S = (P x I x t / K) / 100,
мұндағы:
S — есептелген пайыздардың сомасы
Р — енгізілетін сома немесе салынған сома
I — салым бойынша жылдық пайыздық мөлшерлеме
t — пайыздар есептелетін кезең, күндерде
K — жылдағы күндер саны (жыл кібесе болады)
Салым бойынша капиталдандырумен пайыздарды қалай есептеуге болады? Бұл үшін мына формула қолданылады:
S = (P x I x j / K) / 100,
Мұндағы,
S — есептелген пайыздардың сомасы
Р — енгізілетін сома немесе салынған сома, сондай-ақ капиталдандыру нәтижесінде ұлғайтылған барлық кейінгі сомалар
I — салым бойынша жылдық пайыздық мөлшерлеме
j — капиталдандыру жүргізілетін кезеңдегі күндер саны
K — жылдағы күндер саны
Бақылау сұрақтары:
1. Депозиттің қандай түрлері болады?
2. Депозиттік және жинақ сертификаты не?
3. ҚР халық салымдарын қорғау тәжірибесі?
ДӘРІС 4. БАНКТІК ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ҚОРЛАНДЫРУДЫҢ ДЕПОЗИТТІК ЕМЕС КӨЗДЕРІ. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТІҢ МІНДЕТТЕМЕ ПОРТФЕЛІН БАСҚАРУ.
Дәрістің мақсаты: банктік операцияларды қорландырудың депозиттік емес көздері мен коммерциялық банктің міндеттеме портфелін басқару туралы мағлұмат беру.
Негізгі терминдер: пассивтік операциялар, РЕПО мәмілесі, кері РЕПО, депозиттік операциялар, депозиттік емес операциялар, банкаралық несиелер, синдикатталаған қарыз
4.1 РЕПО мәмілесі.
4.2 Банкаралық несиелер және олардың ресурстық базасын қалыптастырудағы рөлі. Синдикатталған қарыздардың мәні және қажеттілігі.
4.1 РЕПО мәмілесі
Пассивті операциялар депозиттік және депозиттік емес болып бөлінеді. Пассивтік операциялардың басым үлесін депозиттік операциялар алады.
Банк депозиттік емес ресурстары банктің қысқа мерзімді өтімділігін қолдау мақсатында тартылады. Оларға: банкаралық несиелер, Ұлттық банктің несиелері, банктердің меншікті бағалы қағаздарын эмиссиялау нəтижесінде тартқан ресурстары, сондай-ақ отандық жəне шетелдік басқа да қаржы нарығынан сатып алынған ресурстары жатады.
Депозиттік емес ресурстардың ішінде РЕПО мәмілесіне тоқталсақ.
РЕПО (repurchase agreement, repo)- бағалы қағаздарды белгілі бір мерзімнен кейін қайтадан сату міндеттемесін ала отырып сол мезетте сатып алу мәмілелерінің қаржылық операциясы. РЕПО-ның басты мақсаты бағалы қағаздар кепілдігімен қысқа мерзімді несиелеуді жүзеге асыру. РЕПО операцияларының басты объектілері - мемлекеттік қазыналық міндеттемелер, Орталық Банктің ноттары және тағы да басқа өтімді бағалы қағаздар.
РЕПО операцияларына Орталық Банк, коммерциялық банктер, компаниялар, бағалы қағаздар рыногының қатысушылары қатысады. РЕПО операцияларына қатысудағы қатысушылардың көздейтін мақсаты:
- Орталық Банк - айналыстағы ақша массасын реттеу, бағалы қағаздар нарығын дамыту, коммерциялық банктердің өтімділігіне қолдау көрсету.
- Коммерциялық банктер - өтімділікті қамтамасыз ету, қосымша қаржы көздерін тарту, пайда табу;
- Қаржылық компаниялар - қосымша қаржы көздерін тарту, пайда табу.
РЕПО (repurchase agreement, repo) бағалы қағаздармен қамтамасыз етілген екі жақты міндеттемелерден тұратындықтан тікелей РЕПО және кері РЕПО болып 2-ге бөлінеді.
Тікелей РЕПО-бағалы қағаздарды қайта сатып алу міндеттемесімен сату, кері РЕПО- тікелей РЕПО шартында белгіленген мерзімде қайтадан сатып алу міндеттемелеріне сәйкес бағалы қағаздарды қайтадан сатып алу. Мұнда тікелей РЕПО- СПОТ мәмілелері, кері РЕПО- форвард мәмілелері болып саналады. РЕПО овернайты - СПОТ мәмілелеріне (тікелей-today, кері-tomorrow) жатқызылады.
Мерзіміне қарай РЕПО операциялары 1 күндік, ашық (мерзімі дәл бекітілмеген) және мерзімдік (1 күннен жоғары-7 күн) болып бөлінеді. Проценттік ставка РЕПО-ның мерзіміне қарай анықталады.
Банктердің мемлекеттің бағалы қағаздарымен жасайтын РЕПО жəне кері РЕПО операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемелерін ҚР Ұлттық банкі белгілейді.
РЕПО операциялары әр жақтың позициясынан атқарылуы мүмкін. 1-суретте Орталық Банк пен коммерциялық банктің арасындағы РЕПО операцияларының мазмұны қөрсетілген. РЕПО-ның 1-бөлімі тікелей РЕПО-да Орталық Банк коммерциялық банктің бағалы қағаздарын белгілі бір мерзімнен кейін қайтадан сату шартымен кепілдікке ала отырып, ақша береді. РЕПО-ның 2- бөлімі кері РЕПО-да коммерциялық банк үстеме ақысымен ақшаны қайтара отырып, бағалы қағаздарын сатып алады.
Достарыңызбен бөлісу: |