Бұқар жырау ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамына баяндама. Кіріспе



бет2/4
Дата03.07.2016
өлшемі363 Kb.
#174541
1   2   3   4

Денсаулық сақтау

Қазіргі таңда аудан аумағында қазыналық мемлекеттік коммуналды кәсіпорын «Аудандық медициналық бірлестік» қызмет етеді, құрлымында 23 дәрігерлік амбулаториясы, 44 медициналық пункті, 70 төсек орындық аудандық орталық аурухана, 35 төсек орындық 2 селолық учаскелік аурухана.

Денсаулық сақтау жүйесінде 490 штаттық бірлігінде 441 адам жұмыс істейді.

2007 ж мемлекеттік тапсырысты қаржыландыру 204,4 млн.теңгені құраса, 2009 жылы 315,8 млн.теңге, бұл былтырғы 2008 ж деңгейіне 154,5 % құрайды. 2008 жылы 22681,2 мың.теңге сомасына медициналық жабдық орталықтандырыла сатып алынған, ПМСП үшін микроскоптар алынған, отоскоптар, глюкометртермостат, қан құрамындағы қант деңгейін анықтайтын зат, электрокоагулятор, щелдік шам, стоматологиялық қондырғы, офтальмоскоптар, жедел жәрдем 2-кі автокөліктері және басқа да медициналық жабдықтар алынды. 2008 жылы электрокардиограф, акушерлік жинақ, гальваникалық аппарат, жедел жәрдем автокөлігі алынған.

Аудандағы медициналық қызметкерлердің кәсіби деңгейі маңызды артты. 2008 жылға 3 дәрігер жоспарында, 6 дәрігер және 18 орташа медициналық жұмыскер біліктілгін арттырды.

Стационарда аурулардың жату жағдай жақсарды. Тамақтану мен тегін жеңілдетілген препараттарды қаржыландыру артты.

2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда туу деңгейі 0,8% өсті, түберкүлезбен ауру 3,5% азайды, ВИЧ/СПИД-пен ауыру 2,8 дейін азайған.

2009 жылы Ботақара кентінде ауруханалық кешеннің құрлысы аяқталады.



      1. Еңбек ресурстары

01.01.2009 жылы тұрғындар саны 59,8 мың.адамды құрады, соның ішінде экономикалық-белсенді -36,4 мың.адам немесе тұрғындардың жалпы санынан 61% құрайды.

2008 ж есептелген жұмыссыздық деңгейі 5,7% құрады, бұл 2009ж -6,5% -дан 0,8 пайызды пунктке кем.

Тұрғындар арасындағы жұмыссыздар қатары ептеп азаюда, 2008 ж бұл көрсеткіш 140 азайып 2060 адамды құрады (2007ж-2200 адам)

Тұрғындардың жалпы санынан жұмыстылар саны 50,2% құрады немесе 30,0 мың.адам. Бұқар жырау ауданында еңбек ресурстарының басым бөлігін өздігімен жұмыс істейтіндер құрайды. 2008 ж жұмыстылар арасында олардың үлесі 60,1% (19323) құрады, 2007 жылдың көрсеткішінен 4,1 пайыздық пункітке аз (19500). Қалған бөлігі 39,9% (10709) жалдамалы жұмыстарда істеуде, олардың жұмыстылар арасындағы үлесі 2007 жылмен салыстырғанда 8,3 % (15300 адам) азайған.

Экономикалық қызметтердің түрлері бойынша жұмысты тұрғындардың құрылымы 2008 жылы ауыл шаруашылығындағы маңызды басымдылықтармен сипатталады, ауыл шаруашылығында -16%, өнеркәсіп -19,7%, көлік және байланыста -18,7% және қызметтердің басқа түрлерінде -43%.

Ауданның еңбек нарығындағы көрсеткіштердің жақсаруына маңызды әсерін аудандық жұмыссыздар қиындығын шешу бағдарламасы әсерін тигізеді.

1.01.2009 жыл жағдайына нақтыланған жұмыссыздық деңгейі 0,1% құрады, бұл 2007 жыл деңгейімен салыстырғанда 0,1 пайыздық пункітке азайды.

Аудандық жұмыстылық және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен 2007-2008 жылдары 2724 адам жұмысқа тұрғызылды. 2007 ж жұмыстылық мәселесімен өтініш білдіргендердің санынан жұмысқа тұрғызылған жұмыссыздардың үлес салмағы 105,2% құрады, бұл 2008 жылдың көрсеткішінен 2,8 % (102,4% ) жоғары. 2009 жылға жұмысқа орналасу жоспары 950 адамды құрайды.

Жұмыс күшінің сапасын арттыру мақсатында жұмыссыздардың кәсіби оқытылуы мен қайта даярлануы ұйымдастырылуда. 2007 жылы кәсіптік оқу мен қайта даярлауға 150 жұмыссыз бағытталды. 2008 жылы оқуын 175 адам аяқтады, және барлығы 100% жұмысқа тұрғызылып тұрақты жұмыстары бар. 2009 жылға кәсіптік оқу мен қайта даярлауға 170 адамды бағыттау жоспарланған.

Жұмыссыз азаматтарды уақытша жұмыспен қамту мақсатында ауданда қоғамдық жұмыстар жүргізілген. 2007-2008жж қоғамдық жұмыстарға 1143 адам қатысқан, олардан қоғамдық жұмыстар аяқталған соң 1063 адам немесе 93% жұмысқа тұрғызылған. 2009 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру жоспары -670 адам.

Жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру мәселесі басты назарда. 2007-2008жж 1585 жұмыссыз жұмысқа орналастырылды, олардан 820 адам 2008 ж, 2007ж деңгейіне өсім 7,2% құрайды. Қоғамдық жұмыстарға 1029 адам бағытталды, олардан 599 адам 2008 жылы, кәсіби даярлауға 262 адам бағытталған, өз ісін ашуға 9 адам материалдық көмек алған. 2009 жылы жеке ісін ашуға материалдық көмек 30 жұмыссызға жасалады.

Оралмандар арасынан 202 адам жұмысқа тұрғызылды, қоғамдық жұмысқа 79 адам қатысты, қайта даярлауға 6 адам бағытталды және жеке ісін ашуға 6 оралман материалдық көмек алды.

Жұмыстылық саласында тұрғындарды әлеуметтік қорғау бойынша жұмыссыз азаматтарға қосымша шаралар көрсетіледі. Жеке ісін ашуға 45 жұмыссызға 1918 мың.теңге сомасында материалды көмек көрсетілді. Мақсатты топтардан жұмыссыздарды жұмысқа тұрғызуға ауданда 15 әлеуметтік жұмыс орындары құрылған.

2009 ж ауданда орташа еңбек ақы 45,4 мың.теңгені құрады, 2007 ж деңгейіне өсім 36%. Мемлекеттік мекеме қызметкерлері еңбек ақысының өсімі 25%, ауыл шаруашылығы жұмыскерлерінің еңбек ақысы 2007 ж деңгейіне 31 % өсті және 35320 теңені құрады, өнеркәсіптік еңбек ақы 63658 теңгені құрады, 2007 ж деңгейіне өсім 35% құрады.


1.1.14. Тұрғындарға әлеуметтік көмек

Тұрғындарды әлеуметтік қорғау мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі бағыттары болып табылады және осы бағытта атқарушы органдардың барлық органдарымен жұмыстар жүргізілуде.

Мемлекет өз қорғауына нақты әлеуметтік көмек пен қолдауды қажетсінетін қоғам мүшелерін алды, бұл келесі әлеуметтік қызметтерді ұсынуда нақтыланады:

Әлеуметтік мекен жайлы көмек;

18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы төлеу;

Тұрмыстық жәрдемақы;

Мүгедектерді жеке реабилитациялау құралдарымен қамтамасыз ету;

Біреудің көмегін қажетсінетін 1,2 топтардағы жалғыз басты мүгедектердің мемлекеттік жәрдемақыларына қосымша қосылымдар.

Мемлекеттік бюджет қаражаттарының есебінен әлеуметтік қорғау бағдарламаларының қаржыландырылуы жүзеге асырылады.

Аз қамтылған азаматтарға мемлекеттік емес көздерден көмек көрсетіледі- барлық меншік нысандарындағы ұйымдар, мекемелердің қайрымдылық көмектері. Бұқар жырау ауданында көмектің 12 түрі қолданылады. 2008 ж 104 млн.теңге сомасына көмек көрсетіледі, бұл 2007 жылдың деңгейіне 118,2% құрайды. Мемлекеттік емес көздерден 2009 жылға жоспарланған көмектік көлемі 108 млн.теңгені құрайды.

2007 жылдан 2008 жыл кезеңінде аудан кедейшілік деңгейін төмендетуде біршама жетістіктерге жетті.

2007 жылдың басына аз қамтылған азаматтар есебінің кешенінде 2377 адам тұрды, 2007-2008жж кезеңіне олардың саны 990 адамға немесе 42 % азайып 1387 адамды құрады.

Қазақстан Республикасының 2002 жылдың 1 қаңтарынан енгізілген «мемлекеттік атаулы әлеуметтік жәрдемақы туралы» Заңына сәйкес кедейшілік шегінен төмен тұратын азаматтарға мемлекеттік мекен жайлы әлеуметтік көмек көрсетіледі.

2007 жылға барлығы мемлекеттік мекен жайлы әлеуметтік көмек 12780,8 мың.теңге сомасына 972 азаматтарға төленді, жәрдемақының орташа мөлшері 1095,7 теңгені құрады. 2008 ж 19380,0 мың. теңге сомасына 1124 азаматқа төленді. 2007 жылмен салыстырғанда жәрдемақының орташа мөлшері 341 теңгеге өскен. 2008 ж мекен жайлы жәрдемақыны алушылардың саны 13,5% артты, 2007 ж қарағанда жәрдемақы төлеуге қажеттілік сомасы 6599,2 мың.теңгеге артты.

2009 жылға мемлекеттік мекен жайлы көмекті 23603,1 мың.теңге сомасына 1300 азаматқа төлеу жоспарланған.

Мемлекеттік мекен жайлы әлеуметтік көмектің уақытылы төленуі –ол мемлекет тарапынан аз қамтылған отбасыларын қолдау, қоғамдағы төмен әлеуметтік ахуалдың төмендеуіне әкеледі.

«Балалары бар отбасыларына мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңды орындауда, 2007 жылға балаларға 43677 мың.теңге сомасына 3478 балаға жәрдемақы төленді, 2008 ж 45987,0 мың.теңге сомасына 3238 балаға жәрдемақы тағайындалып төленді, 2008 ж 2007ж қарағанда балалар жәрдемақысын алатындардың саны 7,4 % азайған. 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысын алушылар санының азаюуы келесі себептермен түсіндіріледі-жәрдемақының төмен мөлшері (1 АЕК), тұрғындар кірісінің артуы, сондай ақ азаматтарда тіркелу кітабының жоқтығы.

2009 жылға 45001,0 мың.теңге сомасына 3300 балаға жәрдемақы төлеу жоспарланған.

«Тұрмыстық қатынастар туралы» Заңға сәйкес тұрмыстық жәрдемақы төлеудің көлемі мен тәртібі Бұқар жырау аудандық Мәслихатының 2006 жылғы 27 шілдесіндегі 29 сессиясының № 4 шешімімен анықталған.

Тұрмыстық жәрдемақылар, ұсынылған коммуналдық қызметтері, 2007 жылдың 1 шілдесіне дейін отбасының жалпы табысынан 20 % артық болғанда тағайындалады, 2007 жылдың 1 шілдесінен бастап-15 %.

2007 жылға 1 отбасына 66,4 мың.теңге сомасына тұрмыстық жәрдемақы төленді, 2008ж 292 отбасына 1556,0 мың.теңгеге. Алушылар санының артуы, өткізілген мүліктік жариялаудың нәтижесінде тұрғын үйге алынған құқық бекітетін құжаттардағы жіберілетін шығындар үлесінің азаюуына байланысты.

2009 жылдың 1 тоқсанына 262 отбасына 1300,0 мың.теңге сомасына төленді.

Бұқар жырау ауданыныда 01.01.2007жыл жағдайына мүгедектер саны -2146 адамды құрады, 01.01.2009 жыл жағдайына олардың саны 47-ге азайып- 2099 адамды құрады.

30.03.2006 жылғы аудандық Мәслихаттың 26 сессиясының № 5/6 шешімімен Бұқар жырау ауданы мүгедектерінің 2006-2008 жылдардағы ребилитациялау бағдарламасы бекітілген, ол қызмет көрсету жүйесінің жетілуін, мүгедектерге қызмет көрсету және әлеуметтік қолдау сапасының жақсаруын қарастырады. Осы бағдарламаның жүзеге асырылуына мемлекеттік аудандық бюджет қаражаттарынан 2007-2009 жылдары 67661,0 мың.теңге бағытталды, олардан 2007 жылы 11064,3 мың.теңге, 2008 жылы 25852,7,0 мың.теңге бөлінді. 2009 жылы 30744,0 мың.теңге бөлінді бұл 2007 жылдың деңгейіне 1,8 есе артық.

Бөлінген қаражаттарға мүгедектерге:

Мүгедек-балаларға материалдық көмек көрсетілді:

Үйде оқытылып тәрбиеленетін мүгедек балаларға төленді;

Гигиеналық заттар берілді (памперстер, зәр қабылдағыштар, несеп қабылдағыштар);

Жеке көмекшінің қызметін төлеу;

Үйдегі әлеуметтік көмекшілердің қызметін төлеу.

2007 жылы бөлімде 80 мүгедекке қызмет көрсеткен 11 әлеуметтік жұмыскер жұмыс істеген. 2009 жылы 92 мүгедекке қызмет көрсететін 13 әлеуметтік жұмыскер жұмыс істейді. Мүгедек балалар жәрдемақысының көлемі тоқсан сайын 5198 теңгені құрайды.

Жыл сайын 2007 жылдан бастап облыстық бюджет қаражаттарынан мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларға қосымша қосылулар төленеді, 1,2 топтағы біреудің көмегін қажетсінетін 14 жалғыз тұратын мүгедектерге 213,9 мың.теңге сомасында (1 АЕК-көлемінде).

01.01.2009 жыл жағдайына ауданда 50 ардагерлермен ҰОС қатысушылары тұрады.

Жергілікті бюджет қаражаттары есебінен жыл сайын 50 ардагерлермен ҰОС қатысушыларына материалдық көмек көрсетіледі. 2007 ж материалдық көмек 871,5 мың.теңгені, 2008ж 2319,7 мың.теңгені құрады. 2009 ж төлемге 2700,0 мың.теңге қаралған. Осымен бірге жыл сайын ҰОС қатысушыларына материалдық көмектің көбеюуі байқалады.




      1. Мәдениет және спорт

Ауданда 71 мәдениет нысандары қызмет етеді, с.і. кітапханалар ОКЖ-38, 33-клубтар (олардан 22-мемлекеттік, 11-жеке меншік), 1- тарихи-өлкетану мұражайы, 2 «Зерде» Видиомобилі. Аудандық жүйеден басқа басқа ведомстілердің 11 клубы қызмет етеді.

2007-2009 жылдары кезеңінде мәдениет нысандарының жүйесі 17 нысанға артты, Баймырза, Керней, Тұзды селоларында клуб-кітапханалар ажыратылды, 4 кітапхана ашылды-Қушоқы к және Сарытөбе, Шалқар, Төрткөл селоларында, 6 клубтар- Центральное, Сарытөбе, Шалқар, Төрткөль, Ақжар, Алғабас селоларында, басқа ведомства клубтарын балансқа қабылдаумен Самарқанд, Үміткер, Ақтөбе, Андренниковка селолары.

2009 жылы ақпан айында модельді статусын 20 кітапхана алды, 2007 жылы олардың саны 11 құрады.

Ауданда мәдениет нысандарының материалды-техникалық базасын жақсарту бойынша жоспарланған жұмыс жүргізілуде, кітапханаларды компьютерлермен жарақтандыру, оқушыларға қызмет көрсету процессінде жаңартылған технологияларды енгізу, интернет желісіне қосылу. Ауданның кітапхана жүйесінде 65 компьютер бар, 30 кітапхана интернет желісіне қосылған, 9 кітапханада локалді желісі орналасқан, Ботақара және Үштөбе кітапханаларында компьютерлік сауаттандыру кружоктары жұмыс істейді. Тұтынушыларды ақпараттандыру «Заң», «адам құқығы бойынша сандық кітапхана» электронды мәліметтер базасының көмегімен жүзеге асырылады. «Қарағанды облысы туралы» өлкетанымдық каталог құрылған.

34 кітапхана телефондандырылған. Кітапханаларды компьютерлендіру 100% құрады.

Тарихи-өлкетанымдық мұрағаттарды сақтау бойынша облыстық инспекцияның тізіміне сәйкес, біздің ауданда 66 ескерткіш тізімде, олардан 46 археологиялық, 20 тарихи, с.і 12 ескерткіш-соғыста қаза болғандар ескерткіші.

Мәдениет нысандарының күрделі жөнделімі жүргізілген:

2007 жылы аудандық мәдениет үйі қазандығының күрделі жөнделімі жүргізілді, Баймырза, Керней, Ақөре, Ботақара селолық клубтарының.

2008 жылы ғимараттың ішкі күрделі жөнделімі, фасад, алаң, амфитеатр қойылған, терезелер айрыбасталған, аудандық мәдениет үйінде неондық әріптерді орналастыру, Ғ.Мұстафин кенті мәдениет үйінің жөнделімі, с. Ростовка-ғиммараттың күрделі жөнделімі ПК «Кирова» Н.Кригоров спонсоры есебінен жүргізілді, спонсор қаражаттары есебінен 1 млн.теңге сомасына кітапхана шатырының жөндеуі жүргізілді.

2009 жылы 11 селодағы клубтардың ағымдағы жөнделімі жоспарланған (Ботақара кенті, Березняки, Гагарина, Тоғызқұдық, Самарқанд, Заречное, Ақтөбе, Баймырза, Андрейниковка, Алғабас, Новоузенка с) және Ғ.Мұстафина атынд кітапханалар.

Доскей атынд қазақ-халық аспаптары оркестірінің қатысушыларына, Ғ.Мұстафин атынд вокалды-хореографиялық коллектив «Эдельвейс» және АМҮ көркемөнерпаздарына, ұлттық киімдер тігілген, 2-кі киіз үй алынған.

Жыл сайын кітапханалардың кітап қоры толықтырылады, жергілікті бюджеттен кітаптар мен кезеңдіктер алуға 2007 ж 1308 м.т, 2008ж 6000 м.т, 2009 ж 4144 м.т бөлінді, оған 20438 дана көркем әдебиеттер алынды, соның ішінде 11490дана қазақ тілінде. Есептік кезеңге кезеңдік жазылымына 9513 м.т бөлінді, кезеңдік басылымдардың жазылымына 4377 м.т бөлінді.

2007-2009 жылдары компьютерлік саябақ 39 компьютермен толықтырылды, олардың 5-уі аудан әкімінің аппаратына қайтарымсыз берілді.

2007 жылы қайтарымсыз облыстық мәдениет департаментімен ауданның 10 клубына аппаратура берілді.

Ауданда 10 ұлттық-мәдени бірлестіктер жұмыс істейді, оларда 110 қатысушы, сондай ақ қазақ мәдениетінің 18 бұрыштары істейді оларға 152 адам қатысады. 1956 адам қатысушысы бар, 194 клубтық нысандар қызмет етеді.

2009 жылдың басынан Ботақара клубында «Шабыт» хоры, Центральное с «Улыбка» хоры құрылды.

Қанат Оспановтың басшылығымен қазақша аспаптардың халық оркестірі аттестацияны сәтті өтті (Доскей ауылы) , ал вокалды-хореографиялық ұжым «Эдельвейс», көркемдік жетекшісі Наталья Боцман (Ғ.Мұстафин атынд кент) үлгілі атағын алды.

Село аумақтарының мәдени демалысы «Зерде» видиомобилімен қамтамасыз

етіледі, жеке тұрғылықты пункіттерде мәдени шаралар өткізіледі.

«Зерде» видиомобилі жұмысының тәжербиесі олардың жеке пункіттерде қажетті екендігін көрсетті.

Спортпен айналысуға 159 спорттық жайлар бар, олардан:

-1500 және 300 орындық трибуналы 2 стадион.

- 3 спорттық кешен.

-38 спорттық залдар: олардан 33 орташа мектептерде, 3 спорт кешендерінде орналасқан, 2 аулалық клубтар.

- 4 спорттық шағын залдар.

-67 спорттық алаңдар; 31 футболдық алаңдары; 12-спорттық трассалар, селолық және кенттік округтарда орналасқан 2- хоккейлік корт.

Ауданда 544 адам қатысатын 1 жасөспірімдер мен балалар мектебі бар, 264 адаммен қамтылған 3 аулалық клубтар, Ә.Молдағұлова атындағы мектеп-интернатта 4 адам оқиды, БмӨМ-нің 3 тәрбиешісі Қар М.У дене шынықтыру факультетінде оқиды.

Спорттың мәдени түрлері: баскетбол, бокс, волейбол, дзюдо, футбол, ауыр атлетика, шахматтар, гирлік спорт, қазақша күрес, самбо, классикалық күрес.

2006 жылы құрылған дене шынықтыру және спорт бөлімі толық кешендендірілген.

2007жылы 2008 жылмен салыстырғанда аудандық спорттық-жалпы шаралар 30 % артты. 2007ж -24, 2008 ж-32, 2009 ж- 34.

2007жылмен 2008 жылмен салыстырғанда облыстық жарыстарға қатысушылардың саны 8% өсті, 2007 ж -396 адам, 2008ж -431 адам, 2009 ж -466.

2008 жылы 2007 жылмен салыстырғанда аудандық жарысқа қатысушылардың саны 40% өсті, 2007ж -2156 адам, 2008ж -3099 адам, 2009ж -3200 адам.

Облыстық жарыстарда ауданның құрама командаларының спорттық нәтижелерінің өсімі ескерілді. 2007ж мен 2008 ж ағымында ауданның құрама командалары облыс бойынша, селолық командалар арасынға 4 жақсы командалардың құрамына енеді.

Ботақара кентінде БжӨМ-нің оқушылардың саны өсті, 2007ж 508 адамнан 2008 ж 544 адамға дейін, 2009ж 648 адам.

2008 ж БжӨМ-де самбо бойынша топтар ашылды.

2007 ж Ботақара кентінде жергілікті бюджеттен «менің аулам» бағдарламасы шеңберінде жасанды жабынмен жалпы 5 млн. 672 мың.теңге сомасына 2 шағын-футбол алаңқайлары салынды. Осыған ұқсас алаң 2 млн. 834 мың.теңге сомасына 2008 ж Ғ.Мұстафина кентінде салынды.

2008 жылдың шілде айында облыстық бюджеттен 41 млн 850 мың.теңге сомасына футболдық алаң мен Ботақара кентіндегі БжӨМ ММ «Сары-Арқа» СК спорт алаңдарының қайта жаңартылуы аяқталды. Жасанды көгалмен 2 волейбол және бір шағын футбол алаңқайы жабылды, сондай ақ стадионның орталық футболдық алаңына, тарант жабынды үш жолақты жүгіру жолы салынған, орталық трибуналар жөнделді.

2008 жылы 2007 жылмен салыстырғанда спорттың қаржыландырылуы 48 % артты, 2007ж-2 624 мың.теңгені құраса, 2008 ж -3 896 мың.теңгені құрады, 2009ж-1722 мың.теңге.




      1. Табиғатты пайдалану және тұрақты дамудың экологиясы

Аумақтың экологиялық дамуын жақсарту басымды бағыттардың бірі болып табылады, мұның мақсаты аудан халқын экологиялық қауіпсіздікпен қамту, шаруашылық және басқа да қызметтің табиғи экологиялық жүйелерге кері әсерін тигізуінің алдын алу, сондай ақ аймақта биологиялық алуандықты сақтау.

Ауданның ірі экологиялық проблемасы атмосфераның, су мен жер ресурстарының лайлануы.

2008 жылы атмосфераға лақтырылған лас заттардың жалпы көлемі аудан бойынша -2,3 мың.тоннаны құрады, бұл 2007ж деңгейінен 0,7 мың.тоннаға кем. Атмосфераға көміртегінің лақтырылымдары 0,57 тоннаны құрады.

Ауданның қоршаған ортасына кері әсерін тигізетін ірі кәсіпорындар: ЖШС «Ақнар ҚФ» (Ботақара с), Қушоқы көмір кенші КБ «Бөрлі» (Қушоқы к), Рудник «Нұрқазған» Қазақмыс Корпорациясы.

ЖШС «Ақнар» кәсіпорынында барлығы 19 атаулы заттар бөлінеді, атмосфераға лақтырылымның жалпы көлемі 130 тонна, құс фабрикасынан тұрмыстық және өндірістік сарқынды сулар фильтрлеу алаңдарына лақтырылады.

Қушоқы кентінен 2 км ЖШС «Корпарация Қазақмыс» КД «Бөрлі» көмір разрезі орналасқан. Көмір өндіру ашық әдіспен өткізіледі. Түгендеу бойынша өндірістік алаңда атмосфера лайлануының 38 көзі орналасқан: 7 ұйымдастырылған, 31 ұйымдастырылмаған көзі. ПДВ нормативтер жобасындағы есептерге сәйкес «Қушоқы» разрезі үшін 2007-2009 жж жалпы нормативті табыс 80 тоннаны құрайды. Қалдықтар толығымен ішкі жарға төгіледі, атап айтқанда рекультивациялаудың техникалық кезеңін өткізу үшін.

Шаруа тұрмыстық сарқынды сулар Қушоқы көмір кенішінен Қушоқы кентіне таза жайларға алынады- биологиялық, тазартудан, 500м/ тәулігіне жобалық өндірісітк.

Биопрудтардағы тазартылған сарқынды сулар жергілікті рельефке лақтырылады. Комплекс 1972 жылдан бастап эксплуатацияланады.

«Нұрқазған» руднигі Ғ.Мұстафина атындағы кентке жақын орналасқан, шығу жерінде алыным ашық түрде өткізіледі.

Жыл сайын ЖШС «Қазақ мыс», «Бөрлі» көмір кенші қоршаған ортаны қорғау Министрлігінде табиғатты пайдалануға рұқсатнама алады.

Ғ.Мұстафин атынд кент жағасында орналасқан тазалау жайлары жұмыс режимінен шыққан.

«Нұра және Ішім өзендерінің қоршаған ортаны басқару және реабилитациялау» бюджеттік бағдарламаларының шеңберінде. Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрлігінің су ресурстары бойынша комитеті «Нұра өзенін тазалау» жобасын МБРР несиесі есебінен және республикалық бюджеттен 63,23 млн. АҚШ долларына жүзеге асырады, соның ішінде ҚР бюджетінің қайта қаржыландырылуы -22,85 млн.АҚШ доллары. Қайта жаңарту және даму халықаралық банкіне -40,39 млн. АҚШ доллары.

Жобаның мақсаты, бұрынғы «Карбид» АҚ ғимараты мен жайларын жою арқылы, сондай ақ Нұра өзенін тазалау арқылы Нұра өзені бассейні аумағындағы халықтың әл-ауқатын арттыру.

Қоршаған ортаның ластануынан түскен төлемдердің көлемі -38,8 млн.теңге, бұл 2007 ж деңгейіне 179 % құрайды.


1.2. Қортындылар

Өнеркәсіп.

2007-2009 жылдары өнеркәсіп саласының дамуы өндіріс көлемінің 10146,7 млн.теңгеге өсуімен сипатталады, жұмыстылар санының 2101 адамға дейін өсуі және жаңа өндірістердің ашылуы.



Шағын кәсіпкерлік.

2007-2009 жылдардың есептік кезеңінде шағын кәсіпкерлік саласында барлық көрсеткіштердің өсімі жеткізілді.

2009 жылы шағын бизнес субьектілерінің саны 1705 құрайды, өнім өндірісінің көлемі (жұмыс, қызметтер) 3607 млн.теңгеге жетеді, осымен қатар жұмыстылар саны 3592 адамға өседі.

2010-2014 жылдарда ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының мақсаты болып,

аудандағы әрекет етудегі және дамыған бәсекеге қабілетті бизнестің негізі болып табылады, бұл сыртқы нарықтарға отандық өнімдердің кең тарауына және инвестиция түсімінің артуына әкеледі.

Құрлыс.

2007-2009 жылдарда тұрғындардың әл-ауқатының артуына байланысты, енгізілетін тұрмыстық нысандардың 2,6 мың. ш.м өсуі байқалады, 2007ж, 7 мың.ш.м дейін 2009 жылы. Тұрмыстық құрлыс қаржыландырылуының басталуына байланысты республикалық бюджет қаражаттарынан ауданда, білім беру және денсаулық сақтау саласының мамандарына коммуналды жалдық тұрмыстық нысанның құрлысы басталды.


Ауыл шаруашылығы.

Есептік кезеңге ауыл шаруашылығының дамуы тұрақты даму тенденциясы бар, ауыл шаруашылығы өнімін өндіруде тұрақтылық бар. Жалпы өнім көлемі жоспарға 27,6 % асыра орындалған. Ауыл шаруашылығы нысандарын мелекеттік қолдау есебіне ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу бойынша жұмыстар жүргізілді.



Инвестициялық сала

Талдау кезеңінде, 2007 жылдан 2009 жылға дейін, кәсіпорындар мен тұрғындардың жеке қаражаттары есебінен инвестициялардың ауқымды өсуі байқалады. Инвестициялардың негізгі көлемі –нысандардың құрлысы мен қайта жаңартылуы, ал өткен жылдары айналымдағы құралдардың толықтырылуы жүргізілді.



Білім беру.

Білім беру саласында қызмет ұсынылатын білім беру қызметі сапасының жақсартылуына, оқушылар білімінің жоғарылауына, оқу процессінің жетілуіне, оқу процессінде жаңа технологиялардың енгізілуіне, мектепке дейінгі тәрбие және оқумен қамтылғандардың өсуіне бағытталған, бұл жұмыстың қортындысы мектепке дейінгі тәрбие және оқумен 2007 жылдың 8,9% қарсы, 24% болып табылады.



Денсаулық сақтау.

2007-2009 жж ауданның денсаулық сақтау саласында жұмыстың талдауы келесілермен ескеріледі, тегін медициналық жеңілдетілген бағадағы препараттармен қамтамасыз етуде қаржыландыруды артуымен, денсаулық сақтау нысандарының материалды-техникалық базасының жақсартылуымен, туу деңгейінің өсуімен, әлеуметтік-маңызды аурулармен ауырудың төмендеуімен.



Еңбек ресурстары.

Жұмыс беру бөлімі және ауданның жұмыс берушілерінің арасындағы жүргізілген жұмыс нәтижесінде, әлеуметтік қарым-қатынас жүйесі өсті, бұл жұмысты азаматтардың санының өсуіне әкеліп соқты. Кәсіптік оқу және қайта оқу өткен азаматтардың саны өсті, жұмыссыздар оқитын мамандықтардың саны кеңейді. Жеке ісін ашуға материалдық көмектің берілуі, қосымша жұмыс орындарын ашуға және шағын бизнес субьектілерін артуға көмегін тигізді. Аудан экономикасының дамуы аудан тұрғындарының нақты кірістеріне оң әсерін тигізді, ол 2009 ж 2007 ж деңгейіне 36 % артты.



Тұрғындарды әлеуметтік қорғау.

Тұрғындарды әлеуметтік қолдау саласындағы қызмет тұрғындардың әлеуметтік әлсіз қатпарларын қолдауға және мүгедектерді қажетті реабилитация құралдарымен қамту болып табылады. Бұл қызметтің негізі болып, аз қамтылған азаматтарды 100 %. Аз қамтылған азаматтарды мемелекеттік және мемлекеттік емес көздер көмегімен қамту, реабилитация құралдарымен мүгедектерді қамтуды арттыру. Мүгедектер мен ҰОС қатысушыларына материалдық көмек сомасының артуы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет