Басќару есебі туралы жалпы т‰сінік


Калькуляциялау баптары және олардың сипаттамасы



бет12/40
Дата20.05.2022
өлшемі0.81 Mb.
#458075
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   40
Бас ару есебіні ма ынасы, оны м ні, ма саттары ж не міндеттері

3. Калькуляциялау баптары және олардың сипаттамасы.
Шаруашылық субъектісінің өндірістік қызметін басқарудың жүйесін қайта ұйымдастыру немесе құру отандық өндірістік есебіне, яғни "өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау мен өндіріске кеткен шығындар есебіне" ұғымдық жағынан принципиальды жаңа талаптар қояды.
Өнімнің өзіндік құннын калькуляциялаумен өндіріс шығындарынның есебі бойынша нормативтік құжаттар, сондай-ақ арнайы әдебиеттер, калькуляциялау мен шығындар есебінің әдістеріне жеткілікті және анық ұғымды бермейді, ал көптеген танымал авторлардың берген ұғымы бір-біріне өте ұқсас болып келеді. Ол өндірісте шығындардың басқарушы (бұрынғы аналитикалық) есебін құрудан, шығындардың жіктеу қағидаларын таңдаудан, шығындар есебінің номенклатуралық объектісінен (бұйым, тапсырыс, өңдеу, шығындардың пайда болу орны т.б.), сатылған мен дайын өнімнің және аяқталмаған өнімнің өзіндік құнын тарату әдістерінен, шығындарды тікелей қаржылық нәтижелерге жатқызу жолымен өтеуден тұрады.
Басқарушы есеп жүйесінен бсқа да маңызды жағы болып, ол өндіріс шығындарының есебін және калькуляциялау процесін өнімді шығарумен байланысты екенін ескеретін біртұтас есептік процесі ретінде қарастырылады. Бұл кезде шығындар есебінің объектісін таңдау ішкі есеп беру көрсеткіштерінің жүйесін, басқарудың әр түрлі мақсаттар үшін калькуляциялық есеп берудің кезеңділігін анықтайды.
Есеп берудің жұйесі келесідей кезеңдерден тұрады:

  1. Өндірістік қызмет процесінде олардың пайда болуына қарай, өндіріске жұмсалған ресурстарды алғашқы құжатта көрсету.

  2. Қызмет түрлері, өндірістер, құрылымдық бөлімшелер, шығындардың пайда болу орындары, жауапкершілік орталықтары, өнімдер, жұмыстар және т.б. өндірістік шығындар туралы мәліметтерді локализациялау (тараптау).

  3. Өндірістік шығындарды олардың пайда болу уақыттары: "тарихи", өткен шығындар, есеп беру кезіндегі шығындар және болашақ кезең шығындары бойынша локализацияланады;

  4. ШС жалпы шығындарын өндірістік бөлімшелер арасында тарату; жалпы өндірістік шығындарды аяқталмаған, дайын және сатылған өнімнің өзіндік құнына енгізу арқылы өтеу;

  5. Қызмет көрсетуші өндірістің өндірістік шығындарын олардың аяқталмаған және дайын өнімдерінің (орындалған жұмыстарының мен қызметтерінің ) арасына таратады және қызмет көрсетуші өндірістің өнімін, жұмысын және қызметін тұтынушылары бойынша, яғни өндірістік бөлімшелері бойынша шығындарды қайта таратады;

  6. Өндіріс процесінде алынған қалдықтар, аяқталмаған өндірістерді анықтау және бағалау, және өнімнің жекелеген түрлерінің өзіндік құнын, сосын барлық тауарлы өнімнің көлемін анықтау.

Сонымен, өндірістік есеп өзіне өндіріс шығындарының есебін, яғни 1-5 кезеңін енгізеді, ал калькуляциялық есебі ол 4-6 кезеңдерін қамтиды да, осы соңғы кезең интегралданған есеп жүйесі ретінде, өзіндік құнды басқару үшін ақпаратпен қамтамасыз етеді.
Өзіндік құнды басқару - бұл кез-келген шаруашылық субъектілеріндегі басқарушылық қызметтің едәуір күрділі және ең маңызды бөлігі, өйткені ол өтіп жатқан өндірістік процестерінің барлық жақтарын қамтиды. Сайып келгенде, өндірістің қызметін басқарудың жүйесінің қайта ұйымдастыру, ол өндіріс шығындарының трансформациялауына әкелді және ШС - ң ұйымдастырудың нақты және модельдерін жасауға көмектеседі.
Егер негізгі мақсатты орындауға бағытталған, басқару модельдеріне сәйкес келетін өндірістік қызметтің өткен, қазіргі және болашақтағы нәтижелері мен шығындарын пайдаланатын болса, онда мұндай есеп жүйесі өзіндік құнды басқарудың негізгі міндеттеріне сәйкес келеді.

  • Одан басқа, калькуляция тек дәстүрлі мәселелер бойынша негізделген шешімдерді қабылдауға көмектесіп қана қоймай, сондай-ақ мынадай жағдайлардың экономикалық зардаптарын болжайды:

  • өнім өндірудің бұдан былайғы мақсатқа лайықтылығы;

  • өнімге оптималды баға белгілеу;

  • өндірілетін өнімнің ассортиментін оптималдандыру ;

  • әрекет етуші технологияларды және парк станоктарын жаңартудың бүгінгі күннің талабына лайықтылығы;

  • басқарушы персоналдың жұмыстарының сапасын бағалау.

Калькуляцияның мәнін сипаттауды аяқтай келе, біз оның негізгі аранлымын тағы бір атап өтсек - табыс алуға басшының бағдарламасын дайындау мен жетілдіру, және де қолданыстағы калькуляциялау процесін барынша мақсатына бағыттау және оны сынақтан өткізу болып табылады.
Қазіргі кезде калькуляциялаудың негізі, ШС -де немесе жауапкершілік орталықтарында қабылданған жоспарлардың орындалуын бағалауда жатыр. Ол өзіндік құн бойынша жоспарлы тапсырмалардан ауытқулардың себептерін талдау үшін қажет. Нақты калькуляцияның мәліметтері негізінен өзіндік құнды келесі кезектегі жоспарлау үшін, жаңа техниканы енгізудің экономикалық тиімділігін негіздеу, қазіргі кездегі технологиялық процестерді таңдау, өнімнің сапасын арттырудың шараларын жүргізу, кәсіпорынның реконструкциясын және құрылыс жобасын тексеруде қолданылады. Калькуляциялау нәтижесі жөндеу жұмыстары бойынша дербес жүргізу немесе басқа да ұйымдардың қызметтерін пайдалану туралы шешім қабылдауға болады.
Сайып келгенде, калькуляциялау трансфеттік бағаны жасаудың негізі болып табылады. Трансферттік бағаны қалыптастыру мәселесінің айрықша актуалды екендігі жөнінде баршаға белгілі, ол тек ШС бөлімшесінің өз бетімен сыртқы ортаға шығу құқығы бар болса ғана іске асады. Бұл жағдайда дұрыс трансферттік бағаны қалыптастыру ұйымның жалпы қаржылық жағдайына тәуелді болып келеді. Егер де өнім ШС ішінде толығымен өз қажеттілігіне жұмсалса, онда трансферттік баға ШС ішкі бөлімшелерінің арасындағы шыраушылық байланыстарын қамтамасыз ету үшін қажетті есептік баға категориясы болып табылады, демек бұл кезде ол ұйымның түпкі нәтижелеріне әсер етпейді.
Өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік құнын калькуляциялауды шартты түрде үш кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезеңде жалпы барлық шығарылған өнімнің өзіндік құны есептелінеді, екіншіде - әрбір өнім бойынша нақты өзіндік құны (немесе "шығындарды тарату"), үшіншіде - өнім (орындалған жұмыс немесе көрсетілген қызметтің) бірлгінің өзіндік құны. Осыдан, өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құнын калькуляциялау деді Васин Ф.П. - ол жалпы шаруашылық субъектісі бойынша да, өнім түрлері мен оның бірліктері бойынша да, өндіріспенжәне оны сатуға байланысты шығындарды есептеп шығару деп түсіндіреді. (39.61 б).
Шын мәнінде, калькуляциялау процесі күрделі болып табылады және шығындардың есеп процесімен алмасады. Осыдан келіп, шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдісін бөлінбейтіндігін және ажырамайтындығын айтуға болады. Бірінші кезекте негізгі өндірістің шығындары таратылады, содан соң көмекші өндірістің өнімдері калькуляцияланады. Бұл кезеңде калькуляциялау қиындай түседі, өйткені өзара көрсеткен қызметтерді ескере отырып есептеу қажет.
Шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау негізгі өндірісте де алмасуы мүмкін. Мысалы, қайта өңдеу (попередельный) әдісі жағдайында, алдымен бірнеше бөліністі жартылай фабрикаттардың өзіндік құны калькуляцияланады, сосын бұл екінші бөліністің шығындарына жатқызылып, біріншісінен есебі шығарылады және осыдан кейін екінші бөліністе жартылай фабрикаттардың өзіндік құны калькуляциялануы мүмкін.
Сайып келгенде, калькуляция шығындарды топтастыру мен құжаттаудан басталады, бұл кезде өндірістік есептің мәліметтері қолданылады, сосын алынған өнімнің саны, содан соң ғана өнімді нақты өзіндік құны бойынша бағалау аяқталады, яғни калькуляциялаудың, өнідірістік шығындар есебі мен тығыз байланыста болатындығы алдын-ала анықталып қойылған шаралары бойынша жүргізіледі.
Өнімнің жоспарлы өзіндік құнын сақтауға және өндіріс рентабельділігіне, шаруашылық есепті нығайтуға, резервтерді анықтауға және материалдық ресурстар мен еңбек шығындарын бұдан былай төмендетуге және бақылау жасауға, сондай-ақ өндірісті басқаруға аясын кеңейтуге септігін тигізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет