Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулары: 1. Еденде 10-20 см қашықта (2 арқаннан тұратын жолақ арқылы) жатқан арқаннан секіру.
Ойын: «Кім жақсы еңбектейді» ойынын ойнау.
Қорытынды:«Өз орныңды тап!»
Тақырыбы:Шеңбермен жүру. Мақсаты: Балаларды шеңбер құру және шеңбер бойы жүру және жүгіруге жаттықтыру. Гимнастикалық орындықтың үстімен жүру дағдыларын қалыптастыру. Жаттығулар орындау кезінде дұрыс тыныс ала білуге дағдыландыру.
ЖДЖ: Бұрылу (оңға-солға), қолды кеуде тұсында айқастыру және екі жағына жазу, қолды шапалақтау; қолды алға, жоғары, жан-жаққа көтеру, оларды бүгіп, жазу, саусақтарын ашып жұму.
Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулары: 1.Гимнастикалық орындықтың үстімен жүру.
2. Шеңбер құру және шеңбер бойы жүру және жүгіруді қайталап бекіту.
Ойын: «Допты қуып жет» ойынын ойнау
Қортынды:«Допты үрлеу»тыныс алу жаттығуларын жасау.
Тақырыбы:Шеңбермен жүру. Мақсаты: Педагогтің артынан жүру, жұптасып жүру, шеңбер бойымен қол ұстасып жүру, қарқынды өзгерте отырып жүру, бағытты өзгерте отырып жүру, жүруден жүгіруге ауысу, музыкаға сәйкес қимыл жасауға дағдыландыру. Доптарды бір-біріне домалатуды үйрету.
ЖДЖ: Бұрылу (оңға-солға), қолды кеуде тұсында айқастыру және екі жағына жазу, қолды шапалақтау; қолды алға, жоғары, жан-жаққа көтеру, оларды бүгіп, жазу, саусақтарын ашып жұму.
Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулары: 1. Доптарды бір-біріне домалату.
2. Еденде жатқан арқаннан секіруді қайталау.
Ойын: «Мысық пен тышқандар» ойынын ойнау.
Қорытынды: «Бокс» тыныс алу жаттығуын жасау.