Баспасөз қызметі



Дата03.07.2016
өлшемі17.11 Kb.
#173675



Еуразия ұлттық университеті

Баспасөз қызметі

Тел.: +7 (7172) 709-548, 709-500 (вн.31-116,)

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

2014 жылдың 4 қыркүйек күні сағат 15.30-да Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде (Янушкевич көшесі, 6. Әлеуметтік ғылымдар факультеті, №101 аудитория) Украинадағы жағдай және оның әлемдік даму үрдісіне әсері: дағдарыстан шығу жолдары» атты дөңгелек үстел өтеді.

Шараны Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, ҚР Украина елшілігі жанындағы украин ғылым және мәдениет орталығы, «Қазақстандағы украин Радасы» республикалық бірлестігі, Қазақстан-Украина арасындағы достастық қауымдастығы, тағы басқалар ұйымдастырып отыр.

Дөңгелек үстелге Украинаның Қазақстан Республикасындағы уақытша сенімді өкілі Юрий Лазебник, ЕҰУ проректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Дихан Қамзабекұлы, ҚР білім және ғылым министрлігі мемлекеттік тарих институтының директоры, профессор Бүркітбай Аяған, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, «Қазақстандағы украин Радасы» республикалық бірлестігінің төрағасы Юрий Тимощенко, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің этникааралық және конфессияаралық толеранттық жөніндегі ЮНЕСКО кафедрасының меңгерушісі, академик, публицист, қоғам қайраткері Ғаділбек Шалахметов қатысады деп күтілуде.

Дөңгелек үстелге қатысушы ғалымдар, саясаткерлер, дипломаттар мен сарапшылар Украинадағы қазіргі күрделі жағдай, оның әлемдік даму үрдісіне әсері, әлемдік интеграциядағы өзекті мәселелер, дағдарыстан шығу жолдары, қазіргі қазақ-украин арасындағы достық қарым-қатынас кеңінен сөз болады деп күтілуде.

Сондай-ақ шара барысында Украинаның Тәуелсіздік күніне арналған украин суретшілерінің көрмесі ұйымдастырылып, ақын-жазушыларының кітаптары сөреге қойылады.


Ұйымдастырушы:

Л.Н.Гумилев атындағы

Еуразия ұлттық университеті.

Өткізу орны: Янушкевич көшесі, 6.

Әлеуметтік ғылымдар факультеті, №101 ауд.



Өткізу күні: 2014 жыл, 4 қыркүйек.

Басталуы: сағат 15:30.



Аккредитациядан өту үшін, ЕҰУ баспасөз- қызметіне хабарласыңыздар

+7 (7172) 709 -548



+7(7172) 70-95-00 (31-116,31-118 внутр)

+ 7 702 363 60 05, lyaka-tompi@mail.ru – Ләйлә Рахманова

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет