Балалар ұжымының қалыптасуы мен дамуы Жоспары


ІІ Тарау. 2.1. Балалар ұжымымен жұмыстар жүргізудегі мұғалімнің



бет5/9
Дата20.06.2022
өлшемі174.5 Kb.
#459369
1   2   3   4   5   6   7   8   9
kur -balalar-uzhymynyn-qalyptasuy-men-damuy-33

ІІ Тарау.
2.1. Балалар ұжымымен жұмыстар жүргізудегі мұғалімнің
кәсіби маңызды қасиет – сапалары.
Балалар ұжымымен жұмыс істеу үшін мұғалімнің белгілі бір кәсіби қасиет сапалары қажет. Кәсіби маңызы бар қасиеттер мәнін анықтауға бірқатар ғалымдар ( А. Сатынская, В.А. Сластенин, Г.Сманова т.б. ) көңіл бөлді. Біртұтас педагогикалық процесс теориясының негізгі заңдарын басшылыққа ала отырып, педагогикалық процестің іске асыруын қамтамасыз ететін тұлғаның салыстырмалы орнықты сапалары мен ерекшеліктерін жиынтығын педагогтың кәсіби маңызды қасиеті деп санауға болады. Сонымен, біртұтас педагогикалық процестің нәтижелілігі « педагогтар - оқушылар» жүйесіндегі өзара қатынастың, ықпалдастықтың деңгейіне байланысты «Оқушы» жүйесі үшін педагог тұлғасы қоршаған болмысты пәндендіру ара
сындағы делдал, ал мұғалім оқушы мен материалдық және рухани құндылықтар арасындағы делдал б. т. «Оқушылар» жүйесінде қарым – қатынас « педегогтар – оқушылар » жүйесінде бар қарым – қатынас салдары ретінде жасалады. Бұл болашақ мұғалімді даярлауда мектептік педагогикалық процестің қызметін жандандыруға мүмкіндік беретін кәсіби маңызы бар сапаларды қалыптастырудың неге қажет екенін көрсетеді.
Жоғарыда баяндалғандардың балалар ұжымымен тиімді істеудің тиімділігінің шарттарының бірі ретінде қарастырылатын ұжымщылдық сияқты мұғалімнің жеке қасиеттерін қалыптастыруға қатысты.
Мұғалімнің ұжымшылдығы оның оқшылармен және қоқушылардың бір – бірімен дұрыс өзара қарым – қатынас жасауының негізінде балалар ұжымының қызметін ұйымдастыруға даярлығы арқылы көрініс табады. Тұтас педагогикалық процесс теориясында бұл өзара қарым – қатынас өзара ықпалдасатын тәрбиелеуші механизм болып табылады және қызмет барыындағы ынтымақтастықтың сипатына тәуелді. Қызмет барысындағы сипатын түсіну мұғалімнің құзырына кіреді. Соған байланысты мұғалім өзінің жинақтаған білімінің негізінде балалар ұжымының қызметін ұйымдастыруға дайын болуы керек.
Тұтас педагогикалық процесс және балалар ұжымы теорияларының негізгі қағидаларына сүйене отырып, мұғалімге, сынып жетекшісіне оқушы ұжымын қалыптастыру бойынша тиімді жұмыстар ұйымдастыру үшін білім, біліктерді меңгерулері қажет:
1. Мұғалім іс - әрекетінің заңдылықтарының, қозғаушы күштерінің және тәрбиелеу механзмдерінің обьектісі ретінде педагогикалық процестің мәні мен құрылымы туралы теориялық білім.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет