2. Оқушы ұжымын қалыптастыру теориясы мен тәжірибесі және оның негіздері мен даму заңдылықтары жөнінде біртұтас түсініктің болуы.
3. Оқушы ұжымын.ың қалыптасу жағдайы мен деңгейін диагностикалай алу, біртұтас педагогикалық процестің негізгі көрсеткіштеріне диагностиканы негіздей алу, ұжым дамуын болжау үшін диагностикалық мәліметтерді пайдалана алу.
4. Педагогикалық ықпалдастырудың негізгі құралдарын білу және оларды балалар ұжымын қалыптастыру процесінде қолдана алу.
5. Әрбір оқушының қызығушылығы мен қабілетіне сәйкес жалпы мақсатқа ( сабақта және сабақтан тыс уақытта оқушылардың ықпалдасу жүйесі ) жетуге бағытталған оқудағы және оқудан тыс әрекеттерін ұйымдастыра алу.
6. Алғашқы сыныптық ұжымды қалыптастыруда мұғалімнің педагогикалық жетекшілігімен ұжымда өзін - өзі басқаруды үйлестіре алу.
7. Мектепте және мектептен тыс уақыттарда алғашқы ұжымды өзара байланыс жасауының ролін түсіну.
2.2. Балалар ұжымының жағдайын зерделеу әдістемесі.
Мұғалімнің диагностикалық бағдарламасының бір нұсқасында «оқушылар мен ынтымақтастықта бола алу қабілеті » критерийі - қазіргі мектеп мұғалімдерінің зеттеу іс - әрнекеттерінің ең жоғары деңгейі және ол өзара ықпалдастыққа ұмтылдыратын жаңа тәсілдерді үнемі іздестіру, оларды қарым – қатынас жасауда қолданудың мүміндіктерін байқай алу, басқа адамдардың көзқарастарын түсіне білуге тәрбиелеу аз уақыт аралығында және мұғалім мен оқушының ақыл ойын, ерік жігерін пайдалана отырып эмоционалдық күш салумен оқыту мен тәрбиелоеудің әдістерін үйлестіруді негіздей отырып қолдана алу.
Педагогтардың балалар ұжымымен кәсіби ұйымдастырылған жұмысы барысындағы әлеуметтік белсенділік ретінде күрделі тұлғалық қасиеттер қалыптасады. Қайта құру кезеңінде бұл қасиет ерекше маңызға ие болады, өйткені ол қоғамдық іс - әрекеттердің маңыздылығын оқушылардың санасына сіңіруін, олардың жауапкершілік, белсенділік, іздемпаздық таныта отырып қатысуға дайындалуын ұмтылуын қамтиды.
Қазіргі оқушылардың қоғамдық пайдалы жұмыстарға қатысуға оң көз қарас тагнытпайтындар да аз емес. Оның негізгі себебі ұйымдастырылатын жұмыстардың бірыңғайлығы, ондағы формальдылық, жұмыстың пайдассыздығының айқындығы, педегогтың өзінің қызығушылық танытпауы болып табылады. Соған байланысты оқушы белсенділігін мектепте ұйымдастырылатын жүмыстардың тиімділігіне сұранысқа ие болуына, мұғалім позициясына, жеке қатынасына, жұмысты сауатты ұйымдастыра алу біліктеріне тікелей байланысты.
Қоғамдық қатынаста мұғалім тарапынан емес белсенді топ мұшелері, сынып ұжымы тарапынан берілуі тиіс.
Тапсырмалар сабақта сабақтан тыс орыналатын жұмыстарға байланысты берілуі қажкт: мүмкіндігінше ол жұмыстарды оқушыларды ң өздері таңдағандары орынды. Орын.далған тапсырмалар мен оның орындалу сапасы жөнінде ұжым алдында есеп берілуі қажет.
Сынып жетекшісі үнемі оқушы ұжымымен атқарылған жұмыстарды тіркеп отыруы тиіс: ұжым, белсенді топ мүшелерінің тізімі, әрбір ұжым мүшесінің сабақта және сабақтан тыс (қоғамдық) орындағын жұмыстарының тізімі (мұнда орындалған жұмыс жөнінде қашан есеп берілуі керектігі көрсетіледі), жылдық, жарты жылдық, тоқсандық жоспар жасалады. әрбір оқушыға мінездеме жазады. Оқушылардың жетістіктерін үнемі айта отырып, оқушы тұлғасын қалыптастырудағы проблемаларға басты назар аудара отырып олармен жеке жұмыс жүргізудің маңызы өте зор.
Жинақталған және талданған материалдарын сын,ып жетекшісі « балалар ұжымының қалыптасу жағдайының графигі» түрінде беруіне болады. Бұл графикті талдау қажетті деңгейге жету үшін қандай көрсеткіштерді түзету керектігі жөнінде біден мәлімет алуға мүмкіндік жасайды. Осы жұмыстардың барлығы оқушылар мен ата – аналар арасында талқылануы тиіс.
Окушы ұжымының жағдайын диагностикалау жане оқушылармен , ата-аналармен талқылау процесінде этикалық талаптардың орындалуы бойынша атқарылатын жүйелі жұмыс жүргізілуіне сынып жетекшісі осы ұжымның қалыптасу деңгейін көтеруге бағытталған жұмыс жүргізу бағдарламасын дайындау үшін материалдар жинақтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |