Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы


-тарау. «Цифрлық сауаттылық» оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру



бет7/17
Дата04.05.2023
өлшемі415.81 Kb.
#473193
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17
?@8;>6 1 07

2-тарау. «Цифрлық сауаттылық» оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру


1 - параграф. «Цифрлық сауаттылық» пәнінің мазмұны

7. «Цифрлық сауаттылық» пәні бойынша білім жүктемесінің көлемі:


1) 1-сынып аптасына 1 сағаттан, ІІ жартыжылдықтан бастап 19 сағатты;
2) 2-сынып аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 36 сағатты;
3) 3-сынып аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 36 сағатты;
4) 4-сынып аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 36 сағатты құрайды.
8. «Цифрлық сауаттылық» пәнін оқытудағы негізгі талап - компьютерлік жүйелерге қолжетімділік.
«Цифрлық сауаттылық» пәнін тиімді өткізуге арналған қажетті жабдықтардың тізімі:
1) гарнитурамен жабдықталған дербес компьютерлер (микрофоны бар құлаққаптар);
2) Интернетке кең жолақты қосылуымен мұғалімдер мен білім алушылар арасындағы байланыс және құралдарын деректермен алмасуды қамтамасыз ететін жоғары сапалы ашық қатынас желісі;
3) Перифериялық құрылғылар: принтер, сканер, көшіру техникасы, интерактивті проектор/интерактивті тақта;
4) Робототехникаға арналған жиынтықтар.
9. Пәннің негізгі мазмұны келесі бөлімдерді қамтиды:
1) Ақпараттық этикет
2) Менің алғашқы суретім
3) Біздің өміріміздегі алгоритм
4) Бағдарламалар
5) компьютер;
6) ақпаратты ұсыну және өңдеу;
7) интернет желісінде жұмыс істеу;
8) есептей білу;
9) робототехника.
10. «Компьютер» бөлімі келесі бөлімдерді қамтиды:
1) компьютердің құрылғылары;
2) программалық қамтамасыз ету;
3) қауіпсіздік.
11. «Ақпаратты ұсыну және өңдеу» бөлімі келесі бөлімдерден тұрады:
1) мәтіндер;
2) графика;
3) презентациялар;
4) мультимедия.
12. «Интернеттегі жұмыс» бөлімі келесі бөлімдерді қамтиды:
1) ақпаратты іздеу;
2) ақпаратпен алмасу.
13. «Есептей білу» бөлімі төмендегі бөлімдерді қамтиды:
1) алгоритмдер;
2) программалау.
14. «Робототехника» бөлімі келесі бөлімдерді қамтиды:
1) жалпы робототехника;
2) роботтың қозғалысы;
3) датчиктер мен қозғалтқыштар.
15. «Цифрлық сауаттылық» оқу пәнінің 1-сыныпқа арналған базалық мазмұны:
1) «Ақпараттық этикет: Өз денсаулығымызды сақтаймыз; Біздің айналамыздағы ақпарат; Ақпарат және компьютер; Интернет желісінде жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік.
2) «Менің алғашқы суретім»: Фигуралар; Фигуралармен орындалатын іс-әрекет.
3) «Біздің өміріміздегі алгоритмдер»: Біздің өміріміздегі алгоритм.
4) «Бағдарламалау»: Scratch бағдарламасымен танысу; Менің алғашқы бағдарламам.
16. «Цифрлық сауаттылық» оқу пәнінің 2-сыныпқа арналған базалық мазмұны:
1) «Компьютер»: компьютер құрылғылары: енгізу құрылғылары (тінтуір, пернетақта, микрофон) және шығару құрылғылары (монитор, принтер, дыбыс шығарғыш/ құлаққап); программалық қамтамасыз ету: файлдар және бумалар түсінігі, меню командаларын қолдану; қауіпсіздік: цифрлық құрылғылармен жұмыс жасау барысында техника қауіпсіздігінің негізгі ережелерін сақтау, желіде орналасқан ақпараттардың шынайылығы мен пайдасы;
2)«Ақпаратты өңдеу және көрсету»:
Мәтіндер: мәтіндік редакторда сөйлемдерді теру, қаріпті және абзацты пішімдеу (қаріптің жазылу стилі, түсі, түзету), құжаттағы ерекшеленген мәтінді қиып алу, көшіру, қою;
Графика: суретті өңдеу; қию, бұру, өлшемін өзгерту, суреттің фрагментін көшіру;
Мультимедиа: дыбыс жазу және дыбысты ойнату, дыбыстық эффектілер, дыбысты өңдеу;
3) «Интернет желісінде жұмыс істеу»: берілген тақырып бойынша ақпаратты іздеу үшін браузерді пайдалану, қосымшалар арасында деректермен алмасу;
4) «Есептей білу»: алгоритмдер: сызықтық алгоритм, алгоритмнің сөздік формасы, алгоритмнің графикалық формасы; программалау: атқарушының командалар жүйесі, лабиринт.
Бағдарламалау: ендірілген графикалық редакторда ойын бағдарламалау ортасын құру, пернетақтадан спрайтты басқаруды ұйымдастыру, кейіпкерлер арасындағы мәтіндік диалогты ұйымдастыру;
5) «Робототехника»: Робот қозғалысын ауызша түрде берілген алгоритм бойынша ұйымдастыру, сенсорлық сенсорды пайдалану, робот үшін аудио файлды жүктеу, робот үшін бағдарламаны әзірлеу кезінде дыбысты пайдалану, құрылған роботты аудиторияға ұсыну.
17. «Цифрлық сауаттылық» оқу пәнінің 3-сыныпқа арналған базалық мазмұны:
1) «Компьютер»: компьютердің құрылғылары: енгізу және шығару құрылғылары; программалық қамтамасыз ету: компьютерлік программалардың қызметі (сілтеуіш, суреттерді көруге арналған программалар), программа менюі, меню командаларын қолдану, файлдар мен бумалар, компьютерде файлдарды ашу және сақтау; қауіпсіздік техникасы: қауіпсіздік техникасының ережелері;
2) «Ақпаратты өңдеу және көрсету»: мәтіндер: мәтіндік редактордың қызметі, программа менюі, мәтінді теру және өңдеу, символдар мен абзацтарды пішімдеу, мәтінмен болатын операциялар, символдарды қосу; графика: графикалық редактордың қызметі, суреттерді ашу және сақтау, редактор құралдарын қолдана отырып, сурет салу, түстер палитрасы, суреттерді өңдеу, суретті кесу, айналдыру және өлшемін өзгерту, сурет бөліктерінің көшірмесін жасау; презентация: презентация құру программаларының қызметі, программа менюі, презентацияларды ашу және сақтау, слайдта мәтін мен суреттерді орналастыру, слайд арасында ауысу, презентация дизайны, дыбысты қосу; мультимедиа: дыбыстық ақпаратты енгізу және шығару құрылғылары, дыбыс редакторының қызметі, дыбысты жазу, дыбыстарды өңдеу және ойнату, дыбыстық эффектілерді қолдану;
3) «Интернет желісіндегі жұмыс»: ақпаратты іздеу: құжаттағы мәтіннің фрагментін іздеу; ақпарат алмасу: желіде ақпарат алмасу тәсілдері, жобамен бірлесіп жұмыс істеу үшін мессенджерлерді пайдалану;
4) «Есептей білу»:
Алгоритмдер: цикл, циклдік алгоритмді жүзеге асырудағы Орындаушының командалық жүйесі.
Бағдарламалау: ойын бағдарламалау ортасында ойын құру кезінде циклдік алгоритмді енгізу, дайын сценарий бойынша ойын жасау, ойын бағдарламалау ортасында бірнеше көріністермен және кейіпкерлермен жұмыс істеу;
5) «Робототехника»: орташа мотордың жылдамдығы мен айналу санын баптау, роботтың қозғалысын ұйымдастыру үшін циклды пайдалану.
18. «Цифрлық сауаттылық» оқу пәнінің 4-сыныпқа арналған базалық мазмұны:
1) «Компьютер»: компьютер құрылғылары, ғылыми-техникалық прогрестің компьютерлік және мобильді техниканың ескіруіне әсері.
Қауіпсіздік: сенімді құпиясөз критерийі;
2) «Ақпаратты ұсыну және өңдеу»:
Мәтіндер: мәтіндегі кестелер.
Презентациялар: слайдтың орналасуы, нысандардың анимациясы; бейне және дыбысты енгізу.
Мультимедиа: бейнеролик жасау;
3) «Интернет желісіндегі жұмыс»:
Ақпаратты іздеу: компьютердегі файлдар мен қалталарды іздеу.
Ақпарат алмасу: браузер параметрлері (бетбелгілер, тарих және жүктеулер).
Электрондық пошта: хабарламаларды, тіркелген файлдармен хабарламаларды қабылдау және жіберу;
4) «Есептей білу»: Алгоритмдер: кірістірілген циклдар, логикалық операторлар, салыстыру операторлары.
Бағдарламалау: ойын бағдарламалау ортасындағы айнымалылар, ойынды өз сценарийі бойынша дамыту;
5) «Робототехника»: түс сенсоры; ультрадыбыстық сенсор.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет