Бұқар жырау ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамына баяндама. Кіріспе



бет3/4
Дата03.07.2016
өлшемі363 Kb.
#174541
1   2   3   4

Мәдениет және спорт

Талдау кезеңінде мәдениеттің дамуы мәдениет нысандары санының артуына, өткізілетін шаралар санының артуына бағытталды, Мәдениет нысандарының материалдық-техникалық базасы маңызды жақсартылды, кітапхана және клубтық мекемелермен ұсынылатын қызметтердің сапасы жақсартылды.

Ауданда дене шынықтыру және спорттың өсуімен спорт нәтижелерінің жақсы алға басуы ескерілуде.

Тұрғындардың дене тәрбиесіндегі белсенділігі байқалуда. Спортпен айналысатындардың саны артуда. Селолық округ командалары деңгейінің экипировкасы артуда, бұл аудан тұрғындары әл-ахуалының артуын байқатады.


Табиғатты пайдалану және экология

Өндірістік өнеркәсіптердің қызметінің нәтижесінде жерлердің бұзылуы және деградациясы, өндірістік қалдықтардың артуы байқалады, бұл қоршаған ортаға кері әсерін тигізеді.

Бірақ ауданда қоршаған ортаны қорғау бойынша және экологиялық жағдайын жақсарту бойынша жұмыс жүргізілуде.
2. Аймақтағы экономика дамуының факторлары мен шарттары

2.1. Сәйкес саланың дамуына әсер ететін ішкі және сыртқы факторлардың талдауы.
2.1.1. Өнеркәсіп

Өндіріс саласына әсер ететін бірінші кезектегі негізгі сыртқы факторлар болып, ол экономикалық өсудің қарқынына әсерін тигізетін, әлемдік дағдарыс болып саналады. Әлемдік экономиканың ілгерілемеу кезеңіне енуі Республиканың өндірістік процесстердің дамуына, аймақтардың дамуына сөзсіз әсерін тигізеді.

Ірі өндірістік кәсіпорындардың тұрып қалуы, жұмыссыздық деңгейінің артуына әкеледі, тұрғындардың әлеуметтік әл-ахуалының азаюуына, бұл өз кезегінде сатып алушылар сұранысын төмендетеді және дайын өнім нарығының өндірілуінің дефицитіне әкеліп соғады.

Сыртқы шарттардың дамуына әсерін тигізуі есебімен, өндіріс келесі ішкі факторлардың әсерімен дамуы тиіс:

Қолайлы инвестициялық климаттың сақталуы, алдыңғы басталған инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы;

Кәсіпкерліктегі қол жеткізілген деңгейді ұстап тұру;

Экономикаға инфляциялық қысымшылықты төмендету, әлемдік нарықтағы баға деңгейі өсімімен берілетін, тұтыну және инвестициялық сұранымның кеңеюуі;

Экономикалық тұрақтылықтың сақталуы.



2.1.2. Кәсіпкерліктің дамуы

Кәсіпкерліктің дамуына негізгі әсерін тигізетін сыртқы фактор ол әлемдік дағдарыс болып табылады. Қазіргі таңға дейін Қазақстанда шағын кәсіпкерлікті дамытуды қолдау ол салық преференцияларын ұсыну және мемлекет қаражаттары есебінен жеңілдетілген қаржыландыруды ұсыну болды, бұл қысқа мерзімді нәтижелерге жеткізді, бірақ бастапқы жүйемен ғана жүргізілді. Әсерін тигізетін сыртқы фактордың бірі ол инфляция деңгейінің өсуі, бұл сауда қызметіне сөзсіз әсерін тигізеді.

Кәсіпкерліктің дамуына әсерін тигізетін ішкі фактор ол шағын кәсіпкерліктің саласы бір жақты дамуда. Шағын кәсіпкерліктің негізгі бөлігі бөлшек сауда мен ауыл шаруашылығы саласында. Осының салдарынан Бұқар жырау ауданындағы шағын кәсіпкерлік дамуының негізгі қиындығы, сауда қызметінің, жартылай дайын өнім дайындайтын өндірістердің қызметінен асып кетуі, мұның себептері нарықты білудің кемдігінен, бизнесті құратын инновацияларды жеткіліксіз пайдаланудан және аймақтық қызметтердің бір-бірімен тұрақсыз қарым қатынастары.

Осыдан кәсіпкерліктің дамуына әсерін тигізетін тағыда бір фактор - қаржылық қолдаудың жоқтығы (жеңілдетілген несиелендіру) атап айтқанда ауылдағы өз ісін ашқысы келетін шағын жеке кәсіпкерлерге. Кәсіпкерлердің басым бөлігінде өз және айналымдағы қажеттіліктерін қамтамасыз етуге қаражат жоқ. Көптеген шағын кәсіпкерлер мұндай жағдайға шыдай алмай өз істерін тоқтатуға немесе жабуға мәжбүр, бұл жұмыссыздықтың өсуіне әкеліп соғуда.


2.1.4. Құрлыс

Осы саланың дамуына негізгі әсерін тигізетін ішкі фактор болып тұрғындардың кірістері болып табылады, себебі тұрмыстық құрлыс тұрғындардың жеке қаражаттары есебінен жүзеге асырылады.

Аудандағы әлеуметтік мәдени тұрмыстық нысандарының құрлысы, бюджет қаражаттары инвестицияларының есебінен жүзеге асырылады, осының салдарынан мәдени тұрмыстық нысандарының құрлысына қаржыландыру әсерін тигізеді.
2.1.4. Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығы өнімінің өндірісіне әсер ететін сыртқы фактор ол, көрші мемлекеттер мен облыстарда сатылымдағы астыққа бағаның тұрақты болмауы. Басқа елдер сатылымындағы айырмашылық, жергілікті тауар өндірушілердің өндірісінің өсуіне және бәсекелестігіне әсерін тигізеді.

Қазақстан банктеріндегі несиелендіру әдістерінің жетілмеуі және үстеме пайыздарының жоғары болуы, әлемдік стандарттарды игерудің нашарлығы барлық жұмысты бөгейді.

Ауыл шаруашылығы дамуының ішкі факторы болып, ауыл шаруашылығы техникасының тозуы, мал өнімділігінің төмен деңгейі, шағын шаруашылықтардың ірілендірілуі және жыртуға келетін жерлердің толық пайдаланылмауы, аграрлық саладағы арнайы кадрлардың жетіспеуі- бұл көрсеткіштердің барлығы, ауданның ауыл шаруашылығы өндірісін төмендетеді.



2.1.5. Транспорт және коммуникациялар

Автокөлік жолдарының жағдайы тұрғындардың экономикалық белсенділігіне әсерін тигізеді және ауылдық жердегі тұрғындарда өркениеттен алыс жатқандай кері әлеуметтік әсер қалдырады. Президенттің Қазақстан халқына жолдауы міндеттерінде айтылғандарға қарап, ішкі кент және селолық жолдардағы жағдайды жақсарту қажет.

Жылдан жылға ауданның елді мекендерінде ішкі кент жолдарын жөндеу жұмыстарын қаржыландыру азайып барады. Аудандық және облыстық бюджеттерден бөлінетін қаражаттар жеткіліксіз, осының нәтижесінде жолдардың жабылуы жүріге мүмкін емес және транспорттық құралдардың қозғалысына қауіпті.

Жергілікті бюджет есебінен ішкі кент жолдарының жөнделіміне және жүретін жолдардың жөнделіміне 2009 ж 34,6 млн.теңге қажеттілігінде 13,8 млн.теңге бөлінді (40%).


2.1.6. Электр энергетикасы

Ауылдық елді мекендерде электр энергетикасы дамуының негізгі мақсаты болып, селоны электр энергиясымен қамтамсыз ететін электр желілерінің және жабдықтардың сақталуына шараларды қамтамасыз ету шаралар кешенін дамыту.

ЖШС «Қарағанды-Жарық» баланс ұстаушымен жыл сайын өз есебінің қаражаттарынан, электр беру желілері мен кіші стансалардың ағымдағы және күрделі жөнделімі бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Ауданның елді мекендерінде электрмен қамтуда ауытқушылықтар жоқ.

Аудан аумағында Бұқар жырау мемориал-кесенесі орналасқан (Бұқар жырау селолық округы) бұл кешенде 10 жыл бойы электр желісі жоқ, ол оның ұсталуы мен қызмет етілуін қиындандырады.

Осы қиындықты шешу үшін ағымдағы жылда жоба-сметалық құжаттамасының дайындалуына 2,1 млн.теңге бөлінді, электр беру желілерінің құрлысы 2009ж жоспарланған.



2.1.7. Демография және миграция

Аудан тұрғындарының демографиясы және миграциясына әсер ететін негізгі факторлар болып табылады: аудан аумағында тұратын тұрғындардың әл-ахуалы, ақшалай кірістер, сондай ақ әлеум тұрмыстық мәдени және өмірді қамтамасыз ететін инфрақұрылыммен қамтылу.

Демографияға көп әсерін тигізетін фактор, жәрдемақы түрінде, бір реттік төлемдер түрлерінде көрсетілетін мемлекеттік қолдаулар болып табылады.
2.1.8. Білім беру

Білім берудің дамуына әсерін тигізетін факторлар:



  1. мектептердің материалды-техникалық базасының нығаюуы,

  2. оқу процессінде оқытудың жаңа әдістерін енгізу,

  3. оқытушы құрамының біліктілігін арттыру.


2.1.9. Денсаулық сақтау

Денсаулық сақтаудың дамуына әсерін тигізетін ішкі факторлар ол:



  1. әлеуметтік-маңызды аурулар бойынша жағдайдың тұрақтылығы,

  2. ауданның емдеу-алдын алу ұйымдары бойынша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жақсарту,

  3. денсаулық сақтау жүйесін кадрмен қамтуды жақсарту,

  4. заманауый емдеу және диагностика әдістерін тиімді пайдалану және медициналық жабдықтарды тиімді пайдалану,

  5. бастапқы медико-санитарлы (емханалық) көмек қызметінің басымды дамуын қамту,

  6. дәрігерлер мен орташа медициналық жұмыскерлердің үнемі біліктілігін арттыру,

  7. Алдын алулық қарастыруларды сапалы өткізу,

Ішкі факторлар:



  1. Облыстағы аудандық мемлекеттік денсаулық сақтау бағдарламаларын

қаржыландыру, әлеуметтік-маңызды аурулардың төмендеуі,

  1. денсаулық сақтау нысандарының құрлысы мен күрделі жөнделіміне қаражаттар бөлу,

  2. Ауданның емдеу-алдын алу ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту.


2.1.10. Еңбек ресурстары

Еңбек ресурстарына әсерін тигізетін келесі факторлар:



  1. өндірістер санын арту, жұмыс орындарын арту,

  2. жұмыссыз азаматтардың оқуы мен қайта оқытылуын қарастыру, олардың тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа тұрулары,

  3. Әлеуметтік жұмыс орындарын құру,

  4. Кәсіпкерлер және шаруа қожалықтарымен, мезгілдік жұмыс орындарын азайтып, тұрақты жұмыс орындарын көбейтуге жұмыстар жүргізу.


2.1.11 Тұрғындарды әлеуметтік қорғау

Аз қамтылған азаматтардың өсуіне әсерін тигізетін ішкі факторлар, аудан аумағында өнеркәсіптік өндірістердің болмауы, ауылдық елді мекендердің облыстық және аудандық орталықтан алыс орналасуы. Бұқар жырау ауданы аумағында ауыл шаруашылығы бағыты бар, ауыл шаруашылығы жұмыскерлерінің еңбек ақысы төмен.

Аз қамтылған отбасылардың санын төмендетумен күрес бойынша сыртқы факторлар, кешенді зейнетақылық төлемнің жыл сайынғы көбейтілуі, еңбек ақы, зейнетақының аз мөлшерінің көбейтілуі.
2.1.12. Мәдениет және спорт

Дене шынықтыру мен спорттың дамуына көбінесе сыртқы факторлар әсерін тигізеді, олар: дүние жүзілік қаржылық дағдарыс, спорт тауарларына бағаның өсуі бұл саланың дамуына кері әсерін тигізеді. Егер 2008 жылдың бірінші жартыжылдығында аудандық деңгейдегі және облыстық сайыстардағы спорттық-жалпы шаралардың өткізілуіне бөлім 1136 мың.теңгеге қаржыландырылса, 2009 ж шаралардың өткізілуіне бөлімге барлығы 1 232 мың.теңге бөлінген. Сондай ақ ауданда спорттың дамуына ішкі факторлар әсерін тигізеді- кенттер мен селолық округтарда спорт құралдарының жеткіліксіздігі (спорт залдар мен кешендер), спорт мүккәмәлдәрінің және елді мекендерде ауыл жастарымен жұмыс істеуге білікті мамандардың (спорт-нұсқаушыларының) жетіспеуі. Жоғарыда айтылған факторлар жергілікті жерлерде жалпы спорттың дамуын жедел төмендетеді және ауданның тұрғындарын үнемі спортпен айналысу процессін төмендетеді.


2.1.13. Табиғатты пайдалану және тұрақты даму экологиясы

Табиғатты пайдалану саласында аймақтың дамуына әсерін тигізетін ішкі факторлар: табиғи ресурстардың ірі қорлары, саз, қиыршық тас шығу орны, бұлар өндіру саласының дамуына мүмкіндік береді.

Сондай ақ ауданның ауқымды аумағы, ауыл шаруашылығы жайларының ауқымды қоры, арнайы асыл тұқымды малдарының фермасын ашуға мүмкіндік береді.

2.2. Нақты қиындықтар, олардың шешілу жолдары.

Өнеркәсіп. Осы сала дамуының нақты қиындықтары:


  • Өңдеуші өнеркәсіп шығаратын өнімнің жеткіліксіз бәсекелестігі:

  • Негізгі қорлардың тозуы және ескірген технологиялардың пайдаланылуы;

  • Айналымдағы қаражаттардың жеткіліксіздігі және село кәсіпкерлігін несиелендірудің мүмкін еместігі;

  • Кәсіпорындар белсенділігі инновациясының төмен деңгейі.

  • Біздің бизнесмендерде өз ісі бойынша білікті кеңестер алуға мүмкіндіктері жоқ. Өкінішке орай ауданда құқықтық консалтинг, қаржылық аудит, білім беру қызметтері, инновацияны енгізу салаларында мамандар жеткіліксіз. Аудандық қызметтерге ауданның кәсіпкерлерімен бірлесе құқықтық консалтинг бойынша мамандарды тартуда жұмыс өткізіледі.

Уақытылы және қажетті мөлшерлерде несие түрлерінде қаржылық қолдау ұсынылуы тиіс, техникалық несиелер. Қиын сұрақтардың бірі –екінші деңгейдегі банктер. Қазақстанның даму институттары, селодағы бизнестің қаржыландырылуына көбіне келісе бермейді. Бірақ басқа да жолдар бар- несиелік серіктестіктер, шағын несиелік ұйымдар өздігінен және өз орындарында да құрылады. Бұл мәселеде кәсіпкерлердің өздерінің тілектері қажет.

Шағын кәсіпкерлік Кәсіпкерлік саласында негізгі қиындықтар:

-Кәсіпкерлердің қызметі үшін жоғарғы әкімшілік белестер;

-Өндірістік салада шағын кәсіпкерлік субьектілерінің төмен белсенділігі;

- несиелік ресурстарға төмен қол жетімдік;

- өндірудің ішкі нарығында жеткіліксіз сиымдылық және бәсекелестіктің төмен деңгейі.

Бұл қиындықтарды шешуге төмендегілер қажет:

Шағын кәсіпкерлік субьектілерімен қаржылық, статистикалық, материалды-техникалық, және ақпараттық ресурстарды пайдалануға жеңілдетілген жағдайлар жасау;

Шағын кәсіпкерлік субьектілерінің мемлекеттік тізімге алынуына, қызметінің лицензиялануына, өнімдерінің сертификатталуына жеңілдетілген тәртіп орнату;

Шағын кәсіпкерлік субьектілеріне қолайлы құқықтық жағдай, салық салудың жеңілдетілген тәртібін қосқанда, кедендік баж салығын салуға жеңілдетілген қолайлы жағдайлар тудыру:

Шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту үшін, шет елдік инвестицияларды қосқанда, инвестициялардың тартылуы үшін жүйе құру;

Қаржылық көздерін анықтаумен шағын кәсіпкерлік субьектілерін несиелендіруге арнайы бағдарламалар қабылдау;

Шағын кәсіпкерлік субьектілеріне мемлекеттік сатып алымдарды орналастырғанда өнім өндіруге, жұмыс, қызметтерді орындауға преференциялар ұсыну;

Шағын кәсіпкерлік субьектілері үшін кадрлар даярлауды, қайта даярлығын және біліктілігін арттыруды ұйымдастыру.

Құрлыс Ауылдағы құрлыстың дамуына кедергі келтіретін негіз тұрғындардың жалпы табысының төменділігі және құрлыс материалдарының қымбаттығы. Ипотекалық нысандар құрлысының жоқтығы, бюджет саласы қызметкерлері еңбек ақысының 35,0-40,0 мың.теңге болуына байланысты ол ипотекалық несиені төлеуге жеткіліксіз.

Жаңа үйлердің құрлысына инженерлі-коммуникациялық инфрақұрылымның болмуы.

Тағы да бір қиындық- әлеуметтік мәдени нысандары құрлысының аз қаржыландырылуы.

Бұл қиындықтарды әлеуметтік мәдени нысандары құрлысын қаржыландыруды арттырғанда мүмкін, инженерлі-коммуникациялық инфрақұрылымды жаңа үйлердің құрлысына қаржыландырғанда мүмкін.



Ауыл шаруашылығы Ауданның агроөнеркәсіптік кешенінің тиімді дамуын ұстайтын факторлар:

Шағын тауарлы агронысандардың саны, бұл мәселені шағындарды бірлестіру жолымен шешуге болады;

Негізгі, өндірістік қорлардың физикалық тозуының жоғарғы деңгейі, бұл мәселені жеңілдетілген несиелендіру жолымен шешуге болады;

Жыртуға жарамды жерлерді тиімсіз пайдалану, бұл қиындықты шешу жолы –жерлерді алып қойып оларды қызмет етудегі кәсіпорындарға беру болып табылады;

Агротехнологияны ұстанбау, бұл дымқылды ұстайтын технологияларды енгізгенде мүмкін;

Несиелендіруде үлкен ставкалар, СПК құру бойынша жұмыстар жүргізілуде, бұлар жеңілдетілген несиелендіру ұсынады;

Жоғарғы баға үшін минералды тыңайтқыштарды қолданудың төменгі пайызы, бұл мәселені минералды тыңайтқыштарды шығарудың өз өндірісін ашу жолымен шешуге болады.

Транспорт және коммуникациялар Ауылдық жерлерде транспорттық- коммуникациялық инфрақұрылымы нысандарымен жеткіліксіз қамтылу, қалалық жерлердегі көрсеткіштерден қалыс қалуға әкеледі.

Жергілікті және аудандық маңыздағы автожолдар саласындағы негізгі мақсат- ол ішкі кент жолдарындағы желілерді, көпірлерді және жол сымдарын қалпына келтіру, сақтау ұстау бойынша жұмыстар кешені, жолдардың көліктік-эксплуатациялық көрсеткіштерін жақсарту, ішкі кент жолдарындағы, олардың қайта жаңартылуы мен күрделі жөндеуден кейінгі, учаскелерде жөндеу араларындағы мерзімдерді ұстану.

Автокөлік транспортын дамытудың мақсаты келесі бағыттар бойынша автобустық хабарламаны қайта қалпына келтіру болып табылады: облыс орталығы- аудан орталығы-селолық округ, аудан орталығы- селолық округ.

Егер облыс орталығы- аудан орталығы-селолық округ мәселесі шешілуде болса, ал қиын мәселе болып аудан орталығы- селолық округ автобус маршруттарын құру қиын мәселе болып отыр. Бұл мәселенің шешуі мүмкін болады егер аудандық автобустық паркі құрылып және ары қарай қаржыландырылса, автобустық хабарламаны жүзеге асыру мәселесі шешімді болады, өйткені бұл маршруттар табыссыз.



Электрэнергетикасы Бірнеше елді мекендерде, ВЛ-0,4 КВ және ВЛ-10 КВ электр беру желілерін бөлшектеп қайта жаңарту қажет. Аудан аумағында Бұқар жырау Мемориал-кешені орналасқан (Бұқар жырау селолық округы). 10 жылдан астам кешенде электржелісі жоқ, бұл оның ұсталуы мен қызметін қиындатады. Кешеннің тұрақты қызметі үшін, тарихи ескерткіштің сақталуы үшін электрмен қамтуды қайта қалпына келтіру қажет.

Елді мекендерді тұрақты электрмен қамту мақсатыда 7 елді мекеннің электр беру желілерінің қайта жаңартылуы (Ақбел, Мұстафин, Ынтымақ, Нұра стансасы, с.Ботақара, к.Ботақара және с.Майөзек) Бұқар жырау мемориалды кесенесіне ВЛ-10 кв құрлысы 2007-2009 жж жергілікті инвестициялық жобалардың тізіміне енгізілген. 2007ж облыстық бюджет қаражаттарының есебінен ЛЭП қайта жаңартылуына техника-экономикалық негіздеме әзірленген. 2008ж ВЛ қайта жаңартылуына жоба-сметалық құжаттама әзірленген. Ботақара және Мұстафин кентіне ВЛ-10 құрлысына Бұқар жырау мемориалды кешеніне.

Электр беру желілерін қайта қалпына келтірудің ары қарайғы жұмыстарына қаржыландырудың жоқтығына байланысты қиынданды.

Тұрмыстық құрлыс Ауылдағы ипотекалық несиелендіру есебінен тұрмыстық құрлыстың негізгі қиындығы төменгі жалпы табыс болып табылады, өйткені отбасында бір ақ адам жұмыс істейді. Бюджеттік сала жұмыскерлерінің орташа еңбек ақысы 24,0-25,0 мың.теңгені құрайды, бұл несие төлеуге жеткіліксіз.

Қарағанды қаласына және басқа да қалаларға тұрғындардың көшуі жалғасуда. Жыл сайын тұрғындар саны орташа алғанда 1,0 мың адамға азайады. Осының нәтижесінде тұрмыстық қор азайады.

Екінші реттік нарықта тұрғын үйдің құрлысы 1,0 мың.доллардан 25 мың долларға дейін. Қарағанды қаласы арақашықтығынан және коммуналдық қызмет қамтамасыз етілуіне байланысты.

Білім беру Мектеп жабдықтарының жаңартылуы жеткіліксіз мөлшерде жүргізіледі, себебі 2009 ж есебі бойынша компьютерлер саны 1006 құрайды, олардың 635-сі ескі компьютерлер, компьютер паркін жаңарту қажет.

Мектеп асханаларының материалдық базасының төмен болуына байланысты (асханалар үшін технологиялық жабдық және жиһаз жоқ) ауданның 38 мектебіне оқушыларды ыстық тамақпен қамту толық емес.

Медициналық бөлмелерде жабдықтар жеткіліксіз, 2008 ж алынған ескірген заттар бар, жабдықпен жиһаз қажеттілікті толық жаппайды.

Мектеп шеберханаларында және қызметтік еңбек бөлмелерінде жабдық 1990 жылға дейін алынған.

Өрт дабылы барлық мектепке қойылмаған, өрт сөндірудің бастапқы құралдарымен жабдықталмаған.

Мектептерде спорт мүкәмәлдәрі, жеке дамуға спорт тренажерлары жеткіліксіз. Кейбір орта және негізгі мектептерде сай келетін спорт залдар жоқ.

Барлық мектептердегі химия, техникалық еңбек бөлмелерінде вентиляция жоқ, олардың қайта қалпына келтірілуі және орнатылуы үшін санитарлы-эпидеиологиялық бақылаудың талаптарына сәйкес болуға тиісті.

Негізгі қиындық Байқадам НМ қирау жағдайы.

Жас мамандардың жоқтығы, мұғалімдердің көбі зейнетақылық жасқа келген. 30- мектепте көп уақыт бойын күрделі жөндеу жүргізілген жоқ.

Жоғарыда айтылған қиындықтарды білім беру нысандарының қаржыландырылуын арттырған жағдайда мүмкін, жаңа мектептердің құрлысы, жас мамандар үшін коммуналдық тұрғын үйдің құрлысы.



Денсаулық сақтау Өткізілген жұмысқа қарамастан, қиын мәселелер бар:

  • Ауданның емдеу мекемелерін дәрігерлік кадрлармен кешендендіру деңгейі 80 % мағдарында;

  • Ауданда орташа звенодағы дәрігер және медициналық жұмыскерлер саны, олардың қаладағы санына қарағанда қалыс қалуы белгіленуде. Дәрігер-терапевтардың, педиаторлардың, акушер-гинеколог, кардиолог бос орындары сақталуда. Себебі жас мамандар тұрғын үйдің жоқтығынан ауылға жұмысқа барғылары келмейді;

  • Нысандардың материалдық-техникалық базасы нығайуы баяу қарқынмен жүргізілуде;

  • Тұрғындарды тегін медициналық көмекпен толық қамтымау;

  • Ауылдық жерлерде көп медициналық мекемелер ыңғайластырылған ғимараттарда, бұл медициналық қызмет көрсетудің сапасын төмендетеді.

Жоғарыда айтылған қиындықтардың шешілуі мүмкін:

Материалдық-техникалық базаның нығаюуына, жеңілдетілген және тегін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуге қаржыландыруды артқан жағдайда.

Денсаулық сақтау саласы жұмыскерлерінің еңбек ақысы өскен кезде.

Ауылдық жерге тұруға келген жас мамандарға материалдық көмек төлеп, үй берген жағдайда.



Еңбек ресурстары Ауданда кезеңдік жұмыс мінездемедегі кәсіпорындар бар (ауыл шаруашылығы нысандары, шаруа қожалықтары) осының салдарынан қыс мезгілінде жұмыссыздық деңгейі жоғары, ал көктем мезгілдерінде керсінше.

Осы қиындықтың шешілуі жақын қалалардың өндірістік кәсіпорындарымен жұмыстың вахталық әдісімен бірлесе жұмысқа тұрғызуға шарттар бекіту. Жеке ісін ашып, жаңа жұмыс орындарын құруға материалдық көмек көрсету.

Жастар арасында жұмыссыздықтың жоғары деңгейі, білім беру деңгейінің жеткіліксіздігінен, бизнес пен кәсіпкерлікті дамытуда шектеулі мүмкіндіктерге байланысты, тұрмыстық мәселенің қиындауы, сондай ақ ауыл жастарының ауылдан кетуі.

Жастар арасында жұмыссыздық мәселесін азайтуды шешу болып жастарды әрі қарайғы жұмысқа орналасумен тегін кәсіптік даярлау және қайта даярлау курстарына бағыттау болып табылады. Жас мамандарды ынталандыру қажет.



Тұрғындарды әлеуметтік қолдау Мүгедектерді реабилитациялау жеке бағдарламасымен, медико-әлеуметтік сараптама комиссиясымен толық қамтымау.

Бұл мәселені шешу реабилитациялаудың жеке бағдарламасын алғанда процедураны оңайлату және ауылдық елді мекендерге комиссияның баруын ұйымдастыру арқылы шешуге болады.



Мәдениет :

Мәдениет саласындағы негізгі қиындықтар:



  1. Толық қаржыландырылмау жағдайынан кітапханалардың кітап қорының

нашар жинақталуы.

  1. Мәдениет нысандарында білікті кадрлардың жетіспеуі, мәдениет саласында тұрғын үйдің жоқтығынан және еңбек ақының аздығынан.

  2. Клубтар мен кітапханалар барлық тұрғылықты пункіттерде жоқ.

  3. Кітапхана компьютерлік парктерінің толық қызметі үшін лицензиялық

бағдарламалар алу.

Жоғарыда айтылған қиындықтарды шешу мүмкін егер мәдениет нысандарының қаржыландырылуы артса, мәдениет жұмыскерлеріне еңбек ақы өссе.



Спорт:

Спорт саласындағы негізгі қиындық жастар мен жұмыс істеуге селолық округтарда дене шынықтыру және спорт мамандарының жоқтығы (спорт нұсқаушыларының).

Сондай ақ аудан селоларында спорт жайларының (спорт залдары) жетіспеуі.

Жоғарыда айтылған қиындықтардың шешімі мүмкін егер селолық әкімдіктердің штаттарына жастармен жұмыс істейтін спорт нұсқаушыларын енгізсе.

Заманауый талаптар мен стандарттарға сай келетін жаңа спорт алаңдарын және жаңа спорт залдарының құрлысы.

Елді мекендерде спортты және салауатты өмір салтын насихаттау бойынша жарнамалық тақталар орнату, орындарда спорттық-жалпы шаралар өткізу.

Жалпы ұлттық спорт түрлері бойынша селолық округтарда Б мен ЖӨМ ашу.


    1. 2010-2014 жж Бұқар жырау ауданының дамуының басымдылықтары


2.3.1. Өнеркәсіп

Негізгі бөлігін өңдеуші өнеркәсіп құрайтын, ауданның өнеркәсіптік өндірісі өнімінің көлемінің өсуі тікелей ауыл шаруашылығы өндірісінің тұрақты дамуына байланысты, атап айтқанда егіс егу алаңдарының артуынын, ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің артуынан, жаңа өндірістерді ашу және жаңаларын кеңейтуден.

Өнеркәсіптік өнім өндірісі көлемдерінің жыл сайынғы өсімі 2010 жылдан 2014 жылға дейінгі кезеңге 2,6%-дан 3,6%-ға дейін құрайды. 2010жылы өнеркәсіптік өнім өндірісінің көлемі – 9389,4 млн.теңгені құрайды, 2009 жылдың деңгейіне өсім 102,6 %, ал 2014 жылы өндіріс көлемі 13527,4 млн.теңгені құрайды, бұл 2009 жылы 133,1% құрайды.

ндірістік өнеркәсіп өнімінің көлемдерін арттыру 8 жаңа өндірістерді ашу есебінен жүзеге асырылады, әрекет етудегілердің өндірістік қуаттылығын арттыру, шығарылатын өнім түрлерін арттыру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет