Баламалы энергия көздері №3 жалпы орта білім беретін қазақ мектебі Тақырыбы: Дайындаған

бет3/3
Дата23.04.2023
өлшемі0.66 Mb.
#472624
1   2   3
Жүніс Мерей (Энергия көздері)

Күн энергиясын электр энергиясына айналдыратын қондырғыны фотоэлектрлік немесе фотовольталық, ал күн энергиясын жылулық энергияға айналдыратын аспапты – термиялық деп атайды. Бұл аспаптарды гелиожүйе-лер деп атайды. Экономикалық құндылығын бағаласақ, күн қондырғылары эксплуатациялық шығынға ұшыратпайды, оны жөндеу және қалпына келтіру үшін қор жұмсалмайды, ұзақ мерзімде жұмыс істей береді.

Күн энергиясы
Су энергетикасы (Гидроэнергетика; грек, "һydor" — су, ылғал, energia — қызмет, әрекет) — 1) бөгет салу арқылы немесе бөгетсіз ағын судан энергия алу.
Қазақстанда Бұқтырма СЭС-і, Қапшағай СЭС-і, Шардара СЭС-і, т.б. бар. Су энергетикасының энергия көздері турбина арқылы өтетін су ағынының орны өзенге немесе көлге құятын және бұлақ суымен толтырылады. Су энергетика қорлары — өзендер мен сарқырамалардың құлама суынан алуға болатын энергия қоры. Энергияның бұл көзінің артықшылығы — оның қоры сарқылмайды, үнемі қалпына келіп отырады. Бұл энергияның арзан, әрі гигиеналық түрғыдан таза түрі болып табылады
Су энергиясы

Биогаз – бұл тамаша қалпына келетін ресурс және мұны кез келген органикалық қалдықтан ( тамақ қалдығы, мал қалдығы, тұрмыстық қалдық, ағын суларының тұнбасынан және т.б. сол сияқты ) алуға болады. Тек бір ғана ауылшаруашылық өнімдерінің қалдықтарынан пайда болған биогаздың потенциалдық қоры жылына 1-1,3 млрд. тонна жанғыш шикізат береді екен, ал бұл дегеніміз пайдаланылатын дүниежүзілік энергия ресурстарының оннан бір бөлігі. Биогаз қондырғыларында биогазды ең түрлі ауқымда алуға болады. Ол өз кәсіпорнын энергиямен қамтамасыз ету үшін шағын тазарту мен қондырғылар болуы мүмкін және газ бен электр қуатын желіге беруге арналған алып орталықтандырылған энергия парктері болуы мүмкін.

Биоэнергетика
Баламалы энергия – болашақтың энергиясы
Халық санының жедел өсуі мен ғылыми – техникалық прогресстің
қарқынды дамуы, айнала қоршаған ортаға экологиялық проблемалар тудырумен қатар, энергетикалық ресурстардың таусылу тапшылығына әкеліп соқты. Адамдардың материалдық деңгейі, тіпті рухани мәдениетінің өзі энергия шамасына тікелей тәуелді болды. Ел болашағының ертеңі – білімді физологиялық жағынан қуатты, жұмысқа қабілетті, өмір сүруге бейім ұрпақ тәрбиелеу. Мектебіміз санаторлық болғандықтан, балалардың денсаулығына көп көңіл бөлінеді. Мектебімізде Балқаш көлінің жағасында орналасқан Чубар-Түбек поселкесіндегі «Болашақ» жазғы лагеріміздің сарқылмайтын энергия көздерін орнату және көгалдандыру мәселесі жөніндегі «Агро-энергокомплекс» ғылыми жобасы құрылған. Сол ғылыми «агрокомплекс» жобаға қатысты, менің мақсатым қуатты үнемдейтін экологиялық таза энергия көзі – жел, күн, биогаз энергиясын пайдалануды ұсыну.
ҚОРЫТЫНДЫ:
Жалпы, қалпына келетін энергияның келешегі зор, экологиялық таза, қоры ешуақытта сарқылмайды, арзан әрі тиімді. Оларды пайдалану табиғат баланстарын бұзбайды. Егер біз баламалы энергия көздерін тиімді және үнемді пайдаланатын болсақ бұл біздің келешегіміздің кепілі. Қуат
жетіспеушілігі мәселесін шешудің бір амалы – қуатты үнемдеу. Қуатты үнемдеуге бағытталған шаралар Қазақстандағы нағыз балама қуат көздері болып табылады.

Пайдаланылған әдебиеттер:
  • https//kk.m.wikipedia.org2.www.complete.kz3.
  • www.malimetter.kz4.
  • Егемен газеті «Қ.Р-сы Мемлекет басшысының 2017 жылдағы жолдауы»5. 
  • www.azattyg.org6. 
  • https://www.youtube.com/watch?v=B3dVc75fiUc&noredirect=17.https://www.youtube.com/watch?v=PA9z9-XWYTk&

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3

©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет