Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Банк және банк қызметi туралы. Өзгертулер мен толықтырулар енгізілген ҚР Президентiнiң заң күшi бар Жарлығы. 31.08. 1995
Жарковская Е.П. Банковское дело. Учебник. –М.: Омега-Л, 2008. - №2. - С. 51-54: табл.
Сейкасымов.Г. Бекболатұлы Ж. Каримжанов С. Қазақстанның банк жүйесі. Алматы. Экономика. 2008. 1. - С. 9-16.
Мақыш С.Б. Банк ісі. Оқулық –Алматы. Издат-Маркет, 2007-441 б.
Ширинская Е.Б. Операции коммерческих банков: российский и зарубежный опыт // М.: «Финансы и статистика». – 2005. – С. 32-34.
ДӘРІС 13. БАНКТЕРДІҢ ЛИЗИНГТІК, ТРАСТАЛЫҚ, ФАКТОРИНГТІК ЖӘНЕ ФОРФЕЙТИНГТІК ҚЫЗМЕТТЕРІ
Дәрістің мақсаты: білім алушыларға лизингтік, трасталық, факторинг және форфейтингтік қызметтер туралы мағлұматтар беру.
Негізгі терминдер: лизинг, траст, факторинг, форфейтинг, банк, банктік қызмет
13.1 Лизинг түрлерінің жіктелуі және лизингтік операциялар. Траст операцияларының мәні.
13.2 Факторинг мәні және мүмкіндіктері. Форфейтинг операцияларының мәні және олардың факторингтен айырмашылығы.
13.1 Лизинг түрлерінің жіктелуі және лизингтік операциялар. Траст операцияларының мәні.
Лизинг – lease («мүлікті уақытша пайдалануға алу және беру») етістігінен шығатын ағылшын сөзі. Лизинг бір ұйымның (пайдаланушы-лизинг алушы) басқа ұйымға (лизингтік компанияға) қажетті құрал-жабдықты сатып алу және оны оған пайдалануға беру өтінішімен барған кезде болатын мүліктік қатынастар деп аталады.
Лизинг – бұл қаржылық жалға беру келісім-шарты (лизинг) бойынша жалға беруші (лизинг беруші) келісім-шартта көзделген мүлікті белгілі бір сатушыдан меншікке сатып алуға және осы мүлікті жалгерге (лизинг алушыға) кәсіпкерлік мақсаттар үшін уақытша пайдалануға төлемақыға беруге міндеттенуі кезінде уақытша бос немесе тартылған қарыз қаражаттарын инвестициялауға бағытталған инвестициялық қызметтің түрі.
Достарыңызбен бөлісу: |