«Банк ісі» Пәнінің оқу әдістемелік кешені


Ұсынылатын әдебиеттер тізімі



бет64/91
Дата07.10.2023
өлшемі5.04 Mb.
#480087
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   91
«Áàíê ³ñ³» Ï?í³í³? î?ó ?ä³ñòåìåë³ê êåøåí³ 2

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі



  1. Банк және банк қызметi туралы. Өзгертулер мен толықтырулар енгізілген ҚР Президентiнiң заң күшi бар Жарлығы. 31.08. 1995

  2. Жарковская Е.П. Банковское дело. Учебник. –М.: Омега-Л, 2008. - №2. - С. 51-54: табл.

  3. Сейкасымов.Г. Бекболатұлы Ж. Каримжанов С. Қазақстанның банк жүйесі. Алматы. Экономика. 2008. 1. - С. 9-16.

  4. Мақыш С.Б. Банк ісі. Оқулық –Алматы. Издат-Маркет, 2007-441 б.

  5. Ширинская Е.Б. Операции коммерческих банков: российский и зарубежный опыт // М.: «Финансы и статистика». – 2005. – С. 32-34.



ДӘРІС 12. ҚОР НАРЫҚТАРЫНДАҒЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ОПЕРАЦИЯЛАРЫ


Дәрістің мақсаты: білім алушыларға қор нарықтарындағы коммерциялық банктердің опреациялары туралы мағлұматтар беру.
Негізгі терминдер: бағалы қағаздар нарығы, инвестициялық портфель, эмиссиондық қызмет, кастодиандық қызмет, делдалдық қызмет

12.1 Бағалы қағаздар нарығындағы банктердің ролі. Банктердің инвестициялық портфелі. Инвестициялау портфелін басқару.


12.2 Қазақстандық банктердің эмиссиондық, кастодиандық, делдалдық қызметтері.


12.1 Бағалы қағаздар нарығындағы банктердің ролі. Банктердің инвестициялық портфелі. Инвестициялау портфелін басқару.

Инвестициялық портфель деп – шетел компаниясына бақылау орнатуға мүмкіндік бермейтін, акциялар,облигациялар және капитал салымдарының басқадай түрлерін айтамыз. Инвесторлар пайданы тек бағалы қағаздар ережелеріне сәйкес ала алады.


Инвестициялық портфель – ірі корпорация,орталық және жеке меншік банктер шығаратын қарыз облигацияларын, шетел капиталын тарту арқылы қаржыландырудың маңызды көзі. Шетелдік портфельді инвестицияларды жүзеге асыруда делдалдық қызметті ірі инвестициялық банктер жүргізеді.
Инвестициялық портфель қозғалысына жекелеген елдердегі облигацияға төленетін пайыз мөлшерлемесінің нормасындағы айырмашылық қатты әсер етеді.
Инвестициялық портфельдің тікелей инвестициялардан негізгі айырмашылығы – портфельді инвестор өзі қаржыландыратын кәсіпорынға бақылау орнатуға ұмтылмайды. Кейбір халықаралық компаниялар жарғыларында оның өзі қаржы салатын кәсіпорында директорлар кеңесіне сайлануына және басқаруына қатысуға тыйым салынған. Бұл басқаруға қатысу жаңа мамандар штаттан қажет етіп, бас компанияның инвестициялық саясатындағы икемділігін азайтар еді.
Инвестициялық портфельдің экономикалық мағынасындағы анықтамасында оны «тірі және затталған еңбектің өндіісін қуаттарды жасақтап, оның көмегімен өндіріс үрдісіне тірі еңбек тұтынуына қарағанда қосымша құнды өндіруге бағытталған салымдар үрдісі». М.И.Кулагин инвестиция дегенде ұлттық экономиканың өндіріс,көлік,ауыл шаруашылығы мен басқа салаларға,ұзақ мерзімді,пайда алу мақсатында салынған қаржыларды түсінуді ұсынады.
Дж.М.Кейнс пікірінше инвестиция дегеніміз, капиталды мүліктің осы кезеңдегі өндіріс әрекеті нәтижесіндегі құндылықтардың өсімі немесе ұлттық табыстың тұтынылмаған бөлігі. Жобалық талдаудың міндеттеріне инвестициялық жобаның іске асырылуын бағалаужобаның нәтиелілігін бағалау, жобаның тиімділігін бағалау және жобаны оптимизациялау жатады.
Инвестициялық қаржы жағынан анықтамалығы – бұл табыс табу мақсатында шаруашылық қызметіне жұмсалатын активтердің барлық түрлері. Ал экономикалық жағынан экономикалық анықтамалығы – ол құруға,кеңейтуге,қайта құруға,негізгі капиталды техникамен жарақтандыруға, сол сияқты айналмалы капитал осымен байланысты емес өзгерістерге көпшілігінде негізгі капиталға жұмсалатын қозғалысын түсіндіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   91




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет