1.Тікелей РЕПО
ОРТАЛЫҚ БАНК
|
Бағалы қағаздар
Ақша немесе кредит
|
КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНК
|
2. Кері РЕПО
ОРТАЛЫҚ БАНК
|
Бағалы қағаздар
Ақша немесе кредит+ставка РЕПО
|
КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНК
|
Сурет 1.Репо мәмілелері
Орталық Банк бағалы қағаздарды сатып алған кезде коммерциялық банктің активтері азайып, пассивтері көбейеді және айналыстағы ақша массасы ұлғаяды. Орталық Банк бағалы қағаздарды қайтадан сатқан кезде коммерциялық банктің активтері көбейіп, пассивтері азаяды және айналыстағы ақша массасы азаяды. Коммерциялық банк тікелей РЕПО барысында алған ақшалай қаражаттарын несиелік ресурстар ретінде қолдануы мүмкін немесе қарыздарын өтеп өтімділігін реттеуі мүмкін. Нәтижесінде РЕПО ставкалары бойынша шығындар жабылады.
Қазақстанда кері РЕПО, СВОП және қысқа мерзімді займдары бойынша ресми сыйақы ставкасы ресми қайта қаржыландыру ставкасы мөлшерінде белгіленеді.
ҚР Ұлттық Банкі барлық екінші деңгейдегі банктермен кері РЕПО операцияларын келесі бағалы қағаздарды кепілдікке алу арқылы жасайды:
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары.
- 01.04.2009 жылға дейін шығарылған және алғашқы нарықта банктер сатып алған «Самұрық-Қазына ҰӘҚ» АҚ-ның облигациялары.
РЕПО операциялары мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының жалпы өтімділігін қамтамасыз етеді. Мамандар РЕПО нарығының перспективасы өте жоғары деп бағалайды, олардың пікірінше РЕПО бағалы қағаздар нарығының маңызды сегментіне айналуы мүмкін.
Басқарылатын пассивтердің қатарында қайтадан сатып алу міндеттемесімен сатылатын бағалы қағаздар-банктік ресурстардың маңызды көзі олып табылады. Сондықтан РЕПО қазақстандық коммерциялық банктер үшін бағалы қағаздармен жүргізілетін жаңа операция түрі болып саналғанымен олар оны көп қолданады. Себебі РЕПО мәмілелері сатушы үшін де сатып алушы үшін де тиімді. Біріншіден, қайта сатып алу жөніндегі 1 күндік РЕПО мәмілелері ең жоғары өтімділікке ие. Сатушы келесі күні ол мәмілелерді қайтадан сатып алады. Екіншіден, қайта сатып алу жөніндегі 1 күндік РЕПО мәмілелері бағалы қағаздарды сатып алушыға кіріс әкеледі. Үшіншіден, көмегімен активті операцияларды жүргізу үшін немесе өздерінің кенеттен туындаған борыштық міндеттемелерін өтеу үшін жылдам ақша табу мүмкіндігіне ие болады. Сөйтіп өздерінің өтімділігін қамтамасыз етеді, төлем тәуекелін төмендетеді. Төртіншіден, РЕПО операциялары бойынша резервтік талаптар бекітілмейді, банктік депозиттерді сақтандыру ақысын төлеу талап етілмейді.
РЕПО мәмілелері ҚР Ұлттық банкінің 1996 жыл 28-наурыздағы «ҚР мемлекеттік бағалы қағаздарымен РЕПО және кері РЕПО операцияларын жүргізу ережесі» бойынша жасалады. Ереже бойынша тікелей РЕПО және кері РЕПО операцияларын жүргізу үшін екі жақты келісім-шарт жасалады. Тікелей РЕПО және кері РЕПО операцияларын мерзімі 1 күннен жоғары болуы керек, бірақ РЕПО-ны жабу күні бағалы қағазды өтеу мерзімінен 5 күннен артық болмауы тиіс.
РЕПО келісім шарты күнтізбелік 1 жылға жасалады. Сатушы және сатып алушы РЕПО келісім-шарттарын қайта қарай алады, бірақ сол кезеңде қатысушы екі жақтың екеуі де бағалы қағаздарды қолдануға құқылы емес. Егер РЕПО-ның ашылу немесе жабылу сәтіне екі жақтың бір келісім-шарттағы өз міндеттерін орындай алмаса, онда бұрынғы шарт бұзылған болып саналады.
РЕПО операциялары бағалы қағаздардың қозғалысы мен сақталу әдісіне қарай түрлі ерекшеліктерге ие болады.
Оны нұсқа бойынша қарастыратын болсақ 1- нұсқа бойынша РЕПО-ның 1-бөлігінде сатып алынған бағалы қағаздар сатып алушының қолына өтеді. Бұл жағдайда ол несиелік тәуекелді азайтады. 2-нұсқа бағалы қағаздар 3-ші жақтың пайдасына өтеді. РЕПО-ның бұл түрі 3 жақты РЕПО деп аталады. 3-жақ РЕПО қатысушылар алдында аударылған бағалы қағаздардың түрлерін тексеруге, маржаның жағдайын қадағалап отыруға міндетті болады. Ол сонымен бірге РЕПО келісім-шартының дұрыс орындалуына кепілдік етіп, бұл қызметі үшін ақы алып отырады. 3-нұсқа бойынша бағалы қағаздар сатушының қолында қалып, ол сатып алушының сенімгерлік және бағалы қағаздарды сақтаушы тұлғасы болады. РЕПО-ның бұл түрі сенімгерлік РЕПО деп аталады және шығыны аздау болады. Бағалы қағаздарды қайтадан сатып алған кезде оның құрамы РЕПО-ның бірінші бөлігіндегі бағалы қағаздардан басқа болуы да мүмкін. Бұл келісім-шартта қаралған болуы керек.
Инвесторлар бұл операцияларды өздерінің дилерлері арқылы тек Ұлттық Банктің депозит қабылдауға лицензиясы болған жағдайда ғана жүзеге асыра алады.
Сауда жүйесінде РЕПО операцияларын жүргізу 2 әдіспен атқарылады:
1) Тікелей әдіс-тікелей мәмілелер жасау жолымен жасалатын РЕПО;
2) Автоматты әдіс-автоматты РЕПО нарығындағы үздіксіз аукцион өткізу есебімен жасалатын РЕПО. Автоматты РЕПО бөлек қаржы құралдары есебінде жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |