Балалардың таным іс-әрекетін дамытуына арналған ойындар


Зейін қабілетін дамытуға арналған ойындар



бет3/10
Дата30.05.2024
өлшемі90.5 Kb.
#502080
түріИнтервью
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Оқушыларға арналған дидактикалық ойындар

Зейін қабілетін дамытуға арналған ойындар

“Не өзгерді?”


Үстелдің үстіне 3-4 зат қойып, балаға оларды мұқият қарап шығуға мүмкіндік беріңіз (1-2 минут) Содан кейін одан теріс қарап тұруын өтініп, ойыншықтардың біреуін алып тастаңыз. Оқушы қарағанда, одан не өзгеріс бар екенін сұраңыз. Ойынды күрделендіруге болады: заттардың санын 5-7 дейін өзгерту, бір-біріне ұқсас заттарды қою, заттардың ешқайсысын алып тастамай, екеуінің орындарын ауыстыру және т.с.с. Біріне бірі кезектесіп тапсырма беріп ойынды жарысқа айналдыруға болады.


Балық, құс, аң”


Бұл ойынға бірнеше адам қатысқан жөн. Жүргізуші (алдымен бұл ересек адам болу керек) кезекпен әр ойыншыны көрсетіп: “Балық, құс, аң, балық, құс....”. Санамақ қай ойыншыда аяқталса, сол (жүргізуші үшке дейін санағанша) ойыншы осындай жағдайда құсты атауы тиіс. Оның үстіне құс атаулары қайталанбау керек. Егер жауап дұрыс болса, жүргізуші ойынды жалғастырады. Егер жауап қате болса немесе құстың атауы қайталанса (жауапты кешіктерген жағдайда ойын бұзылған болып табылады), бала өзінің “фантын” жүргізушіге қалдырып ойыннан шығады. Ойын ақырында бір ойыншы қалғанша жалғаса береді.Бұл екеуі әр “фанттың” не істеу керектігін ойынға салады.
Бұл ойынды әртүрлі етіп, мысалы балалар гүлдің, ағаштың, жемістің және т.с.с. түрлерін атауы мүмкін.
Зейінді басқа нәрсеге ауыстыру қабілетін таңертеңгілік жаттығу барысында қалыптастыруға болады. Жаттығуларды орындай отырып, бала ересек адамның нұсқауы бойынша бір қимылдан екеншісіне жылдам ауысып әрекет жасау керек: секіру, тоқтау, адымдау. Балалармен өзгеше “үшсайыс” өткізуге болады. Бұл сайыста 3-4 текшеден қарапайым жылдам құрып, содан кейін адамның суретін салып болған соң, өлеңді оқу керек. Бұл ойынды тапсырмалар мен жұмыс түрлерін өзгертіп түрлендіруге болады. Барлық жағдайда тапсырмаларды орындау жылдамдығы мен олардың сапасы бағаланады.


Есте сақтау қабілетін дамытуға арналған ойындар
Суреттерді есіңе сақтап ал”.
Бұл ойын үшін алдын ала 10-12 сурет дайындау қажет. Әр суретте бір заттың суреті болу керек. Ойынды бірнеше балалардың арасындағы жарыс түрінде өткізуге немесе баламен өзіңіз жарыссаңыз болады-кім көбірек суретті есіне сақтап қалар екен. Ойыншылар суреттерді 2-3 минут ішінде мұқият қарап шыққан соң, суреттер алып тасталынады. Содан кейін барлығы естеріне сақтап суреттерді атай бастайды. Кезекпен бір суреттен атауға болады. Соңына басқалары әлі атамаған суретті кім атаса, сол жеңіп шыққан болып саналады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет