«Банк ісі» Пәнінің оқу әдістемелік кешені


Қазақстандық банктердің эмиссиондық, кастодиандық, делдалдық қызметтері



бет65/91
Дата07.10.2023
өлшемі5.04 Mb.
#480087
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   91
«Áàíê ³ñ³» Ï?í³í³? î?ó ?ä³ñòåìåë³ê êåøåí³ 2

12.2 Қазақстандық банктердің эмиссиондық, кастодиандық, делдалдық қызметтері.

Банктер қаржылық делдал ретінде мынадай операцияларды орындайды: - несиедегі делдалдық;- есеп айырысудағы делдалдық;- кастодиандық делдалдық;- брокерлік-дилерлік делдалдық қызмет, т.б.


Банктер биржалардың міндетті қатысушысы болып табы­лады. Олар биржалық операцияларды дербес ұйымдастыра ала­ды әрі бағалы қағаздар саудасы бойынша операцияларды да дербес орындай алады.
Коммерциялық банктер өз клиенттеріне әр түрлі депозит түрінде ақша сақтаудың қолайлы формаларын ұсынады, бұл өтімділікте клиенттің қажеттілігін қанағаттандыра отырып, олардың сақталуын қамтамасыз етеді.
Кастодиан – клиенттердің қаржы құралдарының және ақшаларының есебін жүргізетін және олар бойынша құқықтарды растауды, клиенттердің құжаттамалық қаржы құралдарын сақтау бойынша міндеттемелерді өзіне алу арқылы оларды сақтауды және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес өзге де қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы. 
Кастодианның клиенттері – өздеріне тиесілі бағалы қағаздар мен өзге де активтердің есебін жүргізу және сақтау үшін есепшоттар ашатын жеке және заңды тұлғалар. 
Кастодиан келесі қызметтерді жүзеге асырады: 
Клиент кастодиандық қызмет көрсетуге берген ақшаға, қаржы құралдарына және өзге де активтерге қатысты клиенттің есепшоттарын ашады;

  • Кастодиандық қызмет көрсетуге берілген ақшалардың, қаржы құралдарының және өзге де активтердің есебін жүргізуді қамтамасыз етеді;

  • Клиенттің қаржы құралдарымен және кастодиандық қызмет көрсетуге берілген өзге де активтерімен жасалған мәмілелер бойынша төлем агентінің қызметін атқарады;

  • Клиенттің бұйрығы негізінде немесе орталық депозитарий мен сауданы ұйымдастырушының ішкі құжаттарына сәйкес қаржы құралдарымен жасалған мәмілелерді тіркейді және оның осы қаржы құралдарына берілген құқықтарын растайды;

  • Каржы құралдары бойынша табыс алады және оларды Клиенттердің есепшоттарына есепке алады;

  • Клиенттердің құжаттамалық қаржы құралдарын сақтайды;

  • Клиенттердің бұйрықтарын олардың мазмұнына сәйкес орындайды; 

  • Клиенттердің активтерін өзінің меншікті активтерінен бөлек оқшау сақтауды және есебін жүргізуді қамтамасыз етеді;

  • Клиенттердің кастодиандық сақтауға қабылданған қаржы құралдарын және өзге де активтерді сақтауды және олардың есебін жүргізуді қамтамасыз етеді;

  • Клиенттің қаржы құралдары мен ақшасының есебін жүргізу және есепке алу технологиясын сақтайды;

  • атаулы қаржы құралдарының есебін жүргізуді қамтамасыз етеді;

  • өз Клиенттерінің активтерімен жасалатын мәмілелердің орындалуына, оның ішінде жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерінің, инвестиция қорларының активтерінің, сондай-ақ арнайы қаржы компанияларының активтерінің мақсатына сай орналастырылуына (пайдаланылуына) Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Регламентте белгіленген тәртіппен бақылау жасауды қамтамасыз етеді. Аталмыш бақылауды Кастодиан инвестициялық қорлардың активтерін немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар, басқарушы агент немесе арнайы қаржылық компания ұсынған кастодианның есепке алу жүйесінде ашылған есепшоттар бойынша операциялар жүргізу жөніндегі құжаттардың және бұйрықтардың (тапсырмалардың): 

1.Қазақстан Республикасының заңнамасында; 
2. инвестициялық декларацияда (зейнетақы активтері мен акционерлік инвестициялық қорлардың активтеріне қатысты); 
3.үлестік инвестициялық қорлардың ережесінде;
4.кастодиан клиентінің активтеріне қатысты инвестициялық қызметті шектеуге бағытталған уәкілетті орган қолданған шектелген ықпал ету шараларында немесе ерте әрекет ету шараларында бекітілген талаптарға сәйкестігін тексеру арқылы жүргізеді. 

  • Ішкі есепке алу жүйесінде клиенттердің есепшоттарындағы активтері туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етеді;

  • Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіппен уәкілетті органға мәліметтер ұсынады;

  • Кастодиандық қызмет көрсетуге берілген бағалы қағаздарды атаулы ұстауды жүзеге асырады;

  • Клиентке эмитенттің және орталық депозитарийдің тапсырмасы бойынша мәліметтер береді;

  • Тұрақты негізде және бірінші талабы бойынша клиенттерге олардың есепшоттарының жай-күйі туралы есептілік береді;

  • Кастодиандық қызмет көрсету шартында көрсетілген қызметтерді ұсынады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   91




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет