«Бұқаралық мәдениет теориялары»


Негізгі әдебиеттер: [12,25]



Pdf көрінісі
бет6/21
Дата28.03.2023
өлшемі495.33 Kb.
#471276
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Бұқаралық мәдениет теориялары

Негізгі әдебиеттер: [12,25] 
Қосымша әдебиеттер: [14,18] 
Лекция №3 тақырыбы .Бұқаралық мәдениет бұқаралық 
қоғамның мәдениет ретінде 
Қоғамды зерттеу тек философия үшін ғана емес сонымен 
бірге басқада қоғамдық ғылымдар үшін күрделі мәселе болып 
табылады. Коғам мағналы ұғым болып табылады. Философия 
қоғамды біртұтас, яғни адам болмысының әлеуметтік тәсілі, 
адамдардың бір-бірімен өзара әрекеттесуінің жемісі, адам 
шығармашылығының нәтижесі ретінде қарастырады. Философия 
үшін қоғамды қызмет арқылы, яғни әлеуметтік тұрғыдан 
қарастыру өте маңызды. 


17 
Қоғамға 
деген 
көзқарастардың 
тарихи 
эволюциясы 
натурализм, идеализм, материализм деген сияқты теориялық 
үлгілерде көрініс береді. Қоғам мәнін дұрыс түсіну үшін 
«материалдық», «руханилық», «практикалық» ұғымдарының ара 
қатынасы ең маңызды болып табылады. Қоғамдық дамудың 
негізінде қоғамның жүйелілігін құрайтын қоғамдық қатынастар 
жатыр, өйткені мұнда қызметтің экономикалық, саяси және т.б. 
формалары көрініс береді. 
Қоғамның дамуы революциялық немесе эволюциялық 
сипатқа ие. Философия қоғамның дамуын әлемдік тарихтың 
бірлігімен алуан түрлі принципі арқылы қарастырылады, өйткені 
мұнда жалпылықпен жекеліктің бір-бірімен өзара байланысының 
жалпы диалектикалық заңы көрініс береді. Қоғамдық дамудың 
басты мәселесіне қоғамдық прогресс ұғымы мен оның өлшемдері 
жатады. 
Қоғам дамитын жүйе ретінде өзінің қозғаушы болады. 
Тарихи процестің субъектісі және қозғаушы күші әр түрлі 
философиялық бағыттарда қоғамды рухани және материалдық 
тұрғыдан негіздеуде көрініс береді. Қоғам дегеніміз мүдделері, 
құндылықтары 
және 
мақсаттары 
әр 
түрлі 
адамдар 
қауымдастығымен әр түрлі әлеуметтік топтардың жиынтығы 
болып табылады. Осыған орай тарихи процесс күрделі және 
ықтималды сипатқа ие. Сондықтан тарихтағы жекелеген 
тұлғалардың, сонымен бірге әлеуметтік топтардың ролін зерттеу 
өте маңызды. Осы диалетиканың арқасында тарихи процесс 
стихиялық пен саналылықтың бірлігінде жүреді. Қоғамды 
дамушы жүйе ретінде талдау үшін мәдениетті философиялық 
талдау 
контекстінде 
де 
қарастыру 
керек. 
Мәдениет 
философиялық талдаудың пәні ретінде оның басқада әлеуметтік 
гуманитарлық білімдердің пәні аралық байланыс тұрғысынан 
қарастырумен ерешеленеді. Мәдениетті философиялық тұрғыдан 
талдауда өркениетті де қарастырамыз. Мәдениет пен өркениеттің 
арақатынасының 
концептуалды 
негіздерін 
О.Шпенглер, 
А.Тойнби, К.Ясперс, Х.Ортега-и-Гассет өңдеген болатын. 
Мәдениеттің феноменалдығын анықтаудың жалпы философиялық
өлшемдері мыналар:Анықтылығы /сырттай және іштей/, 
мәдениеттің әлеуметтік функциялалары, типологиясы, қозғаушы 
күштері, мәдениет пен идеологияның диалектикасы, мәдениет пен 


18 
шығармашылықтың диалектикасы, мәдениет пен демократияның 
диалектикасы, мәдениет пен білім берудің диалектикасы
мәдениеттегі ұлттық және интернациональдық, руханилық және 
интеллигенттілік, өзіндік сана мен өзіндік бақылаудың 
диалектикасы т.б.Философия мәдениетті бірлікте және алуан 
түрлі формада қарастырады, мысалы материалдық және рухани 
мәдениет «бұқаралық және элитарлық мәдениет», дәстүрлік және 
жаңашылдық мәдениет. Көркемдік мәдениеттегі ең маңыздысы - 
шығармашылық мәселесі, оның мәні және оның жүзеге асырылу 
тәсілдері.Өркениет әлеуметтік мәдени құрылым ретінде оны 
мәдениетпен байланысты философиялық тұрғыдан талданады. 
Қазіргі замандағы адамзат тіршілілігінің өркениеттік негіздері 
мынадай мәселелермен үздіксіз байланыста, олар: адам және 
техника, адам және ғылыми практикалық қызмет нәтижелері, 
адам және қоғам, дәстүрлік құндылықтар және олардың өзгеру 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет