«Банк ісі» Пәнінің оқу әдістемелік кешені



бет6/91
Дата07.10.2023
өлшемі5.04 Mb.
#480087
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   91
«Áàíê ³ñ³» Ï?í³í³? î?ó ?ä³ñòåìåë³ê êåøåí³ 2

8-тақырып. Банктік қарыздардың қайтарымдылығын қамтамасыз етy нысандары

Клиенттің несиелік қабілетін анықтау әдістері: жоғарыда аталған коэффициенттерді есептеу, талдау жасау. Ірі және орташа клиенттердің, шағын бизнес саласында кәсіпкерлікпен айналысатын клиенттердің несиелік қабілетін анықтаудың ерекшеліктері мен әдістері. Клиенттердің несиелік қабілетін олардың іскерлік тәуекелін талдау арқылы бағалау. Жеке тұлғалардың несиелік қабілетін анықтаудың жолдары. Жобалық несиелеу ерекшеліктері. Олардың несиелік қабілетін сипаттайтын факторлар: әлеуметтік жағдайы, жасы, кәсіби мамандығы, табысы, қолда бар өтімді игіліктері (депозиттерін қоса), тұрақты жұмыс орны, мекен-жайы, денсаулығы. Клиенттердің несиелік қабілетін олардың ақша ағыны мен активтерінің сапасын бағалау арқылы анықтау. Ақша ағыны туралы түсінік және оның мазмұны. Клиенттердің несиелік қабілетін бағалаудың шет елдік тәжірибелері: тұтыну несиесін алатын жеке азаматтардың несиелік қабілетін балл беру арқылы бағалау, клиенттің қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын «Зета моделі» (2), Альтман формуласы, клиенттердің репутациясын бағалаудың «6С» ережесі, ағылшынның «РАЯТ8», «САМРАКІ» жүйелері, батыс елдеріндегі банктерде жиі қолданатын несиелік скоринг (crecШ зсоriп), американдық Д.Дюраның ұсынған жеке азаматтардың несиелік қабілетін анықтау әдісі, Чессердің коммерциялық несиені бағалау моделі.




9- тақырып. Банктік пайыз және пайыздық есептеу

Нарықтық қатынасқа өтуге байланысты бұл заңдылықтардың «ақша ағыны», «активтердің сапасы», «дисконттау консепциялары» т.б. жаңа ұғымдармен толықтырылуы. Банктің несиенің айналым және негізгі капиталдарды қалыптастыруда (ұдайы өндіруде) қаржыландыру көзі ретіндегі мәнінің жаңа қырынан танылуы. Бұған қатысты шет елдік тәжірибелерді зерттеу. Несиелеудің үш түрлі әдісі: қалдықтар (сальдо) бойынша несиелеу және аралас әдіспен несиелеу (айналым-сальдо); тауарлы – материалдық құндылықтардың айналымы бойынша несиелеу. Несиелеу әдістерінің негізгі айырмашылықтары. Нарықтық экономикаға өтуге байланысты объектілерді несиелеуден субъектілерді несиелеуге, несиелік кепіл сапасына көшуге нақты жағдайлардың тууы. Ссудалық шоттардың формалары: арнайы ссудалық шоттар, контокорренттік ссудалық шоттар.


Банктің несиелік саясаты және оның құрамдас бөліктері. Банктің несиелік саясатын қалыптастыруға ықпал ететін факторлар және олардың депозиттік саясатпен байланысы. Несиелеуді ұйымдастыру қағидаттары.


10 - тақырып. Корпоративтік және бөлшек несиелеу үдерісін ұйымдастыру
Тұтыну несиесінің формалары мен түрлері: қамтамасыз етілуіне байланысты (қозғалмайтын мүлікпен, яғни ипотекамен, бағалы қағаздармен, кепілдемемен) және несиелеу субъектілеріне байланысты. Қазақстандағы ипотекалық несиелеу жүйесі және оның үлгілері. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі. Қазақстандық ипотекалық компания және оның әріптес банктері. Олардың жеке азаматтарға тұрғын үй сатып алуына несие беруі, несиенің мөлшерін анықтау тәртібі, несиені қайтару аннуитеті. Қазақстан Республикасында жеке азаматтарға несие беру тәртібі. Банктердің жеке тұлғаларға несие беру тәртібі мен несиелеу объектілері: азаматтардың кезек күттірмес мұқтаждықтарын өтеу, тұрғын үй салу немесе күрделі жөндеулер жүргізу, ұзақ тұтынатын жекеменшік мүліктерін сатып алу т.б. Банк мекемелері мен жеке азаматтар арасында несиелік шарт жасасу тәртібі және оның мазмұны. Коммерциялық банктердің несие алатын жеке тұлғаларды әлеуметтік және экономикалық жағдайын байланысты топтауы, жеке азаматтарға кешенді қызмет көрсететін коммерциялық банктердің орталығы. VIP клиенттер, клиентуралық нарықты сегменттеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   91




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет