Таңғы ас
|
Таңғы ас алдында гигиеналық шараларды орындау.
Ас ішер алдында
Ас ішерде күнде біз,
Сөйлемейміз, күлмейміз
Астан басқа өзгені
Елемейміз, білмейміз.
|
Мәдени-гигиеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету.
Ұлттық құндылық
«Таңғы асты тастама»
Мақсаты: балаларға таңғы астың маңыздылығы жайлы айту, тамақты тауысып жеуге үйрету.
|
Жуынатын бөлмедегі тәртіп пен тазалық
Танымдық әрекет.
«Кім не жейді?» ойыны.
Мақсаты: балалардың жануарлар туралы білімдерін толықтыру.
|
Кезекшілердің еңбек әрекеті (ас ішу құралдарын, майлықтарды үстелге қою)
Көркем сөз. «Тату үйдің тамағы тәтті»
Мақсаты:балаларға тамақтану әдебі жайында түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
|
Гигиеналық шаралар (қолды дұрыс жуу, өз орамалының орнын білу, қолды дұрыс сүрту және орамалды орнына ілу.
Қоршаған ортамен танысу
Қимылды жаттығу:
Сылдырлайды мөлдір су,
Мөлдір суға қолыңды жу.
Жуынсаң сен әрдайым,
Таза бетің, маңдайың.
|