Балалардың таным іс-әрекетін дамытуына арналған ойындар



бет8/10
Дата30.05.2024
өлшемі90.5 Kb.
#502080
түріИнтервью
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Оқушыларға арналған дидактикалық ойындар

Таяқ жүгірту - ойыны
Ойнаушылар кезекпенен өздері тұрған жерден он шақты адым жердегі жарқабақ етіп соғылған қарға қолдарындағы таяқтарын лақтырады. Лақтырылған таяқ жарқабақ қардан өткен жағының ұзын қысқалығына қарай жеңімпаздың кім екені анықталады. Ойынды бірнеше рет қайталауға болады.
Ойын қайтадан ойналатын болғандықтан, кезек күтіп көп уақыт жібермеу үшін ойнаушылардың саны үш бестен артпағаны жөн. Оқушылар көп болған жағдайда екі үш топқа бөлініп ойнау керек. Қарға лақтырылған таяқтың орнын мектеп оқушыларына арналған найзаны (копье) пайдалануға болады
Тұтқын алу - ойыны
Ойнаушылар тең екі топқа бөлінеді. Екі топтан бір-бір ойыншы шығады да, теріс қарап тұрып қолдарын айқастырып тұрып көпір жасайды. Бірінші топтың ойыншылары тізбекке тұрып бір-бірлеп, «алал- ай, бұлал- ай» деп әндетіп, көпірдің астынан өте бастайды. Осы кезде екінші топтың ойыншылары бірінші топтың ойыншыларын, көпірдің түбінде кездестіріп, әрқайсысы көпірден өте бергенде, бір-бір тастан немесе бас киімнен ұстатады да, оның белгіленген атын айтуды өтінеді. Ондағы заттың аты жаңағы өздері айтып келе жатқан әуен алал -ай, бұлал- айдың біреуі. Егер заттың атын тапса, көпірден өтіп кете береді, ал таба алмаса, ойын жүргізуші оның көзін байлап қолға түскен тұтқын ретінде қарсыластар тобына жібереді. Осылайша бірінші топ көпірдің астынан өтеді де, тұтқындарды екінші топ ұстайды.
Шалма- ойыны
Екі ойыншы күні бұрын дайындаған тұйық жіпті белгілі бір жүйеленген тәртіппен бірінің қолынан бірі алады. Бірінші кезек алған ойыншының әлгі жіпті екі қолына, екі қолдың ортаңғы саусақтарымен шалманы іліп алғанда «ыңғыршақ» пайда болады. Екінші адам бас бармақ және сұқ қолмен ыңғыршақтың екі жақ керегесінен үстінен астына қарай алғанда – «шаңырақ», төртіншіде – «астауша» шығады. Бесіншіде «кереге» қайталанады, алтыншыда «шынтақ» болып қайталана береді.
Шертпек - ойыны
Ойнаушыларды орындыққа отырғызып болғаннан кейін, ойын жүргізуші орамалды иығына салып алып, ойнаушылардың артында жүреді де, кез келген ойыншының екі көзін екі қолмен баса қояды. Сол кезде білдірмей келіп, жолдастарының бірі маңдайынан шертіп кетеді. Ойын жүргізуші көзін қоя бере салып, иығындағы орамалмен «шертпегімді тап» деп, арқасынан тартып қалады. Таба алмай қалса, көпшіліктің ұйғаруымен ортаға шығып өнер көрсетеді, ал егер тауып алса, жаңағы шерткен адам айыбын тартады. Осындай тәртіппен ойын жалғаса береді. Ойынның қызықты болуы ойыншылардың санына байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет