Баспа №3 26. 02. 2010ж орнына №4


Меңгерген білімді тексеруге арналған сұрақтар



бет2/7
Дата13.06.2016
өлшемі0.64 Mb.
#133013
1   2   3   4   5   6   7

Меңгерген білімді тексеруге арналған сұрақтар:

3 Дәріс



Тақырыбы: Қиын немесе дағдарыс кезеңдердегі психофизиологиялық даму

1. Психофизиолгиялық даму туралы түсінік, дамудың базалық анықтамалары.

2. Психология ғылымындағы «жетілу» мен «өсу» ұғымдары.

3. Дамудың негізгі формалары: филогенез және онтогенез.

Қоғамның моральдық нормалары мен талаптарына сәйкес келмейтін мінез-құлықты әдетте әлеуметтік жат деген терминмен белгілеу қабылданған. «Қиын» деген сөз қалыптасып дамуы мен әлеуметтену барысында ауытқулары бар балаларды осылайша атау дағдыға айналған. Осы жерде «мұндай балаларға қандай оқушыларды жатқызуға болады» деген сұрақ туындауы ғажап емес. Мектеп тәжірибесінде анықталғандай, мұндай оқушыларға мынандай жеке қасиеті бар балалар жатады: білім деңгейі төмен, тәртібі нашар, сабақтан көп қалатын, мұғалім талабын орындамайтын, адамгершілік деңгейі төмен, құрбылармен тіл табыса алмайтын, сынып мәселелері қызықтырмайтын, кей жағдайларда психикалық дамуы, сөйлеу қабілеті кейін қалған ашуланшақ балалар. Осы аталғандардың ішінде жүйке ауруына шалдыққан балалардың тәрбиесі өте күрделі деуге болады. Бүгінгі ғалымдардың пікірінше жүйке аурулары отбасындағы және басқа да жағдайлардың салдарынан болуы әбден мүмкін. Айталық отбасындағы әке мен шешенің жанжалдасуының өзі баланың жүйкесін жұқартып, тез ашуланғыш болуына үлкен септігін тигізеді. Осындай оқыс жағдайлардың алдын алу үшін ата-анамен ұстаздар қауымы оқушуны жіті бақылап, оның тәрбиесіне, іс-әрекетіне, мінез-құлқына ерекше мән беруі міндетті. Ал отбасында, мектепте тәрбиеден шет қалған қиын балалардың мінез-құлқындағы қиыншылықты жеңу де оңайға соқтырмасы анық.



Дағдарыс адам дамуындағы бір кезеңнен екінші кезеңге өту кезіндегі қиыншылықтар жиынтығы, сапалық және сандық өзгерістер. Нәрестелік кезеңнің жаңа құрылымына-жармасу, жүру және алғашқы сөз, тілдің пайда болуы жатады. Жармасу – бес айда пайда болатын алғашқы ұйымдасқан әрекет. Ол ересек адамның баламен бірлескен әрекеті нәтижесінде пайда болады. Нәрестенің қолы жұдырық түрінде түйіліп тұрады. Сондықтан, бала алақанын аша алатын болса жармасу пайда болады. Бұл балада болашақта заттар иен манипуляция жасауға көмегін тигізеді. Жармасудың нәтижесінде балада кеңістікті қабылдау дамиды. Затқа тартылу және оны алу үшін ұмтылу балада отыру үрдісін туғызады. Тоғыз айда бала тік тұрып жүре бастайды. Д.Б.Эльконин тік жүру барысындағы негізгі ісі біріншіден баланың кеңістігің кеңеюі, екіншіден бала өзін ересек адамнан бөле бастайды. Енді анасы баласын жетелемейді, бала анасын жетелейді, яғни бұрынғы даму жағдаятының өзгеріске ұшырауы жүзеге асады. Тілдің пайда болуы-осы кезеңнің жаңа құрылымы болып табылады. Сөз жағдаятты автономды, эмоционалды реңмен көмкерілген тек өзінің жақындары ғана түсінетін сөздер тізбегінен тұрады.

Анотомиялық – физиологиялық дамудағы үш жасарлар дағдарысы. Үш жасарлар дағдарысының жеті белгісін атап көрсетуге болады:

1) негативизм – ересек адамның талап тілегіне қарсы әрекеттер жасау.

2) қыңырлық бала айтқанынан қайтпайды, себебі ол оның алғашқы шешеіміне байланысты жағдай.

3) ерікті әрекеттер – бәрін өзі жасауға тырысу.

4) қарсылық, бүлікшілік бала қоршаған ортамен соғыс, жанжал жағдайында болады.

5) құнсыздану белгісі бала ата-анасын мазақтап, ұрсысып дөрекілік көрсетеді.

6) деспотизм- бала ата-анасына өзінің қажеттіліктерін орындатқызады.

7) қырсықтық үш жасқа дейін қалыптасқан жалпы тәрбие нормасына, өмір сүру образына қарсылық.

Дағдарыс әлеуметтік қарым-қатынас ретінде ересек адамнан бөлектену және өзіндік сананың қалыптасуымен байланысты өтеді. Өзіндік «мен»-інің бекітуімен қажеттілігін өтеуге деген сезім туындайды. Баланың «алғым келеді», «орындағым келмейді», «мен» деген сөз тіркестері шынайы мазмұнға ие болады. «Мен өзім» деген сананың ерекше формасы қалыптасады. Үш жастағы балаға өзінің жеткен жетістігі және өзін мойындау мәнді бола бастайды. Бала ересек адамның қамқорлығынан бас тартып, іс-әрекеттерді өзі орындауға тырысады. Үш жаста балада тәртіп проблемасы болмаса онда есейген кезде балада еріксіздік, жігерсіздік байқалады.Балада ересек адамға деген жаңа көзқарас пайда болады, ересек адамның өміріне араласады.Үш жасар дағдарысын баланың әрекеттерді ойынға айналдыруға байланысты шешіледі.



Алты жасарлар дағдарысы. Бұл дағдарыс баланың мектепке дайын болмауымен байланысты. Баланың мектепке алғашқы кезеңде болуы оның жаңа жағдайға әлеуметтік- психологиялық бейімделу мезгілі болып табылады. Баланың барлығы өмірлік әрекеттің жаңа жағдайына табысты түрде бірдей бейімделмейді. Мысалы, бірінші сынып оқушысының мектепке деген қарым-қатынасының жағымды және жағымсыз қалыптасуы, сабақтарға қызығушылығы, бас кезіндегі жүйелі көмектер, сабаққа дайындалуы,үй тапсырмасын орындай алуы және орындацй алмауы. Баланы мектепке бейімдеуде әсер ететін жағымсыз факторлар- жанұя жағдайында тәрбие үрдісінің дұрыс жолда болмауы, үлкендермен қарым-қатынасы қанағаттанарлықсыз, ата-анасының білім деңгейінің төмен болуы, құрбы-құрдастарының арасында өзін теңдей сезінбеу, жартылай отбасынан шығуы, отбасында үнемі кикілжіңдердің орын алуы. Балалар берілген нұсқауды түсінбейді, қажет болған жағдайда өздерінің іс-әрекетін бағдарлай алмайды, көптеген балаларда бұл мидың бөліктерінің толығымен пісіп-жетілмеуінің нәтижесінде. Көптеген балаларда қолдарының әлсіз, ұсақ моторикасының жетілмеуі байқалады.

Жасөспірімдердің психикалық даму дағдарысын Л.С.Выготский пісіп жетілудің үш бағытына байланысты анықтауды ұсынады: органикалық, жыныстық және әлеуметтік. Жасөспірім дағдарысын былай қарастыруға болады:

1 кезең-сын алды фазасы. Бұл кезеңде балада жасөспірімдік есеюдің тәртіп формасы жоқ, есеюді идеалды (қиял) түрде елестетуден тұрады.

2 кезең-сын фазасы. Кикілжің баланың сыртқы әрекеттерге қарама-қайшылығы және қоршаған ортаға реакциясы. Рефлексия-жағдаятқа байланысты нақты әрекеттерге қатынастың тууы.

3 кезең-сыннан кейінгі фаза- дағдарыстың аяқталуы жаңа іс-әрекеттің пайда болуы.



Кемелдену дағдарысы. 30-жастағы дағдарыстың ең алғашқы зерттеушісі Д.Левинсон, толық даму және бейімделу «басталу периодына байланысты» деген. Бұл кез жастық шақтың дау-жанжалын шешу уақыты, ересектер дүниеде өз орынын табу, өз міндетін сезіну, тұрақтануды сезіну уақыты. Адам 30-жастағы дағдарыста, өзінің өткен 10 жылдық өмірін қарастырып, тұрақтануды жаңа қажеттіліктерді қарастырады, ойланады, «бірдеңе қабылдау » керек деген сезімдер болады.

40-жас дағдарысы- «өмір ортасының дағдарысы» Бұл кезеңді Б.Ливехуд өзінің еңбектерінде қарастырады. 30 жастың екінші жартысынан басталады. Көптеген адамдар үшін 30 жастың бірінші жартысында болған өмірге көзқарасымен өз-өзіне сенімділігі сол қалпы қалады, кейбір адамдар бұл жаста еш нәрсені, жаңаны күтпейді, зейнеткерлікті тосады. Көп уақыт балаларымен, оның достарымен болып, шулы жерлерде көп болғандықтан оған барлығы жақсы көрінеді.

Қарттық кезең дағдарысы. Бұл дағдарыс кемелдену мен қарттық кезеңдер арасында байқалады, яғни екінші кемелдену кезеңінен қарттық кезеңге көшумен байланысты. Қарттық кезеңде ішкі әрекет маңызды роль алады. Қарттық кезең-өмір сүруді аяқтау кезеңі болып табылады. Қарт адам өз өмірінің мәнін ойлайды. Қарттық кезеңдегі дағдарыс әлеуметтік өмірдегі белсенділіктен бас тарту дағдарысы болып табылады. Мұның бастысы жаңаны қабылдау емес, керісінше өз бойында ескіні сақтау болып саналады. Дағдарыс нақты объективті өзгерістермен байланысты: қарт адамдар жұмыс істемей- зейнеткерлікке шығады, басшы болудан, ұжым мүшесі болудан бас тартады, өз ата-аналарын жерлеп, өздері ата-ана болмайды, балалары өсіп өздері жеке жанұя құрайды, жыныстық өмірі, денсаулығы өзгереді, серуендеуді қойып, өлімнің жақындығына келісіп, тосады.

Меңгерген білімді тексеруге арналған сұрақтар:

4 Дәріс



Тақырыбы: Мінез-құлық ауытқуларының себептері

  1. Мінез және мінез бітістері

  2. Аномия жайлы түсінік

  3. Мінез-құлық ауытқуларын тудыратын себептер


Мінез бұл тек өкілінің өмірлік жоспарымен шарттасқан тұрақты да жалпыланған әрекет қылықтарының жүйесі. Мінез тек өкілі психикасы ерекшеліктерінің бекіген бағдарлы әрекеттік болмысы. Мінезді әрбір адамның әлеуметтік ортақ және даралықты жеке өзіне тән сапа қасиеттері бекиді, оның әлеуметтенуі мен тәрбиесінен қалаған сапалар көрініс береді.

Бір мінез бітістері жетекшелік деңгейде көрініп, тұлғаның мінездік кейпін танытады. Ал өзгелері екінші дәрежелі болуы мүмкін. Мінездегі мәнді сапа бұл психикалық бітістердің өзара сәйкес келуі, яғни тұтастығы, тұрақтылығы, тепе теңдігі. Мінездің еріктік бітістері әрекет қылықты саналы реттеу үшін қажет тұлғалық, тұрақты дараланған типологиялық ерекшеліктері. Мінездің негізгі сапалары: табандылығы жігерлілігі, ұстанымдылығы мен байсалдылығы тұлғаның еріктік болысына байланысты келеді. Мінез табандылығы әрқилы жағдайлардағы бағыт бағдар және көзқарастар тұрақтылығы, сөз бен әрекет қылық үйлесімділігі.



Мінез күш қуат адамның қайраттылығы, ұзақты төзімділікпен күрделі жағдайлардағы кедергілерді жеңе білу қабілеті. Адамның қайраттылығы, ұзақты төзімділікпен күрделі жағдайлардағы кедергілерді жеңе білу қабілеті. Мінез беріктігі мінез күші мен тұлғалық принциптілік бірлігі. Мінез байсалдылығы әрекет қылықтық бір қалыптылығы мен ұстанымдылығы, тұлғаның көңіл күй еріктік тұрақтылығы. Мінездің көңіл күйге орай ерекшеліктері тек өкілі психикалық қасиеттерінің аса көрнекі, тікелей қабылданатын белгілері. Өз мінезінің көңіл күйлі ерекшеліктеріне байланысты бірнеше тұлға типтері ажыратылады: шұғыл жауапты, қызбалы, терең ойлы, жайсаң, бір беткей, талғамыды және т.б.

Мінездің зерделік, ой өріс (интеллектуалды) бітістері ақыл қызметіне байланысты жеке адамның тұрақты типологиялық ерекшеліктері. Тұлғаның ақыл ес, ой өріс болмысын танытушы сапалар арасында аса маңыздылары келесідей: ақыл өнімділігі, берегейлігі, жалпыланған ойлау әдістерін меңгеруі, тұлғаның бекімді ақыл ес бағдары (әуесқойлығы), парасаттылығы және ойлампаздығы.

Мінез сан алуан бітістерге ие, дегенмен, әрекет қылықты реттеу қажеттілігі туғанда олар арасыннан нақты мезетте керек болатыны алғы шепке шығады. Бұл орайда, әсіресе, адам психикасының еріктік тарапы маңызды келеді. Себебі, өмірдің әрқандай күрделі жағдайларында адамның өзін өзі билей алу қабілеті оның саналы ерік күшіне, бұл сапамен бірге жүретін тұрақтылық пен табандылық қасиеттеріне байланысты келеді. Ал тұлғаның құндылықтық сапалары оның инабаттылық және танымдық (когнитивтік) бағыт бағдарымен айқындалады.

Мінез бітістерінің асқынуы мінездің қалыптан тыс жағдайлары, жалпылай мінез тұрақтылығына ие болумен бірге кейбір әсер ықпалдарды көтере алмауы (әзілге шыдамсыздық, сын көтермеу және т.б.). Адамның мінезінің типологиялық ерекшелігі бірнеше ортақ белгілерден көрінеді.



  1. Адамның мінезі өте ерте-онтогенезде қалыптасады да, өмір сүру барысында тұрақты түрде көрінеді.

  2. Адамның жеке бас ерекшелігінің мінезге енген қосындысы жоқтан пайда болмайды.

  3. Көптеген адамдар өздерінің мінез ерекшелігіне байланысты бірнеше типтік топтарға бөлінуі мүмкін.

Қоғамдағы жасөспірімдердің қазіргі таңдағы мінез-құлықтарындағы ауытқушылықтар немесе дағдарыстар білім беру мен тәрбиеге және үлкендермен, жора жолдастарымен қарым-қатынас жасау барысында аса көзге түсіп, маңызды проблема. Осы орайда жасөспірімнің психологиялық проблемаларын зерттеу әлеуметтік-экономикалық және мәдени дағдарыспен бірегей көтеріліп өзекті мәселелердің біріне айналды.

Аномия түсінігін Э.Дюркгейм енгізген. Аномия деп ол қоғам жүйесіндегі нормалардың әлсіреп, бұзылуынан пайда болған өзгеріс, яғни әлеуметтік дезорганизация деп түсіндірді. Өткен ғасырдағы көрінбейтін үлкен апат бұл «антибатыр» синдромы, яғни батыр тұлғаларымыз жойылып, қоғам нағыз потриот роліндегі модельдің болмауына алып келеді. Антибатыр көптеген жастар үшін рольдік модельдерге айналды. Барлық басылымдар мен фильмдерден көрінетін негізгі қозғаушы күш – ақшаға деген махаббат барлық зұлымдықтың бастамасы болып табылады. Негізінен аномия индивидтің барлық тұжырымдарына өзгерістер алып келіп, оның моралды қалыпты ұстанымдарын түпкілікті өзгертетін жеке тұлғалық дағдарыстан да пайда болуы мүмкін.

Өзінің өмір жолында адам түрлі дағдарыстар мен мәселелерге кездеседі. Осы мәселелер мен дағдарыстардың себептері мен табиғаты әртүрлі. Олардың кейбіреуі өмірлік айналымдағы тұлға дамуының байланысты және де олар әрбір адамның өмірінде болатын күнделікті, табиғи жағдайлар, сонымен қатар олар өмірдің бір кезеңін екіншісінен айырып тұрады. Кез – келген «табиғи» жағдай (отбасын құру, баланың дүниеге келуі, мектепке баруы, біреудің ауырып не өлуі, т.б.) және оның нәтижесіндегі қандай да бір мәселелі ситуация , дағдарыс туғызып, тұлғадан дұрыс шешім қабылдап, осыған орай қажетті күш жинауды талап етеді. Оларды «қалыпты стресс» деп атайды.

«Қиын»» деген термин қазіргі практикада жеке басын тәртіпке салу қажет балалардың кең ортасын білдіреді. Бұған ересектердің талабына, кеңесіне қарсылық көрсететін тілазар, ерке, қыңыр балаларда жатады. Мұндай ауытқудың іс жүзіндегі себебін анықтау оларға қатаң талап қоя және іс - әрекеттің ұжымдық формасына енгізе отырып, балалардың қажеттілігі мен ынтасына назар аудару-еркелік, қыңырлық, тілазарлық ты болдырмау мен оны жеңудің негізгі жолы.

Мінез – құлқы қиын оқушылар арасында жүргізілген көптеген зерттеулер қорытындысы бойынша үлгермеушілер қатарын бастауыш сынып оқушылары толықтырып отыратын көрінеді. Мінез–құлықтың мұндай белгілерінің пайда болуының өзі болашақта әлеуметтік–психологиялық дезаптацияның тұрақты түрлерінің қалыптасуына, мінез–құлық бұзылуының клиникалық және криминологиялық белгілерінің пайда болуына әкеп соқтырады.

Қиын балалардың психологиялық ерекшеліктері теориялық тұрғыда ерекшеліктерінде талқыланды. Бұл мәселенің ары қарай талқылануына үлес қосқан зерттеушілер қатары да біршама. Бастауыш мектеп кезеңі баланың жеке басының ары қарай қалыптасуы үшін аса маңызды рөл атқарады. Оның өмірінде мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап айтарлықтай өзгерістер пайда болады, бала үшін жетекші орын алатын оқу әрекеті қалыптасады.

Баланың жеке қасиеттерінің, психикасының дұрыс дамып жетілуі үшін педагогтік ұжымдардың кәсіптік білгірлігі, ата – аналардың саналы көзқарасы және осы принциптерге негізделген мектеп пен отбасы арасындағы тығыз одақ, нәтижелі жұмыс қажет. Оқушының жеке басына тән қасиеттерді тек «мен» деген қасиет тұрғысынан ғана бағалап қоймай, тиісті мөлшерлерге қалайша бағынады, мінезі, ерік – жігері қандай, ашуланғыш, не сабырлы келе ме, әсемдікті ажыратудағы талғамы және өзгелермен қатынасы қандай – осы жөнінен алып қарауға болады.

Мінезі қиын балаларды мектеп мотивациясы төменгі деңгеймен сипатталады. Мінез – құлқы төмен балалармен жұмыс істеу барасцында олардың психологиялық ерекшеліктерін есепке алып отыру керек. Өзін-өзі бағалау ең алдымен жеке тұлғаның әрекеті арқылы қалыптасады. Бірақ бағаны әрдайым айналадағы адамдары береді. Өзіне деген сенімі өзгелердің пікірі арқылы қалыптасады. Егер айналадағы адамдар балаға үнемі дұрыс қарым – қатынас жасаса, онда ол өзін осы сыйластыққа лайық екенмін деп санайды, ал егер керісінше, оның жасаған істерінің кемшіліктерін бетіне басып, ұрсып, жаратпай жатса, оған өзіме лайық емеспін дегеннен басқа ештеңе қалмайды. Қазіргі зерттеулерге қарағанда, тәртіп бұзуға ең бірінші түрткі болған оқиға баланы тікелей тәртіпсіздікке әкелмейді, әуелі қайғыға ұшыратады да, ол қайғы баланы ашуланшақтыққа әкеліп соқтырады.



Міне, тәртіп бұзу содан пайда болады. Тәртіп бұзушылықтың салдарының негізі - сабаққа үлгере алмаушылық. Кейбір оқушы қатар құрбыларынан сабақта артта қалып қойып, тәртіп бұзуын өзінше батырлық деп санайды. Мұны өзгелердің көзінше көрсеткісі келеді, бұл мінез көбіне мен – менсінген, бала мінезінің дұрыс тәрбиеленбеуінен болады. Бірақ, осылай болған жағдайда да, тәртіпсіздікті баланың бойына біржолата сіңіп кеткен әдеттен деп, барлық себептен содан іздестіруге болмайды. Өйткені, тәртіп бұзу тек өзіне ғана байланысты емес, оның үй ішіндегі жағдайларға да, айталық ата- ана бірлігінің жоқтығына және баласына қойған талаптың әртүрлі болып келуіне байланысты. Бала үнемі жақсы психологиялық жағдайда тәрбиеленуі, оқуы, өсуі қажет. Сонда балада жағымды «мен» бейнесі қалыптасады, өзіне деген сенімділігі, өзіндік сенімділіг туады. Мұндай «мен» бейнесі кез – келген баланың жақсы жағдайда, нәтижеге жетуіне, дұрыс дамуына мүмкіндік береді.

Тәрбиесі қиын балалардың тудыратын себептердің бірі үйелмен тәрбиесіндегі кемшілік, яғни балаларын оқытуда, тәрбиелеуде ата – аналардың жауапкершілік сезімінң жоқтығы бала мінезінде мейірімсіздікті, яғни қатыгездікті, дөрекілікті, өзімшілдікті туғызады.

Екінші себеп – бұл үйелмендегі сәтсіздік, маскүнемділік, ұрыс – төбелес, ұрлық, ата – аналардың және басқа үйелемен мүшелерінің жеңілтек мінез – құлқы, ал бәрінен жаманы – ажырасу, неке бұзу. Үйелмен тәрбиесінде ата – аналардың мінез – құлқы шешуші фактор. «Сіз өз балаңыздың тәрбиесін бастамастан бұрын өзіңіздің мінез – құлқыңызды тексеріңіз» деген болатын. А.С.Макаренко. Оның сөзін жалғастыра келіп, ... егер сіз дөрекі және мақтаншақ немесе маскүнем болсаңыз.... ал онда сізге тәрбие туралы ойланудың қажеті жоқ. Егер әке маскүнем болса, мектеп жасына дейінгі балалар жүйке ауруынан (невроз), жиі қояншық ұстамадан (эпслепция) азап шегеді, олардың ақыл ойы баяу дамиды. Мұндай балалар енжар, тынымсыз, ашушаң келеді. Әрбір ата – ана ішкілікке, азғындыққа түспеу үшін күш қабілетін пайдаланып, балаларға мейірімді өнеге мен әсер етуі керек.

Үшінші себеп – ұл балаға үнемі жеткіліксіз көңіл аударылады. Кейбір үйелмен баланың ішкі дүниесін, тілектерін, ойларын, қайғысын қоршаған ортаға қатынасын жете біле бермейді. Тату үйелменде ата – аналар балалардың күнделікті өмірімен, іс - әрекетіне басшылық жасайды. Балалардың өздерінің қуанышын, қайғыларын, ойларын, уайымдарын бөлісуге үйретеді, саяси мәселелерді, жаңа фильмдер мен кітаптарды бірлесе отырып талдайды, өздерінің сүйікті әндерін орындайды. Үйелмен бала үшін өмір мектебі, онда мейірбандық, шындық, адалдық, қайырымдылық, еңбек сүйгіштік т.б. тәртіп пен мінез – құлық қасиеттері дамиды және қалыптасады. Үйелменде қоғамның келешек азаматы өседі. Басқаша айтқанда, білімнен құлықтың сенімге, сеніммен әрекет етуге ұзақ, күрделі жолдан өтеді. Демек, үйелмен жеке адамның тәртібі және мінез – құлық негізін қалайтын микро – ұжым.

Төртінші себеп сынып жетекшілерінің тәрбие жұмыстарындағы олқылықтары мен кемшіліктері. Тәрбиесі қиын балалар жөнінде сынып жетекшілерінің іс - әрекеті көпшілік жағдайда кейбір жұмыстармен ғана шектеледі. Олар: әңгіме, сынып және оқушылар жиналыстарында талқылау, оқушылардың ата – наларын мектепке шақыру. Мұндай жалпы және қарапйым жұмыстар бойынша тәрбиесі қиын балаларды жан – жақты білу мүмкін емес. В.Г.Степанов, В.А.Крутецкий мінез – құлықтағы қиындық мәселесін қарастыра келе, оқушыларды екі қатарға бөледі.

Бірінші қатарға адамшершілік дамуында және мінез – құлқында, шамамен алғанда өте үлкен емес ауытқушылықтары бар оқушыларды жатқызады, олар – тәртіпсіз, жалқау, қыңыр, дөрекі, өтірікші балалар. Тәртіптілікті мынадай – қалыптасқан тәртіпті емес белгілері бөлініп қарастырылады, өзіне және басқаларға деген жоғарғы талап қоюшылық, киіміндегі тазалық және жинақтылық сияқты және т.б. көрсеткіштерден айқындалады. Тәртіпті емес мінез – құлықты осыған қарама – қарсы көрсеткіштерден: жұмыстан жалтарып кетуге тырысу, берілген тапсырманы орындамау, адал еместік, өзінің жеке қызығушылқтарын достарының арасында жүзеге асыруға тырысу, үнемі тәртіпті бұзуынан және т.б. байқалады.

Екінші қатарға жеке акцентуациясына және мінез – құлқында қиындығы бар балаларды жатқызады. Мінез акцентуациясы – бұл жеке бітімдегі аса күшейтілген мөлшердің ең ақырғы түрі. Сондықтан психогендік ықпалдарға жататын белгілі қатардың кейбір осалдығы білінеді. Олар психогендік бұзылудың дамуы үшін сендірілген факторлардың психопатиялық даму, реактивті ұжымданып, ауру (психоз), мінез – құлықтың потолгиялық бұзылуына себепші болған жағдайлар және т.б. салдары болып табылады. Жеткішек жастағы балаларға жүргізілген жеке құрылымдағы зерттеулер бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың жеке ерекшеліктерін талдауы үшін негізгі қызмет атқарады.

Үйлесімдік типтегі балалар барлық жеке қасиеттері қалыптасқандығымен сипататалады, олардың қиналыс және қауіп - қатерлік сияқты психологиялық факторлары іс – жүзіне қалыс қалады. Олардың интеллектің жоғары деңгейіне ие болады, көпшіл, өзіне сенімді, орындалатын жұмысқа адал ниетпен кіріседі, өзінің мінез – құлықына ойдағыдай баға береді.

Әлеуметтік – болжалды типіне жататын балалар үйлесімді тип сияқты жекеліктің тұрақты құрылысына ие болады, бірақ оларда жағдайда байланысты өте күшті тәуелділік, өзін қоршаған ортамен сәйкестіндіруге тырысушылық, дұрыс мінез – құлық мөлшерін сақтап, іс - әрекет жасауға деген қажеттіліктері өзгешелендіреді.

Үстемді типіндегі балалардың айрықша ерекшелігі болып дербестік, тәуелсіздік, өзін - өзі сендіруге деген тырысушылық, табылады. Олар өздеріне өте сенімді тәуекел жасауға бейім тұрады және әлеуметтік батылдыққа ие болады.

Қауіп – қатерлі типтегі балаларға жоғары эмоционалдық тұрақсыздық тым мазасыздану, қауіп – қатерлік төменгі стрестік, тұрақтылық тән.

Әсерленгі типтегі балалар жасқаншақ және ұялшақтық тән. Бұл типтегі балалар үшін өрескелдік, жылылықтың болмауы, басқалардың күлуі, психо – травмды жағдай болып табылады.

Интровертивті типтегі оқушылардың тұйық, жанасымы кем балалар. Олар үшін біреулермен байланысқа түсу қиындық тудырады.

Инфантивті типтегі балалардан эмоционалды – еріктік сфералары жетілмегендіктен, өзіндік шешім қабылдаудағы сезім дәрменсіздігі, қорғансыздығы көрінеді. Бала көп жағдайда өзін дұрыс ұстамайды, ол оның тәрбиесіздігінен, қажетті позитивті білімнің, дағдысының, ақылының қалыс қалуынан, қараусыз қалу, қоршаған ортаның теріс ақпалынан, соның нәтижесінде әлеуметті – психологиялық дезаптациясының дамуынан т.б. көрінеді. Балаға деген мұғалімнің және ата – аналардың немқұрайлығының өршуі, құрбы – құрдастарымен өзара қарым – қатынастарының дұрыс болмауынан т.б. жатады.

Меңгерген білімді тексеруге арналған сұрақтар:

5 Дәріс



Тақырыбы: Жасөспірімдердің психикалық дамуындағы ауытқулардың сипаты

1. Дизонтогенездік даму ерекшеліктері

2. Дизонтогенездің түрлері

3. Асоциалды мінез-құлық көріністері

«Дизонтогенез» термині онтогенезді бұзылудың әртүрлі формаларын білдіреді, дамудың түрлері (филогенез) тұлға дамуымен ерекшеленеді. Бала дамуының проблемасы психикалық және дене кемістігінен тұрады, яғни бұл жалпы дамудағы ауытқушылыққа әкеледі. Ауытқудың сипаттарына қарамастан, оның бір көрінісі тұтас кемістікте көоінеді, кейбіреулері түзетіледі, ал басқалары жинақталады. Ерте психологиялық-педагогикалық сәйкестік алғашқы кемістікке кері әсер етеді.

Дамуында ауытқушылығы бар балалар реабилитациясы және психологиялық-педагогикалық коррекциясы бала дамуындағы қалыпты бұзылудың сипаты анықталғанда ғана тиімді. Қазіргі кезде арнайы психологияда және педагогикалық коррекцияда дамудағы ауытқушылықтың әртүрлі классификациясы бар (В.В.Лебединский, В.А.Лапшин және Б.П.Пузанов; О.Н.Усанова). В.В.Лебединский психикалық дизонтогенез проблемасын зерттеген. Нақты психологияның параметрлерінен дизонтогенез сипатталады:

- функционалды локолизациялық бұзылудың ерекшеліктері. Бұзылудан екі негізгі ауытқушылық пайда болады-жеке(дамымай қалу немесе бөлек анализаторлық жүйенің бұзылуы) және жалпы(түзілуші сырқы жүйенің бұзылуы);

- неғұрлым көрініс көп болса, соғұрлым психикалық дамымай қалу көп көрінеді;

- алғашқы және қайталанған ауытқушылықтардың қатынасы. Алғашқы бұзылу ауытқушылықтың биологиялық сипатынан тұрады(есу кемістігі, көру кемістігі және анализаторлардың бұзылуы, мидың органикалық бұзылуы).Қайталанған бұзылу аномальды даму процесінде көрінеді.

- ішкі функциялық қатынас. Оған изаляциялық механизмдер, патологиялық фиксациялар, уақытша және қалыпты регрессиялар жатады. [1, 45]

Дизонтогенездің әртүрлі түрлерінде аталынған психологиялық параметрлер әрқалай кездеді. В.В.Лебединский дизонтогенездің келесідей түрлерін көрсеткен:

1. Жалпы қалыпты дамымай қалудың типтерінің дизонтогенезі. Бұл нұсқаға ерте көрініс жатады. Қалыпты дамымай қалудың мысалы – олигофрения.

2. Тежелген даму. Таным процестерінің баяу темпте қалыптасуы.Тежелген дамудың түрлері: конституциялық, соматогендік, психогендік, церебралдық. .

3. Дамудың бұзылуы. Бұзылған дамудың этиологиясына тұқымдық аурулар, врутриутробтық, туғанға дейінгі және туғаннан кейінгі инфекциялар, орталық жүйке жүйесінің травма алуы және интоксикациясы, бірақ патологиялық көрінісі миға онтогенездің ке этапында әсер етеді( 2-3 жастан кейін). Дамудың бұзылуына- органикалық деменцмя жатады.

4. Дамудағы жетіспеушілік. Бұл түр жеке анализаторлардың жүйесіндегі күрделі бұзылумен байланысты.( көру, есту, сөйлеу, тірек- қимыл аппараттары).

5. Жалпы дамымай қалудың күрделілігі бақыланады, тежелген, бұзылған дамулардың жеке психикалық функциялары қаралады.

Бұған ерте балаық аутизм жатады. Аутизм қарым-қатынастың мүлдем жойылуымен немесе төменділігімен сипатталады.

6. Дисгармондық даму. Бұған туа біткен немесе ерте қабылданған психикалық дамудың пропорционалдылығы жатады. Дисгармондық дамудың сипаты-психопатия және жеке тұлғаның патологиялық қалыптасуы.



Ауытқушы мінез-құлық деп қоғамда қалыптасқан нысандарға сәйкес емес әлеуметтік мінез-құлықты атаймыз. Белгілі әлеуметтанушы И.Кон девианттық мінез-құлықты психикалық денсаулық, құқық, мәдениет немесе адами қалыптарының жалпы қабылданған қалыптардан ауытқыған іс-әрекет жүйелері ретінде қарастырады.Бейімделуші мінез-құлықтың тұжырымына сәйкес кез-келген ауытқушылық бейімделудің бұзылуына алып келеді (психикалық, әлеуметтік, әлеуметтік-психологиялық, қоғамдық).

Девианттық мінез-құлық екі үлкен категорияға бөлінеді. Біріншісі – бұл оның немесе жасырын психопатологияның барлығын білдіретін психикалық денсаулық қалыптарынан ауытқыған мінез-құлық. Екіншісі – бұл әлеуметтік, мәдени және әсіресе, құқықтық қалыптарды бұзатын асоциалды мінез-құлық. Мұндай әрекеттер аз болса, олар құқық бұзушылық, ол салмақты әрі жазаланса қылмыс деп аталады. Бұл жерде деликвенттік және қылмыстық іс-әрекеттер туралы айтылып отыр. С.Беличева девианттық мінез-құлықтың әлеуметтік ауытқуын былайша жіктеледі.



  1. Пайдакүнемдік бағытта: құқық бұзушылық, материалдық, қаржылық, дүние-мүліктік пайда табуға ұмтылуымен байланысты (ұрлау, тонау, алып-сату, алаяқтық және т.б.) жасалған теріс әрекеттері.

  2. Агрессиялық бағытта: адамға қарсы бағытталған әрекеттер (балағаттау, бұзақылық, ұрып-соғу, өлтіру, зорлау).

  3. Әлеуметтік-енжар тип: белсенді өмір сүруден, азаматтық борыштарын өтеуден қашуға, жеке және әлеуметтік мәселелерді шешкісі келмеуге ұмтылу (жұмыстан, оқудан бас тарту, кезбелік, маскүнемдік, нашақорлық, таксикомания, өзіне-өзі қол жұмсау)

Осылайша ерекшеленетін асоциалды мінез-құлық әр түрлі әлеуметтік ауытқушылықтардан көрінуі мүмкін: адами қалыптарының бұзылуынан бастап құқық бұзушылық пен қылмыс жасауға дейін. Асоциалдық көріністер сыртқы мінез-құлық жағынан ғана емес, мінез-құлықты іштей реттеудің: әлеуметтік, адамгершілік бағдарлардың және өзін-өзі бағалай алудың деформациясынан да байқалады. Балалардың және жеткіншектердің мінез-құлқындағы ауытқушылық деп өзіне назар аудартатын және тәрбиешілердің сақтығын тудыратын ерекшеліктері мен оның көріністерін айтамыз. Бұл мінез ерекшеліктері жалпы қабылданған қалыптардан, талаптардан ауытқуды ғана білдірмейді, сондай-ақ болашақта жасалатын қателіктердің, адамгершілік, әлеуметтік, құқықтық нормалардың, заң талаптарының бұзылуының бастауының негізін қалайды, осы мінез-құлық субъектісіне, оның тұлғасының дамуына, оны қоршаған адамдарға, жалпы қоғамға әлеуметтік қауіп төңдіреді. Демек, баланың, жеткіншектердің мінез-құлқына қандай да бір бағыт, мазмұн, мән берсек, біз онымен баланың адами және басқа да қасиеттері мен сапаларының негізінде жатқан үрдістер мен тетіктердің дамуына еркін әрі мақсатқа бағытталған ықпал етеміз. Керісінше осы сияқты және басқа да әрекеттер мен мінез-құлықтарға кедергі жасау арқылы біз баланың жеткіншек тұлғасының тиімті қасиеттері мен сапаларының дамуына бөгет жасап кідіртеміз (И.Невский). Осылайша балалар мен жеткіншектердің ауытқыған мінез-құлқы, бір жағынан тұлғаның тиісті ерекшеліктерінің туындауы мен дамуынан сигнал беретін белгі ретінде қарастырылса, екінші жағынан, жетекші ретінде, оны қалыптастырудың немесе оның қалыптасуына ықпал ететін құрал ретінде көрініс табады.

Мінез-құлықты тұлғаның өсу немесе басқа да ахуалының, оның даму тенденциясының куәгері ретінде феномен деп қарастыра отырып, мінез-құлықтың сырттай ұқсас ерекшеліктері индивид психикасында өтіп жатқан әр түрлі үрдістерден хабар беруі мүмкін екенін естен шығармауымыз қажет. Сол себепті де оқушының қандай да бір мінез-құлқының ерекшелігін ауытқушылық деп жіктемес бұрын психолог оның ахуалын, тұрақтылығын, оның көріністерінің жиілігін, тұлғалық ерекшеліктерді, мінезді, оқушының жасын және т.б. ескеру қажет. Қоршаған ортамен өзара қарым-қатынас сипаты және ол туралы бағалап пікір айту жүйелері енгізіледі. Күрделі зардаптарға алып келетін дөрекі педагогикалық қателік жіберіледі. Керісінше, мінез-құлықтың жағымпаздығын немесе ыңғайлылығын мұғалім жағымды деп бағалап, оны ынталандырад, ол ретінде тартылады.

Балалар мен жеткіншектердің мінез-құлқындағы ауытқушылық көріністері олардың адамгершілік және әлеуметтік дамуы жағынан дара ерекшеліктеріне қарай әр түрлі болуы мүмкін. Оларды мынандай топтарға бөлуге болады. Итермелеуші негізделіп, қандай да бір тип түрінде дамитын мінез-құлықтағы ауытқушылықтың тұрақты нысандары. Мінез-құлықтық реакция бір рет немесе жүйелі түрде әсер ететін өмірдің жағымсыз жағдайлармен және шарттарымен негізделеді. Белсенді ыңғайланушылық немесе енжар ыңғайланушы мінез-құлық былай қалыптасады: деструктивті-агрессивтік, топтық іс-әрекеттердің және өзінің сол топтағы жеке мінез-құлқының төңкеріспен қайта құрылуға бағытталып өзгеруі; деструктивті-компенсаторлық, топтық іс-әрекеттердің және өзінің мінез-құлқының қайта құрылуы оның талаптарына қатты көнушілікпен қатар жүреді және бекітіледі. 1950 жылы американ әлеуметтанушысы А.Коэн деликвенттік үлкен мәдени теориясын ұсынды. Бұл теорияның негізгі деликвенттілік типтегі адамдардың үлкенмәдениет ерекшелігінде, олардың басқа жолмен жетістікке жетуі, “үлкен” қоғамға қарағанда қалыпты жолмен жетістікке жету, өзін-өзі сыйлау және басқа адам тарапынан сыйлауға ұрлық, агрессивтілік, вандолизм жатады. Ал үлкенмәдениетке агрессивті мінез-құлық, ұрлық жатады. Олар мафиялар, бандылар, қылмыстық топтардың өзара ішінде көрінеді.

Адамның девианттық мінез-құлқының қалыптасу теориясы әртүрлі болады. Олардың ішінде: биологиялық-адамның сыртқы келбеті құқықбұзушылығыбейім екенін анықтайды (Ламброзо, Шелдок); психологиялық адамның психика ерекшелігі маңызды, яғнионың құқықбұзуға, жан-жолға дайын екенін анықтайды. (Фрейд), әлеуметтілік тәжірибенің негативті жақтарын жинау, қоғам талаптары мен тәрбиеге қарсы тұру. (Дюргейм, Мертон, Миллер және т.б.) әртүрлі теориялардың қорытындысы, биологиялық және психологиялық теорияның тұлғадағы ерекшелікті көрсетеді, яғни тәрбиедегі, дамудағы девианты болуы мүмкін.

Ауытқушы мінез-құлық негізінде биопсихологиялық мінездеме, оның әлеуметтік тәрбиесінің процесі және нәтижесі, мінез-құлықтың негативті әлеуметтік тәжірибені меңгеруі жатыр: тұлғаға бағытталған кері жағы (қызығушылық, талап қою, мотив, мақсат, идеал), оларға сәйкес келетін негативті әдет (негативті бағытталған және қарсы әдет) тұрақты сезімдер, олар әлеуметке қарсы, аморальды мінез-құлықты, іс-қимылды және істеген істерін реттеп отырады.

Адам девиантты болып бірте-бірте қалыптасады. Девиантты мінез-құлықтың қалыптасуының негізгі шарттары мыналар:



  • әлеуметтік норма мен тұлғаның арасындағы қарама-қайшылықтың тууы;

  • балаға қарсы әлеуметтік талап қоюдың, келіспеушіліктің болуы;

  • заңға қарсы қимылдың болуы (ұсақ бұзақылық, өтірік айту, ұрлық жасау және т.б.)

  • заңға қарсы қимылдық пікір айту;

  • асоциалды мінез-құлық тәжірибесінің жинақталуы (зорлық, бұзақылық, зорлық-зомбылық);

  • асоциалды мінез-құлықты топқа қосылу;

  • заңды бұзу;

  • қылмыс жасау.

Адамның девианттық мінез-құлқының қалыптасуына себепші болатын фактор тобы, жасөспірім кезіндегі ауытқушы мінез-құлыққа әкелетін мәселелер.

- А) кризистік құбылыс, жасөспірім кезеңіндегі жыныстық даму кезеңіндегі қарқынды және тең емес организмнің дамуы; физикалық және психикалық сезінуі, эмоционалды тұрақсыздық;

- Б) үлкендермен, ата-ана, мұғалімдермен өзара қатынас кезіндегі “жан-жолда” өзіне деген талаптың болуы.

- В) қатынасты “бағыну моралі” позициясынан, “тең мораль” позициясын ауыстыру.

- Г) үлкендер мінез-құлықты жоғары бағалау.

- Д) құрдастарымен қарым-қатынас кезінде мінезінің өзгеруі, қарым-қатынасқа деген қажеттілік, өзін сендіруге тырысу, негативті қалыптасуының факторы ретінде;

- Е) Негативті факторлар тұлға қалыптасуының ортасы. Отбасы, тұлғаның негативті қалыптасуының факторы ретінде:

а) Отбасындағы адамгершілікке қарсы жағдай: ішімдікке салыну, ұрыс, төбелес, өзара қарым-қатынас кезіндегі қатыгездік, әділетсіздік.

б) Отбасы құрамының мәселелері: толық емес отбасы, бір балалы отбасы, көп балалы отбасы, дистантты отбасы, бұнын бәрі баланың педагогикалық жетіспеушілігіне әкеп соғады. Тұлғаның қалыптасуы ата-анасының біреуінің шамадан тыс көңіл бөлуі және тәрбиелеу процесінің болуы. Бұл негативті факторлардың отбасына әсері, баланың үйіне, отбасына, ата-анасына деген қарсы қатынасын көрсетті. Олардың үйден кетуіне және көп уақытын үйде өткізбеуіне себепші болады. Бұл шартта “көше балалары” категориясы қалыптасады. Бұған қатысушылар: үйдегі агрессивті жағдай, балаға деген қатыгездік, оның бала тәрбиелеуді апасы мен атасына баланың қолдауынсыз беру, тәрбиенің жетіспеушілігі, баладағы дұрыс қызығушылықтар мен әуестіктердің болмауы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет