«Банк ісі» Пәнінің оқу әдістемелік кешені


Банктің меншікті капиталы



бет32/91
Дата07.10.2023
өлшемі5.04 Mb.
#480087
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   91
«Áàíê ³ñ³» Ï?í³í³? î?ó ?ä³ñòåìåë³ê êåøåí³ 2

2.2 Банктің меншікті капиталы

Коммерциялық банктердің меншікті капиталының ролі мен шамасы, басқа қызметпен айналысатын кəсіпорындар жəне ұйымдарға қарағанда өзіндік ерекшеліктерге ие. Банктің меншікті капиталы банктің тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды. Банктің бастапқы құрылуы барысында меншікті капитал көмегімен банк қызметіне байланысты алғашқы шығындар: жер, ғимарат, құрал-жабдық, жалақыға жұмсалатын жəне т.б. шығындар жабылады. Себебі, меншікті капиталсыз банктің қызметін бастау мүмкін емес. Осы меншікті капитал есебінен банкте қажетті резервтер құрылды. Сонымен қатар, банктің меншікті капиталы ұзақ мерзімді активтерге жұмсалымдардың басты көзі.


Меншікті жəне тартылған коммерциялық банк ресурстары Ұлттық банкте ашылатын корреспонденттік шотта көрсетіледі. Бұл активтік шот, сондықтан да дебеті бойынша ресурстар, ал кредиті бойынша несиелік жұмсалымдар беріледі. Демек, дебеттік қалдықтың шамасы банктің бос резервінің мөлшерін көрсетеді. Банктің бос резервінің мөлшері активтік операцияларға жұмсалмаған оның ресурстарының шамасын білдіреді. Осы бос резервтер сомасы қаншалықты жоғары болса, банктің тұрақтылығы соғұрлым жоғары, бірақ пайдасы төмен болады. Керісінше, егер бос жатқан қаражаттарының шамасы аз болса, онда тұрақтылығы төмен, пайдасы жоғары келеді. Сондықтан да, əрбір коммерциялық банк өзінің корреспонденттік шоттағы қалдығын үнемі ықшамдауға ұмтылады.
Банктің меншікті капиталы - банктің қаржылық тұрақтылығын, коммерциялық жəне шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін құрылған банктің əр түрлі қорлары мен сол сияқты ағымдағы қызметінің нəтижесіне байланысты жəне өткен жылдардағы бөлінбеген пайдасы.
Банктің меншікті капиталының құрылымы бірдей емес, себебі, оларға əсер ететін əр түрлі факторларға, атап айтсақ, активтер сапасына, меншікті пайданың пайдаланылуына, капиталдың бағасын нығайту мақсатына жəне банк саясатына байланысты жыл бойына өзгеріп отырады.
Сонымен, қазіргі коммерциялық банктердің меншікті капиталы мынадай баптар құрайды:

  • жарғылық капитал;

  • эмиссиялық табыс;

  • банктің арнайы қорлары;

  • негізгі қорлардың тозуы;

  • экономикалық ынталандыру қорлары;

  • банк пайдасы арқылы өндірісті және әлеуметтік дамуға бағытталған қаражаттар;

  • валюталық қаражаттарды қайта бағалау қоры;

  • өткен жыл мен ағымдағы жылдың пайдасы;

  • банк операциялары бойынша тəуекелдерді төмендету мақсатында құрылған қорлар (резервтер);

  • өткен жылдың бөлінбеген пайдасы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   91




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет