Банк туралы түсінік, оның түрлері, қызметтері


Ақша-несие саясатының түрлері мен типтері



бет2/2
Дата10.10.2022
өлшемі28.73 Kb.
#462332
түріДиплом
1   2
Кабдунасар рк1 макроэкон

Ақша-несие саясатының түрлері мен типтері
Ақша-несие — бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін өзгертуте,жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы. Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі субъектісі — Ұлттық банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу объектілеріне экономикадағы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз жиынының жиынтығы жатады.
Ақша-несие саясатының екі түрі бар: ынталандырушы және тежеуші.
Ынталандырушы монетарлық саясат экономиканың «төмендеу» кезінде, жұмыссыздықпен күресу және еңбек белсенділігін арттыру мақсатында жүргізіледі.
Ынталандырушы саясат Ұлттық банк тарапынан ақша ұсынысын өсіру шаралары арқылы жүзеге асырылады: Ол шаралар:
• міндетті резервтер нормасын төмендету;
• есептелген пайыз мөлшерлемесін төмендету;
• Ұлттық банктің мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алуы.
Тежеуші монетарлық саясат экономиканың «өрлеу» кезінде инфляцияны төмендету және еңбек белсенділігін азайту мақсатында жүргізіледі.
Ұлттық банк тарапынан тежеуші монетарлық саясатты жүзеге асыру барысында ақша ұсынысын азайту шаралары пайдаланылады. Ол шаралар:
• міндетті резервтер нормасын өсіру;
• есептелген пайыз мөлшерлемесін өсіру;
• Ұлттық банктің мемлекеттік бағалы қағаздарды сатуы.
Шаруашылық жағдаятына байланысты ақша-несие саясатының екі типі болады:
1. рекстрикциялық ақша-несие саясаты;
2. экспанциялық ақша-несие саясаты.
Рекстрикциялық ақша-несие саясаты — екінші деңгейлі банктердің несиелік операциялар көлемін шектеуге және қатаң шарт белгілеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.
Экспанциялық ақша-несие саясаты — несие беру көлемін кеңейтумен, айналымдағы ақша жиынының өсуіне бақылаудың әлсіздігімен және сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуіне байланысты сипатталады. Соңғы жылдардағы ақша-несие саясатының басты көздеген бағыты-инфляцияны төмендету және теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Ақша саясатының құралдарын төмендегідей топтастыруға болады.
Ақырғы мақсат:
а) экономиканың өсуі;
ә) толық жұмысбастылық;
б) бағаны тұрақтандыру;
в) төлем балансын тұрақтандыру.
Аралық мақсат:
а) ақша жиыны;
ә) пайыз мөлшерлемесі;
б) айырбас курсы.
Құралдары:
а) несие берудің лимиті, пайыз мөлшерлемесін тікелей реттеу;
ә) міндетті резервтер нормасының өзгеруі;
б) есептеу молшерлемесінің өзгерісі;
в) ашық нарықтағы операциялар.
Тікелей (а) және жанама (ә,б,в) құралдарының арасында айырмашылықтар бар. Жанама құралдарды тиімді пайдалану ақша нарығының дамуымен тығыз байланысты. Нарықтық экономикада, әсіресе алғашқы өзгерістер кезеңіңде, тікелей және жанама құралдар пайдаланылады, соңғылары алғашқыларын ығыстырады.
Соңғы мақсаттар жалпы экономикалық саясаттың, сонымен қатар қазыналық, валюталық, сыртқы сауда, құрылымдық және басқа да саясаттарды ескере отырып, несие-ақша саясаты жоғарыда аталған саясаттардың бір бағыты ретінде қарастырылады.
Аралық мақсаттар нарықтық жағдайда тікелей орталық банктің жанама құралдары арқылы жүзеге асырылады. Бұл мақсаттарға жетуде Ұлттық банк ақша-несие саясатын жүргізуде.
Нысанаға алатын ақша базасы келесідей ақша-несие саясатының негізгі құралдарының көмегімен реттеледі:
• қайта қаржыландыру мөлшерлемесі: ресми мүдделендіру мөлшерлемесі деңгейін белгілеу;
• ҚҰБ-те (Қазақстан Ұлттық банкі) жинақталатын ең төменгі міндетті резервтер нормасын белгілеу, оның ішінде сырттан тартылған қаражаттарды мерзіміне, көлеміне және түрлеріне байланысты жіктеу;
• мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алу және сату бойынша ақша нарығындағы операцияларды жүргізу;
• банктерге және үкіметке несие беру;
• валюталық нарықтағы басқыншылық;
• кейбір жағдайларда несиелік операциялардың жекелеген түрлерінің деңгейі мен көлеміне тікелей сандық шектеулер енгізу;
• ресми есепке алу (дисконттық) мөлшерлемесі.
Ақша-несие саясатының құралдары
Пайздық саясат ақша-несие саясаты құралдарының бірі болып табылады. Ұлттық банк ақша нарығының сұраныс пен несие бойынша ұсыныстың инфляция деңгейінің жалпы жағдайлырана және инфляциялық күтімдеріне байланысты анықталатынортақ қайта қаржыландыру мөлшерлемесін бекітеді. Ұлтық банк өзінің пайыздық саясатын мемлекеттің ақша-несие саясатын іске асыру мақсатында, нарықтың пайыздық мөлшерлемесіне әсер ету үшін қолданылады. Қайта қаржыландыру мөлшерлемесін анықтау кезінде Ұлттық банк пайыздық мөлшерлемесін оң және нақты түрде қстап тұру мүдделігін ескереді.
Теңгені айналысқа енгізгеннен кейінгі пайыздық саясаттың негізгі мақсаты- теңгені несиеге деген сұранысын азайтатын, ал оның артынан ақша массасының өнім қарқынын азайтатын, сәйкесінше инфляцияны төмендетуді қамтамасыз ететін деңгейге дейін көтеру. Жоғары пайыздық мөлшерлемелер, дәлірек айтқанда, пайыздар үшін төлемдер шығындарды құрайтындардың бірі. Яғни, жаңа пайыздық саясат өзінің нәтижесін қандай да бір анықталмаған болашақта емес, қысқа уақыт аралығында беруі керек.
Қазақстандағы жоғары қарқынды инфляцияға қарсы күресте пайдалануға мүмкіндік беретін келесі бір факторға шетел валютасына деген шектен тыс сұранысты азайту шаралары жатады. Теңгені енгізгеннен кейін жарты жыл ішінде валютаның бағамдық айырмасы есебінен алыпсатарлық жолмен табыс алу мүмкіндігінің болуы ірі банктердің қысқа мерзімді капиталының қарыздықт нарықтан еліміздің валюта нарығына ағылуына жол берді. Айырбас бағамымен анықталатын теңгенің сыртқы құнының көрсеткіштер мен қарыздар бойынша пайыздық мөлшерлемелер және бағалық қағаздар бойынша табыстылық арқылы анықталатын теңгенің ішкі құнының көрсеткіштері арасындағы қатынастың бұзылуы ұлттық валютаның тұрақтылығына кері әсерін тигізеді. [2;
Қаржы операцияларының барлық түрлері бойынша пайыздық мөлшерлемесінің деңгейі Ұлттық банкінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесі бойынша индикативті анықталады. Сауданың түрлері бойынша төленетін пайыздық мөлшерлемелер өзара кейбір негізгі себептермен ерекшеленеді. Олардың арасынан мыналарды көрсетуге болады: қарыз мерзімінің әртүрлілігі, пайызды төлеумен байланысты тәуекелдің деңгейі және пайыздық мөлшерлемесінің өзгеру мүмкіндігімен байланысты тәуекелдің деңгейі және пайыздық мөлшерлемесінің өзгеру мүмкіндігімен байланысты тәуекелдің деңгейі.
Мемлекеттік қазыналық міндеттемелер, банкаралық несие, Ұлттық банкінің ноталары бойынша пайыздық мөлшерлемелер сауда мәніне сай келеді.
Ұлттық банкінің ноталы және қазыналық вексельдер бойынша табысы Ұлттық банкінің банкаралық несие бойынша табысынан төмен болады. Бұл мемелекеттік қазыналық міндеттемелер және Ұлттық банкінің ноталарының пайызды және қарызды төлеу жағынан несиелерге қарағанда үлкен сенімділігімен түсіндіріледі.
Резервтік талаптар. Банктерге берілетін несиенің көлемін реттеу үшін, банктің өз міндеттемелері бойынша төлей алмау тәуекелін төмендету және банктердің акционерлері мен салымшыларының мүдделерін қорғау мақсатында Ұлттық банк резервтік талаптар механизмін қолданады. [4; 333б]
Ақша нарығындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуде, банктерге берілетін несие көлемін реттеуде және олардың міндеттемелері бойынща төлемсіздікті төмендетуде, сол сияқты банктің салым иелері мен акционерлерінің мүдделерін қорғау мақсатында Ұлттық банк ең төменгі резервтік талаптар механизмін қол-данады.
Резервтік талаптар, ашық нарықтағы операциялар және пайыз саясатымен қатар коммерциялық банктерді жанама ақшалай-несиелік реттеудің негізгі құралдарының біріне жатады. Қазақстан банк жүйесінің бүгінгі даму жағдайында резервтік коммерциялық банктердің депозиттерін сақтандыру қызметін, екінші жағынан, экономикадағы ақшалай мультипликатор үрдісін реттеу қызметтерін атқарады.
Ақша-несие саясатының бұл құралы 1993 жылы 1 қаңтарда енгізілген «ҚР Коммерциялық, кооперативтік және жеке банктердің қызметін реттеу туралы» нұсқауға сәйкес, міндетті резерв нормативі 18-20% мөлшерінде бекітілген болатын. Қазіргі уақытта ол төмендеп, 10,5%-ды құрайды. Банктер резервтерінің артық болуы, яғни Ұлттық банктегі корреспонденттік шоттардағы қаражаттардың өсуіне байланысты резервтік талаптар шамасьгн төмендетіп қана қоймай, сол сияқты резервтеудің баламалы тәртібіне өтуге, яғни бұл банктердің нормативтерін орындау барысында корреспонденттік шоттағы қаражаттар сомасын ең төменгі резервтер мөлшерінен төмен болмауын сақтап отыруға тиістілігін білдіреді.
Әлемдік тәжірибеде міндетті резервтердің өте жоғары деңгейде болуы, банк жүйесінің қаржы делдалы ретіндегі тиімділігін нашарлатып, ал ең төменгі резервтер нормасының артуы несиелік ресурстардың экономикаға құйьшуына тосқауыл болатындығын көрсетеді. [1; 285б]
Банк резервтерінің шамадан тыс өсуіне байланысты резервтік талаптардың мөлшерін азатып қана қоймай, сонымен қатар, резервтердің баламалы тәртібіне ауысу мүмкіндігі пайда болады. Яғни, экономикалық нормативтерді орындайтын банктердің корреспенденттік шоттағы қаражаттарының мөлшері резервті талаптардан кем болмау керек.
Ұлттық банк орташа айлық қалдыққа байланысты пайызды банктің корреспонденттік шоты бойынша төлейді. Резервтер бойынша пайызды төлеу резервтік талаптардың жоғары болу жағдайында несиелер жіне тартылған депозитер бойынша банктердің пайыздық мөлшерлемемсі арасындағы айырманы азайту қажеттілігі туындайды.
Ақша-несие қатынастарын мұндай бақылау және реттеу механизмі ашық нарықтағы операцияларға және есеп мөлшерлемелерінің өзгерісіне қарағанда сирек пайдаланылады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет