Балалар бойында аитв күйін ашып көрсету, диагнозға бейімдеу, аитв инфекциясының оңды алдын алу қағидаттары



Дата05.07.2016
өлшемі40.15 Kb.
#179055
Балалар бойында АИТВ күйін ашып көрсету, диагнозға бейімдеу, АИТВ инфекциясының оңды алдын алу қағидаттары
Маңғыстау облысы бойынша –118 АИТИВ жұқтырылғандар диспансерлік есепте тұрады. Осылардың екеуі 6 және 8 жастағы бала. Қазіргі кезге балалар антиретровирусты терапия, яғни вирустың өсуін тоқтататын және пациенттің өмірін ұзартатын препараттар қабылдауда. Дегенмен балалар бүгінге өзінің АИТВ күйін білмейді. Диспансерлеу кезінде барлық пациенттер жоспар бойынша тексеріліп-қараудан өтеді және әрине иммунитетінің жай-күйі мен қандағы вирус мөлшерін бағалау үшін тоқсан сайын қан талдамасын тапсырады. Әр түрлі жастағы балалар дәрігер кабинетіне келуін әрқилы қабылдайды. Осы балалар өз күйін білмеген жағдайда, АИТВ жұқтырылған әр түрлі жастағы балаларды не алаңдатады:

4-тен 7 жасқа дейінгі балаларда

-Сіз маған мұны не үшін жасайсыз?

-Мен осындамын,себебі мен жаманбын ба?

- Неге менің ішім қатты ауырады?

- Мені жайыма қалдырыңыз!

8-ден 12 дейінгі балаларда

- Менде не болып жатыр?

- Неге оған менің қаным керек?

- Бұл адамдар кімдер?

- Неге мен кей кезде өзімді нашар сезінемін?

- Мен қашан жазыламын?

- Неге маған дәріні ұдайы қабылдау керек?

- Бұл не қылған вирус?



13-тен 18 жасқа дейінгі балаларда:

- Неге бұлай болады, және бұл нені білдіреді?

- Бұл менде қайдан пайда болды?

- Мен өлемін бе?

- Бұл әлде-біреуге беріле ме?

- Бұл туралы мен біреумен сөйлесе алам ба?

-Олар менің не қалайтынымды сұрайтын күні бола ма?

Баланың АИТВ күйін ашып көрсетуерекшелігі

Диагнозды ашып көрсетудің айқын моделі немесе тәртібі жоқ. Диагнозды ашып көрсету туралы мәселені шешуге арналған басты критерий–баланың келген жасы. Келген жасынан басқа, баланың оқуға деген және интеллектулды өсіп-жетілуіне деген қабілетін сөзсіз ескеру керек.

Келген жасын анықтай отырып, «Ештен де, кеш жақсы» деген қағидатты басшылыққа алу керек.

Жасөспірімнің жыныстық қатынасқа деген құмарлығы мен осы жастағы мінез-құлқының ерекшелігін ескерсек, мұның өзі індеттің одан әрі өсу қарқыны тұрғысынан елеулі түрде қауіп төндіреді.


Ата-аналар неге диагнозын баладан жасырады?

Ата-аналарға оның АИТВ күйі туралы өз балаларына айтуы барлық уақытта бірдей оңай емес: баланың ауруы–бейнетті және күн сайын жанын жарақаттайтын жағдай, оның психологиялық халіне ауыр жүк түсіреді. Ата-аналар өзінің АИТВ-сын мойындамайды немесе АИТВ инфекциясына қатысты белгісіздік сатысында болып, осы жаңылыс болар деп үміттенеді және «егер бір белгісі жайлы айтпаса–ол жоқ болар» (күйінің тактикасы) деп есептейді.

Ата-аналар бала тарапынан болжап болмайтын қабылдаудан және аурудың құпиясын ашып жария етуден сақтанады. Ата-аналары баласымен АИТВ инфекциясы туралы сөйлесуді ұйғарған кездегі жағдайда, оның өз бойындағы аурудың болғандығын мойындауына тура келеді, бұл да оны қорқытады. Олардың өздері бұл ауру туралы хабардарлығы жеткіліксіз болғандықтан, бұл туралы балаға айтуға мүмкіндік бермейді;

Оның аурулығы себепті баланың алдында кәнәсін сезінеді. Егер ол өзінің диагнозын білетін болса, астам түрдегі психологиялық жүктелімі туралы жалған түсінігі болады.

АИТВ күйі туралы қалай, қашан, қай жерде, қандай көлемде және қандай түрде айту керек екендігін түсінбейді.

Барлық сұрақтарға жауаптар, сақтану мен алаңдауына түсініктемелер

АИТВ жұқтырылған балаға берілетін барлық түсініктемелер, оның қажет етуі мен қалауына жауаптар болуға тиіс. Бала өзінің диагнозы туралы білгеннен кейінгі алғашқы кезінде ол өзін осал сезінуі мүмкін. Балалар былайша сұрақ қоюы мүмкін:

Сен өлесің бе?

Мен не, өлемін бе?

Маған операция жасау керек пе?

Менің қанымды ағызып алып, жаңа қан құюға бола ма?

Сен өлген кезде маған кім қамқор болады?

Осы аурумен тағы кімдер ауырады?

Бұл жайында тағы кім біледі?

Мұны қалайда жазып шығаруға бола ма?

Мен қалайша мұнымен ауырдым? Мен секспен айналыспаймын ғой?

Бала өз бойындағы аурудың емделмейтіндігін, дегенмен осы аурумен толыққанды өмір сүруге болатындығын сезінеді. Осы кезеңінде ол АИТВ инфекциясының болуы, оны ескеруді, белгілі бір шектеулерді, тәуекелдерді есепке алуды, алайда одан жоғары ұшқарылық жасамау қажет ететіндігін мойындайды. Осы кезеңде тепе-теңдігі қалпына келуі өтеді, бала әлеуметтік қызметке белсенді тартылуға ұмтылады. Ол АИТВ-ны өз өмірінің бір бөлігі ретінде қабылдайды. Осы кезең соңғы кезеңі болып табылмайды, аурудың өршуі жаңа жоғалтуларға әкелмек, диагнозын сезініп қабылдауы жалғасады, алайда сезініп, қабылдаудың басқаша деңгейінде болады. Шындықты жасырмау өте маңызды, алайда оның арманын бұзбау керек. Балаға, оның арманын орындау үшін қолдау мен көмек керек.

Мен дәрігер ретінде диагнозын ашып көрсеткеннен кейін не болатындығын айтқым келеді.


  1. Отбасылық қорқыныш пен оны күту бәріне ортақ болуы мүмкін.

  2. Біріне бірі көмектесуге деген құштарлығы пайда болады.

  3. Отбасы мүшелері арасында адалдық/сенім артады.

  4. Бұл дағдарысты төмендетеді. Сіздерге енді құпиялардан қорқудың қажеті жоқ. Сіз өзіңді бұрынғыдан да сенімді сезінесіз, себебі барлығыңыз да бір қайықпен жүзіп келесіз.

Сіздер бәріңіз бірлесіп көптеген ұйғарым жасай аласыздар, сондықтан бір-біріңізбен, сонымен бірге емдеуші дәрігермен жақсы тілдесе аласыздар!

Егер, Өзіңізді әлде бір жай мазалайтын немесе сұрақтар туындайтын болса, Сіз ЖИТС орталығының диспансерлік бөлімінің көмегіне жүгіне аласыз.



Жиенғалиева Алия Төлемісқызы,

диспансерлік бөлімнің

меңгерушісі.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет