Басылым: төртінші


Белдеуше: Ғимараттың келбеттік бөлігін биіктік бойынша бөлетін ернеу. Белдеулік бұрыштамалар



Pdf көрінісі
бет2/8
Дата08.11.2022
өлшемі0.49 Mb.
#464299
1   2   3   4   5   6   7   8
Жунисов сролар

Белдеуше: Ғимараттың келбеттік бөлігін биіктік бойынша бөлетін ернеу.
Белдеулік бұрыштамалар: Тойтармалы арқалықтың жоғарғы және төменгі белдеулерін түзетін 
бұрыштамалар.
Беріктік: Материалдың бұзылмастан, түрлі жүктемелер мен әсерлерді қабылдау қасиеті. 
Сандықтұрғыданберіктікшегімөлшеріменнемесеуақытшакедергіменанықталады.
Беріктік шегі: Материалдың шартты кернеуін білдіретін, үлгінің бұзылуы алдындағы ең үлкен 
жүктемеге сәйкес келетін механикалық сипаттамасы.
Бет: Арканың алдыңғы және артқы жазықтығы.
Бетон блоктар: Арматураланбаған немесе құралымдық арматурасы бар, жеңілдетілген және 
жеңіл бетоннан жасалған бұйымдар. Қолданылу мақсатына қарай іргетасты, іргелік және 
қабырғалық болып бөлінеді. Массасын және жылу өткізгіштігін азайту үшін қуыс немесе тесік етіп 
шығарылады. Көбіне қуыстар блок бойымен немесе көлденең орналасқан саңылау түрінде 
болады .
Бетон класы: Бетон сапасының кепілмен қамтамасыз етіп (сенімді ықтималдықпен) қабылданған 


Л.Н. Гумилев атындағы 
Еуразия ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
төртінші 
ЕҰУ Ф 703-08-14. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Төртінші басылым 
осы көрсеткіштердің біріздендірілген қатарының нормаланған мәндерінің бірі.
Бетон кілтектер: Жіктер толтырылғаннан кейін жылжытушы күштерді қабылдайтын шоқылар. 
Горизонталь жұмыс жіктерімен бөлінген темірбетон арқалықтардың биіктігі бойынша биіктету 
кезінде қолданылады.
Бетон құрсаулар: Іргетасты нығайту немесе оның табанын кеңейту кезінде орындалатын 
іргетастың денесін бір немесе екі жағынан бетонмен тұтастай құю (қажет болғанда, қоспа 
арматуралаумен бірге). Қолданыстағы іргетастың бетімен жаңа бетонның тығыз жабысуын 
қамтамасыз ету үшін оның беті тазартылады, сумен жуылады және оның бетінің кедір-
бұдырлығын қамтамасыз ету үшін механикалық жолмен өңделеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет