3. Оқу процесін ұйымдастырудағы педагогикалық тәсілдер
Оқытудағықұндылықтық-бағдарлық тәсіл – оқу әрекетін белгілі бір құндылықтар тұрғысынан ұйымдастыру және жүзеге асыру, нәтижелерге қол жеткізу және пайдалану тәсілі. Құндылықтық-бағдарлық оқу процесі оқушы тұлғасының құндылықтар жүйесін қалыптастырады. Құндылықты бағдарлану – тұлғаның өз әрекетінде бағдар ретінде жекелеген құндылықтарды таңдап алу (құндылықтарда бағдарлану қабілеттілігі) қабілеттілігі (қасиеті), сондай-ақ, оларды өзінің әлеуметтік маңызды құндылықтары ретінде сезіну және қабылдау қабілеттілігі. Құндылықтарды жүзеге асыру дегеніміз құндылықтардан шығатын талаптарға сай болу және күнделікті өмірді сол талаптарға бағындыру. Құндылықтардың мәні қоғамда сәтті әрекет ету үшін қажет нормаларды, дағдыларды, өмір салтын, мінез-құлық стилін қалыптастыруда көрініс табады.
Құндылықтар – әлеуметтік қолдауға ие және адамдардың көпшілігі мойындайтын белгілі нысандардың және құбылыстардың, адамдық қасиеттер мен мінез-құлық ережелерінің тұлғалық және әлеуметтік-мәдени маңыздылығы. Құндылықтар тұлғаны уәждеудің маңызды факторы ретінде мінез-құлық пен іс-әрекеттерді ынталандарады.
«Мәңгілік ел» ұлттық идеясының құндылықтары орта білім беру құндылықтарының идеялық негізі болып табылады. Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылық, ашықтық және өмір бойы оқып-үйрену – орта білім беру құндылықтары ретінде белгіленді.
Тұлғалық-бағдарлық тәсіл. Тұлғалық-бағдарлық тәсілдің мақсаты оқушының психикалық және физиологиялық дамуының жеке ерекшеліктерін, қажеттіліктері мен жүріс-тұрыс уәждерін, әлеуетті қабілеттіліктерін ескере отырып оқу процесін дараландыру, оқу процесінде тұлғаны үйлесімді қалыптастыру және жан-жақты дамыту, оның шығармашылық қабілеттерін толық ашу.
Іс-әрекеттік тәсіл. Іс-әрекеттік тәсілдің негізгі мазмұны–оқушы білімді дайын күйінде алмай, оны өзі өндіруден, өз оқу әрекетінің мазмұны мен түрлерін ұғынудан, оның ережелер жүйесін түсіну мен қабылдаудан, жетілдіруге белсенді қатысудан тұрады, ол өз кезегінде білім, оқу біліктері мен дағдыларын және кең ауқымды дағдылардың белсенді әрі сәтті қалыптасуын қамтамасыз етеді. Оқушылардың оқу әрекеттері «білу», «түсіну», «талдау», «бағалау», «жинақтау» санаттары бойынша топтастырылған.
Саралап оқыту тәсілі. Саралап оқыту тәсілі оқу процесінің білім алушылардың әртүрлі топтары үшін мамандандырылуын, оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеру мақсатында түрлі топтарда оқыту үшін түрлі жағдайлар жасауды көздейді. Саралап оқыту тәсілі оқушылардың түрлі топтарының оқу әрекетін ұйымдастыру үшін арнайы оқыту әдістерін және іс-әрекеттерді саралау тәсілдерін кіріктіреді. Сараланған оқу қызметін ұйымдастыру шарты – күрделілігімен, оқу-танымдық қызығушылықтарымен, мұғалім тарапынан көмек сипатымен ерекшеленетін сараланған тапсырмаларды қолдану болып табылады.
Коммуникативтік тәсіл. Оқытудағы коммуникативтік тәсіл екі немесе одан артық адамдардың сөйлесу әрекеті процесінде ақпаратты тарату мен жариялау, білім, білік және дағдылармен алмасуды білдіреді. Тіл арқылы қатынасу қабілеттілігі коммуникативтік тәсілдің нәтижесі болып табылады, яғни қарым-қатынастың басқа қатысушыларымен өзара әрекеттесу процесінде тілдік және сөйлеу нормаларын дұрыс пайдалана білу және қатынас жағдайына сай тиімді коммуникативті мінез-құлықтың, қатынастың ұқсас жағдайын таңдай отырып, ой бөлісу және алмасу. Коммуникативтік тәсілге сәйкес ұйымдастырылған оқу процесі қатынас икемділігін қалыптастыратын тапсырмаларды және шынайы қатынас жағдайларына сай жұмыс режимдерін (жұптық және топтық жұмыстарды) кіріктіруі тиіс.
Ортақ тақырыптар арқылы оқыту. «Дүниетану» оқу пәнінің «ортақ тақырыптарының» мазмұны оқушының «жақын аймағынан», яғни оның өз іс-әрекетімен тікелей байланысты тақырыптарды оқудан басталады. Алты-жеті жастағы балалар өз ойын білдіруге, оқу мазмұны бойынша сұрақ қоюға, сұрақтарға жауап іздеуге үйренуі тиіс.
Ойын арқылы оқыту. Оқу процесінде білімді меңгертуде оқу әдісі ретінде ойынды қолдану оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді. Педагогикалық ойын технологияларының басты элементтері – ойын алдында оқушыларға нақты оқу мақсаты қойылады; ойын арқылы белгілі педагогикалық нәтижеге қол жеткізу жоспарланады, оқу әрекеті ойын ережелеріне бағынады, оқу материалы ойын құралы болып табылады. Оқушылардың сабақтағы ұжымдық іс-әрекетті ұйымдастыруға бағытталған ойын әдісі арқылы олардың шағын топтың өзге мүшелерінің пікірін сыйлау, әртүрлі нәтижелі іс-әрекет негізінде соңғы нәтижені алдын-ала көре білу, өздігімен іс-әрекетті жоспарлау, мақсатқа жету амалдарын таңдау мүмкіндігі беріледі.
Жобалау тәсілі. Оқу жобасы – оқушының немесе оқушылар тобының ғылыми-зерттеу, шығармашылық немесе практикалық сипаттағы проблемаларды шешу жөніндегі нәтижелерге қол жеткізуіне бағытталған оқу-танымдық әрекеті. Ортақ мақсатымен, келісілген әдістер және іс-әрекеттердің реттілігімен, кеңейтілген шешімдер мен белгілі тәсіл бойынша рәсімделген нәтижелермен сипатталады. Бұл әдіс білім алушының өз алдына жеке проблема қойып, оны шешудің өзіндік жолдарын табуымен сипатталады. Бастауыш мектепте жобалау әдісі білім алушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес жүзеге асырылады. Бірақ, жобалау іс-әрекетінің алгоритмі (жоба – мұғалімнің көмегімен білім алушының маңызды проблеманы шешудегі өзіндік іс-әрекеті) толығымен сақталады. Бөлім мазмұнымен танысу аясында білім алушылардың ұжымдық/топтық жобалар бойынша жұмыстарын ұйымдастыру ұсынылады. Жобалық жұмыстар сабаққа бөлінген сағаттармен ғана шектелмейді, сондықтан сабақтан тыс интеграция да қарастырылады.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану:
1) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану құзыреттілігі негізгі АКТ-дағдыларда құрылады және технологияларды жұмыс, бос уақыт және коммуникация үшін дұрыс және шығармашылықпен пайдалана білуден тұрады;
2) оқушылар барлық пәндер бойынша оқу процесінде құрал-жабдықтар мен қосымшалардың кең ауқымын пайдалана отыра, ақпаратты табу, жасау және онымен жұмыс жасай отыра, ынтымақтастықта, мәліметтермен және идеялармен алмаса отыра, өз жұмысын бағалай және жетілдіре отыра АКТ пайдалану дағдыларын дамытады;
35. «Дүниетану» пәні бағдарламасында ол төмендегі жұмыс түрлері арқылы жүзеге асырылады:
1) БАҚ және мультимедиялық ресурстарды пайдалану;
2) ақпаратты дерекқордан және интернеттен іздеу;
3) сандық және Интернет-дереккөздер арқылы алынған ақпараттарды таңдау, өңдеу және оның нақтылығын, сенімділігін, құндылығын бағалай білу;
4) есептік, мәтіндік және көретін ақпаратты және дерекқормен, оның ішінде гиперсілтемелерді, электрондық кестелерді, графикалық және басқа қосымшаларды пайдаланып жұмыс істеу арқылы мәліметтерді қабылдау, іріктеу және жүйелей білу;
5) ақпаратты құрастыруда және өңдеуде АКТ пайдалану;
6) заңдылықтар мен үрдістерді зерттеу; модельдер мен модельдеуді пайдалану, сонымен қатар, жылжымайтын және қозғалыстағы бейнелерді, дыбыстарды және мәтіндерді мультимедиялық таныстырылымдар құру үшін біріктіру мүмкіндіктерін зерделеу;
36. Сандық ақпараттың икемділігін басқа нұсқаларды зерделеуде, нақтылауда және нәтижелерді жақсартуда толығымен пайдалану;
1) электрондық байланысқа, он-лайн форумдарға, виртуалдық оқыту орталарына қатысу арқылы басқа оқушылармен және мұғалімдермен түрлі байланыс арналары бойынша ынтымақтастық қарым-қатынас жасау және ақпарат алмасу;
2) оқытудың белсенді түрлеріне техникалық қолдау көрсету мақсатында интерактивті тақтаны қолдану;
3) аяқталған жұмысты мектеп шеңберінде және өзге орталарда мультимедиялық таныстыру.
Достарыңызбен бөлісу: |