Шығындардың түрлері бойынша есебі есепті кезеңде өнімді өндіру (жұмыс жасау, қызмет көрсету) процесінде шаруашылық субъектіде қандай шығындар топтарының орын алғанын көрсетеді.
Олардың шығу орындарына байланысты шығындар есебі, қажетіне жұмсалған шығындардың мөлешерін арасында, оларды бөлуге мүмкінді береді.
Тұрақты иеленушілер (тасымалдаушылар) бойынша шығындар есебі қандай да бір нақты өнім бірлігін өндіру немесе белгілі бір тапсырысты орындаумен байланысты барлық шығындарды анықтауды жорамалдайды.
Сөйтіп, тек қана ндірістік есептің аясында өнім бірілігінің өзіндік құнын, оған келетін табыс пен рентабельділік деңгйеін есептеудің түседі.
Шаруашылық қызметті басқарудың күрделі және кещенді процесс болып табылатындығына тоқтала жөн.
Басқару талаптарына жауап беретін есеп жүйесі өте күрделі (қиын) және де көптеген процедуралардан тұрады. Оған қоса басқарушы есеп жүйесінің элементтерінің құрамы басқару мақсаттарына тәуелді болып келеді. Бұл арада, жалпы қабылданған қағидаларға, шаруашылық субъектісінде ұйымдастырылған кез келген есептің жүйесі, (оның ішінде басқарушы есепте) жауап керек.
Басқарушы есептің қағидаларының қатарына мыналар жатады: шаруашылық субъектінің үздіәксіз қызметі; жоспарлау мен есептеуде (жоспарлы-есептік) біртұтас өлшем бірлікті пайдалану; шаруашылық бөлімшелерінің қызметінің нәтижесін бағалау; басқару мақсатында алғашқы және аралық ақпараттардың сабақтастығын сақтап және бірнеше рет қайталап пайдалану; басқару деңгейілерінің арасында коммуникациялық байланыстың негізі ретінде ішкі есеп беру көрсеткіштерін қалыптастыру; шығындарды, қаржыны, коммерциялық қызметтерді басқарудың бюджеттік (сметалық) әдісін қолдану; есептің объектілері жнінде толық ақпараттарды камтитын толықтылық пен аналитикалығын арттыру; есептік саясатта белгіленген шаруашылық субъектілердің ндірстік және коммерциялық циклдарын көрсететін мерзімділігі және т.б. осы сияқтылар. Аталған қағидалар жиынтығы басқарушы есеп жүйесінің әрекеттілігін қамтиды, бірақ ол оның есептік процесін үйлестірмейді.
Басқарушы есетің мәні оның экономикалық табиғатын ашатын және басқару процесіне категоиялардың ролдерін көрсететәін, олардың атқаратын қызметтерінен көрінеді. Басқарушы есептің маңызды қызметі болып калькуляциялау болып табылады. Жаслған есеп айырысулар негізінде басқарушы есепжүйесінде бір есепті шешудің әр түрлі баламалы варианттарын есептеу керек, олардың ішінен оңтайлысын (оптимальдысын) таңдап және жедел тиімді басқару шешімдерін қабылдауға болады. Осы туралы Касьянова Г.Ю., Колесникова С.Н., «шешім қабылдау үшін барлық деңгейдегі басшыларды дер кезінде және дұрыс ақпараттармен қамтамасыз ету – бұл басқарушы есептің негізгі атқаратын қыметінің бірі», деп жазды.
Бұл атқырылатын қыметтің материалдық көрінісі болып, кәсіпорынның жалпы басқару жүйесінің бір бөлігі болатын: жоспарлау, бақылау, ынталандыру сияқты экономикалық есеп айырысулар жүйесі жатады. Негізінен бұл қызметтерді бухгалтер-талдаушы (бухгалтерлер-менеджер) орындайды.
Жоспарлау сатысында бухгалтер-талдаушы басшының бекітуіне ұсынылатын, жалпы (бас) бюджетке көшірілетін, шаруашылық субъектілердің жеке бюджеттерін дайындауға қатысады. Өндірістік бюджетті (шаруашылық субъектінің өндірістік бағдарламасы) дайындау кезінде бухгалетр-талдаушының қызметіні арқасында жекелеген цехтар, бөлімшелер және бригадалар жұмыстарын – іске асырылуын қамтиды, өндірістік поцесте олқы жерлері деп аталатын құбылысты болдырмайды. Ол шаруашылық субъектінің өндірістік бағдарламасын талқылауға, күрделі жұмсалымдар бойынша ұсыныстарды бағалауға, өнімнің тиімді түрлерін анықтауға, өнімді өткізу нарығын табуға және оңтайлы (оптималды) бағаларға нұсқау жасауға қатысады. Қаіргі кедегі бухгалтер-талдаушы: жедел бухгалтерлік есептің, қаржылық талдаудың және қаржылық жоспарлаудың әдістерін тең дәрежеде меңгеруі қажет. Өзі жүргізген зерттеулер негізінде бухгалтер-талдаушы есепті кезең мәліметтерін талдайды және жинақтайды, сосын алдағы жоспарлау мен болжауда қолдану үшін қорытынды шығарады.
Бухгалтер-талдашы есепті кезең аяқталғаннан кейін, ол әрбір жауапкершілік орталықтары бойынша бюджеттерінің (жоспардың) орындалуы туралы есепті жасайды, осы есепте жоспарланған және қол жеткізген нәтижелердің салыстырмалы талдауын келтіреді. Сйтіп нақты және жоспарлы көрсеткіштер арасындағы орынсыз алшақтықтар анықталады, одан кейінгі жұмыс барысында олардың әсерін болдырмау мақсатында себептері анықталады. Бухгалетр-талдаушы дайындаған қорытынды есеп берулер (отчеттар), бір жағынан, жауапркешілік орталықтары бойынша басшыларының қызметтерін объективті түрде бағалауға мүмкіндік береді, ал басқа жағынан-менеджерлер мен басшыларға қандай бөлімшелерде жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізілгені жөнінде ақпарат береді.
Шаруашылық субъектілеріндегі бухгалтер-талдаушының кәсіптік қызметтерінің арқасында, жекелеген службалар арасында есеп беру мен ақпараттардың айырбасталуы, олардың жұмысының жөнге салынғандығын байқатады. Оның көмегімен менеджерлер өздері үшін жасалған жоспарлармен танысады, өздерінің алдына қойылған мәселелерді айқындайды.
Өзінің қызметінде бухгалтер-талдаушы кәсіпорынды басқарудың тиімділігін арттыру үшін негіз қалыптастырады, кейде ол қорабыл штурманфымен өзін салыстырады, өйткені штурман капитанға алынған бағыттың қаншалықты тиімді іске асып жатқаны туралы хабарлап отырады. Штурман капитанға көмек бергенімен, команда беру құқына капитанның өзі ие болады.
Сөйтіп, бухгалтер-талдаушы біріншіден, бөлімшінің бухгалтерлік есеп беруінің нақтылығына басшы алдында жауапкершілікте болады, екіншіден, жауапкершілік орталықтарындағы басқарушыларға жұмыстарын жоспарлау мен қорытындылар шығаруда көмек көрсетеді. Сондықтан ол шаруашылық субъектісін басқаруда менеджерге көмек беруде өзінің объективтігін және тәуелсіздігін байланыстыруы қажет. Ол өндірістің мәңгі қозғаушы күш ретінде, басқарушы есеп жүйесіндегі ролі туралы, біз кейінірек толық қарастырамыз.
«Басқарушы есепті ұйымдастыру және оның мәні» мәселелерін қарастыра келіп, Карпова Т.П. олардың әрекеттілігін қамтитын басқару және ақпарат қызметі (фнукциясы) – басқарушы есептің атқаратын қызметін калыптастыруға мүмкіндік береді, - деп жазды да, аталған қызметтің (функцияның), қатарына мыналарды жатқызды:
жедел басқарушылық шешімді қабылдау және бақылау, басқарудың барлық деңгейілерінде ағымдағы жоспарлау үшін қажет ақпаратпен қамтамасыз ету;
басқару деңгейлері мен бірдей деңгейідегі әр түрлі құрылымдық бөлімшелер арасындағы ішкі байланыстың құралы болатын ақпараттарды қалыптастыру;
мақсатқа қол жеткізуде жалпы кәсіпорында және бөлімшелердің ішкі қызметінің нәтижелерін бағалау және жедел бақылау;
қызметтің (іс-әреткеттің) нақты нәтижесін бағалау мен талдау негізінде болашақта кәсіпорынның дамуын үйлестіру және перспективті жоспарлау.
Бұл айтылғандарды қорыта келе, осыдан басқарушы есептің негізгі мақсатын құруға болады:
Басқарушыға жедел басқарушылық шешімді қабылдауда ақпараттық көмек көрсету;
Шаруашылық субъектінің экономикалық тиімділігін бақылау, жоспарлау және болжау;
Баға белгілеу үшін базалық негізін жасау;
Кәсіпорынның дамуының ең тиімді жолдарын таңдау.
Сөйтіп, шаруашылық субъектілер үшін қажет болатын ақпараттарды бухгалтерлер жасайды, ал осынған қатысты барлық кәсіби қызмет эккаунтинг деп аталады. Эккаунтингке шаруашылық субъектінің есеп беру жұмыстары бойынша, оның қаржылық көрсеткіштерін талдау, жоспарлау, сонымен қатар кәсіпорынның қызметіне (іс-әрекетіне) бақылау жасаумен байланысты жұмыстары кіреді. Демек, басқарушы есеп – эккаунтингтің ажырамас бір бөлігі.
Басқарушы есеп міндетті түрде болашақта болатын оқиғадалардың бағытына әсер тетіндей епті қимылдар жасауы қажет. Себебі, өйткенді өзгертуге болмайды, бірақта ол болашаққа сабақ болуы керек.
Министерстволар мен басқа мемлекеттік бақсару органдарының «ақпараттық ашқарақтығымен» жасалған мәліметтер емес, керісінше, артық ақпараттардан арылып, бұл есепті бұдан кейін де дамыту және жетілдіру қажет. Іс жүзінде (тәжірибе) көрсеткендей, есеп беру ақпараттарының едәуір бөлігі шын мәнінде пайдаланбай қалады. Демек, есептің тек есеп беруге ғана бағытталғанына жол бермеу керек, оның анық айқын көрінетін есеп-беру статистикалық сипатының аясын кеңейткен жөн. Қолданыстағы бар есепке қосымша басқарушы есептің терң дайындалған, аналитикалық және икемді жүйесін жасау керек.
Бірақта, басқарушы есеп қазақстандық шаруашылық субъектілерінде жоқ деп айтуға болмйды, дегенмен де мұндай көзқарастар ғалымдардың арасында және практиктерде кездеседі.
Басқарушы есебі Қаржы есебі Салық есебі
1 2 3
г бақылау
в қаржылық көрсеткіштерді
талдау
б жоспарлы жұмыс
а есеп беру
Есеп жүргізуші (немесе есепші)
а-г – басқарушылық ақпаратты
жасауды қамтамасыз ететін
бухгалетерлік қызметтің түрлері;
1-3 – «эккаунтинг» жүйесінде
жасалатын ақпараттық көрсет-
кіштеріне база болатын есептің
түрлері.
Эккаунтингі қосылғыштары
Достарыңызбен бөлісу: |