2. «Дүниетану» оқу пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері
«Дүниетану» пәнінің оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасының Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес негізгі және жоғарғы мектепте қоғамдық-гуманитарлық цикл пәндерінің кіріктірілген пропедевтикалық курсы ретінде әзірленді.
«Дүниетану» – адам, табиғат және қоғам, олардың өзара байланысы мен тәуелділігі жөніндегі білім жүйесін құрайтын кіріктірілген пән. Оқу пәнінің нысандары – адам, табиғат және қоғам, оның ішінде отбасы, мәдениет, денсаулық, қарым-қатынас, ұлт, қауымдастық, мемлекет, қоршаған табиғи орта.
«Дүниетану» пәні:
оқушыларда тұлғалық, қоғамдық және ұлттық сананы, патриотизм мен адамгершілікті қалыптастырады;
қоршаған орта туралы ғылыми негіздерді қалыптастырады, тарихи және географиялық тұрғыдан ойлауын дамытуға ықпал етеді;
Қазақстанның және бүкіл әлемнің тарихи және қазіргі оқиғалары, олардың себептері, өзгерістері, сабақтастығы, ұқсастықтары мен айырмашылықтары туралы білім қалыптастырады;
өткен және қазіргі оқиғалардың тигізетін әсері туралы түсінігін тереңдетеді;
өз халқының және өзге халықтардың мәдениетін, дәстүрін сыйлай білу, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды құрметтеу сезімін қалыптастырады;
азаматтық құқықтар мен міндеттерді түсінуіне жағдай жасайды;
әлеуметтік ортада қоғамдық мінез-құлық нормаларын және қауіпсіздік ережелерін сақтай білу маңыздылығын қамтамасыз етеді.
«Дүниетану» пәнінің мақсаты:
ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынаноқушылардың
бойында адам, табиғат және қоғамның өзара байланысуы және өзара келісілуі туралы білім жүйесін қалыптастыру.
Пәннің міндеттері:
1) оқушыларда қоғам және табиғат құбылыстары мен нысандарының өзара байланысы мен өзара тәуелділігі туралы түсініктер қалыптастыру;
2) оқушыларда табиғи, әлеуметтік және технологиялық ортадағы мінез-құлық нормаларын және қауіпсіздік ережелерін қалыптастыру;
3) оқушыларда табиғи және әлеуметтік шынайылықты тану әдістерін: бақылау, эксперимент, сауалнама тәжірибелерінің қалыптасуын қамтамасыз ету;
4) оқушылардың танымдық әрекетін дамытуды қамтамасыз ету;
5) оқушыларды қазіргі қазақстандық қоғамға тән ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесіне дағдыландыру;
6) пәнді оқыту арқылы оқушыларда өзін қоршаған ортаға, қоғамның табиғи және мәдени құндылықтарына дұрыс қатынастар қалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |