Тұлға тәрбиесіне ата-ананың ролі
ТРЕНИНГ
Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату.
1-тапсырма
Ата-аналар мен ұстаздардың кездесуі.
2-тапсырма
Ойынға қатысушыларарасындағықарым-қатынасты орнату.
3-тапсырма
Жанұядағы тәрбие жайында пікір алмасу
І бөлім
1. “Кездесу”
2. Ассосация “Жанұя”
(Доп беру арқылы жақсы қасиеттер айту)
Балаңыздың туған күні?
Балаңыздың парталас көршісі кім?
Бүгін сабақтан қандай баға алды?
Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?
Сынып жетекшісінің толық аты-жөні?
Балаңыздың сүйікті асы қандай?
Балаңыз 1-сыныпқа қай жылы барды?
Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді?
Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?
Балаңыз сізді ренжіткенде, ең алдымен қандай сөз ауызыңызға түседі?
ІІ бөлім
Жалпылау
(Қимыл-қозғалыс арқылы жауап беру)
Газет бетіндегі мақала-лардан, теледидардағы бағдарламадан тәрбие-ге байланысты сұрақ-тарды тыңдап, қарап жүресіз бе?
Балаға тәрбие беру кезінде үйде ата-ана бір-дей ықпал жасай ма?
Балаңыздың жүріс-тұрысына, оқуына көңіліңіз тола ма?
Оның оқудағы жүріс-тұрысында сізді не қиналдырады, сіз оған қалай көмектесесіз?
Болашақ мамандығын таңдауына сіздің ақыл-кеңесіңіз?
Ол үйде не істейді? сіздерге көмектеседі ме?
ІІІ бөлім.
Ой жинақтау.
Баланың дамып жетілуіне қандай тәрбие әдістерін қолданасыз?
Бала үшін мұғалім мен ата-ана арасында қандай қарым-қатынас болу керек?
Ата-анаға көз қуаныш,
Алдына алған еркесі.
Көңіліне көп жұбаныш,
Гүлденіп ой-өлкесі.
Абай Құнанбаев.
Жасөспірімдер суицидіне психологиялық талдау жүргізу және алдын алу шаралары
Әр адамның өмірінің қиылуы өзінен -өзі трагедия. Адам өзін жер бетіндегі ең керемет жаратылыспын деп есептейді. Бұл таңғажайып емес, себебі махаббат, реніш пен налу, кек алу, жүрекке жылы қабылдау сезімдері - адамға тән қасиеттер. Жер бетіндегі адамнан басқа бірде-бір тірі жан өз еркімен өз өмірін құрбан етпейді. Ендеше, өзін-өзі құрбан ету - адамзат жаратылысынан болып келе жатқан жағдай. Қазіргі кезде өзіне-өзі қол жұмсау мәселесі өзекті болып, оған аса мән беріліп отыр. Себебі суицид фактілері жылдан-жылға өсуде, әсіресе жасөспірімдер мен балалардың өз-өзіне қол жұмсауының тұрақты өсуі алаңдатушылық туғызып отыр.
Өз-өзіне қол жұмсау мөлшері қоғамымыздың әлеуметтік экономикалық, саяси жағдайының маңызды индикаторы бола алады.Адам өлімі - жанды түршіктіретін құбылыс.
Суицид, өзіне қол жұмсау екенін біле тұра өз өмірін қию, өзіне қол жұмсау үстінде өз іс-әрекеттеріне жауап бере алмайтын адамның әрекеті саналмайды,бұл жағдайларда кездейсоқ оқиғадан болған өлім тіркеледі.
Күнделікті өмірде кездесетін суицид-бұл адамның өмір қиыншылықтарына төтеп бере алмауы,әлсіздігі,бұнда еш батырлық жоқ,тіпті романтиканың иісі де сезілмейді.Әр адам өз өмірімен формальды тұрғыда не істегісі келеді,соны істейді.Реалдықта ол адам басқа адамдармен тығыз байланыста,олардың рұқсатынсыз өмірден кете де алмайды.Көне заманнан бері адамзатқа суицидтің көптеген түрлері белгілі.Жалпы ,суицидологияда авторлар 8-16 түрлерін атап жатады:
1.Өзін-өзі асып тастау;
2.Өзін-өзі қылғындыру;
3.Өз-өзін суға батыру;
4.Өз-өзін уландыру;
5.Өз-өзін жағып жіберу;
6.Өз-өзін кесетін,пісетін құралмен өлтіру;
7.Өз-өзін оқ құралымен өлтіру;
8.Өз-өзін электр тоғымен өлтіру;
9.Өз-өзін транспорт,механизм арқылы өлтіру;
10.Жоғарыдан секіріп өлу;
11.Өз-өзін аштықпен өлтіру;
12.Өз-өзін суықтан өлтіру;
Жалпы өзін-өзі өлтірудің басты сылтауы әлеуметтік-психологиялық бейімделмеуі болып табылады. Өзін-өзі өлтіру мақсатында адам мына қиыншылықтардан немесе ауыртпашылықтардан қашқысы келеді:белгілі бір қиыншылықтардан кету,қауіпті әкелетін іс-әрекеттерден кету,басқа адамдарды өзінің қиыншылықтарына көңіл аударту мақсатында сияқты болып келеді. Өзін-өзі өлтіру ренжіткен адамнан кегін алу мақсатында болады,оны қалай болса да жүзеге асырамын деген қырсықтылық мінез туады. Мұндай жағдайға түскен адамның психикасында “Мен ешкімге керек емеспін, мен бір нәрсе істеуге жағдайым жоқ” деген ойлар басынан кетпейді. Кейде жасөспірімнің суицидтік тәртібі еліктеуге әкеліп соғады. Жасөспірім айналасындағы болып жатқан теледидар мен әр түрлі кітаптардан оқып көрген іс-әрекетті қайталағысы келеді. Сөйтіп, жасөспірім өлім ренжіткен адамды қорқытады деп түсінеді.
Көптеген әлем ғалымдарының ойынша, өзіне-өзі қол салу көп жағдайларда адамның сол мезетте өз-өзінен түңіліп кетуінде, алдына қойған мақсаттарының орындалмауы және де сол сияқты көптеген себептер арқылы өзіне-өзі қол жұмсауға итермелейді
Достарыңызбен бөлісу: |