Орта білім беру мазмұны
Білім беру бағдарламасы мазмұн, қажеттіліктерді талдау, болжамды нәтижені, мақ-
саттар мен міндеттерді белгілеу, жүзеге асыру және бағалау сияқты іс-әрекеттерді
қамтитынын ескерсек, оны жетілдіру қалыпты процесс болып саналады. Сондықтан, оқу
бағдарламалары мен оқулықтар әр 5–7 жыл сайын талдаулар негізінде қайта қарала-
тын болады. Тұрақты түрде қайта қарап отыру – қажетті әрі оң өзгерістердің кепілі, сон-
дай-ақ уақыт талабына сай болудың тиімді әдісі. Бұл ретте типтік оқу бағдарламалары
мен мектеп оқулықтарын қайта қарау сапалы білім беру мен оны дамытудың стратеги-
ялық маңызды кезеңі саналады.
Типтік оқу бағдарламалары мен мектеп оқулықтарын қайта қарау қазақстандық кон-
тексті, дамудың ұлттық ерекшеліктерін, орта білім берудегі халықаралық үрдістерді
терең түсінуді талап етеді. Бұл процесс оқушылардың фундаменталды академиялық
білімін қалыптастыруға және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды сауатты
әрі жоғары деңгейде пайдалануға ықпал ететін кешенді тәсіл құруды көздейді.
Білім беру халқымыздың рухани-адамгершілік құндылықтарын кіріктіру арқылы тәр-
биелік әлеуетті нығайтуға бағытталады. Білім беру мазмұны Мемлекет басшысы биылғы
Жолдауында тілге тиек еткен Абайдың «Толық адам» ілімінен бастау алатын «Адал аза-
мат» тұжырымдамасымен байытылады. Орта білімнің философиялық негізі Әбунасыр
әл-Фараби, Жүсіп Баласағұни, Махмуд әл-Қашғари, әл-Хорезми, Қожа Ахмет Ясауи си-
яқты басқа да ағартушы, ойшылдардың мәдени және рухани мұрасынан тұрады.
Білім беру мазмұнын жетілдіру аясында бастауыш, негізгі орта және жалпы орта
білім берудің, қолданыстағы мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандарттарының,
оқу жоспарлары мен бағдарламаларының құрылымдық негізі сақталады (ҚР ОМ 2022
жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы)
28
.
Білім берудің жалпыға бірдей міндетті мемлекеттік стандарты білімге бағытталу-
дан – адамға бағытталуға өзгереді. Егер бұрын білім берудің мақсаты – оқушыға білім,
білік, дағды жиынтығын дарыту болған болса, қазіргі оқу бағдарламасының нысаны
28
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі
білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» ҚР ОМ 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы,
https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2200029031
23
– баланың өзі және түрлі жағдайларда мәселені дербес түрде шеше алу қабілеті. Бұл
тәсіл оқушылар дайындығының тәжірибелік-бағдарлы сипатта болуына жол ашады және
алған білімін өмірде кездесетін әртүрлі тосын оқиғаларда, соның ішінде табиғи, техно-
генді және басқа да төтенше жағдайларда қолдана білуге бағыттайды.
Оқу бағдарламаларының мазмұны пәндерді, тараулар мен тақырыптарды интегра-
циялау принципіне негізделеді. Осылайша, бастауыш білім беруде барлық пәндердің
мазмұнында ортақ тақырыптар болады. Негізгі мектепте өзара горизонталды және ве-
ритикалды пәнаралық байланыстар қарастырылған. Жоғары мектепте бейіндік пәндері
мен оқу бағдарламаларының мазмұнын кіріктіру арқылы жүзеге асырылады. Барлық
деңгейдегі интеграция STEAM тәсілдеріне негізделеді.
Білім берудің жалпыға бірдей міндетті мемлекеттік стандартына және оқу бағдар-
ламасына өзгерістер енгізу барысында оқушылардың құзыреттіліктері мен дағдыларын
дамытуға бағытталған парадигмаларға баса назар аударыла отырып, білім берудің ден-
саулықты күту сипаты күшейтіледі. Оқу пәндерінің санын және оқытылатын теориялық
материалдардың көлемін көбейтудің орнына пәндерді ұтымды біріктіру, оқу процесінің
қарқынын арттыру, білім берудің заманауи технологиялары мен ресурстарын пайдалану
шаралары қолданылады.
Білім берудің мазмұны мектеп түлегінің пәндік, нақты өмірдегі және басқа да маңыз-
ды жағдайлардағы біліктілігін қалыптастыруға бағытталған.
Білім беру бағдарламаларында оқушылардың ерте әлеуметтенуі мен кәсіптік бағдар-
лануына және орта мектеп деңгейінде бастапқы кәсіптік біліктілікті меңгеруіне мән
беріледі.
Кәсіптік бағдар берудің ұлттық моделі кәсіби ақпарат пен кеңес беруге негізделеді.
Орта білім беруде оқушыларға кәсіби бағдар берудің психологиялық, әлеуметтік, эконо-
микалық және басқа да аспектілерін қамтитын үздіксіз жүйе құрылады.
Кәсіптік бағдар беретін педагогтер ата-аналар мен оқушыларға мына мәселелер бой-
ынша кеңес беруге тиіс:
• экономиканың аймақтық және ұлттық құрылымы мен даму перспективалары;
• мамандықтар атласына сәйкес, аймақтағы және елдегі сұранысқа ие маман-
дықтар;
• таңдаған бағыты бойынша колледждер мен ЖОО-ға түсу мүмкіндігі, грант түр-
лерінің қолжетімділігі.
Негізгі мектеп бағдарламасы кәсіпке дейінгі дайындыққа, колледждерде немесе жоға-
ры сыныптарда үздіксіз білім алуға бағытталады. 10-11 сыныптарда кәсіпке мамандану-
дың бастапқы машықтарын игеруге жағдай жасалады. Тұрғылықты жерінде колледждер
бар жоғары сынып оқушылары жергілікті еңбек нарығындағы сұранысқа орай, сол білім
ордаларында білім алады. Мектеп түлектерінің аттестатпен бірге, бастапқы мамандық
жөнінде куәлік алып шығуы қарастырылады.
Қазақ тілін үйрену сапасын арттыру, сондай-ақ қазақша білмейтін балалардың тіл-
ді тез үйреніп кетуі үшін мектептерде оқу процесіне тәжірибе түрінде қазақ тіліне ерте
жастан баулу бағдарламасы енгізіледі. Бағдарлама сынақтан өтіп, зияткерлік мектеп-
терге енгізілді, оқулықтар мен оқу құралдары жазылды. Педагогтерді, мектеп әкімшілігі
мен әдіскерлерді оқытудың нормативті және әдістемелік базасы құрылып, бүкіл процесс
ғылыми-әдістемелік тұрғыда жүзеге асады.
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы әзірлеген оқу бағдарламалары
2024-2025 оқу жылында кезең-кезеңімен сынақтан өтеді, ал 2025-2026 жылдан бастап
біртіндеп қолданысқа ене бастайды.
24
Мониторингілік зерттеулер білім беру бағдарламаларын іске асыру процесін жүйелі
бақылау негізінде жүзеге асырылады. Оқу бағдарламаларын қолданысқа енгізуге дей-
ін және кейін ұстаздар қауымымен кең ауқымды кеңес өтеді. Бұл оны әзірлеушілерге
мәселенің мәнін түсінуге және өзгерістердің келесі айналымын қай бағытта жақсартуға
болатынын анықтауға мүмкіндік береді.
Қосымша білім алудың балалар өмірінде маңызы зор. Қосымша бағдарламалар бала-
ларды жан-жақты дамытуды кезең-кезеңімен жүзеге асыратын жүйеленген оқу процесін
ойластыруға мүмкіндік береді. Сондықтан, бұл жүйені дамыту мемлекеттік білім беру
саясатының басым бағыты болып саналады.
Ең алдымен, қосымша білім беру арқылы білім тәжірибеде қолданылады, бұл пән-
дерді меңгеру сапасын арттыруға септігін тигізеді. Сондай-ақ, әртүрлі жобалармен жұ-
мыс істеу баланың өз бетінше ізденуіне және білімін кеңейтуіне ықпал етеді.
Оқушылардың жетістігін есепке алу мен бағалаудың инновациялық түрі – оны қо-
сымша білім арқылы негіздеудің тиімді жолын қарастыру болуы керек. Бұл мектептерде
әрбір баланың таңдау курсының бағдарламасын, үйірме немесе секция жұмысын мең-
геру деңгейін бағалау тетігін енгізуге және әрқайсысының жекелеген жетістіктерін ат-
тестатпен бірге берілетін құзыреттілік картасына тіркей отырып, тұлғалық қасиеттерін
бақылауға мүмкіндік береді.
Бұл кезеңде балаларды қосымша біліммен қамту сандық жағынан ғана емес, сапалық
тұрғыда да дұрыс болуы шарт.
Балалардың интеллектуалдық дамуына (мысалы, жоғары оқу орындары жанындағы
жаздық мектептер) ықпал ететін бағыттарды анықтау және ұлғайту, бағдарламалардың
мазмұнын байыту, әлеуметтік деңгейіне және тұрғылықты жеріне қарамастан, барлық
балаға бірдей қосымша білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету, жан басына қаржылан-
дыру арқылы қосымша білім берудің жеке секторын дамытуды қолдау қажет. Ауылдық
жерлерде тиісті материалдық-техникалық базасы бар мектептерге қосымша білім беру
және комьюнити-орталықтар ұйымдастыру мәртебесін беру керек.
Мектепті дамыту жоспары
Мектепке ұзақмерзімді жоспарлау мәдениетін енгізу қажет, оның маңызды бөлігі мек-
тепті дамыту жоспары болады. Оған басқару жүйесін жетілдіру, мұғалімдерді мектепті
басқаруға тарту, жұмыс тиімділігінің негізгі көрсеткіштерін белгілеу шаралары кіреді.
Жоспар сондай-ақ, педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыру, инфрақұрылымды модер-
низациялау, жоғары сапада білім беру және оқыту, сондай-ақ мектеп пен қоғам арасын-
дағы байланыс шараларын қарастыруы тиіс. Жергілікті қоғамдастық Даму жоспарын
жүзеге асыруда мектепке көмектесуі қажет.
Мектептің даму жоспары мақсатты индикаторлардың кең жүйесін қамтуы шарт
және даму деңгейін бағалауға мүмкіндік беретін дәлелдерді жинау мен талдау арқылы
білім ошағының өзін-өзі бағалауына ықпал етуі керек. Бұл басқару процестерінің жа-
риялылығын арттыруға, өкілеттіліктер мен жауапкершіліктердің негізді болуына, сон-
дай-ақ мектептің ішкі саясатын түзетуге мүмкіндік береді. Мектептің басымдықтары
мен негізгі шаралар, стандарттарды жоғарылатуға бөлінетін және балалардың үлгерімі
мен жетістіктерін қамтамасыз ететін ресурстар Жоспарда анық және түсінікті түрде көр-
сетілуі керек.
Мектеп басшылығы мен қызметкерлер дамуды жоспарлау және жүзеге асыру ісіне
белсене қатысуы шарт. Директор өзгерістер көшбасшысы ретінде ұжымды біріктіреді
және мектептің дамуына тікелей жауап береді.
25
Цифрлы трансформация
Мектеп жүйесіне демографиялық қысым күшейе береді. Сол себепті, технология-
ларды белсенді түрде көптеп енгізу қажет, бұл сапасы жоғары білім беру және жүйенің
тиімді жұмыс істеуі үшін қолда бар ресурстар мен инфрақұрылым мүмкіндіктерін кеңей-
туге жол ашады.
Цифрлы технологияларды білім жүйесіне бейімдеу мен оқушыларға үйрету адам ка-
питалын жылдам дамытып, инновациялық және ғылымға негізделген экономика негізін
қалыптастырады.
Цифрландыруды кең көлемде жүргізген уақытта шалғай ауылдардағы оқушылар да
оқу материалдарына қолжеткізіп, елдегі ең үздік ұстаздардың дәрісін тыңдай алады.
Мұндай тәжірибе Ақтөбе облысында сынақ ретінде жүзеге асып жатыр. Оған мемлекет-
тік органдар, үкіметтік емес ұйымдар, бизнес, білім және ғылым ұйымдары, жергілікті
қауымдастықтар тартылған. Біз қоғамның мектептерге белсенді қолдау көрсеткенінің
куәсі болып отырмыз.
Білім берудің цифрлық трансформациясы – бұл тек компьютерлік сыныптарды құру
және Интернетке қосылу ғана емес, сонымен қатар оқу мақсаттары мен білім беру нәти-
желерін нақтылау, мектеп жұмысының жаңа үлгілерін қалыптастыру және тарату, оқы-
ту тәжірибесін жаңарту, ұжымда тиісті атмосфераны құру, мұғалімдерге оқытудың жаңа
әдістері мен тәжірибесін меңгеруге көмектесу.
Цифрландыру арқылы білім беру кеңістігі ұлғая түседі. Цифрлы оқулықтар мен әді-
стемелік материалдардың көлемі артады, бейімдеу механизмдері мен цифрлы орта қа-
лыптасады. Оларға кез келген уақытта және елдің әрбір түкпірінен қолжеткізуге болады.
Білім беру форматтары мен материалдарын оқушының білімді меңгеру дәрежесіне қарай
түрлендіруге мүмкіндігі оқу-тәрбие ісінде кеңінен пайдаланылады.
Ол үшін цифрлы білім берудің келесі міндеттерін кешенді түрде шешу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |