БасшылықТЫҢ казақстандағы оңТҮстік-батыс автомобиль жолдарын дамыту жобасы жөніндегі инспекция коммисия шолу жасауға сұранымға жауап: батыс еуропа-батыс қытай халықаралық транзиттік дәлізі (carec-1b & 6b)



бет2/4
Дата13.06.2016
өлшемі0.68 Mb.
#131370
1   2   3   4

НЕГІЗГІ ҚАҒИДАЛАР


2010 жылы сәуірдің 29-ында Инспекция комиссиясы ХҚҚДБ-і қаржыландырған Қазақстандағы Оңтүстік-Батыс автомобиль жолдарын дамыту: Батыс Еуропа - Батыс Қытай халықаралық транзиттік дәлізін (БЕ-БҚ дәлізі) салу жобасын (Жоба) тексеру тұралы өтінішті тіркеді. Бұл Жоба Үкіметтің автожолдар секторын дамыту бағдарламасының бір бөлігі бола отырып, Батыс Еуропаны Батыс Қытаймен Қазақстан және Ресей арқылы біріктіретін 2840 км тас жол дәлізін жақсартуға бағытталған. Бағдарламаның есептік жалпы құны 7,5 миллиард АҚШ долларын құрайды, оның ішінде Укімет қаржыландыратын бөлігі - 37 пайыз, ал қалғанын ХҚҚДБ (Банк) және басқа халықаралық қаржы институтары (ХҚИ) өтейді.

2 125 миллиард АҚШ доллар құрайтын ХҚҚДБ Қазақстан Республикасына берген заемы Көлік және коммуникция министрлігінің (ККМ) Автомобиль жолдары комитеті арқылы жүзеге асырылып отыр. Заем 2009 жыл 9 желтоқсаннан бастап күшіне енді және мынадай жұмыстарды қамтиды: (i) Оңтүстік Қазақстан мен Қызылорда облыстар арқылы өтетін 1062 км жолды жетілдіру және қайта құру; (ii) ККМ және Автомобиль жолдары комитетінің әлеуетін күшейту; (iii) жол қаүіпсіздігі мен жол қызметін жақсарту.



Сұраным

Инспекция комиссиясының мәліметі бойынша, бірінші сұраным 2010 жылдың 5 ақпанында Бірлік ауылының екі тұрғынымен жіберілген (Түркестан қаласы, Оңтүстік Қазақстан облысы) және оған қоса сол ауылдың 45-тен аса үй қожалығынан бөлек өтініштер алынды. Кейінірек кейбір қол қойғандар Инспекция комиссиясына жазып, талапхаттарынан бас тартты. Артынша жеке Түркестан қаласы тұрғындарынан алынған қосымша өтініштер (олардың сұрауынша жеке мәліметтері құпияда сақталған) алғашқы Сұранымды қолдап бірқатар Түркестан қаласына қатысты мәселелер қосты. Комиссия бұл Сұраным келесі Банк ережелеріне сәйкес келмеуіне айтып кетті: ОС/БП 4.01 (Экологиялық бағалау); ОС/БП 4.11 (Материалды мәдени қорлар); ОС/БП 4.12 (Еріксіз көшіру); ОС/БП 3.05 (Жобаны қадағалау); және Дүниежүзілік банкінің ақпаратты ашу саясаты (2002 жылдың маусымы).



Мемлекеттегі жағдай және жоба тұралы мәлімет

2000-шы мен 2007 жылдар аралығында Қазақстан 10 пайыздық орташа нақты ЖІӨ өсуі және халықтың жан басына шаққандағы табыс деңгейінің күрт жақсаруымен зор экономикалық нәтижелілік көрсетті. Сауда бірте-бірте бұрыңғы Совет Одағы үкіметтерден Қытай және басқа нарықтарға қарай ауысып, 2004-тен 2008 жылға дейін шапшаң ұлғайды. Қазақстандағы жалпы тұрақты экономикалық беталыстарға қарамастан, 2005 жылдан бастап 2007 жылдың ортасына дейін коммерциялық несиелеу және шетелден қарыз алуының өсу спиралі қаржы және құрылыс секторларда қиыншылықтарға жол берді. Қазақстандағы экономикалық дағдарыс 2007 жылдың соңында басталған жылжымайтын мүлік бағасының күрт төмендеуінен басталды.

2009 жылдың екінші жартысында мұнай және басқа минералды ресурстардың экспорт бағасы күшейуі жалпы қаржы позицияны тұрақтандыруға өз үлесін салды. Шетел қарыз төлем міндеттемелермен байланысты капиталдың орасан зор жылыстаудың орнын толтыру үшін 2009 жылы Қазақстан ірі капитал құйылуын керек етті. Бұл ішінара ұлғайған мұнай және газ экспортымен, ішінара шетел тікелей инвестициялар және несиелендіру арқылы қалпына келді.

Үкімет мемлекеттік қорларды ұзақ мерзімді дамудағы кедергілерді жеңілдететін салаларға жібере отырып, экономикалық қиғаштықтарды туғызбау мақсатпен ішкі сұранысты ынталандыру мен жұмыс орындарды жасауды көздеді. Осыған орай «Оңтүстік-Батыс автомобиль жолдарын даму жобасына» зор басымдылық беріліп отыр, өйткені ол мемлекеттің ең аз қамтылған екі аумақты кірумен және жұмыс орындарымен қамтамасыз ету арқылы экономикалық өсуге жағдай жасайды және кедейлік деңгейін төмендетеді деп күтуде. Қызылорда облысы мемлекеттегі ең кедей аумақтарының бірі, ал Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл халқының тығыздығы ең жоғары болып табылады. Кіру жақсарған сайын, осы аумақтардың дамуына, әсіресе, туризм, ауыл шаруашылығы, жеңіл және кен өндіруші өнеркәсіп саларында, орасан зор мүмкіндіктер пайда болады. Қазіргі магистральды жолдың жағдайы өте нашар, мысалы, Шымкенттен Ресей шекарасына дейін 1700 км сапар жақсы жолмен жүргенде 20 сағатта жететін, осы жолды пайдаланғанда 48 сағаттан аса кетеді.

Кеңінен алғанда, Үкіметтің экономикалық дамуға стратегиялық көзқарасы Орталық Азия аймақтық экономикалық ынтымақтастығының (ОААЭЫ) аймақтық стратегиясына сай экономиканың диверсификациясы мен глобальды нарыққа интерграциясына негізделген. ОААЭЫ мемлекеттері Орта Азияны Қытай, Ресей, Оңтүстік Кавказ, Оңтүстік Азия, Түркия және Батыс Еуропамен біріктіретін алты негізгі көлік дәлізді тағайындады. Жоба Қазақстан арқылы өтетін және басқа мемлекеттерді маңызды көлік біріктірулермен қамтамасыз ететін ОААЭЫ дәліздер бөліктерін жақсартуды қаржыландырады.

Банк экологиялық және әлеуметтік қорғаныш шаралардың ортақ негізі болуын және бірынғай техникалық стандарттардың қолдануын қамтамасыз етуга қатысты басқа ХҚИ-ның қатысуын үйлестіруде шақырушы рөлін атқарды. Көлік министрлігі мен ХҚИ арасында Ынтымақтастық тұралы меморандум гармонизация және ынтымақтастық жөнінде міндеттемелер мен механизмдерді белгіледі. Жобаны даярлау кезінде Үкімет және ХҚИ Автомобиль жолдары комитетіне Дәліз дамыту бағдарламасын жүзеге асырудың басқаруына көмек көрсету мақсатпен жоба басқару консультанттарды пайдалануды келісті. Бұл барлық контракттарды басқарудағы сапаны қадағалау, қорғаныш шараларды жүзеге асыруын мониторинг жасау және бақылаушы инженерлердің жұмысын қарау.



Жобаны даярлау және қадағалау кезеңдердегі негізгі мәселелер

Бүкіл Дәліз бойынша жасалған техникалық-экономикалық негіздеме келешекте дамытуға жоспарланған бірнеше айналым жолдар, оның ішінде потенциалды Түркестан арқылы өтетін солтүстік немесе оңтүстік айналым жолдар, экономикалық тұрғыдан алғанда өмірге қабілетсіз екенін көрсетті. Олар бұрын құрылыс жасалмаған жерлерде салынбақ, демек өте жоғары шығын, тұрғындарды орнынан көшіру және қазіргі тас жол бойы орналасқан қоныс-мекендерге баратын жолдың жабылуы сияқты мәселелер туындайды. Банк экономикалық талдаманы қарап шығып (дәстүрлі шығын-пайда талдау әдіске негізделген) оны дұрыс деп тапты. Оған қоса, техникалық-экономикалық негіздемеге Қазақстандағы жауапты органдармен мақұлданған алдын-ала экологиялық бағалау есептемесі кірді. Банк және басқа ХҚИ-ының қорғаныш талаптарын орындау мақсатпен бүкіл Дәліз бойынша Көшіру саясатының негіздері (КСН) және Экологиялық бағалау талдаудың негіздері (ЭБТН) даярланды.

Әуелде жоба Икемделген бағдармалық заемның (ИБЗ) келесі кезеңдері арқылы қаржыландырмақ болған. ЭБТН-і және КСН-і ИБЗ үшін қолайлы экологиялық және әлеуметті «тиісті сақтық» құралы бола тұра, талап бойынша ИБЗ-ның 1 Фазасын жоспарлық сараптама жасау алдында ашып көрсетілді. Дегенмен, сараптама миссиясы барысында, Үкімет сұранысы бойынша, қаржыландыру құралы ИБЗ-нан Арнайы инвестициялық заемға (АИЗ) өзгерді. Бұл АИЗ Экологиялық бағалаудың (ЭБ) А категориясы ретінде топтастырылғандықтан, ЭБТН-і және КСН-і OС 4.01 және OС 4.12 талаптарына бұдан былай сай болмады. Сондықтан Директорлар кеңесінен Жобаны ЭБ-ды және Көшіру жөнінде жұмыс жоспарын (КЖЖ) сараптама жасаудан бұрын ашып көрсету талабынан босату сұранды. Босату тұралы өтінім құжаты Банкке қабылдарлық толық ЭБ есептеме және КЖЖ-лар Жобаны Атқарушы директорлар кеңесіне тапсырылғанға дейін аяқталатынын анықтады. Үкімет соңынан толық экологиялық және әлеуметтік әсер жөнінде сараптама мен Экологиялық және әлеуметтік әсерді бағалау жөнінде (ЭӘӘБ) есептеме жасау мақсатпен дербес консультанттарды жалдады. ЭӘӘБ есептеме қарастырылып, Банкке қабылдарлық екені айтылды, сөйтіп, 2009 жылдың ақпан айында Инфо-Шоп сайтында және мемлекет ішінде ашып көрсетілді, ал Негізгі қағидалары Банк директорлар кеңесіне 2009 жылдың науырызында жіберілді. ЭӘӘБ-ға ЭБТН-інде сипатталған талаптарға сай А мен Б категория жол учаскелері үшін Экологиялық басқару жоспарі кіреді. Осындай ЭБЖ-лар жұмыстарды бастау алдында мердігерлер учаскіге сай арнайы ЭБЖ-ларды даярлауда негізі болады.

ЭӘӘБ консультанттары сондай-ақ Көшіру есептеменің жобасын дайындады. Бірақ, кейбір жол учаскілер жөнінде қажетті мәліметтің болмауы және қоғамдық талқылаулырға жауап ретінде Темирлановка және Бірлік ауылдармен өтетін жолдардың схемасын өзгерту қажет болғандықтан оны КЖЖ ретінде аяқтай алмады. Сондықтан, босату тұралы құжат Директорлар кеңесіне жіберуден бұрын КЖЖ-ға қарағанда КСН-ді аяқтап, оны халыққа ашу және жол бөлімшелерде жұмыстарды бастау алдында арнайы КЖЖ-лар аяқтау мен ашу қажеттігін ескере отырып қайта қарастырылды. Мерзімнен бөлек, Жобаны Директорлар кеңесіне жіберуден бұрын ОС 4.01 және ОС 4.12 талаптары орындалды.

Банктің Жобаны жүзеге асыру тобы тұрақты түрде қырға шығып тұру арқылы Жобаны мұқият қадагалауды қамтамасыз етті, ал ЖБК-тар ай сайын ілгері даму есептемелерді дайындап отырды, оның ішінде қорғаныш шараларға сәйкестік тұралы мәлімет пен қоса нақты көшіру жөнінде есептемелер. 2010 жылғы қантарда ЖБК-тар дайындаған көшіру жөнінде есептеме қажетті КЖЖ-лар толығымен аяқталып ашылуынан бұрын кейбір жерлер алынып және Автомобиль жолдары комитеті аолар үшін компенсацияны төлеп қойған көрсеткендіктен, 2010 жылы ақпанда Банктің жобаны жүзеге асыру тобының әлеуметтік дамыту маманы осы учаскілерге барып зиян шеккен адамдармен сөйлесті. Осындай тексерудің арқасында ЖБК-тар есеп берген жағдай дәлелденді және де зиян шеккен адамдарға Автомобиль жолдары комитеті берген өтемақы мен басқа көмек КСН-нің қағидаларына және ОС 4.12 сәйкес екенін көрсетті. Банк қызметкерлердің сұрақтарына жауап берген адамдардың айтуынша, олар берілген өтемақы мен көмекке қанағаттанды.

Жоба Көлік және коммуникация министрлігі, Автомобиль жолдары комитеті, ЖБК-ы және азаматтық қоғам ұйымдар (АҚҰ) арасында қазіргі диалогты нығайтуға көмектесті. Оңтүстік Қазақстан обласында ҮЕҰ-дар коалициясы, Автомобиль жолдары комитетінің жергілікті өкілдері және ЖБК-тардан (2010 жыл 26 науырызда қол қойылған Келісіммен орнатылды) құралған Қадағалау комитеті ҮЕҰ-дарға жобаны жүзеге асыруын, атап айтқанда, көшіру және құрылыс ілгерін мониторинг жасауға қатысуына ресми механизмді қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, Автомобиль жолдары комитеті мен ҮЕҰ-дар коалициясы жергілікті тұрғындар көтерген, атап айтқанда, Бірлік ауылының ені бойы өтетін жолдың жобасы өзгерістерге қатысты мәселелерді талқылау мақсатпен бірқатар электрондық хабарламалар және хаттармен алмасты. Ал бұл, Автомобиль жолдары комитеті халық көтерген мәселелерді шешуде көбірек қатысуына әкелді.



Басшылықтың жауабы

Өтінім жіберушіледің талаптары Басшылықтың толық жауптарымен қоса 1 Қосымшада берілген. Өтінім жіберушіледің негізгі көтерген мәселелері:



  1. Түркестан қаласына баратын қазіргі айналым жолды жақсартулар Бірлік ауыл тұрғындарына және олардың мүліктеріне теріс әсер ететіні жөнінде;

  2. Жергілікті билік органдары Бірлік ауылы балаларын мектептен алып-әкететін арнайы автобуспен қамтамасыз ету жөнінде берген уәдені орындау;

  3. Транзиттік жол қозғалысы Түркестан қаласының орталығында орналасқан мавзолей және басқа да материалдық және мәдени құндылықтарға теріс әсер ету жөнінде;

  4. Автомобиль жолдар комитеті және жергілікті үкімет атқамінерлері уәделеген Түркестанның сыртында жаңа айналым жолдың салыну мүмкіншілігі және мерзімі.

Басшылықтың көзқарасын білдіруде Банк Өтінімде көтерілген мәселелерге қатысты нұсқауларды, саясатты және рәсімдерді қолданды.



A жөнінде: Басшылық Қарыз алушының жергілікті тұрғындардың талаптарын қанағаттандыру мақсатпен Бірлік ауылмен өтетін жолдың схемасын қайта қарау үшін іс-әрекеттерге белсенді қатысуын қолдайды. Банктің Жобаға жауапты тобы да жарамды шешімдер табу жұмыстарына белсенді қатысып отыр, оның ішінде бірнеше қырға сапарға шығу және жергілікті тұрғындармен талқылау кездеселурде болу. Жол схемасына енгізілген өзгерістер ішінде: (i) жаңа жолдың трассасын тұрғын ұйлерден қашығырақ апару - Бірлік ауылының тұрғын үйлері бар жолдан 5 м ара қашықтықта салынды. 4 сызықты жолды салу барысында көлік жолының тұргын үйлерден алыстайды. Минималды қашықтық 17 метрді құрайды; (ii) Жергілікті мектептің қасынан балалар қауіпсіздігі үшін жер асты өткелдерін салу қарастырылған, жолдан 800 м алыстықта бБағдаршамы бар жол салу да қарастырылған. 4 сызықты жолдың (мектеп №20 5-ші Қосымшада) астынан малдар үшін жол болады, ол бағдаршамнан көк шөпке 600 м қашықтықта; (iii) 2 жолақты бар жолды жаңарту, автобус аялдамаларын салу және жарық құру; (iv) транспорттық шудан және газдардан сақтау мақсатпен 4 сызықты және 2 сызықты жолдың ортасындағы 3 метрлік жар құру. 2010 жылдың ақпанында өткен тыңдаулар барысында жергілікті тұрғындар және ҮЕҰ коалициясы Банк қызметкерлеріне жол схемасына жасалған өзгерістер мен басқа шараларға көңілдері толғанын атап кетті. Банктың жобаны жүзеге асыру тобы осы өзгерістерді қарастырып 2010 жолы қыркүйекте басталатын құрылысқа қатысты тендерлік құжаттарға еңгізді. Ал мердігерлер жұмытардың басталуынан бұрын құрылыс жүогізу кезде жол пайдаланушылар мен тұрғындарды қорғау үшін әр учаскіге арнайы ЭБЖ-ды дайындайды.

B жөнінде: Басшылық (A) тарауда көрсетілген зиянды бәсеңдету шаралары толығымен жаяу жүрішулердің қауіпсіздік мәселесін қарастыратынымен көңілі толып отыр, сондықтан автобус қызметімен қамтамасыз ету негізгі жағымсыз әсерді әлсірету шарасы емес, ал қосымша пайда болып табылады. Дегенмен, ККМ-і жазбаша түрде растағанымен сәйкес, жергілікті әкімшілік оқу жылы бойы оқушыларды арнайы мектеп автобусымен қамтамасыз етуге ұсынды. Оған қоса, жол қызметтермен (оның ішінде автобус қызметімен) қамтамасыз ету стратегиясын дамыту Жлбаның болігі болып табылады.

C жөнінде: Түркестан қаласынының орталығында орналасқан Қожа Ахмет Яссауи мавзолейі қалаға көптеген қажылық жасаушылыр мен туристерді жинайды, ол әулие жер деп саналады және ЮНЕСКО-ның әлемдік мұрағат объектісіне жатады. Басшылық бұл Жоба қазіргі Түркестан қаласының жанымен өтетін, ең жақын нүктесінде мавзолейден 2,6 км қашық, айналым жолды жақсарту жұмыстарын қаржыландырады деп ерекше айтып отыр. Бірақта, жолдың өте нашар қалыпта болғандықтан көліктің көбісі бүгінгі күні одан қашқақтап, қала орталығынан өтіп жүр. ККМ-і жергілікті әкімшілікпен кеңесіп айналым жолды кеңейтуді қаржыландыру тұралы келісті, осындай шешім көліктің көбісін қаланың орталығынан шығарып, жол жүрістің теріс әсерін жеңілдетеді және мавзолейге бару жолын босатады. 2009 жылдың қантарында Банк байқау жасаған ақыл-кеңес алмасуға арналған кездесу барысында жергілікті тұрғындардың көпшілігі қазіргі айналым жолды жақсарту жоспарын қолдады.

D жөнінде: Басшылық жергілікті әкімшіліктің келешекте Түркестаннан қашығырақ солтүстік не оңтүстік айналым жол салу жөнінде концептуалды жоспарлары бар екенін біледі. Бүкіл Дәліз бойынша жасалған техникалық-экономикалық негіздеме осы нұсқаны қарастырып, оның қазіргі көлік жұру көлемінің негізінде экономикалық тұрақты еместігін тапты. 2010 жылғы көлік жұру көлемі тұралы мәліметті салыстырып, Банк қызметкерлері жасаған кейінгі сараптама бұның дұрыс екенін дәлелдеді. Солтүстік не оңтүстік айналым жол салудың болжамды құны қазіргі жолды 4 желілік қылып жақсартудан әлдеқайда жоғары болады. Солтүстік және оңтүстік бұрама жол салу баламалардың екеуі де бұрын құрылыс салынбаған жерлерді игеруді қажет етеді, сонымен қатар, бұл екі маршруттың бойында көптеген көмулер мен материалдық және мәдени құндылықтары бар екені белгілі; одан басқа, солтүстік айналым жол 50 тұрғын үйді құлатуды керек етеді. 2003 жылдың қантарында Банк қызметкерлері қатысқан Түркестан қаласында өткен талқылау кездесу негізінде жасалған хаттаманың көрсетуінше жергілікті атқамінерлерге оңтустік айналым жолына қатысты жоспарлар жөнінде сұрақ қойылғанда, олар техникалық-экономикалық негіздеменің ұсынынсы бойынша бұл жолға қарағанда қазіргі айналым жолды кеңейтіп жақсартқан жөн деп айтып кетті. Басшылықтың ойынша, жаңа айналым жолды салу жөнінде шешім экономикалық, экологиялық және әлеуметтік әсерлерге негізделуі керек. Банк келешекте Үкіметке керек болатын инвестицияларды қаржыландыруға кепілдік бере алмайлы, мұндай Қазақстанға көмек сұраныстарды болашақта қарастырады.

Қорытынды: Басшылық БЕ-БҚ дәлізін жақсарту жөнінде Өтінім жіберушілер мен Үкімет көзқарастары ортақ болғанын жоғары бағалайды, және Автомобиль жолдары комитеті, Қарыз алушы атынан, Өтінім жіберушілер мен Бірлік ауылының жергілікті қауымымен көтерілген мәселелерді шешу мақсатпен белсенді жұмыс жасағанын мойындайды. Нәтижессінде, бүкіл Жоба аумағы бойынша жергілікті тұрғындар көтерген мәселелрді шешу мақсатында жеке жол учаскілердің жобасы кейбір жағдайларда өзгеріске ұшырады. Бұған Бірлік ауылы мен Түркестан қаласы тұрғындарымен бірнеше талқылау айналымының қорытындысы бойынша өзгертілген жол схемасы кіреді. Сонымен қатар, Басшылық Банктің Жобаны жүзеге асыру тобының зиян шеккен адамдармен кездесудегі де Өтінім жіберушірер мен басқа азаматтар көтерген мәселелерді шешу үшін Қарыз алушыны қолдау көрсеткендегі ықыластылығын айтып кеткісі келеді. Басшылық Өтінімдегі шағымдар Түркестан қаласының айналасындығы жергілікті тұрғындардың көпшілігінің, ішінде Бірлік ауырының тұрғындарының, қанағатына шешілді деп сенеді. Банктің Жобаны жүзеге асыру тобы, ЕОА аймақтық басшылықтың басқаларымен және Мемлекеттегі қызметтердің сапасының кепілі және сәйкестігі тобымен тығыз жұмыс істей отырып (МКСКС), Жобаны мұқият қадағалауды және АҚҰ-дар мен жергілікті халықпен тұрақты қатысуды жалғастырады.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет