленуі (БШАЫЖ бойынша):
- 2 айға дейін – 60 рет/мин және одан жоғары
- 2 айдан 12 айға дейін – 50 рет/мин және иодан жоғары; 
- 1 жастан 5 жасқа дейін – 40 рет/мин және одан жоғары;


Балаларда пульсты анықтау 
1. Баланы тыныштандыр 
2. Ыңғайлы жағдай жаса /отырғыз немесе жатқыз/ 
3. Баланың білегін және қолын көлденең тегістікке жатқыз 
4. Оң қолдың 2, 3, 4 саусақтарымен кәрі жілік артериясын тауып пульсті 
анықта 
5. 1 минуттағы пульс толқындарының соғысын сана 
6. Пульс соғысын қалыпты жағдайдағымен салыстыр /соғысының жиілеуі 
– тахикардия, сиреуі – брадикардия/ 
7. Пульстің ырғақтығын анықта 
8. Толымдылығын анықта /толық немесе бос/ 
9. Пульстің кернеулігін анықта /қатты немесе жұмсақ/ 
Кернеулігі - арерияны саусақпен қатты басқанда артерияның қарсыласу 
күші 
Ескерту:
Ерте жастағы балаларда пульсті ұйқы немесе самай артерияларынан 
анықтаған ыңғайлы 
Қалыпты жағдайдағы пульс көрсеткіштері 
Баланың жасы 
1 минутта пульс жиілігі 
Жаңа туған бала 
120-140 
0-6 ай 
130-135 
6-12 ай 
120-125 
2 жас 
110-115 
3 жас 
105-110 
4 жас 
100-105 
5 жас 
100 
6 жас 
90-95 
7 жас 
85-90 
8 жас 
80-85 
9 жас 
80-85 
10 жас-12 жас 
75-85 
13 жас және одан жоғары 
70-80 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет