Балаларды жан-жақты тәрбиелеудеп ойынның маңызы


Мектепке дейінгі балалардың логикалық қабілетін дамыту үшін қолданылатын дидактикалық ойындар жүйесі



бет7/9
Дата14.06.2022
өлшемі111.33 Kb.
#459206
1   2   3   4   5   6   7   8   9
. Балаларды жан-жақты тәрбиелеудеп ойынның маңызы

2.3 Мектепке дейінгі балалардың логикалық қабілетін дамыту үшін қолданылатын дидактикалық ойындар жүйесі.


Ойын – балалар өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты және халқтың салтын үйрену де, табиғат құбылысын тануда олардың көру, есту, сезу қабілеттерін, зейінділік пен тапқырлықтарын дамытады. «Адам өркениетке бейім болуы үшін балалық шақты бастан кешуі міндетті, егер ойын мен қазаққа толы балалық шақ болмаса, ол мәнгілік жабайы болып қалған болар еді» - деп К. Чуковский бала денесінің дамуы мен ой-дүниесінің өркен жоюы ойынға тікеклей тәуелді екендігін атап көрсеткен.
Ойын үстінде бала санасын дамыту, тәрбиелеу, оқыту қатар жүргізіледі, оны бала белсенділікпен және асқар ыждағаттылықпен қабылдайтындықтан кімдеген педагоктар ойынды оқу үрдісіне міндетті түрде енгізу жайында айтады. Я. Кошенский өзінің «Ұлы дидактикасында» «Баланың бойында білімге деген құштарлықты арттыру үшін қажет деген ең қарапайым тәсілдің өзі табиғи болуы шарт. Оның үстіне осы тәсілмен қабілеттері оянуы үшін оны ақылдылықпен жандандарып, балаға жағымды еткізіп жеткізе білуі керек. Түсіндірілген сабақ қандай маңызды болса да, әнгімелесу, сайыс, жұмбақ жасыру немесе мысал мен аңыз мазмұнында өткізілгені жөн» деп жазды. Бұл арада К. Ушинскийдің «Ойын баласын ойын үстінде үйрет» деген сөзін де айта кеткен орынды. Л. Выготский «ойын бастап кешкендерді жайғана еске алу емес, ел бастап кешкен әскерлерді жасампаздықпен қайта өңдеу баланы өзінің қажеттіліктері мен қызығушылықтарына жауап бере алатын деңгейдегі қайта құрастыру мен одан жаңа әрекеттер жасау болып табылады» деп санайды. Ойнай жүріп балалар қоршаған орта жайында білімдерін толықтырады, дербес шешім қабылдауға дағдыланады, ойлау барысында ұтқырлық пен тапқырлық танытады. Мектепке дейінгі және мектеп кезіндегілерді тәрбиелеу мен оқыту ойын тарихи үлкен жүк арқалап келе жатыр.
Дидактикалық құрал ретінде оның тиімділігі ересектерді оқыту үрдісінде де оны пайдалануға алып келеді.
Оқу үрдісінде дидактикалық мақсатқа жету үшін пайдаланылатын ойындар көп орайда дидактикалық деп аталады.
Тәуелсіз еліміздің білім беру жүйесінде болып жатқан оң өзгерістер қоғамның жас ұрпақ тәрбиесі үшін жауапкершілігі терең сезіліп отырған бүгінгі таңда оқу – тәрбие үрдісінің тиімділігін арттыру бағытында барлық мүмкіндіктер мен ресурстарды пайдалануды көздейді. Дегенмен оқу-тәрбие үрдісінде барлық ресурстар толық қолданыс таппай келеді. Тәрбиенің осындай сирек қолданылатын құралдарының бірі – ойын.
Сынып оқушыларының мектепке келгенге дейінгі негізгі әрекеті ойын десек, оқу-тәрбие үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу әрекетін орындауға бейімделуі тиіс. Ол сабақ барысында пайдаланылатын дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асырылады.
Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеттерді шешеді.
Ойынның мақсаты бағдарламада анықталған білім, білік, дағдылар жайында түсінік беру, оларды қалыптастыру, тиянақтау және пысықтау немесе тексеру сипатында болып келеді. Ойынның міндеті баланың қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыру мақсатында іріктеліп алынған нақты мазмұны мен анықталады. Әдістемелік әдебиеттерде берілген және мектепке дейінгі тәрбиешінің тәжірибесінде пайдаланып жүрген дидактикалық ойындар өте көп. Алайда, олардың барлығы бірдей бүгінгі күннін талаптарынан туындап отырған білім мазмұнының өзгерістеріне, сондай-ақ балалардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес келе бермейді. Сондықтан ғылыми тұғыда негізделген дидактикалық ойындар түрлерін сұрыптап, ой өткізе отырып, ойындар жүйесін және оларды пайдалану әдістемесін ұсыну қажет.Дидактикалық ойындар – балалар үшін өзіне тән жүру барысы, мақсаты, маңызы бар әрекет. Мұндай ойындарды ұйымдастыру қашанда төмендегідей екі мақсатты көздейді:
- танымдық, яғни балада тану, іздену әрекетін дамыту;
- тәрбиешілік, яғни үлкендермен немесе өз тұлғаластарымен қарым-атынас жасағанда қажетті негізгі дағдыларды, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.
Дидактикалық ойындарды құру мына негіздерге сүйенеді.

  1. Балалардың іс-әрекетіне ойын түрлерімен оқуды байланыстыру және біртіндеп қызықты, жеңіл ойындардан ойын тапсырмалары арқылы оқу-тәрбие мәселесіне көшу.

  2. Ойынның шарты мен оқу міндеттерінің біртіндеп күрделенуі.

  3. Берілген тапсырмаларды шешуде баланың ақыл – ой белсенділігінің күшеюі.

  4. Оқу мен тәрбие мақсаттарының бірлігі.

Дидактикалық ойындардың маңызы мынада
1. Дидактикалық ойын балалардың қоршаған дүние туралы түсінігін кеңейтеді, оны бекітіп, нақтылай түседі.
2. Әрбір дидактикалық ойын баланы ойлай білуге бауылып, сөздік қорын молайтады, ақыл – ой қызметін қалыптастырады.
3.Дидактикалық ойын адамгершілікке тәрбиелеу құралы болып табылады. Дидактикалық ойын ережелері балалардан ұстамдылықты, тәртіптілікті қажет етеді.
Сабақта тиімді қолданған ойын түрлері тәрбиешінің түсіндіріп отырған материалын балалардың аса зор ілтипатпен тыңдап, жемісті меңгеруіне ықпал етеді. Өйіткені, мектеп жасына дейінгі балалар жас ерекшеліктеріне байланысты ойынға өте ынталы келеді балалар тез сергіп тапсырманы жылдам дұрыс орындайтын болады.
Дидактикалық ойында балаларды өз бетінше жұмыс істей білуге дағдыландырады, ойлау қабілеттерін, ізденімпаздығын арттырады, сөздік қорларын молайтуға көмектеседі.

Ойын - бала әрекетінің бір түрі, адамзат мәдениетінің қазынасы. Ұлы педагогтар, ғалымдар баланы тәрбиелеудегі ойын рөлін жоғары бағалаған. Бала ойын арқылы өмірге енеді, табиғатпен, қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түседі, атын – түсінігін арттырады, еңбек ете білу дағдысы қалыптасады.
Психологтар мен педагогтар ежелден-ақ ойын мәселесіне өз назарын аударғанымен, тек ХІХ ғасырдың аяғында ғана арнайы зерттеу пәніне енгізілді.
С.А.Шмакова бойынша көптеген ойындарға тән ортақ белгілер деп төмендегілерді айтуға болады:
Тек қана нәтижесінен ғана емес, әрекет үрдісінің өзінен де ләззат алу үшін баланың тілегімен ғана қабылданатын, еркін дамытушы әрекет (әрекеттік (процедуралық) ләззат);
Елеулі мөлшерде суырып салмалық, шығармашылық, осы әрекеттің белсенді сипаты («шығармашылық аясы»).
әрекеттің эмоцияналды көтеріңкілігі, бәсекелестік, жарыс («эмоционалдық қуат»).
Ойын мазмұнын, оның дамуын логикалық және мерзімдік, уақыт тұрғысынан бейнелейтін тікелей және жаңа ережелердің болуы.
Ойындық әрекет бағдарламасын зерттеген ғалымдар пікірінше ойын педагогикалық мәдениет феномені ретінде төмендегідей қызметтерді атқарады:
Әлеуметтендіру қызметі.
Өйткені, ойын – баланы күшті қоғамдық қатынастар жүйесіне енгізу және оған мәдениет байлығын игерту құралы.
Ұлтаралық қатынас құралы қызметі.
Себебі, ойын – балаға жалпы адамзаттық құндылықтарды, түрлі ұлт өкілдерінің мәдениетін игеруге мүмкіндік туғызады. Өйткені ойын - әрі ұлттық әрі интернационалдық, сонымен бірге жалпы азаматтықта.
Ойында бала «адамзат тәжірибесі аясында» өзін-өзі көрсету қызметін көрсетеді. Өйткені, ойын бір жағынан баланың практикада өмірлік нақты қиындықтарды жою жобасын тексеруге және құруға мүмкіндік берсе, екінші жағынан тәжірибесінің олқы тұстарын айқындауға мүмкіндік береді.
Ойынның қатысымдық қызметін – балаға шынайы күрделі адамдық қатысым аясына енуге мүмкіндік беретін дерегі айқын көрсетеді.
Ойынның диагностикалық қызметі- педагогқа баланың әр қырынан: интеллектуалдық, шығармашылық, эмоционалдық және т.б. көрінуін диагностикалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар ойын – баланың өз күшін нақты сезінетін, өзін-өзі бағалау, еркін әрекеттегі мүмкіндіктерін танитын өзін-өзі көрсету аймағы болып табылады.
Ойынның емдік қызметі – баланың қарым-қатынаста, оқуда, мінез-құлқында туындайтын әр түрлі қиындықтарды жеңу құралы ретінде қолданылуымен түсініледі. Ойынның мұндай қызметін Д.Б.Эльконин аса жоғары бағалайды.
Ойынның түзеу қызметі деп – баланың тұлғалық құрылымының көрсеткішіне жағымды өзгерістер, толықтырулар енгізу түсініледі. Ойын әрекетінде бұл үрдіс басқа кездегіден гөрі неғұрлым жұмсақ өтеді.
Ойынның дамытушылық қызметі, оның ең маңызды қызметтерінің бірі.
Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл Фараби өзінің "Бақыт жолында" атты философиялық шығармасында адамның танымын дамыту арқылы ғана ойы бақыт жолына жетелеуге болатындығына тоқтасақ, ұлы Абай өзінің қырық үшінші қара сөзінде баланың танымын алғашқы күннен бастап дамытпаса, өзінің із-түссіз жоғалып, жойылып кететінін айтады. Ағартушы ұстаз Ы. Алтынсарин өзінің көптеген еңбектерінде таным әрекетінің негізі-оқу, білім деп тұжырымдайды.
Баланың танымын алғашқы күннен бастап дамыту құралы да, балада оқу мен білімнің, тәрбиенің негізін қалыптастыратында - ойын әрекеті болып саналады..
Ойын бала үшін - нағыз өмір. Егер ұстаз ойынды ақылмен ұйымдастыра білсе, ол балаларға ықпал жасауға мүмкіндік алады. Балаларды оқытып, тәрбиелеуге әр тарапты ойын элементтерін қолдану тиімді әдістердің бірі болып саналады.
Ойын әдістерін қолдана өткізген сабақтар, жаттығу жұмыстары баланы сөзге белсенділігін арттырып, олардың ойлау қабылдау әрекеттерін кеңету, білім сапасын тереңдете тиянақтай түсінуге жәрдемдеседі. Ойынның танымдық сипаты жөнінде М. Горькийдің «Бала ойынды сүйеді. Ойнағанда не болмаса соның бәрімен де ойнайды, ол өзінің айналасындағы дүниені ойын және ойыншық үстінде тез таниды. Бала сөзбен де ойнайды, осы сөзбен ойнағанда өз ана тілінің нәзік жерлерін үйренеді, тілдің музыкасын ұғады»,- дегені мәлім.
Дидактикалық ойындардың түрлеріне шек жоқ. Қазіргі кездегі сабақ материалдарының мазмұнына сәйкес мұғалім белгілі бір ойын бойынша әрқилы ойын ойлап табуына болады.
Тікелей дидактикалық міндетті шеше алмайтын, бірақ балалардың бойынеда ықылас, есте ұстау, байқағыштық, назар аударғаштық сияқты басқа да белгілі бір психикалық процесті, қажеттерді дамытуға бағытталған ойындардың түрлерін педагог ұмыт қалдырмауға тиіс. 1-сынып балалары үшін творчествалық және қимылды ойындармен қатар дидактикалық ойындардың әсері мол. Дидактикалық математикалық ойындарды қолдану сабақтың әсерлілігін арттырып, оқушылардың осы пәнге деген ынтасын дамытады. Бұл ойындар жаңа сабақ процесінде өткенді қайталау, білімді тиянақтау кезінде қажетті сабақ мазмұнына орай пайдаланылады
Айта кеттетін бір жайт, оқытудың ойындық тәсілдері дидактикалық ойындар өзара түсінушілікті, ынтымақтастықты, бірлескен творчестваны орнықтыратын ортақ ақуалда қолданыс тапқан жағжайға салса шынайы ойындық, яғни балалар ерікті түрде таңдап алатын тәсілдерге айнала алады. Сондықтан, оқу-тәрбие процесінде ойынды дұрыс кірістіріп, оның барлық тиімді мүмкіндіктерін пайдаланудың маңызы зор.
Мектепке дейінгі балалардың ойнайтын ойын түрлері:

  1. Дидактикалық ойындар.

  2. Сөздік-дидактикалық ойындар.

  3. Рольді сюжетті ойындар

  4. Драммалық ойындар.

  5. Творчествалық ойындар.

  6. Әдеби-музыкалық ойындар.

Осылардың ішінде дидактикалық ойындардың маңызы зор. Әрбір мұғалім сабақ процесінде қандай дидактикалық ойын қолданылатын күні бұрын сабақ мазмұны мақсатына сай лайықты таңдап алған жөн. Өйткені ойын мектепке келген балалар үшін қызықты әрекет бола отырып, оларды тәрбиелеу мен дамытудың аса маңызды құралы болып табылады. Бірақ, ол ұйымдастырылған педагогикалық процеске енгізілгенде ғана сондай құралға айналады. Ойынның дамуы мен орнығуы оны нақ осылай тәрбиелеу құралы ретінде пайдалануға көп байланысты. Сондықтан да бірінші сыныпта сабақ көбіне ойын ретінде өтіледі. Ойын да оқу мен еңбек сияқты, баланың іс-әрекеттерінің бір түрі. Ойынның барысында баланың жеке қасиеттері қалыптасады. Бұл жастағы балалар айналадан көрген түйгенін бағдарлап байқаған, естіген білгенін ойынмен бейнелейтінін байқау қиын емес. Ойын арқылы қоршаған дүниені бейнелей отырып, олардың өмірге көз қарасы қалыптасады, творчествалық іс-әрекеттері дамиды, өзіне ойын кезінде сенімі артып, күллі жігерін білдіруге жол табады. Үлкендердің іс-әрекеттеріне еркін араласып, қарым-қатынасқа түседі.
Бұл жөнінде психолог профессор А.В.Запоржец: «Біз дидактикалық ойын жекелеген білімдерімен бейімділіктерді игерудің формасы ғана болып қоймайды, сонымен бірге баланың жалпы дамуына көмектесетін, оның қабілетін қалыптастыруға қызмет ететін болуына жетуіміз қажет» десе, Н.П.Крупская: «Алты, жеті жастағы балалар үшін ойын – оқу, олар үшін-еңбек, олар үшін ойын тәрбиесінің елеулі формасы»- дейді. А.С. Макаренко ойын мен бала еңбегінің арасында заңды байланыс болатынын, ал, айналадағы дүниден алған әсерін ойында бейнелеу арқылы нақты еңбек әрекетіне үйренетінін айтады. Сондықтан А.С.Макаренко: «Бала ойында қалай болса, ол кезде де, жұмыста көп жағынан сондай болады»-деп тұжырымдайды.
Дидактикалық ойын түрлері көп. Соның бірі- оқушының ақыл-ойын дамытатын ойын түрлері. Мысалы: өзін қоршаған табиғи орта, табиғат отаны туралы, әртүрлі мамандықта жұмыс істейтін адамдардың еңбектегі істері – бәрі де оқушының идеялық бағытта тәрбиелеуге дағды береді. Оқушының дидактикалық ойындар арқылы еңбекке тәрбиелеу де тиімді әдістердің біріне саналады. Мысалы: логикалық есептер, ойын есептерінде жүргізілетін ойындар оқушыларға көптеген септігін тигізеді.
Оқушының математикалық тілде көп сөйлеп үйренуге бағыт беретін ойындардың бір түрі- сөздік ойындары. Сөздік ойындарын әр сабақта жүйелі жүргізілуі тиіс. Сол арқылы балалар тапқырлыққа, шапшаңдыққа, ауызша және жазбаша есептеуге дағдыланады. Математика сабағында есептеуге үйрету математикалық диктантпен жұмыс, сұрақ-жауап әдістерін қолдану қажет. Өтілетін тақырып бойынша ойын түрлерін жүргізуден басқа «анаграмма, ребустар, сөзжұмбақтар, өлең есептер» қолдану, түрлі дидактикалық материалдарды пайдалану оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттырады. Сол сияқты қимыл ойындарының да тиімділігі бар. Қимыл ойындар да бала ағзаларын жетілдіріп, ақыл- ойының дамуына үлкен әсер етеді. Көңіл-күй артып, жүйкелері жақсарады.
Басты мәселе, мұғалім сабақта ойын элементтерін жүргізбес бұрын, оның міндеті мен мақсатын, жүргізу тәртібін балаларға айтып, дайындауы тиіс. Ойынға қажетті құралдарды күні бұрын дайындауы қажет.
Дидактикалық ойындар мақсатты көздейді және нақты міндеттерді шешеді.
Ойынның мақсаты бағдарламада анықталған білім, білік, дағдылар жайында түсінік беру, оларды қалыптастыру, тиянақтау және пысықтау немесе тексеру сипатында болып келеді. Ойынның міндеті баланың қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыру мақсатында іріктеліп алынған нақты мазмұнмен анықталады.
Әдістемелік әдебиеттерде берілген және бастауыш сынып мұғалімдерінің тәжірибесінде пайдаланып жүрген дидактикалық ойындар өте көп. Алайда, олардың барлығы бірдей бүгінгі күннің талаптарынан туындап отырған білім мазмұнының өзгерістеріне, сондай-ақ, оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес келе бермейді. Сондықтан ғылыми тұрғыда негізделген дидактикалық ойындар түрлерін сұрыптап, ой елегінен өткізе отырып, ойындар жүйесін және оларды пайдалану әдістемесін ұстану қажет.
Ойын- баланың жеке басын дамытуда қоғамдық мәні бар іс-әрекеттің мақсат бағдарлы , қажеттілікті қанағаттандыруға негізделген белсенділік формасы деп бір жағынан, екіншіден- баланың танымдық, шығармашылық, жеке басы қасиеттерін, ақыл-ой сапаларын жетілдіретін тәрбие және оқыту құралы ретінде түсіндіріледі.
Балалық шақ ойыннан бөлінбейді. Мәдениетте балалық шақтың мәні көп болған сайын, соғұрлым ойын да қоғам үшін маңызды болады. Балалықты танудың оған әсер етудің және балалық шаққа енудің бірден- бір әдісі ол ойын.
Ойынның бала өмірінде үлкен орын алатын ертеден дәлелденген. Тіпте XVIII ғ. Руссо былай деп жазған: «Баланы жақсы тану және түсіну үшін оны ойын кезінде байқау керек».
Балалармен жұмыс істеу ойындарында ойынмен әсер ету арқылы баланы басқаруға немесе оны өзгертуге көп күш кетпейді. Ойынмен әсер етудің мақсаты баланың өзін-өзі тану мен өзін-өзі басқарудан тұрады.
Балалар ойын үстінде өздерін жеңіл, еркін сезінетіндіктен өздерін көрсете алады. Балалар үшін өз тәжірибелерімен сезімдерден шығару табиғи динамикалық және денсаулық жақсартушы іс-әрекет. Ойын – бұл ақпарат алмастыру құралы және баладан оның сөйлеуін талап ету, яғнт автоматты түрде қарым-қатынастағы барьерді жылжыту.
Ойын әсері психикалық іс-әрекеттің басқа формаларын дамыту үшін де үлкен маңызы бар. Мәселен, қиял тек ойын жағдайларында және соның әсерімен ғана дами бастайды.
Ойын әсері арқылы адам баласының белгілі бір буыны қоғамдық тәжірибені меңгереді.; өзінің психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады. Бала ойында да қоғамдық, ұжымдық сипатта болады.
Жеке бастың даму және қалыптасу процесін туынды дұрыс шешу психикалық процестердің заңдылықтарымен оның ерекшеліктерін білумен байланысты. Бұл салаларда ғалым- педагогтар, психологтар Ж. Аймауытов, Л.С.Выготский, М.Жұмабаев, Қ.Жарықбаев,, С.Макаренко, М.Мұқанов, Ж.Намазбаева, Т.Сабиров, Г. Уманов т.б. арнайы зерттеу еңбектері бар.
Төменгі класс балалары негізінде ойын жасындағы балалар. Бала мектепке келген кезде ойнауын бірден тоқтатпайды.
Енді оқу оның негізгі қызметі болса да, ол әлі де бұрынғыдай ойнағысы келеді. Бірақ жағдай өзгергендіктен оның ойынға бұрынғысындай көңіл бөлуге мұршасы жоқ. Осының нәтижесінде ойын оның өмірінде бірінші орыннан екінші дәрежедегі әрекетке ығыстырылады.
Бала табиғмтынан қимыл- қозғалысқа құмар жан. Ол үнемі секіруді, қарғуды, жүгіруді қалайды. Осыған орай біздің халықта: «Баламен ойнама шаршайсың», «Бала- құлыншақ бал-ұрыншақ», «Ойнай білмеген, ойлай білмейді» - деп тегін айтылмаған.
Бала ойыны алуан түрлі. Ойын арқылы адамгершілік қасиеттерді бойына біртіндеп тәрбиелейді және психикалық қабілеттері дамиды. Бала достықта бірін- бірі түсініп, қимыл-әрекет жасауға, тапқырлыққа, шыдамдылыққа, ептілікке және қиялдауға, ойлауға, табандылыққа дағдыланады.
М.Жұмабаев халықтық педагогтка негізінде бала ойынына мынадай мән берген: «Баланың қиялы, әсіресе ойында жарыққа шығады». Ойын балаға кәдімгідей бір жұмыс. Ойнағанда бала жанындағыны әсерлене пайдаланады.
7-8 жас арасы анатомиялық, физиологиялық даму жағынан қауырт қимыл-әрекеті, қозғалысы, жылдамдықты талап ететін кезең болғандықтан бала организмі үшін ойын қажет деп есептейміз. Сондықтан, бұл жастағы бала қанша ойнаса да шаршамайды. Психологтардың анықтауы бойынша балалардың ойыны олардың өмірге бейімделуі.
Балалардың ойыны мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндердің сюжеттік ойындарынан өзгеше мазмұнды болады. Шәкірттер енді әр алуан қимыл-қозғалыстар арқылы бойындағы күш-қуаты мен іс-қимылын жетілдіретін қызықты ойындармен шұғылданады. Ондай ойын түрлері балалардың сан қилы ситуациялық жағдайларға шапшаң икемделуін дамытып, олардың тапқырлығы мен оралымы болуын талап ететін жарыс түрінде ұйымдастырылады.
Ойын түрлерінің мұндай сипаттарын тәрбиелік мәні де зор, әрі адам денесінің дамып жетілуіне пайдасы мол.
Ойынды педагогикалық процеске енгізе отырып, тәрбиені балаларды ойнауға, А.С.Макаренконың сөзімен айтқанда «Жақсы ойын» жасауға үйретеді. Мұндай ойынға мынадай сапа тән: мазмұнның тәрбиелік – танымдық құндылығы, бейнелейтін түсініктердің толықтығы мен дұрыстығын, ойын іс -әрекеттердің орындылығы, белсенділігі, ұйымшылдығы және творчестволық сипаты, жеке балалардың және барлық ойнаушылардың мүдделерін ескере отырып, ойында ережелерге бағыну және соларды басшылыққа ала білу; ойыншықтар мен ойын материалдарын мақсаткерлікпен пайдалану; балалардың қарым-қатынастарының игі тілектестігі және көңіл-күйлерінің жаттығуы.
Ойынды басқара жүріп, оқытушы баланың жеке басының ерекшелігі не: оның санасына, сезіміне, ерік-жігеріне, мінез-құлқына ықпал жасайды. Ойынды ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық және дене тәрбиесінің мақсаттары үшін пайдаланылады.
Ойын процесінде балалардың білімі неғұрлым айқындалып, тереңдей түседі. Ойында қайсысы бір рөлді орындау үшін бала өзінің түсінігін ойын әрекетіне көшіруге тиіс. Кейде адамдардың еңбегі туралы білімдер мен түсініктер жеткіліксіз болып шығады да, соларды толықтыру қажеттігі шығады. Жаңа білім қажеттігі балалардың сұрақтарымен көрінеді. Ұстаз бұл сұрақтарға жауап қайтарады да, олардың ойын кезегіндегі әңгімелеріне құлақ түреді, ойнаушылардың өзара түсінісуіне, келісуіне көмектеседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет