«Банк ісі» Пәнінің оқу әдістемелік кешені



бет4/91
Дата07.10.2023
өлшемі5.04 Mb.
#480087
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   91
«Áàíê ³ñ³» Ï?í³í³? î?ó ?ä³ñòåìåë³ê êåøåí³ 2

4-тақырып. Банктік операцияларды қорландырудың депозиттік емес көздері. Коммерциялық банктің міндеттеме портфелін басқару.

Банктің операцияларының ерекшеліктері және оларды жүргізудің алғы шарттары. Несиелік операциялар – активтік операциялардың ең негізгі бағыты және коммерциялық банктердің қызметтеріндегі басты табыс көзі. Несиелік портфель туралы түсінік. Несиелік операциялардың банктің активтік операцияларындағы табыс көзіне қарай алатын орны. Банктердің активтік операцияларын жүргізудің құқықтық негізі. Несиелік және инвестициялық активтік операциялардан басқа да коммерциялық банктердің табыс әкелетін және табыс әкелмейтін операциялары.


РЕПО мәмілесі. Банкаралық несиелер және олардың ресурстық базасын қалыптастырудағы рөлі. Синдикатталған қарыздардың мәні және қажеттілігі. Банктік акцептерді сату. Коммерциялық банктердің пассивтерін басқару.


5-тақырып. Банк активтерін басқару

Активтер және активтік операциялар туралы түсінік, олардың пассивтік операциялардан айырмашылығы. Банк активтерінің сипаты мен сапасы, активтердің жіктелуі. Банктің «активтер портфелі» туралы ұғым және «активтер портфелін» қалыптастырудағы активтік операцияларды тиімді ұйымдастырудың рөлі. Активтік операцияларды ұйымдастырудың принциптері. Коммерциялық банктердің активтері мен банк типтес емес басқа заңды тұлғалардың активтерінің бір-бірімен салыстырғандағы ерекшеліктері. Банк активтерінің сапасы туралы ұғым, оларды сапасына байланысты топтастырудың критерийлері: өтімділігі, табыс әкелу дәрежесі, тәуекелділігі. Активтік операциялардың негізгі бағыттары. Активтік операциялардың түрлері және олардың табыс әкелу дәрежесіне байланысты салыстырмалы маңызы және топталуы.


Банк активтерінің құрамы мен құрылымы, оларды өтімділік дәрежесіне қарай топтастыру, орналастыру саясаты. Табыс әкелетін және табыс әкелмейтін активтер, олардың ара салмағын үнемі реттеп отыру қажеттілігі. Бірінші реттегі резервтік активтер, екінші реттегі резервтік активтер. Инвестициялық портфель, инвестициялық портфельді диверсификациялау: эмитенттердің қаржылық жағдайы мен сенімділігіне байланысты, бағалы қағаздар әкелетін дивиденттің мөлшеріне байланысты, сұраныс пен ұсыныстың нәтижесінде нарықтық жағдайда қалыптасатын проценттік ставкамен анықталатын бағалы қағаздардың бағасына байланысты, эмитенттердің географиялық мекен-жайына байланысты. Табыс әкелмейтін активтер және олардың маңызы. Банк активтерінің Standart& Poors анықтайтын рейтингісі және соған сәйкес тәуекелділік мәндері (А-; А+; ВВ+; ВВВ- т.б.).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   91




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет