Балалар аурулары пәні



Pdf көрінісі
бет16/65
Дата15.03.2024
өлшемі3.24 Mb.
#495630
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   65
СТАНДАРТТАР жинағы балалар аурулары

1-ші патронаж: Жүкті әйелдің үйіне алғашқы келген кезде медицина 
қызметкері болашақ сәбидің отбасымен танысып, жүкті әйелдің жалпы жай-
күйін, еңбек және тұрмыс жағдайын, санитарлық мәдениет деңгейін, 
кәсібінің зиянды жақтарын, анада ауруларының болуын (АИТВ, жыныстық 
жолмен берілетін жұқпа аурулары, туберкулез, қызамық және басқа) 
бағалайды және жүктіліктің өтуіне, болашақ баланың күтімінің сапасына 
әсер ететін қауіп-қатерді анықтайды, сонымен қатар тұрмыста зорлық-
зомбылық көрсетудің алдын алу мен құқықтық, әлеуметтік-құқықтық 
мәселелері 
жөнінде 
консультация 
жүргізеді. 
2-ші патронаж: жүкті әйел мен оның сүт бездерінің жағдайын бағалап, 
сәбиді емізуге дайындық бойынша ұсынымдар мен нәрестені емізу, оны 
күтіп-бағу дағдыларына үйрету мақсатында ДСБК-не қабылдауға шақырады. 
Сонымен қатар нәрестеге арналған бұрышты (орын, кереует, іш киімдер, 
киім және басқа күтім жасауға арналған бұйымдар) дайындау жөнінде 
ұсынымдар береді. 
Босанғанға дейінгі патронаждар кезінде медицина қызметкері мыналарға 
назар аударады: 
1) жүкті әйелдің күн режимі, диета еңбек ету, демалу, сүт бездеріне күтім 
жасау, санитариялық-гигиеналық режім мен емдеу-сауықтыру іс-шараларына 
қатысты акушер-гинекологтың ұйғарымын орындау; 
2) шұғыл шаралар қабылдау мақсатында жүктіліктің өтуінің қауіпті 
белгілерін анықтау, сонымен қатар отбасы мүшелерін қатер тудыратын 
белгілерді тану және шұғыл медициналық көмекке жүгінуге үйрету. 


13. Медицина қызметкері бала туылғанға дейінгі патронаж кезінде жүкті 
әйелді жүктіліктің қалыпты өтуіне қауіп төндіретін «қатерлі белгілерін» 
тануға үйретеді және мынадай жағдайлар бір рет болған кезде тез арада 
медициналық көмекке жүгінуін ұсынады: 
1) қынаптан қан аралас бөлінулер
2) бұлшық еттердің тартуы және қол-аяқ, беттің жансыздануы; 
3) бас қатты ауыруы; 
4) іш ауыруы; 
5) құсу; 
6) ұрықтың сирек қимылдауы немесе қимылдамауы
7) дененің қызуы 37,5
о
С-тан жоғары; 
8) қағанақ суының ағып кетуі; 
9) қол-аяқтың немесе дененің басқа мүшелерінің анық байқалатындай 
ісінуі; 
10) демнің тарылуы немесе демікпе
11) жүректің жиі қағуы; 
12) көру қабілетінің бұзылуы. 
Патронаж кезінде алынған мәліметтер босануға дейінгі патронаж 
парағына 
жазылып, 
баланың 
даму 
тарихына 
(112/е 
нысанына) 
жабыстырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет