1
2
баланы жәбірлеумен (буллингке) байланысты жанжалды бейбіт жолмен реттеу жөнінде шаралар қабылдайды;
3
медициналық көрсеткіштер болған жағдайда медициналық көмек көрсету стандарттарына сәйкес жәбірлеуден (буллингтен) зардап шеккен балаларға медициналық көмек көрсетуге жәрдемдеседі;
4
әңгімелесу өткізілгеннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде жүргізілген жұмыстың нәтижелері туралы ақпаратты білім беру ұйымдарының басшысына береді.
5
Баланы жәбірлеу (буллинг) туралы ақпарат білім беру ұйымына келіп түскен жағдайда білім беру ұйымы басшысының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары:
жиналған деректер негізінде 2 (екі) жұмыс күні ішінде баланы жәбірлеуді (буллингті) тану немесе танымау туралы шешім қабылдайды;
1
2
1 (бір) жұмыс күні ішінде келіп түскен ақпаратты Қазақстан Респуликасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 64-бабының 1-тармағына сәйкес тіркеуді жүргізеді;
3
жәбірлеуді (буллингті) тану туралы шешім қабылдаған жеғдайда:
баланың заңды өкілдерімен келісім бойынша жәбірлеуге (буллингке) ұшыраған кәмелетке толмағанды әлеуметтік оңалту және кәмелетке толмағанды жәбірлеудің (буллингтің) бастамашысын/бастаушысын әлеуметтік бейімдеу туралы шешім қабылдайды;
1 (бір) жұмыс күні ішінде жоғары тұрған білім беру органына хабарлайды;
2 (екі) күннен кешіктірмей қабылданған шешім туралы ақпаратты және бала туралы деректерді оның оқу орны бойынша білім беру ұйымына береді;
4
баланың заңды өкілдерінің, жәбірлеудің (буллингтің) бастамашысының/бастаушысының және жәбірлеуге (буллингке) ұшыраған баланың келісімімен медиаторды тарту арқылы баланы жәбірлеуге (буллингке) байланысты инцидентті реттеу жөнінде шаралар қабылдайды;
5
баланың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы жойылған жағдайда оны жәбірлеудің (буллингтің) тоқтатылуы туралы шешім қабылдайды.
Білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органға ақпарат түскен кезде:
Жәбірлеуге (буллингке) ұшыраның заңды өкілдері білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органның шешімімен келіспеген жағдайда оған Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес шағым жасайды.
"Орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызмет қызметінің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2022 жылғы 25 тамыздағы № 377 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29288 болып тіркелген) баланы жәбірлеуге (буллингке) қатысушыларға психологиялық қолдау көрсетуді жеке жұмыс жоспарын әзірлеу арқылы жүзеге асырады, оған жәберлеуге (буллингке) ұшыраған баланы әлеуметтік оңалту және жәбірлеудің (буллингтің) бастамашысын/бастаушысын әлеуметтік бейімдеу жөніндегі шаралар кіреді;
1
Жәбірлеуге (буллингке) ұшыраған кәмелетке толмағанды әлеуметтік оңалту туралы және кәмелетке толмағанды жәбірлеудің (буллингтің) бастамашысының/бастаушысының әлеуметтік бейімдеу туралы шешім алғаннан кейін білім беру ұйымы:
жәбірлеудің (буллингтің) бастамашысын/бастаушысын мектепішілік есепке қоюды жүзеге асырады және оның түзетілуіне мониторинг жүргізеді;
2
баланың мінез-құлқында оң өзгерістер болмаған жағдайда мектепішілік есепке қойылған күннен бастап 6 ай ішінде материалдарды қарау және ұсынымдар шығару үшін Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға (бұдан әрі – КІК) жібереді.
3
КІК баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою, кәмелетке толмағандарды зорлық-зомбылық пен қатыгез қарым-қатынастан қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады, "Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның қызметі туралы үлгілік ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 11 маусымдағы № 789 қаулысына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9123 болып тіркелген).
Достарыңызбен бөлісу: |