Меңгерген білімді тексеруге арналған сұрақтар:
№ 6 Дәріс
Тақырыбы: Аутодеструктивті мінез-құлық
-
Аутодеструктивті мінез-құлықтың сипаттамасы
-
Аутодеструктивті мінез-құлық түрлері
-
Аутодеструктивті мінез-құлықтың профилактикасы
Аутодеструктивті мінез-құлық – адамның қалыпты дамуына, дене бітімі мен психологиялық денсаулығына қауіп төндіретін мінез-құлық. Қазіргі таңда кең таралып кеткен күрделі де қауіпті феномен, төмендегідей түрлері кең тараған:
1. Аутоагрессивті мінез-құлық (суицидалды және парасуицидалды). Суицидтілік аутодеструктивті мінез-құлықтың ең қауіпті түрі болып саналады. А.Е. Личко демонстративті, аффективті және шын суицидалды мінез – құлық түрлерін бөліп көрсетті. Бұлардан басқа «ситуативті» суицид деп аталатын (кенеттен пайда болған дағдарысқа жауап ретінде төтеп бере алмай, өз-өзін өлтіру) түрі де болады. Сол себепті өмірдің дағдарыс кезеңдерінде жағдайдан шыға білуге үйрету мақсатындағы алдын-алу шараларын өткізудің маңызы зор. Парасуицидалды мінез-құлық – өз-өзіне көңілі толмау салдарынан, психологиялық соққы кезіндегі жан жарасын жеңілдету мақсатында өмірін қию мақсатынсыз өткір, ұшты заттармен денесіне дене жарақаттарын салу.
2. Тағам қабылдауға тәуелділік (булимия және анорексия) – адам мінезінің ерекшелігіне байланысты тағам қабылдау мінез-құлқының бұзылуы.
3. Аддиктивті мінез-құлық – химиялық (психоактивті заттарды шектен тыс қабылдау–алкоголизм, наркомания, токсикомания, шылым шегу) және химиясыз заттарға тәуелділік. А.В. Котляров (2006) химиясыз аддикцияға экзистенциалды тәуелділікті жатқызады (метафизикалық уланудан өмірдің мәнін іздеу, соның ішінде психотерапияға тәуелділік), сыртқы келбетіне тәуелділік, жалғыздыққа тәуелділік, өзіне ерекше мәні бар адамды бақылауға тәуелділік, баспасөз жаңалықтарына, жарнамаларға тәуелділік, бір нәрсеге ие болуға
тәуелділік (хобби, үй жануарларына үйірлік, коллекциялау), шектеу сенімдеріне тәуелділік, сараңдық синдромы, алған түрлі жарақаттарына, ауруларына тәуелділік, графомания, «бас алмай» оқу. Якимова Т.В. (2009) химиясыз аддикцияны «танымдық аддикция» деп атаған дұрыс деп санайды.
4. Фанатикалық мінез-құлық ( деструктивті-религиоздық табыну, спорттың немесе музыканың қандай да бір түрімен шамадан тыс айналысу). Фанатикалық мінез-құлық түрінің ең қауіптісі деструктивті табыну. Егер спортпен айналысу немесе музыкаға қызығушылық таныту адамның ішкі қайшылықтарын көрсетіп отыратын индикатор болса, ал деструктивті табыну және религиялық секталар адамның жан және тән саулығына, ерік бостандығына қауіп төндіреді.
5. Аутистік мінез-құлық – шынайы өмірге бейімделе алмаудан, қиял әлеміне кетуден (эскапизм), адамдармен араласудан бас тартып, жалғыздықты таңдаудан көрінетін мінез-құлық. Аутистік мінез-құлықты аутизмнен ажырата білу керек. Аутизм – әлеуметтік өзара қарым-қатынасты қабылдаудың және қарым-қатынас қызметінің бұзылуына байланысты психиканың бірқалыпты дамымауы. Аутистік мінез-құлық кезінде психикалық дамудың жүруі қалыпты, бірақ адам әлеуметтік байланыста жолы болмай, басқа адамдармен араласуды құнсыздандырып, өз-өзімен «араласуды» дұрыс санайды. Егер аутизмді практикалық тұрғыдан психологиялық түзету мүмкін емес болса, не поддается психологической коррекции, ал аутистік мінез-құлықта қауіпсіз жағдайда қарым-қатынас дағдыларын жаттықтыруда психологиялық топ пайдалы ресурс болуы мүмкін.
6. Виктимді мінез-құлық (ағылш. victim – құрбан) –адамның басқа біреудің өзіне аморальды, заңға қайшы әрекетіне көнуі. Мұндай мінез-құлықтың психологиялық негізі өз-өзін төмен бағалау, қарым-қатынастың үзілуінен қорқу болып табылады. Психологиялық түзету немесе психотерапияның нәтижесінде «құрбандар» бойынан деструктивті қарым-қатынасты үзуге шешім қабылдауға ерлік табылады. Жеке құндылығы туралы елестете білуді меңгеріп, өз құнын түсіне білетін болады.
7. Өмірге қауіп төндіретін іс-әрекетке бару- бұл экстремалды спорт түрі, жоғары жылдамдықта машина айдау, т.б. Мұндай «қызығушылықтардың» өмір мен денсаулығына қауіп төндіретініне қарамастан, кейбіреулердің қолдауы табылып, айналадағылар олардың «батырлығы» мен «ерлігіне» таңғалады.
Қазіргі таңда қоғамда аутодеструктивті мінез-құлықтың көптеген түрлері таралуда. Сондықтан оны түзету жолдары ғана емес, алдын-алу шаралары да маңызды роль атқарады. Аутодеструктивті мінез-құлыққа шалдығуға әсіресе жасөспірімдер көбірек бейім, себебі жас ерекшелік өзгерістер болып жатады – эмоцияналдық тұрақсыздық, әлеуметтік жағдайлардың күрт өзгеруі (олардан өзбеттілікті, жауапкершілікті талап ете бастайды), өмірлік тәжірибенің аздығы, «ақ пен қараны» ажырата алмау, сонымен қатар жағымсыз экологиялық, экономикалық, әлеуметтік факторлардың әсері. Сондықтан аутодеструктивті мінез-құлықтың психологиялық алдын-алу шараларының жасөспірімдер үшін маңызы зор.
Психологиялық түзетуде және алдын-алу шараларында екі базалық бағытты бөліп көрсетуге болады – проблемалық-бағыттылық және дербес-бағыттылық. Бірінші күрделі жағдайды немесе мәселені шешуге бағытталса, екіншісінде – адамның тұлғалық көріністеріне, өзіне және өзінің мінез-құлқына деген көзқарастарына көңіл бөлінеді.
Көптеген психологтар, мысалы, Хухлаева О.В. аутодеструктивті мінез-құлық мәселелерін шешуде түзетуден гөрі алдын алу шараларына көбірек көңіл беру керектігін айтады. Алдын-алу шаралары дегенде бұзылған мінез-құлықты, мысалы, алкоголизм немесе суицидтілікті жеке бөліп алмай, жалпы психологиялық және психикалық денсаулықты сақтауға бағытталуы тиіс. Психологиялық сау адамның әртүрлі аутодеструктивті мінез-құлық түрлеріне шалдығу мүмкіндігі төмен болады. Никифоров Г.С. и Березовская Р.А. (2003), психикалық саулық критерийлерін жүйелей отырып, психикалық саулықтың көп кездесетін түрлерін бөліп көрсетті:
- психикалық процестер саласында – өзін-өзі, субьективті образдарды тиімді қабылдау, зейінін шоғырландыра алу, жаңалықтарды есінде сақтау, логикалы түрде өңдей алуға қабілеттілігі, сыни тұрғыдан ойлай білуі, өз ойларын жинақтап, реттей білуі;
- жеке басы ерекшеліктері саласында: оптимистік, тұрақтылық, тепе-теңдікті сақтай білу, өз-өзін меңгере білу, адамгершілік қасиеттің болуы, адамдарға үйірлік және өз-өзін тиімді бағалай алуы, тез ашуланбау, еңбексүйгіштік, тәуелсіздік, әзілді түсіне алу, өз-өзін сыйлау, бақылау, жігерлілік, белсенділік, мақсатқа талпынушылық;
- адамның үйлесімділік, біріккендік, тепе-теңдік деңгейіне, өз-өзін, әлеуметтік денсаулығын дамытуға бағытталуына да көп мән беріледі. Оның критерийлері – әлеуметтік шындықты адекватты қабылдай білу, айналасындағыларға қызығушылық таныту, қоғамдық пайдалы іске бағытталуы, өзінің жоғары мәдениеттілік деңгейін көрсете алуы, жауапкершілік, батырлық.
Психологиялық және психотерапевтік практикада психикалық саулық пен психикалық ауытқушылықтың критерийлерін әр маман өз практикасы бойынша әртүрлі көрсетеді. Мысалы, психоаналитик А. Миллер психикалық дені сау деп басынан өткеріп жатырған түрлі жағдайларды өз «Менінің» бір құрам бөлігі деп сенетін адамды айтады. Бұл «өз-өзімен байланыс» табиғи жағдайы адамның өз сезімдері мен тілектерін түсіне білуге көмектеседі, өзіне іштей тірек орнатып, өз-өзін сыйлауға мүмкіндік береді. Ол өзінің жан қалауымен өмір сүре алады, қайғырады, қажет етсе, басқалардан көмек сұрайды. Ол өзінің нені қалайтынын немесе нені қаламайтынын біледі жәны оны басқалардың көңіліне қарамай айта алады. А. Маслоу дені сау адам деп шындықты дұрыс қабылдай алатын адамды айтады, оларда өзін кінәлі сезіну мен ұялу сезімі болмайды, олар тәуекел істен, тәжірибеден қорықпайды (өзін қабылдай алуға қабілеттілік, өз кемшіліктері үшін уайымдамау). Дені сау адам тек шындыққа жанаспайтын жағдайда, ауытқушылықты көрген кезде ғана жайсыздықты (дискомфортты) сезінеді. Психикалық дені сау адамның негізгі белгілері – қарапайымдылық, табиғилық, сыртқы орта әсерлеріне тәуелсіздік, еріктілік, белсенділік, өмірдің қызықтарына қуана білу. Мұндай адамдардың шындық өмірмен қарым-қатынасы іштей реттеліп отырады, олардың жеке құндылықтары болады. Олардың барлық уақыты өз-өзін жетілдіруге, дамытуға жұмсалады да, аутодеструктивті мінез-құлық түлерінің пайда болуына жол берілмейді.
№ 7 Дәріс
Тақырыбы: Қиын оқушылардың аддиктивті мінез-құлқы.
1. Аддиктивті мінез-қылықтар жайлы түсінік.
2. Әлеуметтік жағдайлар мен балалардың дербес ерекшеліктері негізінде туындайтын аддиктивті мінез-қылықтардың деңгейлері.
3. Жаман қылықтарға бейімділік
«Тұлғаның мінез-құлқындағы ауытқушылықтары» категориясындағы тәуелді немесе аддиктивті мінез-құлық сияқты топтамалар да кездеседі.Тәуелді мінез-құлық өзіндік ауқымды әлеуметтік мәселені тудырады. Өйткені бұл формада мынандай негативті жағдайға ұшырайды: еңбекке жарамдығын жоғалтады, ортасымен жиі конфликтіге түсуі, қылмыс жасауы. Ежелден әр түрлі тәуелді мінез-құлық формаларын жат әдеттерге жатқызған, мысалға: алкоголизм, мөлшерден тыс тамақтану, азарттық ойындар және т.б. жатады. Қазіргі медицинада кеңінен қолданылатын патологиялық әдеттер термині бар, белгілі бір затты қолданылуда шектен тыс тәуелді немесе аддиктивті мінез-құлық таныту (ағылшын тілінен аударғанда addiction-бейім, теріс қылық деген мағынаны білдіреді). Аддиктивті мінез-құлық тұлғаның девиантты мінезінің бір түрі. Қазіргі кезде тәуелділіктің мынандай түрлері тараған:
1. Психоактивті заттар. 2. Алкоголь 3. Тамақ. 4. Әртүрлі ойындар. 5. Жыныстық қатынастар. 6. Діни ошақтар
Тізбектелген объектілерден келесі тәуелді мінез-құлық формалары көрсетіледі:
- химиялық тәуелділік (темекі шегу, таксикомания, анаша шегу, дәрі- дәрмек, араққа кұмарлық);
- тамақтанудың бұзылуы (мөлшерден артық тамақтану, аш болу, тамақтан бас тарту);
- гэмблинг-ойынға тәуелділік (компьютерге тәуелділік, азартты ойындарға құмарлық);
- сексуалды аддикция (зоофилия, фетишизм, пигмалионизм, трансвестизм, эксбиционизм, вуайеризм, некрофилия, садомазохизм);
- діни деструктивті мінез-құлық (религиоздық фанатизм, сектаға бару);
- заманның өзгеруіне байланысты тәуелді мінез-құлқының жаңа бір формалары етек алуда: бүгінгі күні компьютерлік тәуелділік кең жайылуда.
Сексуалды мінез-құлық нормаға сәйкес болады, егер ол: - екі жақты келісіммен;
-кәмелетке толғандармен; - тірі адамға бағытталса; -девианттілік белгілері болмаса.
Онда сексуалды мінез-құлықтағы ауытқушылықтарды былай бөлеміз:
-
қылмыстық сексуалды әрекеттер (зорлау, жезөкшелік, балаларға бағытталу)
-
сексуалды девиациялар (жануарлармен жыныстық қатынасқа түсу, садомазахизм, фетишсекс т.б.)
-
маргинальды мінез-құлық (промисуитет, нудизм, гомосексуализм)
-
жалпы қабылданған сексуалды мінез-құлық(ересектердің келіссіммен гетеросексуалды мінез-құлқы)
Аддиктивті (тәуелділік) мінез-құлық тұлға ауытқушылықтарының бір формасы, ол бейімделу мен өзін реттеу мақсатында белгілі бір нәрсені мөлшерден тыс қолдану. Әртүрлі тәуелділік формалары бір түрден екіншісіне немесе қатар байланыста ұстауы жүреді. Мысалы: темекі шегуші көп жылдардан кейін шылымнан бас тарту кезінде тамақтануға құмарлана түседі. Тұлғаның тәуелділік мінез-құлқы психофизиологиялық қалыптың өзгеруімен сипатталады. Сырттай бұл көрініс өз- өзімен күрес, өз-өзіне бақылау жасаудан арылу есебінде көрінеді
Аддиктивті мінез-құлық бірден пайда болмайды, ол үздіксіз процесс процесс, тәуелділіктің дамуымен қалыптасады. Аддикцияның бастапқы кезі, индивидуалды ағымы және аяқталуы болады. Мысалға, анашаға тәуелділік келесі стадияларда жүруі мүмкін:
1) Анашамен танысу эпизодтық қолдану фонында, өзін бақылай алу кезінде жүреді.
2) Біртіндеп өзін бақылау үстінде ұстай отырып,тұтынудың тұрақты индивидуалды ритмі қалыптасады. Бұл кезең психологиялық тәуелділік болып есептеледі, өйткені мұнда объект шынымен де белгілі бір уақытта психофизиологиялық қалыпты жақсартады.
3) Максималды дозаны қолдана отырып, уақытын жиілету. Физикалық тәуелділік толығымен өзін бақылаудан айырылады. ләззат әкелуден қалады, тек оны ауруды сезінбес үшін қолданады.
4) Әлеуметтік құлдырау (дозаның жоғары болуы, суицид, СПИД, т.б.)
Тағы бір тәуелділік мінез-құлқының ерекшелігі оның циклділігінде. Бір циклділігінің фазалары:
-
аддиктивті мінез-құлыққа іштей дайындық;
-
қызығушылығының артуы;
-
аддикция объектісін белсенді іздеуі
-
объектінің алуы мен жетудегі спецификалықалаңдаушылығы;
-
босаңсу;
-
тыныштық алу.
Бір аддиктивті цикл бір ай немесе бір күнге дейін созылады. Тәуелділік мінез-құлқы міндетті түрде ауру немесе өлімге дейін әкелмейді, бірақ жекелік өзгерістер мен әлеуметтік дезадаптацияға әкеледі. Аддиктивті құбылыс үнемі аддикция объектісіне жоғары құндылы эмоционалды қатынасты тудырады. Мысалы: анаша, шылымның үнемі артық болуын қадағалайды. Рационалды механизмі күшейеді, яғни аддикцияның интеллектуалдылықты жөн көруі («бәрі шылым шегеді», «алкогольсіз стрессті жою мүмкін емес») және «қалауынша ойлау» туады («мен өзімді бақылай аламын», «барлық анаша шегушілер- жақсы адамдар»).
Сонымен қатар барлық «басқа» адамдарға сенімсіздік туады, әсіресі арнайы мамандарға («олар мені түсінбейді, өйткені олар өздері мұның не екенін білмейді»).
Аддиктивті құбылыс тәуелді объектіні тіршіліктің мақсаты, ал оны қолдану- өмір салты деп түсіндіреді. Аддиктивті құбылыстың ең бір негативті көрінісі анозогнозия- ауруды жоққа шығару немесе оның өте ауырлығы. Өзінің тәуелділігін мойындамау (мен маскүнем емеспін, егер қойғым келсе қоямын). Осылайша тәуелділік (аддиктивті) мінез-құлық –бұл аутодеструктивті қылық, белгілі бір затты қолдануда тәуелділіктің психикалық қалыптан ауытқуы. Субъективті бұл алаңдаушылық сол аддикция объектісіз өмір сүре алмайды.
Меңгерген білімді тексеруге арналған сұрақтар:
№ 8 Дәріс
Тақырыбы: Аддиктивті мінез-құлық қалыптасуындағы ата-ананың ролі.
-
Бала тәрбиесіндегі ата-ана, жанұяның ролі
-
Жасөспірімдердің адаптациялық қиындықтары.
-
Ата-аналардың әрекетсіздігі мен немқұрайлылығы.
Аддиктивті қылық-әрекет (addictive behavior) – психологиялық күйді өзгертетін түрлі заттарды, соның ішінде алкоголь мен темекі шегу, оларға деген тәуелділік пайда болғанға дейін теріс қолдану. Аддиктивті мінез-құлық шығуына отбасы негізгі орын алады. А.Фрейд, Д.Винникота, М.Балинта, М.Кляйн, Б.Спока, М.Маллер, Р.Спиц еңбектерінде бала дамуына кері әсер ететін анасының баласын түсінбеуі мен қажеттіліктерін қанағаттандыра алмауы екенін көрсеткен.
Тәуелділік қалыптасуының негізі нәрестелік кезеңдегі соққы болып табылады (екі жасқа дейін алаңдаушылық формасында). Соққы физикалық аурумен, анасын жоғалтумен немесе анасы мен баласының темпераменттерінің сәйкес келмеуімен сипатталады. Ата-аналар өздерінің нәрестелеріне психотравмалық әсер еткендерін білмей де қалады, мысалы: қинап таиақтандыру, баласын еркелетуге шек қояды, т.б. Дисстресті басынан кешірген бала өзіне-өзі көмек бере алмастан ұйықтап кетеді. Бірақ Г.Кристалдың ойынша, ауыр соққының қайталануы дамудың бұзылуы мен апатияға әкеп соғуы мүмкін. Кейіннен бала кез-келген аффектілерге қорқынышпен қарайды, өзін қорғансыз сезінеді және үнемі сәтсіздіктерді күтеді. Мұндай тәуелділіктің ерекшелігі төмен аффектілі толеранттылықпен белгіленеді. Мұндай кезде әркім де өзіне жанашырын іздейді, бірақ оны таба алмаған соң, жансыз объектілер адамзаттық қатынасты алмастырады. Осылайша психикалық соққыны өткізген бала тез тәуелділікке баруы мүмкін.
Отбасы үшін ең бір елеулі мәселе ата-ананың эмоционалды ауытқушылықтары, олар алекситимиямен немесе ата-ананың сезімін сөзімен жеткізе алмауы. Бала оны тек «жұқтырмайды», ол ата-анасынан өзінің сезімін жасыруды үйренеді, оны жоқ деп есептейді. Әр жастағылардың арасындағы шекараның болмауы, отбасы мүшелерінің бір-біріне тәуелділігі, гиперстимуляция-тағы бір негативті фактор. Отбасы тәуелді мінез-құлқының қалыптасуына ғана емес, соны ұстап тұруына да ролін корсетеді. Сонымен қатар бір отбасындағы балалар әртүрлі мінез-құлықтарды көрсете алады. Егер ата-анасы алкогольді қолданатын болса, балада ондай тәуекелділік болмауы мүмкін. Яғни индивидуалды тұлға ерекшеліктері де ерекше орын алады.Тәуелділік мінез-құлқы индивидуалды жыныстық айырмашылықтарына да қарай болады. Мысалы, тамақтану аддикциясы әйелдерде, ал гэмблинг ер адамдарда көбіне кездеседі. Тәрбиесі қиын балаларды тудыратын себептердің бірі–балаларын оқытуда, тәрбиелеуде ата – аналардың жауапкершілік сезімінің жоқтығы бала мінезінде мейірімсіздікті, яғни қатыгездікті, дөректілікті, өзімшілдікті туғызады.
Екінші себеп – бұл үйдегі сәтсіздік, маскүнемдік, ұрыс – төбелес, ұрлық, ата – аналарының және басқа отбасы мүшелерінің жеңілтек мінез – құлқы, ал бәрінен жаманы – ажырасу, неке бұзу. Егер әке маскүнем болса, мектеп жасына дейінгі балалар жүйке ауруынан, жиі қояншық ұстамадан (эпилепсия) азап шегеді, олардың ақыл – ойы баяу дамиды. Мұндай балалар енжар, тынымсыз, ашушаң келеді. Әрбір ата – ана азғындыққа түспеу үшін күш қабілетін пайдаланып, балаларға мейірімді өнеге мән әсер етуі керек.
Үшінші себеп–ұл балаға үнемі жеткіліксіз көңіл аударылады. Кейбір отюасы баланың ішкі дүниесін, тілектерін, ойларын, қайғысын қоршаған орта қатынасын жете біле бермейді.
Төртінші себеп–бұл сынып жетекшілерінің тәрбие жұмыстарындағы олқылықтары мен кемшіліктері. Тәрбиесі қиын балалар жөнінде сынып жетекшілерінің іс–әрекеті көпшілік жағдайда кейбір жұмыстармен ғана шектеледі. Олар: әңгіие, сынып және оқушылар жиналыстарында талқылау, оқушылардың ата – аналарын мектепке шақыру. Мұндай жалпы және қарапайым жұмыстар бойынша тәрбиесі қиын балаларды жан – жақты білу мүмкін емес.
В.Г.Степанов пен В.А.Крутецкий мінез–құлықтағы қиындық мәселесін қарастыра келе, оқушыларды екі қатарға бөледі. Бірінші қатарға адамгершілік дамуында және мінез–құлқында, шамамен алғанда өте үлкен емес ауытқушылықтары бар оқушыларды жатқызады, олар–тәртіпсіз, жалқау, қыңыр, дөрекі, өтірікші балалар. Тәртіптілік өзіне және басқаларға деген жоғарғы талап қоюшылық, киімдегі тазалық және жинақтылық сияқты және т.б. көрсеткіштерден айқындалады. Тәртіпті емес мінез – құлықты осыған қарама – қарсы көрсеткіштерден: жұмыстан жалтарып кетуге тырысу, берілген тапсырманы орындамау, адал еместік, өзінің жеке қызығушылықтарын достарының арасында жүзеге асыруға тырысу, үнемі тәртіпті бұзуынан және т.б. байқалады.
Екінші қатарға жеке акцентуациясында және мінез–құлқында қиындығы бар балаларды жатқызады.
Тәуелділік мінез-құлқы кейде тұқымқуалаушылыққа да байланысты болады. Маскүнемділікпен ауыратын отбасының балалары көбіне сол жолды таңдайды. Бірақ, кейде алкогольді қолданатын ата-анасы бар балалар анашаны ерте жасынан қолдана бастайды. Отбасы мүшелерінің тәуелділік мінез –құлқы уақыт өте келе тәуелділік қалпының өзімен күреске түседі. Өйткені, тәуелділік кезінде тұлғаның негативті өзгерістерге ұшырауы, мінез-құлқының бұзылуына әкеледі. Әртүрлі тәуелділік мәселелеріне отбасы әртүрлі қорғану жүйесін құрайды. Бірақ отбасы мүшелері аддикциядан құтылу үшін балаларын тоқтатуға тырысады. Бірақ бұл жүйе шырқау шегіне жеткенде бәрібір шығып, аддикция циклі қайта айланады. Тәуелділікпен ауыратын отбасында жауапкершілікті мойнына алатын роль болмайды. Ол болып жатқандарды басқаларға жаба салады. Тәуелділікке бейім отбасының өзін-өзі жоғары сезінуі мүлде төмендейді. Отбасы мүшелері келесі өзгерістерге ұшырайды: - Өзіндік «мені» жоғалады. -Басқа отбасы мүшелерінің эмоционалды күйімен аддикттің мінез-құлқы анықталады. - Өкініш, ашулану аффектілері билеп алады. - Өзін сыйлауы мен бағалауы төмендейді. Мысалы: «біз жаманбыз, бәріне кінәлі-біз» сезімі пайда болады. -Жалған ролі күшейеді: «не үшін маған мұндай қиыншылықтар түсті» т.б. -Эмоционалды апатия күйін сезінеді. Стресс кезінде денсаулығы төмендейді: соматикалық ауруларға, депрессияның дамуына әкеледі. Депрессия еңбекке құлшынысын төмендетумен, көңіл - күйін түсіруден басқа, суицидтік мінез-құлқына әкеледі. Осылайша,тәуелділік мінез-құлқы отбасы бұзылуына әкеледі. Тәуелділік (аддиктивті) мінез-құлқының концептуалды модельдеріне жататындары:
1) Моральді модель (теріс қылықтарды күнә деп санайды);
2) Ауру моделі (аддиктивтілік ауру болып саналады, оған арнайы маман көмек көрсетеді)
3) Симптоматикалық модель (аддиктивті мінез-құлықты жеке мінез-құлықтың «симптомдары» немесе әдет деп қарастырады);
4) Психоаналитикалық модель (жекелік динамиканың бұзылуы деп көрсетеді);
5) Жеке-жүйелік модель (тәуелділік мінез-құлық дисфункционалдылығы, тұлғаның ерекше қатынасындағы жүйелердің бұзылуы);
6) Биопсихоәлеуметтік модель («әлеумет-тұлға-ағза» жүйесінің бұзылуы ретінде көрінеді).
Меңгерген білімді тексеруге арналған сұрақтар:
№ 9 Дәріс
Тақырыбы: Психотропты заттардың психикаға тигізетін әсері
1. Психотропты заттардың жасөспірім денсаулығы мен психикасына әсері
2. Есірткі қолданудың психикалық себептері мен мотивациясы
3. Ішімдіктің оқушылар ағзасы мен психикасына әсері
Есірткімен күресу және оның таралуын шектеуімен айналысқан мемлекеттік қызмет механизмі іс – тәжірибе бойынша басылып қалды, жағдай бақылаудан шығып кетті. Наркобазары құрылымын өзгертті, нашақорлық жаңара бастады. Наркобизнес сферасына жеткіншектермен қоса балалар да қызыға қарай бастады. Осы кезде «шөппен» және «ұнтақпен» студенттер қолданылатын болды.
Наркологиялық жағдайлар халықтың басым көпшілігін қамтып алды. Кейінгі жылдарда балалар арасындағы алкоголизм мен нашақордың таралуын мінездейтін барлық көрсеткіштер жедел көтеріліп кетті. Сондайақ, өкінішке орай бүгіндері жасөспірімдер арасында нашақорлардың саны көбейіп барады. Статистика бойынша қазіргі кезде есірткіні қабылдайтындардың көпшілігі жастар болып отыр. Кәмелеттік жасқа толмағандардың есірткі қолдануының өсуі басқа қылмыстармен тығыз байланысты. Бүгінгі күнде әрбір 10-шы оқушы есірткіні пайдаланып көрген. Есірткіні қолдана бастаған жеткіншек біртіндеп нашақор бола бастайды. Мәдени ақпараттық агрессия жасөспірімдер мен жастар санасын құрықтап, олардың арасында нашақорлықты, ішімдікті және зорлық-зомбылығы басым қатыгез сананы орнықтыруда. Есірткіге әуес жасөспірімдердің көбін қалалықтар құрайтын болып шықты. Қаладағы ойын-сауық түрлерінің және түнгі клубтардың көптігі балалардың зерігу ортасына айналып барады. Бұдан бөлек жасөспірімдер еліктегіш келеді. Яғни анашаға алғаш әуестену оның бар өмірін қыршыннан қиятынын білмейді көбі. Мамандардың айтуынша, бұрынғыдай апиын емес, қазiр жасөспiрiмдер көбінесе күштi психотроптық дәрі-дәрмектерді, синтетикалық есірткілерді, героиндi пайдаланады. Жүректе қайраттың жоқтығы, ұйықтаған ойды түртуге өзіндік мұршаның болмауы, ақыр аяғында талай жастың ерте жастан мүгедек болуына немесе ұзақ уақыт бойы емделуге апарып соқтыруда.
Нашақорлықтың бес кезеңін көрсетуге болады:
1.есірткіні жалғыз және сирек қолдану.
2. психикалық және физикалық белгілерсіз есірткіні көп қолдану.
3. 1-ші деңгейдегі нашақор: психикалық тәуелділік, қажетсіну құрылған. Жағымды әсер алу үшін ғана іздеу, бірақ әлі физикалық тәуелділік жоқ, ал есірткіні қолданудан бас тарту жағымсыз ауыртпалы әсерді туғызбайды.
4. 2-ші деңгейдегі нашақор: есірткіге физикалық тәуелділік құрылған, іздеу эйфория туғызу үшін емес, қиналғаннан, абстиненциядан қашу үшін салынады.
5. 3-ші деңгейдегі нашақор: толық физикалық – психикалық деградация.
Бірінші не екінші деңгейде ғана есірткіден бас тарту, қолданбауға мүмкіндік бар деп саналады. Зерттеулер көрсеткендей, есірткі қолданатын жеткіншектердің 5 бөлігі ғана оқыс кезеңді өтеді, түзелмейтін нашашы болады. Сонымен қатар, әлі нашашы болмаған, жай есірткі қолданатын жеткіншектер бәрібір де тұрақты психикалық комплекске ие болады, қоғамдық моральға, дәстүрлерге өзін қарсы қояды.
Жасөспірімдік нашақорлық эксперименттелгенмен, жаңа әртүрлі жағымды әсерлерді іздеумен байланысты. Балалық және жеткіншектік нашахордың дамуының жағымды фоны – тұрақты комплексті реакция болып табылады. Соның ішінен негізгісі – эмансипация реакциясын атауға болады. Оның негізінде жеткіншектің күнделікті жағдайдан қашуы, құтылуы жатыр (отбасынан, оқу ортасынан және т.б.). Бұл көбінесе СПТУ – дан , арнайы мектептен шыққан жеткіншектерге мінезді. 90 пайызға дейін наркомандар есірткіні топта құрдастарымен қолдана бастайды: мұндай қылықтың негізінде – топтың ережелеріне еліктеу, бағыну керек. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың пікірінше, гашиша тарту сексуалды потенцияны жоғарылатады дейді.
Есірткіні бірінші қолданған жеткіншектерге мынандай мотивтер мінезді: 31 пайызы болуға ұмтылыс, 19 пайызы жаңа әсер сезінуге тырысу, 12 пайызы – фонтастикалық іздеу салу, 10 пайызы – ұмытуға ұмтылу, жағымсыздан қашу, аулақ болу үшін. Сонымен қатар, жеткіншектердің есірткіні демалу, көңілдену, «керемет» болып көріну үшін қолданылатынын айту керек. Кейде есірткі жастардың арасында өзін көрсету үшін, күш жинау үшін пайдаланады. Есірткіні күш көрсетіп бұрышқа отырғызып қолдануда кездеседі. Ал кейбір жағдайларда жеткіншектерге есірткіні шексіздіріп, қылмыс жасауына бұйрық беретін жағдайлар да боллады.
Есірткі мәдениеті: қарама – қайшы мәдениеті, «хиппи мәдениеті».
Құмарпаз отбасыларға мінездеме. Балалар және жеткіншектер арасында нашақорлықтың таралуына себеп болатындардың бірі - әлеуметтік жетімдіктің өсуі. Көптегенжас нашашылар, алқаштар және таксикомандар – бұл жағымсыз отбасынан шыққан балалар. Ішімдікке салынған асоциальды өмір салтымен өмір сүретін ата-аналар, баланың тағдырымен қызықпайтын ата-аналар, өз жұмыстарымен ғана шұғылданатын ата-ана. Есірткі мәдениеті: қарама – қайшы мәдениеті, «хиппи мәдениеті».
Наркотизацияның әр түрлі этапындағы мінез-құлық ерекшеліктері.
Психоактивті заттарды қолдану әсіресе топ ішінде болады, ол мінез-құлықтың, топтың стандартымен тығыз байланысты. Есірткіні қолдану қарым қатынасты жеңілдету тілегімен, тыңдап отырған әуеннен рахат алу, жақсы әсер алумен байланысты. Топта көшбасшы болатыны анық. Ол психоактивті затты қайдан алу керек екенін не қолдануы туралы ұсыныс жасап айтып отырады. Негізінен, топ мүшелері ешқандай қарсылық білдіртпейді. Наркотикалық заттарды көпке шейін қолдануда патологиялық мінездің қозғалуы пайда болады.
Нашақордың бірінші этапында психиканың тәуелділігі пайда болады. Есірткіні кекілжінді жағдай кезіндегі эмоционалды қысымды басу үшін қолданылатын «дәрі» болып табылады. әлеуметтік дезадаптация өсуі байқалады. Жеткіншек бұрынғы жағымды бағытын жоғалтады, онда жауаптылық, қарыз сезімі болмайды.
Нашақорлардың негізгі белгілері, есірткінің әсерлері, ағзалық психикалық және әлеуметтік материалдық әсері. Нашақорлықтың екінші этапында есірткіні қолдану кезінде қандай да бір әсер сезіледі. Топтағы қарым қатынастың мүлдем орнатылмайды, жеткіншектер арасындағы қарым қатынас тек қана есірткі қолдану мақсатына көзделеді.
Әйел адам баласынан айырылмайтындықтан әйел-құмарпаздардың мәселесін қозғау маңызды болып отыр. Ресей тұрғындарының 14 пайызы есірткіні қолданып көргендер және басқаларды да есірткі қолдануға тартты. Емдеу мекемелерінде жалпы нашашылардың 13 пайызы әйелдер болып табылады. Еркектерге қарағанда әйел адамдар есірткіге тез бейімделеді, агрессивті бола бастайды. Болашақ құмарпаз әйелдер өзіндік ой-пікірге ие болмайды, олардың қызығушылығы мен тәуелділігі тұрақты емес. Олар өте сезімтал келеді және біреудің жағымсыз теріс қылықтарына жеңіл беріледі. Есірткіні қолдану үшін әйел адам аморальды қылық жасауға, қылмыс жасауға дейін барады. Нашахордың соңы болып нерв жүйесінің қажуы, ақыл ойының төмен болуы, психоз, ұнамдық және әлеуметтік дезадаптация табылады.
Алкоголь этил спирті наркотиктер тобына жатады және барлық ішімдіктердің құрамында болады. Оны ішкен кезде адамның көңіл-күйі көтеріледі. Бір-екі рет ішіп көрген соң әртүрлі себептерді сылтауратып адамның оны тағы да ішкісі келіп тұратындығы сондықтан. Сөйтіп оған бірте-бірте құмарлықта пайда бола бастайды. Көңіл-күйін көтеруге ересек адамдардан гөрі жастар тез еліктегіш. Ішкісі келгендерге, әрине себеп те, сылтау да көп. Біреу "тәбетін ашуға", екіншісі "тезірек ұйықтауға", үшіншісі "көңіл-күйін көтеруге", төртіншісі "батылырақ болу үшін", т.б. Осының бәрі маскүнемдікке салынудың бастауы. Ішкен күннің ертеңіне басы ауырып, мең-зең болып, көңіл-күйі нашарлап оянады да бір жүз грамм қағып тастаса, "жақсарып" шыға келеді. Осылайша "бас жазумен" жүріп абыройдан айырылып, маскүнемдіктің батпағына қалай батқанын өзі де байқамайды.
М а с к ү н е м д і к т і ң биологиялық табиғатын зерттеу нәтижелері, жануарларға жасалған тәжірибелер психологтар мен психиатрлардың "алкоголь орталық жүйке жүйесіндегі ләззат алу орталықтарын ынталандыратын болар" деген ойларын расқа шығарды. Ол, әрине, адамның мінез-құлқына, әсіресе, Гиппократ ашқан адамның мінез-құлықтарының қалыптасу түрлеріне байланысты. Мінез-құлқына қарай адамдар төрт топқа бөлінеді: холерик, сангвиник, флегматик, меланхолик, сангвиник пен холериктер күшті, ал меланхолик пен флегматиктер болса әлсіз топтағы адамдарға жатады. Сол себептен меланхоликтер мен флегматиктер маскүнемдікке тезірек салынады және олардың бұл дерттен айығулары да өте қиынға соғады. Ал сангвиниктер мен холериктердің аналарға қарағанда ерік-жігерлері мықтырақ. Бірақ, әрине, өзін өзі бақыламай жиі ішсе, тіптен өз күштеріне сенімді, жинақы, ешкімнің ықпалына беріле қоймайтын жігерлі адамдардың өздері де арақтың торына түсіп, маскүнемдік қасіретіне қалай шалдыққандарын сезбей де қалады. Ішімдік ішкен сайын ми орталығынан қанға норадреналин бөлініп шығып отырады. Ми клеткалары өзі жоғалтқан норадреналиннің қорын қайта қалпына келтіріп үлгере алмайды да, ең қажетті катехоламиннің жетіспеушілігінен маскүнемнің көңіл-күйі нашарлайды. Сол себепті адам өзін қолайсыз сезініп, үнжырғасы түсіп, іс-қимылында және қылығында сылбырлық пайда болады. "Ішу керек, ішу керек" деген ой кетпей қояды.
Физиологтар организмнің алкогольден тез арыла алмайтынын оның белгілі бір мөлшері 1-2 тәулік бойы зиянды әсер ете беретінін анықтады. Ішкеннен қейін екі апта өткен соң да бауырдан ішімдік табылған. Алкоголь, әсіресе, жас жеткіншектердің жүйке жүйелеріне өте зиянды. Олардың өте нәзік және сезімтал жүйке жасушалары арақ-шараптың азғантай мөлшерінен-ақ уланып қалады. Арақ адамның барлық ішкі органдарын уландырып, істен шығарады. Алкогольдің әсерінен жүректің еттері уланып, оның орнын май жасушалары басады. Маскүнемдердің жүректерінің көлемі сау адамдардың жүректерінен екі еседей үлкен болса да қызметі әлдеқайда нашар келеді. Өйткені май жасушалары жүрек етінің қызметін атқара алмайды. Сөйтіп организмде қан айналымы бірте-бірте әлсіреп, жедел қимылдағанда дем жетпей, ентігу және дененің ісінуі пайда болады. Жүректің қызметі нашарлап, қан тамырлары уланып мезгілінен бұрын "қартайып", тозады. Маскүнемдерде инфаркт және инсульт (миға қан құйылу) аурулары жиі кездесетіндігі сондықтан. Алкогольдің әсерінен өңеш, асқазан және адамның ішектері қабынып, әртүрлі созылмалы ауруларға — асқазан жарасына, тоқ ішектің қабынуына (колит) әкеліп соғады.
Достарыңызбен бөлісу: |