Ғимараттар мен имараттарды сынау: Теориялық зерттеулер мен оларды іске асыру
нәтижелерінің өзара байланысын анықтау мақсатында ғимараттар мен құралымдардың нақты
жұмысын зерттеуге арналған экспериментальдық әдістер мен құралдар кешені.
Ғимаратты қалпына келтіру: Ғимараттың құралымдарын және элементтерін қалпына келтіру
жөніндегі құралымдық және технологиялық іс-шаралар жиынтығын жүргізу, оның нәтижесінде
тұтастай алғанда ғимаратты пайдалану қасиеттері бүліну алдындағы деңгейге дейін қалпына
келтіріледі.
Ғимаратты немесе имаратты пайдалану: Құралымның жай-күйін сақтау жөнінде қажетті іс-
шараларды өткізу арқылы ғимаратты немесе имаратты функциональдық мақсаты бойынша
пайдалану, бұл кезде олар берілген функцияларын техникалық құжаттаманың талаптарында
белгіленген параметрлермен орындай алады.
Ғимараттың екі өлшемді есептік сұлбасы: Ғимаратты өз жазықтығында әсер ететін сыртқы
күштерді қабылдайтын жазық құралым ретінде қарастыратын есептік сұлба.
Ғимараттың (имараттың) деформациясы: Ғимараттың немесе имараттың түрлі жүктемелер мен
күштердің әсерінен пішіні мен өлшемдерін өзгертуі, сондай-ақ орнықтылығын жоғалтуы (шөгуі,
жылжуы, жантаюы және т.б.) .
Ғимараттың (имараттың) қаңқасы: Жүктемелер мен әсерлерді қабылдайтын және ғимараттың
беріктігі мен орнықтылығын қамтамасыз ететін сырықтық көтергіш жүйе.
Ғимараттың (имараттың) құралымдық элементі: Ғимараттың немесе имараттың бөлігі болып
табылатын құралым (іргетас, қабырға, жабын, баспалдақ және т.с.).
Ғимараттың (имараттың) орнықтылығы: Ғимараттың (имараттың) бастапқы статикалық немесе
динамикалық тепе-теңдік күйінен ауытқуға ұшырататын күштерге қарсыласу қабілеті.
Ғимараттың (элементінің) физикалық тозуы: Ғимараттың бастапқы тұтыну құнын, пайдалану
сапасын және техникалық қаситеттерін: беріктігін, қаттылығын, жылу ұстау қабілетін және
пайдалану қасиеттері мен сыртқы түрін жоғалтқанын сипаттайтын шама. Жекелеген құралымдық
элементтердің тозу пайызынан және тексеру сәтіндегі ғимаратты қалпына келтірудің жалпы
|