Балаларды қОРҒау және баланы шетелдік асырап алуғА Қатысты ынтымақтастық туралы конвенция



Дата05.07.2016
өлшемі235.77 Kb.

БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ БАЛАНЫ ШЕТЕЛДІК АСЫРАП АЛУҒА ҚАТЫСТЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ КОНВЕНЦИЯ

Осы Конвенцияға қол қойған мемлекеттер, баланың өзі немесе жеке басының толыққанды әрі үйлесімді дамуы үшін оның отбасы ортасында бақыт, сүйіспеншілік пен түсіністік ахуалында өсуі қажет екенін тани отырып, әрбір мемлекет басым міндет ретінде баланың өз отбасында тәрбиеленуін қамтамасыз ету үшін тиісті шаралар қабылдауға тиіс екенін еске сала отырып, егер шыққан елінде оған лайықты отбасын табу мүмкін болмаса, баланы шетелдік асырап алу балаға тұрақты отбасы болуымен байланысты артықшылық беретінін тани отырып, шетелдік бала асырап алудың баланың неғұрлым жоғары мүдделерін ескере отырып, әрі оның негізгі құқықтарын құрметтей отырып жүзеге асырылуын қамтамасыз ету үшін және балаларды ұрлауды, сатуды немесе саудаға салуды болғызбау үшін шаралар қабылдау қажеттігіне кәміл көз жеткізе отырып, осы мақсат үшін жалпы ережелерді қабылдауға ниеттене отырып, халықаралық құжаттарда, атап айтқанда, 1989 жылғы 20 қарашадағы Бала құқықтары туралы БҰҰ конвенциясында, БҰҰ–ның Балаларды қорғау және олардың әл-ауқатына қатысты әлеуметтік және құқықтық принциптер туралы декларациясында және әсіресе, ұлттық және халықаралық деңгейде баланы тәрбиеге беру және оны асырап алу туралы БҰҰ Бас Ассамблеясының 1986 жылғы 3 желтоқсандағы 41/85 қарарында айтылған принциптерді назарға ала отырып, төмендегілер туралы келісті:



І тарау. КОНВЕНЦИЯНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ АЯСЫ

1-бап

Осы Конвенцияның мақсаттары:

а) баланы шетелдік асырап алу баланың неғұрлым жоғары мүдделерінде және халықаралық құқықпен танылған оның негізгі құқықтары сақтала отырып жүзеге асыру үшін кепілдіктер жасау;

b) осындай кепілдіктердің пәрменділігін қамтамасыз ету және осы арқылы баланы ұрлауды, сатуды немесе саудаға салуды болғызбау үшін Уағдаласушы мемлекеттер арасында ынтымақтастық жүйесін құру;

с) Конвенцияға сәйкес Уағдаласушы мемлекеттерде бала асырап алудың танылуын қамтамасыз ету болып табылады.

2-бап

1. Конвенция Уағдаласушы мемлекеттің («шыққан мемлекеті») бірінде тұрақты тұрып жатқан бала басқа Уағдаласушы мемлекетке («қабылдаушы мемлекет») көшіп кетсе, көшіп жатса немесе көшуге тиіс болса не шыққан мемлекетінде оны әдетте қабылдаушы мемлекетте тұратын ерлі-зайыптылар немесе адам асырап алғаннан кейін не қабылдаушы мемлекеттегі немесе шыққан мемлекетіндегі осындай асырап алу мақсатында қолданылады.

2. Конвенция тек қана ата-ана мен бала арасында тұрақты байланыс орнатылатын бала асырап алуға қолданылады.
3-бап

Егер 17-баптың «с» тармақшасында аталған келісім бала он сегіз жасқа толғанға дейін берілмесе, Конвенция қолданылмайтын болады.



ІІ тарау. БАЛАНЫ ШЕТЕЛДІК АСЫРАП АЛУ ҮШІН

ТАЛАПТАР

4-бап

Егер шыққан мемлекетіндегі құзыретті билік орындары:

а) баланы асырап алуға болатынын анықтаған;

b) шыққан мемлекетінде баланы орналастыру мүмкіндіктері тиісінше қаралғаннан кейін баланы шетелдік асырап алу баланың ең жоғары мүдделеріне сай келетінін анықтаған;

с) яғни:

1) бала асырап алу үшін келісімдері қажет тұлғалар, мекемелер мен билік орындары олардың келісімінің салдары туралы, атап айтқанда, бала асырап алу бала мен ол шыққан отбасы арасындағы құқықтық байланыстың тоқтатылуына әкеп соғатынына немесе әкеп соқпайтынына қатысты тиісті түрде консультация алғанына және хабардар етілгеніне,

2) осындай тұлғалар, мекемелер мен билік орындары өз келісімін ерікті түрде қажет етілген заңдық нысанда жазбаша түрде білдіргеніне немесе куәландырғанына,

3) келісім сыйақы немесе қандай да бір түрдегі өтемақы үшін берілгеніне және кері қайтып алынбағанына, және

4) қажет болғанда, бала туғаннан кейін анасының келісімі берілгеніне көзі жеткен болса; және

d) баланың жас мөлшері мен естиярлығын ескере отырып:

1) егер мұндай келісім талап етілсе, баламен кеңесілгеніне және оны асырап алу салдары туралы және асырап алуға оның келісімі қажеттігі туралы хабардар етілгеніне,

2) баланың тілегі мен пікірі назарға алынғанына,

3) егер мұндай келісім талап етілсе, баланың асырап алуға келісімі жазбаша түрде білдірілген немесе куәландырылған тиісті заңдық нысанда ерікті түрде алынғанына, және

4) мұндай келісім сыйақы немесе қандай да бір түрдегі өтемақы үшін берілмегеніне көз жеткізген жағдайларда Конвенцияның мәні бойынша бала асырап алуға жол беріледі.



5-бап

Егер қабылдаушы мемлекеттің құзыретті билік орындары:

а) болжамды қабылдаушы ата-ананың бала асырап алуға құқығы бар және лайықты екенін анықтаған;

b) болжамды қабылдаушы ата-ананың қажетті түрде консультация алуын қамтамасыз еткен; және

с) балаға осы мемлекетке кіруге және онда тұрақты тұруға рұқсат етілетінін немесе рұқсат етуге болатынын анықтаған жағдайларда Конвенцияның мәні бойынша бала асырап алуға жол беріледі.

ІІІ тарау. ОРТАЛЫҚ ОРГАНДАР ЖӘНЕ УӘКІЛЕТТІ ҰЙЫМДАР

6-бап

1. Уағдаласушы мемлекет Конвенцияға сай осындай органдарға жүктелген міндеттерді орындау үшін орталық органды тағайындайды.

2. Федералдық мемлекеттер, біреуден артық құқық жүйесі бар мемлекеттер немесе автономиялық аумақтық бірліктері бар мемлекеттер біреуден көп орталық органды тағайындай алады және олардың аумақтарын немесе функцияларының жеке көлемін нақтылай алады. Мемлекет біреуден көп орталық органды тағайындаған жерде ол осы мемлекет шегінде тиісті орталық органға беру үшін оған кез келген хабарлама жолдануы мүмкін орталық органды көрсетеді.

7-бап

1. Орталық органдар балаларды қорғау саласында және Конвенцияның басқа да мақсаттарына қол жеткізу үшін бір-бірімен ынтымақтастық жасайды және өз мемлекеттеріндегі құзыретті билік орындары арасындағы ынтымақтастықты дамытады.

2. Олар:

а) өз мемлекеттерінің бала асырап алуға қатысы бар заңдарына қатысты ақпаратты және статистика мен стандартты нысандар сияқты басқа да жалпы ақпаратты ұсынуға;

b) бір-бірін Конвенцияның қолданылуы туралы хабардар етуге және мүмкіндігіне қарай оны қолдану үшін барлық кедергілерді жоюға тікелей барлық тиісті шараларды қабылдайды.

8-бап

Орталық органдар өздері тікелей немесе мемлекеттік билік орындары арқылы бала асырап алуға байланысты негізсіз қаржылық немесе басқа да пайда табуды болғызбау және Конвенция мақсаттарына қайшы келетін кез келген практиканы болғызбау үшін барлық тиісті шараларды қабылдайды.



9-бап

Орталық органдар тікелей өздері немесе мемлекеттік билік орындары немесе өз мемлекетінде тиісті түрде уәкілеттік берілген басқа да ұйымдар арқылы, атап айтқанда:

а) бала асырап алу актілерін жасауға қажетті, баланың жағдайы және болжамды қабылдаушы ата-аналар туралы ақпаратты жинау, сақтау және сол сияқты оны алмасу;

b) бала асырап алу рәсімін жеңілдету, сақтау және жеделдету;

с) өз мемлекеттерінде бала асырап алуды жүзеге асырғаннан кейін бала асырап алу және қызметтер мәселелері бойынша консультациялар алуды дамытуға жәрдемдесу;

d) баланы шетелдік асырап алу тәжірибесі туралы жалпы бағалау баяндамаларымен бір-бірін қамтамасыз ету;

e) басқа да орталық немесе мемлекеттік билік орындарының бала асырап алу аясындағы нақты жағдай туралы ақпарат беру туралы негізделген өтініштеріне олардың мемлекеттерінің заңында қаншалықты рұқсат етілгеніне қарай жауап беру үшін барлық тиісті шараларды қабылдайды.

10-бап

Өздеріне қойылған міндеттерді білікті және тиісті түрде орындай алатын ұйымдарға уәкілеттіктер берілуі мүмкін.



11-бап

Уәкілетті ұйым:

а) пайда алумен байланысты емес мақсаттарды, оған уәкілеттік берген мемлекеттің құзыретті билік орындары белгілеген осындай шарттар мен осындай шектерде орындайды;

b) баланы шетелдік асырап алу саласындағы жұмысқа арналған этикалық стандарттарға, оқыту мен тәжірибе жинақтауға сәйкес даярланған персоналды басқарады және жинақтайды; және

с) осы мемлекеттің құзыретті билік орындары тарапынан өз құрамына, қызметі мен қаржы жағдайына қатысты бақылауға жатады.

12-бап

Егер екі мемлекеттің құзыретті билік орындары осыған уәкілеттік берсе ғана, бір Уағдаласушы мемлекетте уәкілеттік берілген ұйым өз функцияларын басқа Уағдаласушы мемлекетте орындай алады.



13-бап

Әрбір Уағдаласушы мемлекет орталық билік орындарының атауларын және бұл қажет болған кезде, олардың функцияларының көлемін, сондай-ақ уәкілетті билік орындарының атаулары мен мекен-жайларын Халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясының Тұрақты бюросына хабарлайды.



ІV тарау. БАЛАНЫ ШЕТЕЛДІК АСЫРАП АЛУ КЕЗІНДЕГІ РӘСІМДІК ТАЛАПТАР

14-бап

сқа Уағдаласушы мемлекетте тұрақты тұратын баланы асырап алуға тілек білдірген, Уағдаласушы мемлекетте тұрақты тұратын адамдар өздері тұрақты тұратын мемлекеттің орталық билік орнына жүгінеді.



15-бап

1. Егер қабылдаушы мемлекеттің орталық органы өтініш берушілер бала асырап алуға құқылы және лайықты деп кәміл сенім білдірсе, олардың жеке басы, құқықтары мен бала асырап алуды жүзеге асырудың жарамдылығы, өмірбаяндық деректері, медициналық карта мен отбасының тарихы, әлеуметтік ортасы, бала асырап алу себептері, баланы шетелдік асырап алуға қабілеттілігі, сондай-ақ өздері қамқорлық жасауға тиіс балалардың мінездемесі қамтылған баяндама дайындайды.

2. Ол баяндаманы шыққан мемлекетінің орталық органына ұсынады.

16-бап

1. Егер шыққан мемлекетінің орталық орыны баланы асырап алуға болатынына кәміл сенімді болса, онда ол:

а) баланың отбасын, кез келген айрықша талаптарын қоса алғанда, оның жеке басы, баланың асырап алыну мүмкіндігі, өмірбаяндық деректері, әлеуметтік ортасы, отбасының тарихы, медициналық картасы туралы ақпарат кіретін баяндама дайындайды;

b) баланың тәрбиесі мен оның этникалық, діни және мәдени байланыстары мен ортасын тиісті түрде ескереді;

с) келісімі 4-бапқа сәйкес алынуын қамтамасыз етеді; және

d) атап айтқанда, бала мен бала асырап алуды жүзеге асырушы болжамды ата-анаға қатысты баяндамалар негізінде баланың берілуі баланың жоғары мүдделеріне қаншалықты сай келетінін анықтайды.

2. Ол бала туралы өз баяндамасын, қажетті келісім алынғанының дәлелдерін және егер шыққан елінде олар ашылмауға тиіс болса, анасы мен әкесінің жеке басының құпиясын ашып көрсетпестен орын ауыстыру ниетінің себептерін қабылдаушы мемлекеттің орталық органына тапсырады.

17-бап

Егер:


а) осы мемлекеттің орталық органы болжамды қабылдаушы ата-ананың келісімін қамтамасыз еткен;

b) осындай мақұлдау осы мемлекеттің заңы немесе шыққан мемлекеті орталық органының шешімімен талап етілсе, қабылдаушы мемлекеттің орталық органы осындай шешімді мақұлдаған;

с) екі мемлекеттің орталық органдары бала асырап алуға болатынына келісім берген; және

d) қабылдаушы мемлекет 5-бапқа сәйкес болжамды қабылдаушы ата-ананың бала асырап алуға құқығы бар және лайықты және қабылдаушы мемлекетке баланың келуіне және онда тұрақты тұруына рұқсат етіледі немесе рұқсат етілетін болады деп айқындаған жағдайларда, шыққан мемлекетінде болжамды қабылдаушы ата-анаға сеніп тапсырылуға тиістілігі туралы кез келген шешім қабылдануы мүмкін.



18-бап

Екі мемлекеттің орталық органдары балаға шыққан мемлекетінен кету және қабылдаушы мемлекетке келу және тұрақты тұру үшін рұқсат алуға қажетті барлық қадамдарды жасайды.



19-бап

1. 17-баптың талаптары толық орындалса ғана, баланы қабылдаушы мемлекетке беру жүзеге асырылуы мүмкін.

2. Екі мемлекеттің орталық органдары осындай беру қауіпсіз және тиісті жағдайда және егер мүмкін болса, қабылдаушы немесе болжамды қабылдаушы ата-анасының бірге жүруімен жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.

3. Егер бала берілмеген болса, онда 15 және 16-баптарда айтылған баяндамалар осы баяндамаларды дайындаған органдарға кері қайтарылуға тиіс.



20-бап

Орталық органдар бірін-бірі бала асырап алу процесі мен оны аяқтау үшін қабылданған шешімдер туралы, сондай-ақ егер сынау мерзімі талап етілсе, орналастыру процесінің барысы туралы хабардар етеді.



21-бап

1. Қабылдаушы мемлекетке бала берілгеннен кейін бала асырап алынған және осы мемлекеттің орталық органы баланың болжамды ата-анада болуы оның неғұрлым жоғары мүдделеріне сай емес екенін анықтаған жерде, осындай орталық орган баланы қорғау үшін қажетті шаралар қабылдайды, атап айтқанда:

а) баланы қабылдап алмақшы ата-анадан қайтарып алады және балаға уақытша қорғаншылықты ұйымдастырады;

b) шыққан мемлекетінің орталық органымен консультациялар бойынша баланы асырап алу мақсатында оны жаңадан орналастыруды кідіртпей ұйымдастырады немесе бұл қолайсыз болса, баламалы ұзақ мерзімді қорғаншылықты ұйымдастырады; шыққан мемлекетінің орталық органы жаңа қабылдап алмақшы ата-ана туралы тиісті түрде хабардар етілмейінше бала асырап алуға жол берілмейді;

с) егер баланың мүдделері талап етсе, соңғы амал ретінде оны қайтаруды ұйымдастырады.

2. Баланың жасы мен естиярлығына қарай онымен консультация жасалады және, бұл қажет болса, осы бапқа сәйкес қабылданатын шараларға қатысты оның келісімі алынады.



22-бап

1. Осы тарауға сәйкес орталық органның функцияларын мемлекеттік билік орындары немесе уәкілетті ұйымдар ІІІ тарауға сәйкес оның мемлекетінің заңдары бойынша рұқсат етілетін көлемде жүзеге асыруы мүмкін.

2. Кез келген Уағдаласушы мемлекет Конвенцияның депозитарийіне 15-21-баптар бойынша орталық органның функцияларын осы мемлекетте, заңда белгіленген көлемде және осы мемлекеттің құзыретті билік орындарының бақылауын, сондай-ақ:

а) осы мемлекет алдында адалдық, кәсіби біліктілік, тәжірибелілік және есептілік талаптарына сай келетін; және

b) баланы шетелдік асырап алу үшін этикалық қасиеттері, білімі немесе жұмыс тәжірибесі бар ұйымдар немесе тұлғалар орындай алады деп мәлімдеуі мүмкін.

3. 2-тармақта көзделген мәлімдемені жасайтын Уағдаласушы мемлекет осы ұйымдар мен тұлғалардың атаулары және мекенжайлары туралы Халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясының Тұрақты бюросына хабарлайды.

4. Кез келген Уағдаласушы мемлекет Конвенцияның депозитарийіне, егер тек орталық органдардың функциялары 1-тармаққа сәйкес орындалған жағдайда ғана оның аумағында тұрақты тұрып жатқан баланы асырап алуға болады деп мәлімдей алады.

5. 2-тармаққа сәйкес жасалған кез келген мәлімдемеге қарамастан, кез келген жағдайда 15 және 16-баптарда көзделген баяндамалар 1-тармаққа сәйкес орталық органның немесе басқа да билік орындарының немесе ұйымдардың басшылығымен дайындалады.



V тарау. БАЛА АСЫРАП АЛУДЫ ТАНУ ЖӘНЕ ОНЫҢ

САЛДАРЫ

23-бап

1. Конвенцияға сәйкес бала асырап алу жүргізілетін мемлекеттің құзыретті билік орны ресімдеген бала асырап алу басқа да Уағдаласушы мемлекеттердің заңымен танылады. Куәландырылған куәлікте 17-баптың «с» тармақшасы бойынша келісімнің қашан берілгені және оны кім бергені нақтыланады.

2. Әрбір Уағдаласушы мемлекет оған қол қою, ратификациялау, қабылдау, мақұлдау немесе қосылу кезінде Конвенцияның депозитарийін осы мемлекетте куәлік беруге құқылы органның немесе билік орындарының атаулары мен функциялары туралы хабардар етеді. Сондай-ақ ол депозитарийді осы органдардың атауындағы кез келген өзгерістер туралы хабардар етеді.

24-бап

Егер баланың неғұрлым жоғары мүдделерін назарға ала отырып, бала асырап алу тек оның мемлекеттік саясатына анық қайшы келген жағдайда ғана Уағдаласушы мемлекет бала асырап алуды танудан бас тартуы мүмкін.



25-бап

Кез келген Уағдаласушы мемлекет Конвенцияның депозитарийіне 39-баптың 2-тармағы негізінде жасалған келісімге сәйкес жүзеге асырылған бала асырап алуды тану тұрғысында өзін осы Конвенцияның ережелеріне байланысты болмайды деп мәлімдей алады.



26-бап

1. Бала асырап алуды тануға:

а) бала мен оны қабылдаушы ата-ана арасындағы өзара құқықтық қатынастар;

b) қабылдаушы ата-ананың бала үшін жауапкершілігі;

c) егер Уағдаласушы мемлекетте орын алған бала асырап алудың осындай салдары болса, бала мен оның анасы және әкесі арасындағы бұрынғы құқықтық қатынастардың тоқтатылуын тану кіреді.

2. Егер бала асырап алу оның ата-анасы мен бала арасында бұрын орын алған құқықтық қатынастардың тоқтатылуына әкеп соқтыратын жағдайда қабылдаушы мемлекетте және бала асырап алу танылатын кез келген Уағдаласушы мемлекетте бала осындай әрбір мемлекетте мұндай салдар орын алатын бала асырап алудан туындайтын осындай құқықтарға ие болады.

3. Алдыңғы тармақтар бала асырап алуды танитын Уағдаласушы мемлекетте қолданылатын бала үшін барынша қолайлы кез келген ереженің қолданылуына кедергі жасамайды.

27-бап

1. Шыққан мемлекетінде рұқсат етілген бала асырап алудың оның ата-анасы мен бала арасында бұрын орын алған құқықтық қатынастарды тоқтататын салдары болмайтын жерде ол Конвенцияға сәйкес бала асырап алуды танитын қабылдаушы мемлекетте, мынадай жағдайларда:

а) егер қабылдаушы мемлекеттің заңы осыған рұқсат етсе; және

b) егер 4-баптың «с» және «d» тармақшаларында аталған келісім осындай бала асырап алу мақсаттары үшін алынса немесе алынатын болса, осындай салдары болатын бала асырап алуға айналуы мүмкін.

2. 23-бап бала асырап алудың салдарын өзгерту туралы шешімге қатысты қолданылады.

VІ тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР


28-бап

Конвенция осы мемлекеттің шегінде тұрақты тұратын баланы асырап алу осы мемлекетте жүргізілсін деп талап қоятын немесе бала асырап алуға дейін оны қабылдаушы мемлекетке орналастыруға немесе беруге тыйым салатын шыққан мемлекетінің кез келген заңын қозғамайды.



29-бап

Егер бала асырап алу отбасы шегінде жүрмесе немесе егер осындай байланыс шыққан мемлекетінің құзыретті органы белгілеген шарттарға сай келсе, 4-баптың «а» - «с» тармақшаларының, 5-баптың «а» тармақшасының талаптары орындалмайынша, қабылдап алмақшы ата-ана мен баланың ата-анасы немесе балаға қамқорлық жасайтын кез келген басқа да адам арасында байланыстар болмауға тиіс.



30-бап

1. Уағдаласушы мемлекеттің құзыретті билік орындары баланың шығу тегіне қатысты өздерінде бар ақпараттың, атап айтқанда, оның ата-анасына қатысты ақпараттың, сондай-ақ медициналық картасының жария болмауын қамтамасыз етеді.

2. Олар баланың немесе оның өкілдерінің осындай ақпаратқа тиісті басшылық арқылы осындай мемлекеттің заңында қаншалықты рұқсат етілуіне қарай қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

31-бап

30-бапқа нұқсан келтірместен, Конвенция бойынша жиналған немесе берілген жеке сипаттағы мәліметтер, әсіресе 15 және 16-баптарда көрсетілген мәліметтер тек олардың жиналған немесе берілген мақсатында пайдаланылады.



32-бап

1. Ешкім баланы шетелдік асырап алуға қатысты қызметтен орынсыз қаржылық немесе басқа да пайда алмауға тиіс.

2. Бала асырап алу процесіне тартылған тұлғаларға қонымды кәсіби қаламақыларды қоса алғанда, тек шығыстар мен шығындар белгіленуі немесе төленуі мүмкін.

3. Бала асырап алу процесіне тартылған органдардың басшылары, әкімшілері мен қызметшілері көрсетілген қызметтер құнынан негізсіз жоғары сыйақы алмайтын болады.



33-бап

Конвенцияның қандай да бір ережесінің сақталмауын немесе оның сақталмау қаупі орын алғанын анықтаған құзыретті орган дереу өз мемлекетінің орталық органын хабардар етеді. Бұл орталық орган тиісті шаралар қабылдануын қамтамасыз етуге жауапты болып табылады.



34-бап

Егер құжатты алатын мемлекеттің құзыретті органы талап етсе, онда оған құжаттың түпнұсқаға сәйкес келетін, куәландырылған аудармасы ұсынылуға тиіс. Егер өзгеше көзделмесе, осындай аударма үшін шығыстар қабылдап алмақшы ата-анаға жүктеледі.



35-бап

Уағдаласушы мемлекеттердің құзыретті органдары бала асырап алу процесін жылдам жүргізуге тиіс.



36-бап

Әртүрлі аумақтық бірліктерде қолданылатын, бала асырап алуға қатысты екі немесе одан да көп құқық жүйесі бар мемлекетке қатысты:

а) осы мемлекеттегі тұрақты тұру орнына кез келген сілтеме жасау осы мемлекеттің аумақтық бірлігіндегі тұрақты тұру орнына қатысты деп түсіндіріледі;

b) осы мемлекеттің заңына кез келген сілтеме жасау тиісті аумақтық бірліктің қолданыстағы заңына қатысты деп түсіндіріледі;

с) осы мемлекеттің құзыретті билік орындарына немесе мемлекеттік билік орындарына кез келген сілтеме жасау тиісті аумақтық бірлікте іс-әрекет жасауға уәкілетті тек осындай билік орындарына қатысты түсіндіріледі;

d) осы мемлекеттің уәкілетті ұйымдарына кез келген сілтеме жасау тиісті аумақтық бірліктегі уәкілетті ұйымдарға қатысты түсіндіріледі.



37-бап

Бала асырап алуға әртүрлі санаттағы тұлғалардың қатынастарын реттеуде екі немесе одан да көп құқық жүйесі бар мемлекетке қатысты осы мемлекеттің құқығына кез келген сілтеме жасау осы мемлекеттің заңында көрсетілген құқық жүйесіне қатысты деп түсіндіріледі.



38-бап

Егер бірыңғай құқық жүйесі бар мемлекет осыны істеуге міндетті болмаса, бала асырап алуға қатысты өз шегінде әр аумақтық бірліктердің өзіндік құқықтық нормалары бар мемлекет Конвенцияның ережелерін қолдануға міндетті емес.



39-бап

1. Егер осындай құжатқа қатысушы мемлекеттер басқаша мәлімдеме жасамаса, Конвенция Уағдаласушы мемлекеттер қатысушысы болып табылатын және Конвенция реттейтін мәселелер бойынша ережелері бар қандай да бір халықаралық құжаттарды қозғамайды.

2. Өзара қатынастарында Конвенцияны барынша қолайлы қолдану мақсатында кез келген Уағдаласушы мемлекет бір немесе одан да көп Уағдаласушы мемлекеттермен келісім жасаса алады. Бұл келісімдер тек 14-16 және 18-21-баптардың ережелерінен ауытқуы мүмкін. Мұндай келісім жасасқан мемлекеттер оның көшірмесін Конвенцияның депозитарийіне береді.

40-бап

Конвенцияға ешқандай ескертпелер жасауға жол берілмейді.



41-бап

Қабылдаушы мемлекетте және шыққан мемлекетінде Конвенцияның күшіне енгенінен кейін 14-бапта көзделген мәлімдеме алынған әрбір жағдайда Конвенция қолданылады.



42-бап

Халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясының Бас хатшысы Конвенцияның практикада қолданылуын қарау үшін Арнайы комиссияны тұрақты түрде шақырады.



VІІ тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

43-бап

1. Конвенция он жетінші сессия уақытында Халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясының мүшелері болған мемлекеттердің және осы сессияға қатысқан басқа да мемлекеттердің қол қоюы үшін ашық.

2. Ол ратификациялануға, қабылдануға немесе мақұлдануға тиіс және ратификациялау, қабылдау немесе мақұлдау туралы құжаттар Конвенцияның депозитарийі болып табылатын Нидерланды Корольдігінің Сыртқы істер министрлігіне сақтауға тапсырылуға тиіс.

44-бап

1. Конвенцияның 46-бабының 1-тармағына сәйкес күшіне енгеннен кейін кез келген басқа мемлекет оған қосыла алады.

2. Қосылу туралы құжаттар депозитарийге сақтауға тапсырылады.

3. Мұндай қосылу тек қосылушы мемлекет және 48-баптың «b» тармақшасында аталған хабарлама алынғаннан кейін алты ай ішінде оның қосылуына қарсылық білдірмеген Уағдаласушы мемлекеттер арасында күшінде болады. Қосылғаннан кейін Конвенцияны ратификациялау, қабылдау немесе мақұлдау кезінде де мемлекеттер осындай қарсылықты ұсына алады. Депозитарий осындай кез келген қарсылық туралы хабардар етілуге тиіс.



45-бап

1. Егер мемлекетте Конвенцияда қаралатын мәселелерге қатысты әртүрлі құқық жүйелері қолданылатын бір немесе одан да көп аумақтық бірлік болса, онда ол қол қою, ратификациялау, қабылдау, мақұлдау немесе оған қосылу кезінде осы Конвенция оның бүкіл аумақтық бірліктерінде немесе біреуінде немесе бірнешеуінде қолданылады деп мәлімдей алады және кез келген уақытта басқа мәлімдеме беріп, осы мәлімдемені өзгерте алады.

2. Кез келген осындай мәлімдеме депозитарийді хабардар етуге тиіс және онда Конвенция қолданылатын аумақтық бірліктер дәл көрсетілуге тиіс.

3. Егер мемлекет осы бапқа сәйкес мәлімдеме жасамаса, онда Конвенция мұндай мемлекеттің бүкіл аумақтық бірліктеріне қолданылады.



46-бап

1. 43-бапта көрсетілген ратификациялау, қабылдау немесе мақұлдау туралы үшінші құжат сақтауға тапсырылған соң үш ай өткеннен кейінгі айдың бірінші күні Конвенция күшіне енеді.

2. Кейін Конвенция:

а) оны ратификациялайтын, қабылдайтын немесе мақұлдайтын немесе оған қосылатын әрбір мемлекет үшін ратификациялау, қабылдау немесе мақұлдау немесе қосылу туралы оның құжаты сақтауға тапсырылған соң үш ай өткеннен кейінгі айдың бірінші күні;

b) 45-бапқа сәйкес Конвенция қолданылатын аумақтық бірлік үшін осы бапта көрсетілген хабарлама жасалғаннан кейін үш ай өткеннен кейінгі айдың бірінші күні күшіне енеді.

47-бап

1.Конвенцияға қатысушы кез келген мемлекет депозитарийге жазбаша нысанда хабарлама жіберу жолымен оның күшін жоя алады.

2. Күшін жою депозитарий хабарламаны алған соң он екі ай өткеннен кейінгі айдың бірінші күні күшіне енеді. Хабарламада күшін жоюдың күшіне енуі үшін одан да ұзақ кезеңі көрсетілген кезде, депозитарий хабарламаны алған соң мұндай күшін жоюдың одан да ұзақ кезеңі өткеннен кейін күшін жою енгізіледі.

48-бап

Депозитарий Халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясына мүше-мемлекеттерді, оның он жетінші сессиясына қатысқан басқа да мемлекеттерді және 44-бапқа сәйкес қосылған мемлекеттерді:

а) 43-бапта аталған қол қою, ратификациялау, қабылдау және мақұлдау туралы;

b) 44-бапта аталған қосылуға байланысты қосылулар және қарсылықтар туралы;

c) 46-бапқа сәйкес Конвенцияның күшіне ену күні туралы;

d) 22, 23, 25 және 45-баптарда аталған мәлімдемелер мен тағайындаулар туралы;

e) 39-бапта аталған келісімдер туралы;

f) 47-бапта аталған күшін жоюлар туралы хабардар етеді.

Осыны куәландыру үшін тиісті түрде уәкілеттік беріліп, төменде қол қойғандар осы Конвенцияға қол қойды.

1993 жылғы 29 мамырда Гаагада ағылшын және француз тілдерінде бір данада жасалды, бұл ретте екі мәтін де теңтүпнұсқалы болып табылады, ол Нидерланды Корольдігі Үкіметінің мұрағатына сақтауға тапсырылады. Оның куәландырылған көшірмелері дипломатиялық арналар арқылы әрбір мүше мемлекетке Халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясының он жетінші сессиясы өткізілген күнге және осы сессияға қатысқан әрбір басқа да мемлекетке жіберіледі.

Албания Республикасы үшін

(қолы) Энджил БЕГАЛЛА

12-09-00
Германия Федеративтік Республикасы үшін

(қолы) Е.ФОН ПУТТКАМЕР

7-11-97

Америка Құрама Штаттары үшін


(қолы) К.ТЕРРИ ДОРНБУШ

3-31-94


Аргентина Республикасы үшін

Австралия үшін

(қолы) Е.Ф.ДЕЛОФСКИ – ратификациялауға жатады

25-8-98


Австрия Республикасы үшін

(қолы) АЛЕКСАНДР КРИСТИАНИ

18-12-98

Беларусь Республикасы үшін

(қолы) В.ЛАБУНОВ

10-12-97


Бельгия Корольдігі үшін

27.01.99


(қолы) ДЖОАН СВИННЕН, Бельгия Елшісі

Бұл қойылған қол Француз қoғамдастығын және Герман тілді

қоғамдастықты тең түрде міндеттейді

(қолы) ДЖОЕЗ АЕЛВОЕТ, Фламанд қоғамдастығының атташесі

Бенин Республикасы үшін

Боливия Республикасы үшін


(қолы) Кармина МАНРИК ДЕ САМАРЛИНИ

10-11-2000

Бразилия Республикасы үшін

(қолы) АЛЬФОНСО АРИНОС ДЕ МЕЛЛО-ФРАНКО

Болгария Республикасы үшін

КАМЕН ВЕЛИЧКОВ


Ратификациялауға жатады

2001 жылғы 27 ақпан

Буркина Фасо үшін

(қолы) САЛИФО РИГОБЕРТ КОНГО

1994 жылғы 19 сәуір

Канада үшін

(қолы) МАЙКЛ Р.БЕЛ

1994 жылғы 12 сәуір

Чили Республикасы үшін

(қолы) ЛЬЮИС Г.ПАСКАЛЬ

13.7.99

Қытай Халық Республикасы үшін



(қолы) ХУА ЛИМИНГ

2000 жылғы 30 қараша

Кипр Республикасы үшін

(қолы) Н.АГАТ ОКЛЕУС

1994 жылғы 17 қараша

Коломбо Республикасы үшін

(қолы) А.ВИЛЛАМИЗАР

1993 жылғы 1 қыркүйек

Корея Республикасы үшін

Коста Рика Республикасы үшін

(қолы) АЛЬФОНСИНА С.ДЕ ЧАВАРРИА

Дания Корольдігі үшін

(қолы) ДЖАКОБ РИТТЕР

1997 жылғы 2 шілде

Египет Араб Республикасы үшін

Эль Сальвадор Республикасы үшін

(қолы) ДЖОАКИН РОДЕЗНО

1996 жылғы 21 қараша


Эквадор Республикасы үшін


(қолы) АБЕЛАРДО ПОССО СЕРРАНО

1994 жылғы 3 мамыр

Испания Республикасы үшін

(қолы) Р.ПАСТОР РИДРУДЖО

27-3-95

Финляндия Республикасы үшін


(қолы) РИТВА КОУККО-РОНДЕ

1994 жылғы 19 сәуір

Француз Республикасы үшін

(қолы) Д.БЕРНАРД

1995 жылғы 5 сәуір

Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі үшін

(қолы) Р.Р.ФЛАУЭР

1994 жылғы 12 қаңтар

Гаити Республикасы үшін

Грек Республикасы үшін

Гондурас Республикасы үшін

Венгрия Республикасы үшін

Үндістан Республикасы үшін

(қолы) С.Б.ГОСВИК

09-1-03

Индонезия Республикасы үшін



Ирландия үшін

(қолы) ДЖОН СВИФТ

1996 жылғы 19 маусым

Израиль Мемлекеті үшін

(қолы) М.БАВЛИ

2.11.93


Италия Республикасы үшін

(қолы) Р.ТАЛЛАРИГО

1995 жылғы 11 желтоқсан

Жапония үшін


Кения Республикасы үшін

Латвия Республикасы үшін

(қолы) К.АЙЕНБАУМС

29.05.2002


Ливан Республикасы үшін


Люксембург Ұлы Герцогтығы үшін

(қолы) Х.ВУРТ

6-6-95

Мадагаскар Республикасы үшін



(қолы) ДЖИН ОМАР БЕРЕЗИКИ

12-05-2004

Маврикий Республикасы үшін

Мексика Біріккен Штаттары үшін

(қолы) ДЖ.Л.СИКВЕЙРОС

Непал Корольдігі үшін

Норвегия Корольдігі үшін

(қолы) А.Л.ЛАНГЕЛАНД

20-5-1996

Панама Республикасы үшін

(қолы) ЕЛЕНА БАРЛЕТТА ДЕ НОТТЕНБОМ

15.06.99


Нидерланды Корольдігі үшін

(қолы) П.Х.КООИЙМАНС

5.12.93

Перу Республикасы үшін



(қолы) Дж. КОЛУНГ ВИЛЛАКОРТА

16 қараша, 94

Филиппин Республикасы үшін

(қолы) Р.С.САНЧЕС

1995 жылғы 17 шілде

Польша Республикасы үшін

(қолы) С.КОМОРОВСКИ

12.06.95

Португал Республикасы үшін


(қолы) ГОНСАЛО АЙРЕС ДЕ САНТА КЛАРА ГОМЕС

1999 жылғы 26 тамыз

Румыния үшін

(қолы) ЯН М.АНГХЕЛЬ


Ресей Федерациясы үшін

(қолы) А.Г.ХОДАКОВ

2000 жылғы 7 қыркүйек




Ватикан үшін

Сенегал Республикасы үшін




Словак Республикасы үшін


(қолы) ЯН КАРНОГУРСКИ

1999 ж. 1 маусым



Словения Республикасы үшін


(қолы) БОРИС ФРЛЕК

2002 жылғы 24 қаңтар


Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасы үшін

(қолы) П.Г.КАРУНАЗИРИ

1994 жылғы 24 мамыр
Швеция Корольдігі үшін

(қолы) С.БЛОМСТРАНД

1996-10-10
Швейцария Конфедерациясы үшін

(қолы) А.РЕГГ

1995 жылғы 16 қаңтар
Суринам Республикасы үшін
Чех Республикасы үшін

Х.БАМБАСОВА

1999 ж. 1 желтоқсан

Тайланд Корольдігі үшін


(қолы) Т.ДУАНГРАТАНА

29-04-04
Түркия Республикасы үшін

(қолы) АЙДАН КАРАХАН

5-12-01


Уругвай Республикасы үшін

(қолы) ХУАН АНДРЕС ПАЧЕХО

1993 ж. 1 қыркүйек
Венесуэла Республикасы үшін

(қолы) С.Е.НОНЕС

10-1-97
Вьетнам Социалистік Республикасы үшін

Түпнұсқадан куәландырылған


дұрыс көшірмесі

Нидерланды Корольдігі

Сыртқы істер министрлігі

Конвенциялар бөлімінің

басшысы үшін
қолы

Конвенцияның қазақ тіліндегі осы мәтіні 1993 жылғы 29 мамырда Гаагада жасалған Балаларды қорғау және баланы шетелдік асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы конвенция мәтінінің расталған көшірмесінің ағылшын тілінен аударылған нақты аудармасы болып табылатынын куәландырамын.




Вице-министр М. Сарыбеков
Каталог: sites -> default -> files -> upload -> files -> usynovlenie
files -> Бағалық ұсыныстар сұраныс әдісі арқылы принтерлердің техникалық күту және олардың картридждеріне бояу құю бойынша қызмет көрсетуге арналған мемлекеттік сатып алудың қорытындысы туралы хаттама
files -> Қазақстан Республикасының Бала құқықтары туралы конвенцияны іске асыруы туралы төртінші кезеңдік баяндама Кіріспе
usynovlenie -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 мамырдағы №578 Қаулысы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы»
usynovlenie -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы №404 Қаулысы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы»
usynovlenie -> Халықаралық бала асырап алу бойынша Гаага Конвенциясының негізгі ережелері мен қағидалары Бекіткендер мен ратикациялаған барлығы: 78 мемлекет, оның ішінде
usynovlenie -> Қол қойған және ратификацияланған барлығы — 78 мемлекет, оның ішінде қол қойды 52 мемлекет, ратификациялады — 77 мемлекет


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет