Балаларды оқуға, жазуға үйрету процесінде талдау-жинақтау әдісін қолдану жолдары



бет17/19
Дата06.07.2022
өлшемі375.5 Kb.
#459622
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Балаларды оқуға, жазуға үйрету процесінде талдау-жинақтау әдісін қолдану жолдары

Сергіту сағаты.
Ормандағы аюдың
Құлпынай көп екен
Теріп – теріп алайық
Қалтамызға салайық.
- Қане, кім құлпынай теріп, аюға көмекбереді? Мына құлпынай өсіп тұр, оны теру үшін шартын орындау керек. Құлпынайдың ішінде жасырылған сөздер бар. Егер кімде – кім сол сөзді оқып білсе, сол құлпынайды алады.
Әділ: Адамға екі нәрсе тірек тегі
Бірі – тіл, бірі – ділің жүректегі.
Жәмилә: Ақыл – ойын дананың
Ана тілден аламын
Ана тілім ардақты
Ақ сүтіндей анамның
Айнұр: Ана тілің – арын бұл
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте
Ерлан: Асыл сөзді іздесең
Абайды оқы ерінбе
Адамдықты іздесең Жаттап тоқы көңілге.
- Сонымен, балалар,бүгінгі сабақ сіздерге ұнады ма? Біз қандай әріппен -таныстық? ( Аа әріппен )
- Ол қандай дыбыс екен?
- Ол сөздің қай жерінде кездеседі екен? ( Басында , ортасында, соңында. )-- - Дұрыс.
- Балалар, сендер бүгін сабаққа белсенділікпен және жақсы қатыстыңдар. Жақсы.
Бағалау.
Қорытынды.
Зерттеу жұмысы нәтижесінің қорытындысы. Сонымен, бастауыш сынып сабақтарында каллеграфиялық жазу дағдыларын қалыптастыру негізі, сауатты. Шапшаң, таза, көркем, әсем жазуға үйретудің мүмкіндіктерін көрсете отырып, жазудың психологиялық физиологиялық, гигиеналық талаптарды ескере отырып оқыту да әдістемелік тиімділік көрсетті.
2 – ші тарау бойынша тұжырым.
Жүргізілген эксперимент бойынша бастауыш мектепте жазу дағдысы төмен оқушы пайыздау көрсеткіші жоғары екені таблицада көрсетілді. Бұл жағдайда болдырмау немесе түзету жазу дағдысын қалыптастыру барысында пайдаланы – латын әдіс – тәсілдерді дұрыс және тиімді пайдалануға байланысты. Жоғарыда, біз жазудың сапасы,яғни байланыстырудағы жұмыста, қазақ алфавит дыбс таңбаланудың ең тиімді жолдарын көрсетті. Бұл жүргізілген эксперимент нәтижесінде дәлелденді.
Жазу сапасы төмен оқушылардың санын азайтып, сауатты жаза алатын көзі ашық, көкірегі ояу қазақ азаматын тәрбиелеу үшін мектеп мұғалімдеріне назарындағы түзету жұмыстарын ұсынамын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет