Балалардың дамуының әлеуметтік факторлары. Мектепке бейімдеу. Кіріспе


Мұғалім мен оқушылар арасындағы қарым-қатынас



бет2/3
Дата13.02.2022
өлшемі75.93 Kb.
#455319
1   2   3
Эссе.Мектепке бейімделу

Мұғалім мен оқушылар арасындағы қарым-қатынас.

Жасөспірімдер мен ұстаздар арасындағы өзара қарым-қатынас жасау мәселесі-психология ғылымындағы және тәлім-тәрбие ісіндегі әрі маңызды, күрделі проблемалардың қатарына жатады.Бұл салада жүргізілген бірнеше зерттеулер бар.

Егер бастауыш сынып оқушысына мұғалімі бір көргеннен жақсы әсер қалдырса бұл мұғалім тұлға болып қалады.

Ал ересек балалар мұғалімнің әрбір қимыл-қозғалысына, іс-әрекеті мен сөйлеген сөзіне, оның ақыл кеңесіне, өзге адамдармен қарым-қатынасына, шәкірттерге қоятын түрлі талаптарына өздерінше іштей сын көзімен қарайды.Ол кезде балалар өтпелі кезеңде болады,сол үшін балаға айғайлап ұрсудың керегі жоқ,ұрыссан бала қассарсып қырсығыр сенің ақылды тыңдаймайды.”Жылы-жылы сөйлесен,жылан інінен шығады”-, демекші балаға жылы сөйлесен, ол бала ақылыңды тыңдап тапсырмаларың уақытылы орындайды.

Оқушылар тарапынан мұғалімге қойылатын талаптар мен тілектердің мән-жайын қарастырып мынадай төрт топқа бөліп іздестірілді:

Бірінші топ ұстаз бен шәкірт арасындағы қарым-қатынастағы мұғалімнің адамгершілік сапалары жатады. Олар: игі тілек, шәкірттерге мүмкіндігінше ықыласты көмек көрсету, олардың жан дүниесін түсінуі. Оқушылар ұстаздың бойынан осы қасиеттерді көргісі келеді.Егер,ұстаз ол қасиеттерді көрсете алмаса оқушылардың ойында жаман ұстаз ретінде қалады.

Екінші топқа ұстаздың шеберлігі,өз пәнін жетік білуіне байланысты .

Егер ол өз пәнін жетік біліп,әр түрлі қызықты мәліметтермен,әр түрлі методикалармен , қызықты тартымды өтсе балалар одан әсер алса ол ұстаз үшін жетістік.

Үшінші топқа ұстаздық жасөспірімдердің бірімен-бірінің өзара қарым-қатынасына, олардың өміріндегі күйініш-сүйініштеріне, сәтсіздіктеріне, әр түрлі қоғамдық-көпшілік жұмыстарға қатысуына байланысты көңіл бөліп, мән беруі, ұстаздың сынып жетекшілік жұмысындағы іс-әрекеттері жатады.

Төртінші топтағы шәкірттер, мұғалімнің жеке басына тән мінез-құлықтарының ерекшеліктерін атап көрсетеді.

Шәкірттер мен мұғалімдер арасындағы, әсіресе мұғалім мен жасөспірімдер арасындағы, қарым-қатынаста кездесіп қалатын тартыстар осы кезге дейін жете зерттелмеген мәселе. Міне,осы мәселені зерттеуді негізгі объект етіп алып қарастыру мынадай себептерге байланысты.

1.Орта жастағы мектеп оқушылары өздеріне ерекше зейін қойып қарауды қажетсінеді. Олардың өмірдегі өтпелі кезең, жоғарғы талаптар, сана сезімі мен ақыл-ойының өсуі мұғалімді жасөспірімдерге жаңа қырынан келуге мәжбүр етеді.

2.Өтпелі кезең жасындағы балаларға дұрыс қалып көрсетпеуден туындайтын тартыстарды жиі кездестіруге болады. Балалардың жас ерекшелігін және тәлім-тәрбие жұмысында соған сай әдіс амалдарды қолдана білмеуден кейбір мұғалімдер өз жұмысында көптеген қиындықтарға кездесіп жүр. Олар бірер рет көзге түсіп қалғандарды ”тәрбиеленуі қиын” балалар қатарына ой салмақтамай қосып, өз жұмыстарында қиындатады. Енді-енді қалыптаса бастаған жеткіншек мінез-құлқына кері әсерін тигізеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет