«Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы филиалы «жылқы аттас фамилия» қойылымы Режиссеры: Бекқұлы Ерман Нұрбосынұлы



бет15/19
Дата22.11.2022
өлшемі347 Kb.
#465451
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
«ЖЫЛҚЫ АТТАС ФАМИЛИЯ» қойылымы

Генералдың көмекшісі. Тоқтаңызшы. Не мәселемен жүрсіз жаңадан бері ызыңдап жатсыз, ызыңдап жатсыз.
Арызшы әйел. Менің жолдасым Шукин мырза бес ай бойы ауырып, сөйтіп, айып ете көрмеңіз емделіп үйде жатқанында оны себепсізден – себепсіз отставкаға шығарыпты. Содан енді...
/генералдың көмекшісі оның арызын алып оқып алып ішек сілесі қата күліп/
Генералдың көмекшісі. Кешіріңіз, кешіріңіз... Айта беріңіз
Арызшы әйел. /стаканға су құйып беріп жатып/ Бәрі дұрыс па мәртебелім. Мінекей тартып жіберіңіз. Әп бәрекелді. Енді жақсылап тыңдаңызшы. Менің жолдасым Шукин мырза бес ай бойы ауырып, сөйтіп, айып ете көрмеңіз емделіп үйде жатқанында оны себепсізден – себепсіз отставкаға шығарыпты. Ау ол ауырып жатқан жоқпа, ал ауырып жатқан адамды себепсізден себепсіз отставкаға шығарғаны несі. Оның бала шағасы отбасы бар деп неге ойламайды екен. Тыңдап тұрсыз ба мырза?
Генералдың көмекшісі/Күлкісін тиып, аузын сүртіп/ Кешіріңіз мұныңыз қалай? Дәнеңе де түсініп тұрғаным жоқ.
Арызшы әйел. /одан сайын шатынап/ Қалай сіз ештеңе түсінбейсіз міне қараңызшы отырыңыз мен сізге бәрін басынан бастап айтып берейін. Менің күйеуім аса мәртебелі Шукин мырза бес ай бойы ауырып, сөйтіп, айып ете көрмеңіз емделіп үйде жатқанында оны себепсізден – себепсіз отставкаға шығарыпты. Ау ол ауырып жатқан жоқпа, ал олар ауырып жатқан адамды отставкаға шығарып онымен қоймай айлығынан, назар аударсаңыз екен, бақандай жиырма төрт сом отыз алты тиын ұстап қалды! Бұл не деген бассыздық а құрметтім.
Генералдың көмекшісі. Ханым сіз жаңсақ келген болсаңыз керек. Менің түсінуімше сіздің еріңіз соғыс – медицина ведомствосында қызмет істеген, ал біздің мекемеміз жеке меншіктегі коммерциялық мекеме. Ал сізге еріңіз істеген ведомстваға бару керек.
Арызшы әйел. Онсызда бес жерге барып шықтым, әкем – ау арызымды да алмайды.
Генералдың көмекшісі. Біз ешнәрсе істей алмаймыз Шукина ханым.
Арызшы әйел. Мәртебелі мырза сенбесеңіз міне, ерімнің аурулығына дәрігердің куәлігі бар! Міне соған көз салсаңыз екен! /жалбарынған дауыспен сөйлеп/


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет