Жетiм балалар мен ата-анасының (заңды өкілдерінің) қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң



Дата05.07.2016
өлшемі81.93 Kb.




«Жетiм балалар мен ата-анасының (заңды өкілдерінің) қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң

үлгiлік қағидалары» 2013 жылғы 17 мамырда № 499 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген

1. Жалпы ережелер
1. Осы Жетiм балалар мен ата-анасының (заңды өкілдерінің) қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгiлік қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Бiлiм туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – «Білім туралы» Заң) сәйкес әзiрленді және меншiк нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, жетiм балалар мен ата-анасының (заңды өкілдерінің) қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған бiлiм беру ұйымдарының қызметiн реттейдi.

2. Жетiм балалар мен ата-анасының (заңды өкілдерінің) қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған бiлiм беру ұйымдары (бұдан әрi – бiлiм беру ұйымы) – жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тұратын орын берiп, олардың тәрбиеленуiне, бiлiм алуына қолайлы жағдай жасалатын бiлiм беру жүйесiнiң ұйымдары болып табылады.

3. Бiлiм беру ұйымдары мемлекеттiк, жеке меншiк болуы мүмкiн.

Мемлекеттік білім беру ұйымдарында білім алатын және (немесе) тәрбиеленетін жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар толық мемлекеттің қамқорлығында ұсталады.

4. Бiлiм беру ұйымы заңды тұлға болып табылады, оның оқшауланған мүлкi, өз атауы жазылған мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банкте шоты болады.

Бiлiм беру ұйымы тәрбие бағдарламасын тәрбиеленушiлердiң психикалық-физиологиялық ерекшелiктерiне, жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың денсаулығын сақтау, құқықтары мен мүдделерiн қорғау талаптарына сәйкес дербес әзiрлейдi.

5. Бiлiм беру ұйымы өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Бiлiм туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына, осы Қағидаларға және білім беру ұйымының жарғысына және өзге де нормативтiк құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады.

6. Бiлiм беру ұйымдары нақты мiндеттер мен балаларды ұстау, оқыту және тәрбиелеу, қызмет режимi ерекшелiктерiне қойылатын талаптарға қарай: 1) мектепке дейiнгi жастағы балалар үшiн;

2) мектеп жасындағы балалар үшiн;

3) ерте, мектепке дейiнгi және мектеп жасындағы балалар үшiн;

4) бiлiм беру ұйымдарын бiтiрушiлер үшiн құрылады.

7. Бiлiм беру ұйымдарында әр жастағы және бiрыңғай жастағы балалардан тәрбиелеу топтары құрыла алады.

8. Бiлiм беру ұйымында медициналық қызмет көрсетудi ұйымның әкiмшiлiгiмен және денсаулық сақтау жүйесінің аумақтық ұйымдарымен бiрлесе отырып, балалардың денсаулығын қорғауды, олардың психикалық-дене жағдайын нығайтуды, профилактикалық iс-шаралар жүргiзудi, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарын сақтауды қамтамасыз eтeтiн штаттық медициналық персонал ҚазақстанРеспубликасыныңзаңнамасынасәйкес жүзеге асырады.

9. Білім беру ұйымдарының қызметін бақылау «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне, «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына, сондай-ақ халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.


2. Жетiм балалар мен ата-анасының (заңды өкілдерінің) қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң тәртібі
10. Бiлiм беру ұйымына бүкiл күнтiзбелiк жыл бойында туылғаннан бастап 18 жасқа дейiнгi (жасөспірімдер үйлерiне – 23 жасқа дейiнгi балалар үйлерi, балалар ауылдарының және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың бiтiрушiлерi):

1) жетiм балалар;

2) ата-ана құқықтарының шектелуiне немесе олардан айырылуына, ата-анасы хабар-ошарсыз кеттi деп танылуына, олардың қайтыс болды деп жариялануына, әрекетке қабiлетсiз (әрекет қабiлетi шектелуi) деп танылуына, ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуiне, ата-анасының баласын тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерiн қорғаудан жалтаруына, оның iшiнде ата-анасының өз баласын тәрбиелеу немесе емдеу мекемелерiнен алудан бас тартуына байланысты, сондай-ақ ата-анасы қамқорлық жасамаған өзге де жағдайларда жалғызбасты ата-анасының немесе екеуiнiң де қамқорлығынсыз қалған балалар қабылданады.

11. Медициналық көрсеткiштер бойынша немесе басқа бiр себептермен бұл балаларды тәрбиелеу мен оқыту бөлек жүзеге асырылуы тиiс болатын жағдайларды қоспағанда, бiр отбасының мүшелерi немесе туыстық қатынастағы балалар бiр бiлiм беру ұйымына жiберiледi.

12. Білім беру ұйымына жiберiлетiн әр балаға қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдар мынадай құжаттар ұсынады:

1) бiлiм беру ұйымына жiберу туралы жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмi;

2) туу туралы куәлiк (жеке куәлік);

3) денсаулық жағдайы мен екпелерi туралы медициналық құжаттар;

4) бiлiм туралы құжаттар (мектеп жасындағы балалар үшiн);

5) баланың өмiр сүру жағдайын тексеру актiсi;

6) ата-анасы туралы мәлiметтер (ата-анасының қайтыс болғаны туралы куәлiктердiң көшiрмелерi, соттың шешiмi (ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айыру немесе шектеу, ата-аналарды хабар-ошарсыз кеткен деп тану, қайтыс болған деп жариялау немесе әрекетке қабілетсіз (әрекет қабiлетi шектелуi) деп тану), ата-анасының ауруы туралы анықтама, ата-аналарды iздестiру туралы анықтама және ата-анасының жоқтығын немесе олардың өз балаларын тәрбиелеуге мүмкiндiгi жоқтығын растайтын басқа да құжаттар);

7) аға-iнiлерiнiң, апа-сiңлiлерiнiң, қарындастарының және басқа да жақын туыстарының бар-жоғы және олардың тұратын жерi туралы анықтама;

8) ата-анасы қайтыс болғаннан кейiн қалған мүлiктердiң тiзiмдемесi, оның сақталуына жауапты адамдар туралы мәлiметтер;

9) кәмелетке толмағандарға тұрғын үй алаңын бекiтiп беру туралы құжаттар;

10) әлеуметтік жәрдемақы алатын баланың атына дербес шоттың ашылуы туралы шарттың көшірмесі, алимент өндiрiп алу туралы сот шешiмiнiң көшiрмесi (оларды балаға ата-анасының бiрi немесе оны алмастыратын адам алатын кезде).

13. Мектебi бар бiлiм беру ұйымындағы оқу-тәрбие процесі жалпы білім беретін ұйымдардың (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта) үлгi қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Білім беру ұйымындағы тәрбие жұмыстары тәрбиеленушiлердiң қызығушылығын, бейiмдiлiгi мен психикалық-дене ерекшелiктерiн ескере отырып, балалар мен ересектердiң ынтымақтастығы қағидаттарында жүргiзiледi.

Жергілікті атқарушы органдар мектебi жоқ бiлiм беру ұйымының мектеп жасындағы тәрбиеленушiлерiнің тиiстi елді мекеннің жалпы бiлiм беретiн мектепте оқуын қамтамасыз етедi.

14. Бiлiм беру ұйымында тәрбиеленушiлердiң патриоттық, азаматтық, интернационалдық, жоғары мораль және адамгершiлiк сезiмiн қалыптастыруға, сондай-ақ ынталары мен қабiлеттерiн жан-жақты дамытуға бағытталған әртүрлi клубтар, секциялар, үйiрмелер, студиялар құрылуы мүмкiн.

Бiлiм беру ұйымы тәрбиеленушiлердiң қызығушылығын ескере отырып, олардың жалпы бiлiм беретiн мектептегi, оқушылар сарайлары мен үйлерiндегi, жас техниктер мен жас натуралистер станцияларындағы, спорт және музыка мектептерiндегi, сондай-ақ басқа да мектептен тыс ұйымдардағы үйiрмелер мен секцияларға баруын қамтамасыз етедi.

15. Бiлiм беру ұйымында мектепке дейiнгi бөлiмдер (топтар) мектепке дейiнгi және мектеп жасындағы балалардың туыстық қатынастарын сақтау мақсатында құрылады.

16. Мектепке дейiнгi бөлiмдер (топтар) өз қызметiнде Мектепке дейiнгi ұйымдардың үлгi қағидаларын және осы Қағидаларды басшылыққа алады.

17. Мектепке дейiнгi жастағы балаларды тәрбиелеу, оқыту және олардың күн тәртiбi мектепке дейiнгi тәрбиелеу мен оқытудың жалпыға мiндеттi мемлекеттiк стандартына сәйкес жүзеге асырылады.

18. Білім беру ұйымында болу кезінде әр тәрбиеленушіге:

1) өмірі мен денсаулығының сақталуына;

2) қадір-қасиетінің қорғалуына;

3) дене, моральдық немесе психикалық зорлықтың барлық нысандарынан қорғалуына;

4) шығармашылық қабілеттері мен қызығушылықтарының дамуына;

5) дамудағы кемшіліктерді түзеуде білікті көмек алуына;

6) бейімділігіне, қабілеттеріне, тілегіне және денсаулық жағдайына сәйкес қосымша білім беру, сауықтыру қызметтерін алуына кепілдік беріледі.

19. Бiр бiлiм беру ұйымынан екiншiсiне ауысқанда немесе бiтiрген кезде тәрбиеленушiге:

1) туу туралы куәлiк (жеке куәлiк);

2) білім беру ұйымында болғаны туралы анықтама;

3) денсаулық жағдайы мен екпелерi туралы анықтама;

4) бiлiмi туралы құжат;

5) ата-аналары немесе туыстары туралы мәлiметтер қамтылған құжат;

6) егер жеке iсiнде осындай болса, мүлiкке, ақшалай қаражатқа, бұрын ол немесе ата-анасы тұрған тұрғын үй алаңына оның құқығын растайтын құжаттар, дербес шоттың ашылуы туралы шарттың көшірмесі, алимент өндiруге арналған орындау парағы және басқа да құжаттар берiледi.

20. Бiлiм беру ұйымдарының тәрбиеленушiлерiн бiтiрту ұйымның педагогикалық кеңесiнiң шешiмiмен, ондай болмаған кезде–ұйым әкімшілігінің шешімімен жүргiзiледi.

21. Бiлiм беру ұйымдарын басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына, осы Қағидалар мен ұйым жарғысына сәйкес жүзеге асырылады.

22. Бiлiм беру ұйымын алқалық басқару нысандары «Білім туралы» Заңның 44-бабының 9-тармағына сәйкес педагогикалық кеңес, қамқоршылық кеңес болып табылады.

23. Бiлiм беру ұйымын басқаруды Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес білім беру ұйымының құрылтайшысы тағайындайтын басшы жүзеге асырады.

24. Бiлiм беру ұйымының басшысы:



  1. Заңнамада белгiленген тәртiппен білім беру ұйымының қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

  2. өзге ұйымдар мен өзара қатынаста бiлiм беру ұйымының атынан өкілдік етеді;

  3. білім беру ұйымының жарғысында көзделген өзге де функцияларды орындайды.

Басшының еңбегiне ақы төлеу тәртiбi Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделедi.

25. Білім беру ұйымының басшысы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен:

1) білім беру ұйымы білім алушыларының, тәрбиеленушілерінің, қызметкерлерінің құқықтары мен бостандықтарын бұзғаны;

2) өзінің құзыретіне жатқызылған функцияларды орындамағаны;

3) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарын бұзғаны;

4) білім беру ұйымы білім алушыларының және тәрбиеленушілерінің, қызметкерлерінің оқу-тәрбие процесі кезіндегі өмірі мен денсаулығы;

5) қаржы-шаруашылық қызметтің жай-күйі, оның ішінде материалдық және ақша қаражаттарын нысаналы пайдаланбағаны;

6) нормативтік құқықтық актілерде және еңбек шартының талаптарында көзделген талаптарды өзге де бұзғаны үшін жауапты болады.

26. Бiлiм беру ұйымдарының басшы кадрларының, педагог және ғылыми қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру бес жылда кемiнде бiр рет «Білім туралы» Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

27. Білім беру ұйымдарының басшылары мен педагог қызметкерлері «Білім туралы» Заңға сәйкес аттестаттаудан өтуге тиіс.

28. Білім беру ұйымының персоналын жинақтау тәртібі «Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысымен және оның жарғысымен регламенттеледі.

29. Бiлiм беру ұйымы жергiлiктi жағдайларға қарай қосалқы оқу шаруашылығын, оқу-тәжiрибе учаскесін, оқу-өндiрiстiк шеберханаларды құра алады.

30. Жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мемлекеттiк бiлiм беру ұйымы жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылады.

31. Бiлiм беру ұйымы белгiленген нысан бойынша iс қағаздарын жүргiзедi және бағыныстылығына қарай бiлiм беру органдарына есеп бередi.

32. Білім беру ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

_________________________




Каталог: sites -> default -> files -> upload -> files
files -> І. Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы нормативтік құжаттар
files -> 102 НҰСҚа аты-жөні Қала (Облыс) Аудан Мектеп Сынып Талапкердің қолы 2011 Назар аударыңыз!
files -> «Балаға мейірімді қала» бағдарламасын іске асыру шеңберіндегі өткізілетін іс-шаралар
files -> 103 НҰСҚа аты-жөні Қала (Облыс) Аудан Мектеп Сынып Талапкердің қолы 2011 Назар аударыңыз!
files -> 104 НҰСҚа аты-жөні Қала (Облыс) Аудан Мектеп Сынып Талапкердің қолы 2011 Назар аударыңыз!
files -> 105 НҰСҚа аты-жөні Қала (Облыс) Аудан Мектеп Сынып Талапкердің қолы 2011 Назар аударыңыз!
files -> Бағалық ұсыныстар сұраныс әдісі арқылы принтерлердің техникалық күту және олардың картридждеріне бояу құю бойынша қызмет көрсетуге арналған мемлекеттік сатып алудың қорытындысы туралы хаттама
files -> Қазақстан Республикасының Бала құқықтары туралы конвенцияны іске асыруы туралы төртінші кезеңдік баяндама Кіріспе


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет