Тақырыбы:Дене аяқ, табан бұлшықеттерін дамыту.
Мақсаты: Балаларды барлық топпен жүруге, жүгіруге әрі қарай жалғастыру. Ұзындығы 2,5-2 м, ені 25 см (2 жаста), 20 см (3 жаста) тақтай бойымен жүру, жіптен немесе таяқтан аттап өту жаттығуларын үйрету. Дене аяқ, табан бұлшықеттерін дамыту.
ЖДЖ: Бұрылу (оңға-солға), қолды кеуде тұсында айқастыру және екі жағына жазу, қолды шапалақтау; қолды алға, жоғары, жан-жаққа көтеру, оларды бүгіп, жазу, саусақтарын ашып жұму.
Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулары:
1. Ұзындығы 2,5-2 м, ені 25 см (2 жаста), 20 см (3 жаста) тақтай бойымен жүру, жіптен немесе таяқтан аттап өту.
Ойын: «Ненің жүрісі?» ойынын ойнау.
Қорытынды: Балаларды жалпы мадақтау. Тыныс алу жаттығуын жасау.
|
Тақырыбы:Шеңбер бойымен жүру.
Мақсаты: Балаларды жылдам қозғалуға, сылдырмақ үнін тыңдай отырып баяу және жылдам жүгіруге жаттықтыру. Қол, аяқ бұлшықеттерін дамыту. Бағытты өзгерте отырып жүру, жүруден жүгіруге ауысу, музыкаға сәйкес қимыл жасауға дағдыландыру. Ептілік, икемділік қасиеттерін дамыту.
ЖДЖ: Бұрылу (оңға-солға), қолды кеуде тұсында айқастыру және екі жағына жазу, қолды шапалақтау; қолды алға, жоғары, жан-жаққа көтеру, оларды бүгіп, жазу, саусақтарын ашып жұму.
|